Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Fast Ethernet






 

Fast Ethernet желісі Ethernet желілерінің тактілік жиіліктерін 10 есе көбейту есебінен ары қарай дамуы болып табылады. Бұл кезде Ethernet желісін жасаудың негізгі аспекттері өзгеріссіз қалды. Ең алдымен бұл


қолжеткізу әдісіне, кадрдың форматына және т.б. қатысты. Негізгі ерекшеліктері физикалық деңгейге қатысты және қолданылатын беруші ортамен байланысты.

 

ІЕЕЕ802.3 стандартына сәйкес Fast Ethernet технологиясы үшін қолданылатын кабельге байланысты үш келесідей атаулар белгіленген: 100Base-TX және 100Base-T4 - өткізгіштердің есулі қоссымдарына арналған, және 100Base-FX – оптоталшықты кабельге арналған.

 

100Base-TX жүйесі өткізгіштердің екі жұбын қолданады: біреуін беру үшін, екіншісін – деректерді қабылдау үшін. 100Base-TX-те есулі қоссымды қолдануға негізделген, деректердің берудің физикалық ортасына арналған стандарттың спецификациясы ANSI TP-PMD, экрандалмаған 5 санатты (UTP) және экрандалған есулі қоссымдарды (STP) қолдануға рұқсат етеді.

 

Кең таралған орта болып, экрандалмаған есулі қоссым табылады. Бұл кабельде өткізгіштердің жұптары, кабельдің ажыратқыға қосылатын ұштарынан басқа жерлерінде, барлық өн бойында есілген болуы тиіс. Есілмеген бөлімнің ұзындығы 1-1,5 см-ден аспауы тиіс. 100Base-TX желісіндегі 5 санаттағы толқындық кедергісі 100 Ом UTP кабеліндегі сегменттің ұзындығы. Бұл шектеу беруші ортадағы сигналдың таралуының рұқсат етілген бөгелу уақытымен байланысты және едәуір қатаң болып табылады. Бөгеуілдердің әсерін төмендету мақсатында биополярлық беру қолданылады: өткізгіштердің бірімен оң, ал екіншісімен – теріс потенциал беріледі.

 

100Base-T4 стандарты сондай-ақ 100 м кабель ұзындығын белгілеген. Бұл кезде 3,4 және 5 санаттағы UTP кабельдерін қолдануға рұқсат етіледі, дегенмен 5 санаттағы кабельдерді қолдануға ұсыныс жасалады. Қолданылатын төрт жұптың ішінен екеуі бірбағытталған беру үшін, ал қалған екеуі – екібағытталған берулер үшін арналған. Жұптар келесі түрде белгіленеді: ТХ – деректерді бірбағытты беру үшін; RX – бірбағытталған қабылдау үшін, BI – екі қалған жұптар екі бағытта да деректерді алмасу үшін.

 

100Base-FX оптоталшықты интерфейс спефикациясы сегменттің ұзындығын 100 метрге дейін анықтайды, дегенмен желінің рұқсат етілген диаметрі 412 м. 100Base-FX-тің спецификациясы бойынша әрбір қосылу үшін екі желілі көпмодты талшықты-оптикалық кабель керек, онда біреуінің бойымен сигнал беріледі, ал екіншісінің бойымен сигнал қабылданады. Бұл талшықтар жақсы қосылады және сондықтан RX және TX деп белгіленеді. Талшықты-оптикалық кабельдердің көп түрлері бар, қарапайым екі талшықты кабельден бастап арнайы көп талшықты кабельге дейін.

 

Date: 2016-01-20; view: 566; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию