Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы ережелер





Quot;Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 48 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 наурызда № 10388 тіркелді «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (Ә.Б. Мәтішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.



4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Е. Досаев

КЕЛІСІЛГЕН
Қақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі

___________Т. Дүйсенова

2015 жылғы 28 қаңтар

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 қаңтардағы

№ 48 бұйрығымен бекітілген

Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

Жалпы ережелер

 

1. Осы «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) ағымдағы дезинфекция – науқас ауру ошағында болған кезде әрбір нозологиялық нысан үшін белгіленген жиілікпен жүргізілетін дезинфекция;

2) гнус – ашық табиғатта және елді мекендерде адамды шағатын және оның қанын соратын қансорғыш жәндіктердің – масалардың, соналардың, майда шыбындардың, есекқұрттардың, бәкене шыбындардың бірқатар түрлері;

3) далалық дезинсекция – адамдар болатын жерлерге қорғаныш аймақтарын құру және қансорғыш жәндіктер мен кенелердің санын азайту мақсатында елді мекен шегінде оларды жою;

4) далалық дератизация – адамдар үшін қауіпті аурулар эпизоотиясын болдырмау және кеміргіштердің санын азайту мақсатында оларды жою;

5) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
6) дезинфекциялық жабдық – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуге арналған аппараттар мен қондырғылар;

7) дезинфекциялық құралдар (бұдан әрі – дезқұралдар) – дезинфекциялау, стерильдеу алдында тазарту, стерильдеу, дезинсекциялау, дератизациялау жүргізуге арналған химиялық, биологиялық құралдар, сондай-ақ репелленттер;



8) дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою бойынша іс-шаралар кешені; 9) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;

10) жоғарғы деңгейдегі дезинфекция – барлық патогенді және шартты патогенді микроағзалар жойылатын, ал споралар саны азаятын дезинфекция;

11) инсектицидтер (акарицидтер, инсектоакарицидтер) – жәндіктер мен кенелерді жою үшін пайдаланылатын құралдар (препараттар);

12) имаго – ересек жыныстық жетілген жәндіктер;

13) камералық дезинфекция – дезинфекциялық камераларда дезинфекциялау және дезинсекциялау;

14) кенттік дезинсекция – елді мекен шегінде зиянды жәндіктерді, кенелерді және басқа да буынаяқтыларды жою;

15) кенттік дератизация – тұрғын үй-жайларда (ғимараттарда), қора-қопсы құрылыстарында, мал шаруашылығы, өндірістік үй-жайларда, қойма және басқа да үй-жайларда, сондай-ақ елді мекеннің шегінде ашық аумақта кеміргіштерді жою;

16) қолдану режимі – препаративті нысанда пайдаланылатын қолданыстағы заттардың шоғырлануын қоса алғанда, дезинфекциялау құралын қолдануды сипаттайтын нормалардың жиынтығы, препараттың шығыны, өңдеу уақыты, өңдеу жиілігі мен ауданы, қосымша заттар мен әдістерді пайдалану;

17) қорытынды дезинфекция – науқасты емдеуге жатқызғаннан, оқшаулағаннан кейін, ол жазылған соң немесе қайтыс болғаннан кейін ошақта жүргізілетін дезинфекция;

18) орта деңгейдегі дезинфекция – бактерияларды (оның ішінде туберкулездің микобактерияларын), вирустарды (оның ішінде полиовирустарды), грибоктарды жоятын, бірақ спораларды жоймайтын дезинфекция;

19) ошақ – инфекция қоздырғышы науқастан сезімтал адамдарға беріле алатын шектерде оны қоршаған аумағы бар, инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқастың болатын орны;

20) ошақтық дезинфекция – ошақтарда инфекциялық инфекциялық немесе паразиттік ауруларды профилактика және/немесе жою мақсатында жүргізілетін дезинфекция;

21) препаративті нысан – дезинфекциялау құралдарын шығару және/немесе пайдалану нысаны;

22) профилактикалық дезинфекция – анықталған инфекция көзі болмаған кезде алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені (дезинфекция, дезинсекция мен дератизациялауды қамтиды);

23) репелленттер – жәндіктерді және басқа да буынаяқтыларды үркіту құралдары;

24) родентицидтер (ратицидтер) – кеміргіштерді жоюға арналған құралдар (препараттар);

25) стерилизация – қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою;

26) төменгі деңгейдегі дезинфекция – бактерияларды, кейбір грибоктарды, вирустарды жоятын, бірақ туберкулез микобактериялары сияқты төзімді бактерияларға қатысты тиімсіз дезинфекция.

3. Дезқұралдармен жұмыс істеуге денсаулығының жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ, кәмелет жастағы адамдарға рұқсат етіледі.

4. Дезқұралдармен жұмыс істеуге тартылатын мамандар (дезинструктор, дезинфектор, дератизатор) әр 5 жыл сайын дезинфекциялау, дезинсекциялау дератизациялау бойынша кәсіптік даярлықтан және жыл сайын жұмыстарды қауіпсіз жүзеге асыру, дезқұралдармен уланған кезде дәрігер қарағанға дейін алғашқы көмек көрсету мәселелері жөнінде нұсқамадан өтеді.

5. Дезқұралдарды сақтау және тасымалдау «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес жүргізіледі.

6. Дезқұралдар затбелгіде құралдың атауын, арналуын, жарамдылық мерзімін көрсете отырып, өнім берушінің ыдысында (қаптамада) сақталады. Ыдыстың затбелгісі дезқұралды сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.

7. Дезқұралдардың жұмыс ерітінділерін, улы қармақ жемдерді дайындау, оларды өлшеп-орау сорып-шығаратын желдеткішпен жабдықталған арнайы үй-жайда, арнайы киімді (бұдан әрі – арнайы киім) және жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптарды, респираторларды) міндетті түрде пайдалана отырып жауапты тулғамен орталықтандырылған түрде жүргізіледі. Бұл үй-жайларда бөгде адамдардың болуына, жеке заттарды, тамақ өнімдерін сақтауға, ас ішуге және темекі тартуға жол берілмейді.

8. Дезинфекциялау, дезинсекциялау мен дератизациялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген дезқұралдар қолданылады. Дезқұралдардың қауіптілігі осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының қауіптілігін сыныптауға сәйкес белгіленеді. Дезқұралдарды қолдану шарттары олардың қауіптілік дәрежесімен айқындалады:

1) жабық үй-жайларда аса қауіпті құралдарды (1-сынып) пайдалануға рұқсат етілмейді;

2) балалар, медициналық ұйымдарда, қоғамдық тамақтану объектілерінде және тұрғын үй-жайларда аса қауіпті және жоғары қауіпті құралдарды (1 және 2-сынып) пайдалануға рұқсат етілмейді. Басқа объектілерде кейіннен міндетті түрде желдету және жинау арқылы тек оқытылған персонал ғана оларда адамдар жоқ кезде қолдануына рұқсат етіледі;

3) орташа қауіпті құралдарды (3-сынып) оқытылған персоналдың кез келген типтегі үй-жайларда және тұрғындардың тұрмыста, бірақ қолдану шарттарының міндетті түрдегі регламенттеуімен (препараттың шығыны, желдету режимі, жинау) пайдалануға рұқсат етіледі;

4) қауіптілігі аз құралдарды (4-сынып) қолдану саласын шектемей пайдалануға рұқсат етіледі.








Date: 2015-12-13; view: 686; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.014 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию