Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кредиторлық берешектердің аудиті





Аудитор ағымдағы міндеттемелердің негізгі бөлігіне қүрайтын кредиторлық қарызды тексеруге үлкен көңіл бөлу керек. Аудитор ағымдағы қаржылық міндеттеменің негізін құрайтын, әрі жиі кездесетін кредиторлық борыштар операцияларын мұқият тексеруге тиісті. Кредиторлық берешек - ұйымның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешегі).

Кредиторлық борыштар бұл ұйымның заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға, азаматтарға төлеуге тиісті міндеттеме (қарыз) сомасы.

Кредиторлық борыш пайда болу сипаты бойынша дұрыс және аяқталмаған болып бөлінеді.

Дұрыс кредиторлық борыштар деп шаруашылықтың бизнес жоспарының орындалу барысымен, сондай-ақ қолданыстағы есеп айырысудың нысандарымен белгіленген бөлігін айтамыз. Оған жататындар, мәселен төлеу мерзімі жетпеген жабдықтаушылармен акцептелген есеп айырысу құжаттары бойынша мерзімі өтпеген борыштар.

Аяқталмаған кредиторлық борыштар деп қаржы органдарымен мерзімі өтіп кеткен борыш, бюджетпен есеп айырысу бойынша шаруашылықтың жұмыскерлеріне еңбек ақы төлеу бойынша жабдықтаушыларға мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары т.б. бойынша борыштар аталады.

Кредиторлық борыштардың нақтылығын анықтау үшін дебиторлық борыштардың аудитінің әдістемесін қолдану арқылы да жүргізілуі мүмкін.

Кредиторлық борыштарға аудиторлық тексеру жүргізгенде аудитордың басты міндеттері:

1. төлем тәртібін сақтау ережелерін, есеп айырысу кезінде қолданылған бағаның (тарифтың) негізділігін, есеп айырысу қаржыларының сақталуын тексеру;

2. шаруашылықтың балансында көрсетілген несиелік борыш сомасының нақтылығын, заңдылығын және негізділігін тексеру;

3. есеп айырысуларды ретке келтіру, несиелік борышты төмендету бойынша ұсыныстар жасау.

Несие берушілермен есеп айырысудың жағдайын бақылауды тиімді ұйымдастыру, келісім және есеп айырысу тәртіптерін нығайтуға, тапсырыс берілген түр-түріне және сапалы өнім сату бойынша міндеттемені орындауға, төлем тәртібін сақтаудың жауапкершілігін арттыруға, несиелік борыштарды қысқартуға және ұйымның қаржы жағдайын жақсартуға ықпал жасайды.

Ұйымның несиелік борышын тексерген кезде, аудитордың басты мақсаты баланста көрсетілген оның көлемінің (шамасының) дәлдігін және дұрыстығын анықтау болып табылады. Бұл үшін, ол баланстағы мәліметтерін Бас кітаптағы, журнал-ордердегі, ведомотардағы және басқа да есеп регистрларындағы, машинажазбаларындағы жазуларымен салыстыруы қажет.

Аудитордан несиелік борыштардың жағдайын тексерудің сәйкес құжаттары бойынша шоттарындағы қалдықтарын және көрсетілген сомаларының негізділігін анықтап, мұқият тексеруді талап ететін несие және міндеттеме бойынша есеп айырысуды жабдықтаушылармен, мердігерлермен, жұмысшы қызметкерлермен, бюджетпен және тағы басқаларын түгендеу материалдарынан бастап, қажет болған жағдайда түгендеу жүргізуді талап етеді. Түгендеу жүргізген жағдайда аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері несиелік борыштың пайда болу мерзімін, оның нақтылығын анықтайды.

Кредиторлық қарыз — бүл кәсіпорынның басқа занды түлғаларына немесе азаматтарына міндеттеме сомасы. Кредиторлық қарыз қалыптасу сипаты бойынша екіге бөлінеді: қалыпты және ақталмаған.

Қалыпты кредиторлық қарыз дегеніміз кәсіпорынның бизнес-жоспарының орындау жолына, сонымен қатар есептіліктің қызмет ету формаларына да негізделген.

Оған мысалы: акцептелген есепті қүжаттар бойынша (мердігерлерге,жабдықтаушыларға қарыз) әлі келмеген төлем мерзімі және бюджетке төлемдер бойынша қаржылық органдарға мерзімі өтпеген қарыздар жатады.

Ақталмаган кредиторлық қарыз деп мысалы мынау есептеледі: қаржылық органдарға бюджетпен есеп бойынша мерзімі өткен қарыз, кәсіпорынның персоналына — еңбек төлеу бойынша, мердігерлерге мерзімінде төленбеген есепті қүжаттар бойынша және тағы басқалар. Кредиторлық қарызды нақтылау дебитролық қарыз аудитінің методикасын пайдаланумен жүргізіледі мүмкін кредиторлық қарызды тексеру кезінде аудитордың алдында түратын негізгі шешімі мынау болып табылады:

- төлеу тәртібінің дүрыстығын бақылауды, баға есептілігін және есептіліктегі қаражаттардың сақталуы кезінде қолднатын дәлелділікті тексеру;

- кәсіпорын балансындағы кредиторлық қарыз сомасының заңды негізділігін жөне нақтылығын тексеру;

- кредиторлық қарыздарды азайту және олар бойынша есептеулерді бір қалыпқа келтіру мінездемелерін жасау.

Кредиторлармен есептесу жағдайын бақылаудың рационалды үйымы келісімді жөне есепті тәртіптің нығаюына, берілген ассортиментте және сапада өнімді жеткізу бойынша иіндеттеменің орындалуына, төлеу тәртібін бақылау үшін жауаптылықтың жоғарылауына, кредиторлық қарыздың қысқаруына мүмкіндік туғызады.

Кәсіпорынның кредиторлық қарызын тексеру кезінде аудитордың басты мақсаты оның балансында көрсетілген кредиторлық қарыздың нақтылығын және дүрыстығын анықтау болып табылады. Ол үшін аудиторға баланстағы берілетін мәліметтерді: бас кітап, журнал-ордерлер, ведомостар және басқа да есеп регистрлері мәліметтерімен салыстыру керек. Кредиторлық қарыз жағдайын тексеруді аудиторға, кредиторлармен есептілік инвентаризациясынан бастау керек. Ол мынадан түрады: шоттар бойынша тиісті қүжаттарға сәйкес қалдықтардың табылғандығынан және шоттарда түрған соманың дәлелділігін тексеруден.

Аудитор және инвентаризация комиссиясының мүшелері кредиторлық қарыздың пайда болу мерзімін және оның нақтылығын белгілейді. Пайда болу сипатына қарай кредиторлық берешек қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.

Қалыпты кредиторлық берешек пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айрысудың іс жүзіндегі формалармен байланысты.

Бұларға төлеу мерзімі келмеген акцептелген есеп-қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке төлемдері өтіп кеткен берешек және т.б.

Ақталмаған кредиторлық берешек болып бюджетпен есеп айрысу бойынша – қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша – кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп-қисап құжаттары бойынша – жабдықтаушыларға және т.б. мерзімі өткен берешектер саналады.

Кредиторлық берешектерді тексерудің басты міндеттері мыналар:

1) Төлем тәртібін сақтауды тексеру.

2) Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құнды көрсеткіштердің негізділігін тексеру.

3) Кредиторлық берешек сомасының шынайылығын тексеру.

4) Есептеулерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Кредиторлармен есеп айрысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешкті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кредиторлық берешектің есепті кезеңнің басы мен аяғындағы жағдайы баланста мынадай баптардың қалдықтарымен сипатталады:

1. Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер.

2. Алынған аванстар.

3. Салықтар бойынша берешек.

4. Төленуге тиісті дивидедтер.

5. Негізгі компания мен еншілес ұйымдар арасындағы топ ішіндегі операциялар бойынша берешек.

6. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарына берешек.

7. Басқадай кредиторлық берешек.

«Төленуге тиісті шотар мен вексельдер» бабын тексергенде аудитор оның қалдығын «Төленетін шоттар» шотымен салыстыру қажет, ол мыналар үшін жабдытаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу жөніндегі ақпаратты жинақтап қорытуға арналған:

а) алынған ТМҚ мен айналымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер;

ә) алынған ТМҚ, айналымнан тыс активтер, есеп-қисап құжаттары әлі түспеген (фактураланбаған жеткізілімдер) жұмытар мен кірістелетін қызметтер;

б) қабылдау кезінде табылған ТМҚ артығы мен айналымынан тыс активтер;

в) тасымалдау мен т.с.с. бойынша алынған қызметтер.

Бұл шот бойынша есептеулерді мындай екі бағыт бойынша жүргізу қажет:

1. Қабылданған материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын таңдау.

2. Жабдықтаушылардан алынған ТМҚ кіріске алудың толықтығын талдау.

Аудитор жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрысуды тексеру бағдарламасын жасағанда, ішкі бақылау мен есеп жағдайын анықтайтын ішкі аудит жұмысына да жүргізілген жұмысқа қаншалықты сүйенетінідігін айқындауы тиіс.

Date: 2016-01-20; view: 2692; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию