Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Шешім қабылдау теориясы мен түрлері

Реферат

 

Tақырыбы: Шешім қабылдау теориясы мен түрлері

 

тексерген: Ақпанбаев Е. Ж.

дайындаған: Сланов Ж.

 

Алма-ата 2015

Жоспары:

 

1. Менеджмент технологиясы

2. Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау

3. Ұжымдық шешім

4. Интуитивтік шешім қабылдау

 

Шешім қабылдау теориясы мен түрлері

 

 

1. Менеджмент технологиясы келесі құрамнан тұрады:

 

– шешім қабылдаудың жалпы басшылығы;

 

– шешім қабылдау ережесі;

 

– шешім қабылдаудағы жоспарлар;

 

– жекеше қарым-қатынас негізінде бір деңгейдегі басшылармен екі жақты шешім қабылдау;

 

– бағытты топтар және шешім қабылдаудағы олардың мәні (бірдей деңгейдей топтың қарым-қатынасы);

 

– қарым-қатынастың матрицалық түрі.

 

Алғашқы үш құрам басқару деңгейінің арасындағы тік қарым-қатынасты, ал соңғы үшеуі – қабылданатын шешімнің координациясында көлбеу қатынасты қамтамасыз етеді.

 

Фирма шешімді тарату мүмкіндігі мен қабылданатын шешімнің қиындығына байланысты менеджментте қарапайым немесе қиын қарым-қатынас механизмін қолдана алады.

 

Шешім қабылдаумен ортақ басшылық шешім қабылдау процесі жоғарыда отырған басшыға бағынатын (жалпы) бір басшының қолына деп болжамдайды. Бұл жерде лауазым бойынша шешім қабылдауда иерархия орнайды. Әр басшы өз мәселесін жоғарыда отырған басшымен емес өзінің тікелей басшысымен шешеді. Мұндай механизм америкалық менеджментке тән.

 

Америка фирмаларында тікелей басшылар жоспарланған нәтижесіне жету үшін қажетті еңбек және материалдық ресурстарын қолдануға құқықты бола отырып, өз ісіне жауапты болып есептеледі.

 

 

2. Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең қиын мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.

Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.

Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтанда шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.

«Басқару шешімі» термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қатарларды, т.б.; екінші жағдайда- мәселелер мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы нұсқасын білдіреді.

Басқару шешімінің ең маңызды белгісі- өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.

Шешім туындаған мәселе болған жағдайда қабылданады. Мәселе дегеніміз- жүйенің қажетті және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай.

Басқару шешімін қабылдауға жүйелік тұрғыдан қараудың, пайда болған мәселелерді шешудің жүйелігін сақтаудың зор маңызы бар. Әрбір жаңа шешім алдыңғы шешімдерді өрістету үшін қабылдануы өрістік міндеттерді кезең-кезеңімен орындауды қамтамасыз етуі тиіс.

Басқару шешімінің маңызды талабы- соңылылығы. Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды қысқартып, жұмыстың орындалуына кедергі жасамау керек.

Басқару шешімінің маңызды талаптарының бірі- мақсаткерлік. Шешім ұжымның мақсатын, басты міндеттерін білдіреді, кез келген жұмысты тікелей орындаушыларға берілетін тапсырмаларды айқындайды. Ірі шаруашылық шешімдері бірнеше мақсатты айқындайды.

Кез келген шешім ауызша немесе жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, орындауға жауаптылар көрсетілуі тиіс.

Шешім қабылдау — ақпарат алмасу сияқты кез келген басқару қызметінің (функциясының) құрамдас бөлігі. Шешім қабылдау қажеттігі басқарушының алға қойған мақсатының қалыптасумен, сол мақсатқа жетудегі іс-қимылын түгелдей қамтиды.

Кез келген басқару өнерін игерем деген адам үшін, шешім қабылдау табиғатын түсіну, аса маңызды мәселе.

Шешім дегеніміз — бұл альтернативті тандау.

Альтернатив — мүмкін болған екі үйғарымның бірін ғана таңдап алуға мәжбүрлік.

Әрбір басқару қызметі (функциясы) өмірде жүзеге асыруды талап ететін жалпылама, тіршілікте қажетті, маңызды шешімдермең байланысты.

Басқарушы шешімдер деген сөз көп аспектілі мағынаны сипаттайтын категория.

Басқарушы шешімдер өзара байланыста 3 аспектіден тұрады:

1. Біріншіден, басқарушы шешім — басқару жүйесінде жүретін қызмет түрі. Ол белгілі бір іс-әрекеттерді дайындау, табу, таңдау және қабылдаумен байланысты;

2. Екіншіден, басқарушы шешім — басқару объектісіне басқару органдарының ықпал тигізуіне варианттар үсынады;

3. Үшіншіден, басқарушы шешім — ол басқару жүйесінде тәжірибе - ұйымдастыру қызметі болып табылады.

Басқару шешімін сипаттайтын негізгі белгілермен оның мазмұнын экономикаға бейімдеп, былай анықтауға болады.

Басқару шешімі — ол тұтынудың объективті даму жүйесімен және оны қанағаттандыратын мүмкіндіктер арасьіндағы қайшылықтарды саналы түрде және күш - жігермен жеңігі шығу үшін жасалған жоспар.

Кездесетін қайшылықтарды әртүрлі уақытта, әртүрлі жолмен шешуге болады.

Экономикада басқару шешімдерінің басты объектісі болып өндіріс процесіндегі адамдардың қарым-қатынасы табылады.

Басқарушылық қызметтің ерекше мағынасы ол қабылданған шешімдердің саналы жүргізіліп, сол арқылы толық басқару қызметінің тиімділігі болып табылады.

Басқару шешімдерінің тиімділігіне көптеген факторлар әсер етеді. Бұл факторлардың барлық жиынтығын екі топқа бөлуге болады.

Бірінші топтың факторларына - басқару шешімдерін жасағанда нені ескеру керек - солар жатады. Олардың ішіндегі ең негізгі орынды мақсат алады.

Мақсат - жүйенің жайының қалауын, мүмкіндігін және қажеттігін анықтаушы болып табылады.

Екінші топтың факторларына осы айтылған мақсатты іске асырғанда қажетті ұйымдастыру жүмыстары және басқару жүйесіндегі ұйымдастыру - тәжірибе қызметтері жатады.

Басқару шешімдерінің сапасына субъективті факторларда қатаң әсер етеді. Олар:

• басшының жеке басының қасиеті (оның кәсіптік дайындығы, білім деңгейі, жетік білетіндігі және т.б.);

• шешім қабылдағанда хабарлармен қамтамасыз ету процесі;

• үйымдастыру жұмысымен байланысты факторлар. Олар: -шешім қабылдау үшін мамандарды тарту,

-шешімдерді орындаушыларға жеткізу тәсілдері мен түрлері; -бақылауды ұйымдастыру мәселесі және т.б.;

• технологиялық факторлар (техникалық жабдықтарды, ЭВМ — ды қолдану және т.б.).

 

Басқару шешімдерін жіктеудің теориялық және практикалық мәні зор. Басқару шешімдерінің табиғаты алуан түрлі. Олардың әр түрлілігін жіктеу, реттеу үшін белгілер бойынша жіктейді.

Басқару субъектісі бойынша шешімдерді бөлуге болады:

әкімшілік

қоғамдық ұйымдар шешімі, т.б.

Басқару объектісі бойынша шешімдерді жалпы және жекелей, күрделі және қарапайым деп бөледі. Жалпы шешім, әдетте, бүкіл шаруашылықтың мүддесін қозғайды. Жекелей шешімнің жедел сипаты болады, ол көбінесе басқарудың төменгі буынына тән.

Ықпал ету объектісі бойынша шешімді сыртқы және ішкі деп бөледі. Сыртқы шешім ауыл шаруашылығындағы өндірістің ерекшелігін айқындайды. Ішкі шешім ауыл шаруашылығы кәсіпорынның өзіндегі қызмет саласына жатады.

Уақыт өлшеміне қарай шешімді: перспективалық, күнделікті, жедел деп бөледі.

Перспективалық шешімнің орындалуына ұзақ уақыт керек( 3-5 жыл және одан да көп). Күнделікті шешім көбінесе 1-2 жыл аралығында жүзеге асырылады. Жедел шешім қысқа уақыт ішінде жүзеге асырылады( бірнеше апта, күн, ай).

Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.

Жекелей шешім – юұл басшының ұжыммен немесе жекелеген адамдармен келісімсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешімдер. Мұндай шешімнің мазмұны мен сипаты басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.

Алқалы шешім- бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай шешімдер, әдетте, мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады. Алқалы шешімде әр түрлі басшылардың жекелей жаупкершілігіне нұқсан келтіретін жайттар болмауы тиіс.

 

3. Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып қабылданады.

Функционалдық мақсатына орай шешімдерді жоспарлау-экономикалық, технологиялық, қаржы және әкімшілік сипатта бөледі.

«Басқарудың әлеуметтік жағдайлары» кітабында Пригожин басқару шешімдерін жіктейді:

1) мұқият айқындалған типтік шешім, оның мазмұнына басшының дерьес ерекшеліктері әсер етпейді немесе шамалы әсер етеді. Бұған кадр мәселесі, жұмыстарды ұйымдастыру, бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру, т.б. жатады.

2) ынталы шешім, яғни онша айқындалмаған шешім, мұнда басшының жекелей үлесі басым болуы мүмкін.

3) творчестволық шешім белгілі бір стратегиялық мақсатты және соған жетуді көздейді. Әдетте мұндай шешім ұжымның алдында тұрған күрделі мәселелерді қозғайды.

Шетелдік авторлары ұжымдық шешімдерді бағдарланған және бағдарланбаған деп жіктейді. Бағдарланған шешім дегеніміз жоспарлардың немесе іс-әрекеттердің белгілі бір жүйемен жүзеге асу нәтижесі, яғни шешімнің математикалық теңдеуі болып табылады.

Бағдарланбаған шешім біршама жаңа ішкі құрылымы қалыптаспаған немесе белгісіз факторлардың жағдайында қабылданады. Мұндай шешімдерге мыналар жатады: ұйым мақсаты қандай болу керек, басқару бөлімшесінің құрылымын қалай жақсату керек.

Практикада таза түрінде бағдарланған және бағдарланбаған шешім дер сирек кездеседі, барлық шешімдер шектеулі варианттардың аралығында болады.

Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы мәселе қалай шешілу керек деген сауалға жауап береді. Бұл- шешімнің маңызды бөлігі.

Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады: іс-әрекеттің реттілігі, календарлық мерзімдер(аралық, ақырғы), орындауға жауаптылар, орындаушылар арасындағы үйлестіру және өзара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі.

 

4. Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген және тиімді сипаты болады.

Интуитивтік шешім - бұл бір нәрсенің дұрыстығын сезіге негізделген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды.

Пайымдауға негізделген шешім- бұл білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау. Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.

Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Басқару шешімін әзірлеу, қабылдау және жүзеге асырудың схемасы:

 

шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау Проблемалар мәселесн қою жинақталған мәліметтер- ді талдау шешім мәселелері нің негізделуін бағалау мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау шешімнің орындалуын ұйымдастыру орындалу барысын бақылау және нәтижені бағалау

 

Басқару шешімдерін ғылыми дайындау және қабылдау - бұл техниканы, технологияны, экономика - математикалық әдістерді, ақпараттар теориясын, адамдар мінез-құлқының әлеуметтануын және психологиясын енгізетін кешенді проблема болып табылады.

Шешім қабылдау процесі кезекті кезеңдер қатарынан тұрады, циклдерді қалыптастыра отырып, тікелей немесе кері байланыстар ретінде бір-бірімен біріктірілуі мүмкін.

Шешімді өңдеу және қабылдау процесі кезеңдердің келесі кезектілігінде іске асырылады:

1. Проблеманы қалыптастыру және негіздеу,

2. Шешім қабылдау үшін шектеулер және критерийлерді
қалыптастыру,

3. Шешімнің мүмкін варианттарын қалыптастыру және тандау

4. Шешімнің ең жақсы вариантын тандау.

Шешімдер варианттарын салыстыру нәтижесі бойынша алдыға
қойылған мақсаттарға неғұрлым тиімді жетуді қамтамасыз ететін,
нақты жағдай үшін мақсатты вариант таңдалады. Шарт бойынша бүл
проблема жөніндегі шешім қабылдау болып табылады.

Келесі суретте басқару шешімдерін қабылдау процесінің шартты
үлгісі көрсетілген (Сурет 1).

 

Сурет 1. Шешім қабылдау және жүзеге асыру

 

 

Шешім қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оны жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.

Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау шешіміне байланысты. Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.

Қабылданатын шешімнің нәтижелік критерийін таңдау- күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий дегеніміз- қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көрсеткіш немесе бірнеше көрсеткіш.

Мақсатты тұжырымдау мен критерийді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей байланыс болуы керек.

 

Қайнар көздер құралы;

 

1. А. Б. Рахымбаева, Б. О. Сабатаев

Менеджмен оқу құралы

Алматы заң әдебиет баспасы 2000 ж

2. Б. Қ. Жакенов, Қ. Б. Тәмпішова, А. М. Мақсатова

Менеджмент негіздері

Астана фолиант баспасы 2007 ж

3. М. Ш. Әлинов Экология менеджменті

М. Ш. Әлинов Инновациялық менеджмент

4. Б. С. Есенгельдин Е. Т. Ақбаев

Қаржылық менеджмент

Алматы-2011

5. Ғаламтор; http://examenna5.net/work/439

 




<== предыдущая | следующая ==>
Методы, направленные на воспитание двигательных качеств | 





Date: 2015-12-13; view: 2959; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2017 year. (0.016 sec.) - Пожаловаться на публикацию