Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Грейвс ауруы (ЖУЖ)» клиникалық жағдай бойынша жауап эталондары





Қадамдарды бағалау көрсеткіштері
1. Шағымдары мен анамнезін жинау Ретімен және жүйелі жүргізілді
2. Ажырату диагностикасы мақсатында симптомдарға қосымша сұрақтар қою арқылы нақтылауы Аурудың симптомына қатысты барлық сұрақтар қойылды
3. Физикалды тексеру (тері, шырышты қабаттар және т.б.) Бойы және салмағын,тері жабындылары мен шырышты қабаттарын қарап тексеру. Дене бітімі нормостеникалық. Тері асты май қабатының таралуы төмен.
4. Жүрек - қанайналым жүйесін тексеру. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекаралары және жүрек ұшының түрткісі анықталды. Жүректің тыңдау нүктелерін реттілігімен тыңдау арқылы жүрекке аускультация жүргізілді.
5. Артериалды қан қысымын өлшеп, пульс жиілігін анықтау Ережені сақтап АҚ мен пульсті өлшеді.
6. ҚБ пальпациясы ҚБ пальпациясы реттілігі сақталып, дұрыс жасалды.
7. Көздік симптомдарды анықтау Грефе, Кохер, Мебиус симптомдарын дұрыс анықтады. Грефе симптомы-төмен қарағанда нұрлы қабық жоғары қабақтан қалыңқырауы. Кохер симптомы-көзқарасты тез ауыстырғанда жоғарғы қабақтың ретракциясы. Мебиуссимптомы-жақын қашықтықта көзқарасты бекіте алмауы (конвергенция әлсіздігі).
8. Болжама диагнозды құрастыру және оны негіздеу Шағымдары, анамнезі, жалпы қарап тексеру барысында болжама диагноз қойылды. Грейвс ауруы
9. Ажырату диагностикасын жүргізу Нейроциркуляторлық дистонияны жоққа шығару үшін: көздік симптомдар, үдемелі салмақ жоғалту, тыныштық жағдайындағы тахикардия және қалқанша безінің ұлғаюы болмайды. ТТГ, босТ4, босТ3, ТТГ рецепторына а/дене қалыпты болады. Қалқанша бездің токсикалық аденомасы: көздік симптомдар, претибиальды микседема болмайды.
10. Лабораторлық зерттеулер жоспарын тағайындау ЖҚА, ЖЗА, ҚБА: глюкоза, жалпы белок, холестерин, калий, кальций, билирубин.
11. ИФА тағайындау ТТГ деңгейінің төмендеуі, FТ3,FТ4, деңгейінің жоғарылауы
12. Қанның биохимиялық талдауына интерпретация жасау Әлсіз гипохолестеринемия, гипокалиемия.
13. Аспаптық зерттеулер жоспарын тағайындау Қалқанша безін УДЗ, ЭКГ
14. Қалқанша бездің УДЗ интерпретациясы Қалқанша безі жайылмалы түрде ұлғайған, гипоэхогендік. Жалпы көлемі 36 см3
15. ЭКГ интерпретациясы Синусты тахикардия, ЖСЖ-110 рет мин. ЖЭО солға ығысуы. Сол жақ қарынша гипертрофиясы.
16. Көзді УДЗ интерпретациясы Эндокринді офтальмопатия белсенді фазасы, орта дәрежесі, бұлшық еттері қалыңдаған. 1 дәрежелі миопия.
17. Қорытынды диагнозды құрастыру және негіздеу Шағымдарын, анамнезін және жалпы қарап тексеру қорытындыларын, сонымен қатар ТТГ деңгейінің төмендеуін, FТ3,FТ4, деңгейінің жоғарылауын, әлсіз гипохолестеринемияны, гипокалиемияны және ҚБ УДЗ; Қалқанша безі жайылмалы түрде ұлғайған, гипоэхогендік. Жалпы көлемі 36 см3; Көздің УДЗ; эндокринді офтальмопатия белсенді фазасы, орта дәрежесі, бұлшық еттері қалыңдаған. 1 дәрежелі миопия, ЭКГ; синусты тахикардия, жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясын; көздік симптомдардың оң болуын ескере отырып төмендегі диагноз қойылады: Гипертиреоз синдромы. Грейвс ауруы (ЖУЖ), тиреотоксикоз орташа дәрежелі, декомпенсация сатысы. Эндокриндік офтальмопатия.
18. Аурудың емдеу принципін анықтау
  1. Медикаментозды терапия: тиреостатиктер (тиразол, мерказолил).
  2. І131 емдеу.
  3. Хирургиялық ем.
  1. Симптоматикалық ем (бета адреноблокатор, сорбент, седативтер)
19. Науқаспен барынша қолайлы қатынаста болып, науқастың үрейін басуы Науқаспен барынша қолайлы қатынаста болып, үрейі басылды

Симуляция қамтылды:

1.Тапсырма жазылған парақ, волонтердың (науқастың) сценарийі, қадамдарды бағалау көрсеткіштері

2. Гормондар қорытындысы

4. Қалқанша без УДЗ қорытындысы

5. Көзді УДЗ

6. ЭКГ

8. Тонометр, фонендоскоп

 

1. Актер – пациент, 2. актер – мейірбике немесе дәрігердің ассистенті

Орта: оқу бөлмесі – дәрігер кабинеті

1. Кушетка-1

2. Құрал-жабдықтарға арналған үстел – 1

3. Препараттарға арналған медициналық шкаф – 1

Құрастырған: ассистент Бөгенбаева Г.А.

Рецензент:

Эндокринология кафедрасының отырысында талқыланды және бекітілді (28 қыркүйек 2015, хаттама № 4)

 

Date: 2015-12-13; view: 595; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию