Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






GPS-тың ғарыштық сегменті





Ғарыштық сектор GPS серіктері жүйесіне кіретін жиынтықтан тұрады. Серіктерде орнатылған аппаратура жерге сигналдардың берілуін жүзеге асырады. Оның негізінде серік пен жердегі бақылау нүктесінің ара қашықтығы өлшенеді және серіктердің эфемеридтері, сағаттарының көрсеткіштерінің түзетулері, т.б. туралы ақпарат жиынтығын алады.

GPS-тың ғарыштық сегменті құрамына серіктердің жұлдыздар шоғыры мен олар ұшырылатын космодромда кіреді. Серіктердің негізгі функциялары:

Ø Бақылау сегмені арқылы берілетін мәліметтерді қабылдау және сақтау;

Ø Жиіліктер бірнеше бортты атомдық стандары арқылы дәл уақытты ұстап тұру;

Ø Ақпараттар мен сигналадарды пайдаланушыға L-диапазонының бір немесе екі жиілігінде беру.

GPS-тың орбиталарының жиынтығы 24 серіктен тұрады, ал орбиталары радиусы 26 560 км дөңгелектер. Серіктердің айналу кезеңдері жұлдыздар уақытының 12 сағатын құрайды және 6 орбита жазықтығында төрт жұмыстық нүктеде (слоттар) әр орбитада біркелкісіз орналасқан.

Серіктердің сәйкестендірілуі GPS жүйесінде ұшырылым (запуск) нөмірі бойынша, PRN псевдошулы кезектілік нөмірі бойынша, NASA каталогындағы нөмір бойынша, халықаралық нөмір бойынша, жұлдыздар шоғырында орналасуы бойынша орындалуы мүмкін. Соңғы жағдайда 2 символды код қолданылады: әріп (А-дан F-қа дейін) орбиталық жазықтықты білдіреді, ал сан – жазықтықтағы серік нөмірін (1-ден 4-ке дейін). Әр орбиталық жазықтықта қордағы слоттар бар, олар үшін А5, В5 және т.б. белгілеулер қолданылады.

Блок GPS деп аталатын тәжірибелік серіктердің 10 прототипінен тұратын бастапқы пакет 1978 және 1985 жылдары аралығында ұшырылған болатын және GPS-тің мүмкіндіктерін көрсету үшін қолданған. Бұдан соң Блок II и Блок IIА (А – от «advanced», «усовершенствованный») деп аталатын модельдер ұшырылды. Бұл серияның бірінші серігі 1989 жылы ақпанда ұшырылды. Одан кейінгі 6 жыл ішінде 24 серігі ұшырылды және де 1995 жылы сәуірде толығымен іске қосылғандығы жарияланды. Блок IIR (R – от «replenishment», «пополнение») деп аталатын серіктердің келесі ұрпағы 2005 жылы іске қосылды.

Серіктер антеннасы бар радиопередатчиктер, компьютерлер және қосымша жабдықтардың (солнечных батарей, системы стабилизации, реактивных двигателей для корректировки орбиты) тасымалдаушылары болып табылады.

 

Date: 2015-12-13; view: 1010; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию