Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






допплерометрияны





***

Алғаш босанушы, 19 жаста, жамбас өлшемдері қалыпты, жетілген жүктілікпен босану әрекеті басталғаннан 1 сағаттан кейін келіп түсті. Толғақтар 5-6 минут сайын, 30 сек. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісі үстінде. Ұрықтың жүрек соғысы 140 рет минутына, кіндіктен төмен оң жақта анықталады. Түскеннен 1 сағаттан кейін қағанақ суы кетті, содаң соң ұрықтың жүрек соғысы 110 рет минутына дейін төмендеді. Дұрыс диагнозды таңдаңыз://

жүктіліктің 40 аптасы. Ұрықтың жедел гипоксиясы I дәреже, босанудың I-ші кезеңі//

+жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың I-ші кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Ұрықтың жедел гипоксиясы II дәрежесі//

жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың I-ші кезеңі. Ұрықтың жедел гипоксиясы III дәрежесі.//

жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың I-ші кезеңі. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы //

жүктіліктің 40 аптасы. Босанудың II -ші кезеңі. Ұрықтың созылмалы гипоксиясы. Жас алғаш босанушы.

***

Қайта босанушы, 36 жаста, жамбас өлшемдері қалыпты, жетілген жүктілікпен босану әрекеті басталғаннан 2 сағаттан соң келіп түсті. Толғақтар 4-5 минут сайын, 35 сек. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісі үстінде. Ұрықтың жүрек соғуы 140 рет минутына, кіндіктен төмен оң жақта анықталады. Түскеннен 1 сағаттан кейін қағанақ суы кетті, содаң соң ұрықтың жүрек соғуы 110 рет минутына дейін төмендеді. Пайда болған акушерлік жағдайда көрсетіледі://

окситоцинді көк тамырға енгізумен босануды күшейту//

актовегин тағайындау//

акушерлік қысқыш салу//

+ кесар тілігі операциясы

ұрықтың вакуум-экстракциясы

***

Босанудың 1 кезеңінің ұзақтығы 16 сағат, 2 кезең - 1 сағат. Нәресте мойнына кіндік бауының тығыз оралуымен туылды, Апгар шкаласы бойынша - 5 ұпай. Өздігінен тыныс алу реанимациялық шаралардан кейін пайда болды. Туғаннан соң 5 мин. кейін Апгар шкаласы бойынша - 7 ұпай. Сіздің диагнозыңыз://

жеңіл дәрежелі асфиксия//

+ орташа дәрежелі асфиксия//

ауыр дәрежелі асфиксия//

бас ми жарақаты//

пневмопатия

***

Босанудың 1 кезеңінің ұзақтығы 16 сағат, 2 кезең - 1 сағат. Нәресте мойнына кіндік бауының тығыз оралуымен туылды, Апгар шкаласы бойынша - 5 ұпай. Өздігінен тыныс алу реанимациялық шаралардан кейін пайда болды. Туғаннан соң 5 мин. кейін Апгар шкаласы бойынша - 7 ұпай. 3 сағаттан кейін жағдайы нашарлады (ретсіз тыныс алу, тахикардия 160 рет мин, құрысулар). Патогенезі бойынша жіктелуге байланысты бұл асқыну қандай гипоксияға жатады://

гипоксиялық//

гемикалық//

+циркуляторлы //

тіндік//

тіндер гипоксиясы

***

Қайта босанушы, 36 жаста, жамбас өлшемдері қалыпты, жетілген жүктілікпен босану әрекеті басталғаннан 2 сағаттан соң келіп түсті. Толғақтар 4-5 минут сайын, 35 сек. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Ұрықтың жүрек соғуы 180 рет минутына, кіндіктен төмен оң жақта анықталады. PV: жатыр мойнының ашылуы 3 см. Жедел плацентарлы жетіспеушіліктің клиникалық белгілері://

ұрықтың созылмалы гипоксиясы//

айқын суаздық//

+жүрек соғу жиілігінің бұзылысы//

ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі, асимметриялық түрі//

ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі, симметриялық түрі

***

Қайта босанушы, 36 жаста, жамбас өлшемдері қалыпты, жетілген жүктілікпен босану әрекеті басталғаннан 2 сағаттан соң келіп түсті. Толғақтар 4-5 минут сайын, 35 сек. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Ұрықтың жүрек соғуы 180 рет минутына, кіндіктен төмен оң жақта анықталады. PV: жатыр мойнының ашылуы 3 см. Пайда болған акушерлік жағдайда көрсетіледі://

медикаментозды ем, босануды табиғи жолмен жүргізу//

босануды табиғи жолмен жүргізу, екінші кезеңін азайтумен //

акушерлік қысқаш салу//

ұрықтың вакуум-экстракциясы//

+босануда кесар тілігі

***

Ұрықтың қөлденең орналасуы кезінде, босандыру мақсатында жүктіліктің қандай мерзімінде стационарға бағытталады://

28–30 апта //

31–32 апта//

33–35 апта //

+36–37 апта//

39–40 апта

***

Ұрықтың көлденең орналасу және жетілген жүктілік кезінде көрсетіледі://

босануды табиғи жолмен жүргізу//

+ жоспарлы кесар тілігі//

босану әрекеті басталған кезде-кесар тілігі//

қағанақ суы кеткен кезде кесар тілігі//

босануды табиғи жолмен жүргізу, ары қарай ұрықты жамбас бөлігі арқылы шығару

***

Асқынған көлденең орналасу және өлі ұрық кезінде көрсетіледі://

кесар тілігі//

классикалық ұрықты аяғына бұру//

жамбас бөлігі арқылы ұрықты шығару//

+ұрықты бұзушы операция//

акушерлік қысқаш салу

***

Алғаш босанушы 25 жаста, перзентханаға босану әрекеті басталғанннан соң 2 сағаттан кейін келіп түсті. Жамбас өлшемдері: 23×25×27×18 см, ІА-92 см, ЖТБ-35 см. Зерттеу кезінде ұрық басы оң жақта мықын сүйегі қырынан жоғары орналасқан, жамбас бөлігі сол жақта. Жүрек соғуы анық, ретті 136 рет/мин, жатыр мойнының ашылуы 2 см. Бұл жағдай кезінде ұрықтың дұрыс емес орналасуының себебі://

ірі ұрық//

тар жамбас//

суегіздік//

+суаздық//

ұрық гипотрофиясы

***

Қайта босанушы 22 жаста, перзентханаға босану әрекеті басталғаннан соң 3 сағаттан кейін келіп түсті. Зерттеу кезінде ұрық басы оң жақта мықын сүйегі қырынан жоғары орналасқан, жамбас бөлігі сол жақта. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ретті 136 рет/мин. жатыр мойнының ашылуы 4 см. Сіздің тактикаңыз://

сыртқы ұрықтың алдын алу бұрылысы//

комбиниpленген сыртқы-ішкі ұрықтың бұрылысы//

+жедел кесаp тілігі//

кесаp тілігі босану кезінде қағанақ суы мезгілінен бұрын кетсе//

ұрықты бұзушы опеpация

***

Босану 16 сағат бұрын басталды. Қағанақ суы 10 сағат бұрын кетті. Иығы кіші жамбас кіреберісіне кіріп тірелген. Жатыр ұрықты тығыз қысып алған. Қынаптан ісінген, көгерген ұрықтың қолы шығып тұр. Басы жатырдың оң жағында. Ұрық қозғалмайды, жүрек соғысы анықталмайды.Сіздіңтактикаңыз://

Кесар тілігі//

декапитация//

+краниотомия//

Акушерлік бұрылыс//

краниоклазия

***

Қайта босанушы 46 жаста, клиникаға ауданнан әкелінді. Әйелдер кеңесінде ұрықтың көлденең орналасуы анықталды. Қағанақ суы 12 сағат бұрын кетті. Жыныс жолдарынан түскен қолы көрінеді. Толғақтар өте қатты, бірінен соң бірі келеді. Босанушы мазасыз, ішін ұстап айғайлайды, тамыр соғуы 110 рет/мин., дене температурасы 38,2. Контракциялық сақина кіндік деңгейінде. Дәрігердің бірінші әрекетін атаңыз://

акушерлік бұрылыс жасау//

кесартілігі операциясынаалу//

акушерлік қысқаш салу//

краниотомияжасау//

+босану әрекетін тоқтату

***

Туған кезде ірі салмақты нәресте деп саналады://

салмағы 3600 г және одан көп болса//

салмағы 3800 г және одан көп//

салмағы 3900 г және одан көп//

+ салмағы 4000 г және одан көп//

салмағы 5000 г және одан көп

***

Ірі ұрық кезінде босанудың 2-ші кезеңіне сай асқыну://

қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы//

тез және қарқынды ағымы//

+ әйел жамбасы мен ұрық басының сәйкессіздігі//

дискоординирленген босану әрекеті//

кіндік бауының түсуі

***

Ірі ұрықпен босану кезінде кездесетін асқыну://

бала жолдасы бөліктерінің кідіруі//

плацентаның тығыз бекуі//

плацентаның қысылып қалуы//

+гипотониялық қан кету//

қағанақ суымен эмболия

***

Қайта босанушы әйел жетілген жүктілікпен және қалыпты жамбас өлшемдерімен ретті босану әрекетінің басталуынан 7 сағаттан кейін және қағанақ суы кетуінен 1 сағаттан кейін келіп түсті. ІА-106 см, ЖТБ-41 см. Ұрық басымен кіші жамбас кіреберісі үстіне келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ретті 136 рет мин. 1 сағаттан кейін жақсы күшену басталды. 20 минут аралығында ұрық басының жылжуы анықталмайды. Вастен белгісі оң. РV: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ. Басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Сагитальді жік көлденең өлшемде, қасағаға жақын. Мүйіске саусақ жетпейді. Дұрыс диагноз қойыңыз://

жетілген жүктілік. Қағанақ суының ерте кетуі. Босанудың 2-ші кезеңі. Ірі ұрық. Клиникалық тар жамбас//

+жетілген жүктілік. Қағанақ суының ерте кетуі. Босанудың 2-ші кезеңі. Ірі ұрық. клиникалық тар жамбас. Артқы асинклитизм//

жетілген жүктілік. Босанудың 2-ші кезеңі. Қағанақ суының уақытынан бұрын кетуі. Клиникалық тар жамбас. Алдыңғы асинклитизм//

жетілген жүктілік. Босанудың 2-ші кезеңі. Ірі ұрық. Босану әрекетінің әлсіздігі//

жетілген жүктілік. Босанудың 2-ші кезеңі. Ірі ұрық. Қағанақ суының ерте кетуі

***

Қайта босанушы әйел жетілген жүктілікпен және қалыпты жамбас өлшемдерімен ретті босану әрекетінің басталуынан 7 сағаттан кейін және қағанақ суы кетуінен 1 сағаттан кейін келіп түсті. ІА-106 см, ЖТБ-41 см. Ұрық басымен кіші жамбас кіреберісі үстіне келіп тұр. Ұрықтың жүрек соғуы анық, ретті 136 рет мин. 1 сағаттан кейін жақсы күшену басталды. 30 минут аралығында ұрық басының жылжуы анықталмайды. Вастен белгісі оң. РV: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ. Басы кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Сагитальді жік көлденең өлшемде, қасағаға жақын. Мүйіске саусақ жетпейді. Босандыру әдісін таңдаңыз://

+кесар тілігі операциясы//

спазмолитиктерді қолданумен босануды консервативті түрде жүргізу //

окситоцинді қолданумен босануды консервативті түрде жүргізу //

акушерлік қысқаш салу//

ұрықты бұзушы операция

***

Стационарға ретті босану әрекетімен қайта босанушы әйел келіп түсті. Босану – 1, мед. түсік – 1. ІА-105 см, ЖТБ-42 см. Якубова әдісімен ұрықтың болжам салмағын анықтаңыз://

3628 г//

+3725 г//

3865 г//

4744 г//

***

9-10 апталық жүкті әйелде құсу тәулігіне 7-8 рет. Жалпы жағдайы ауыр. 1 аптада салмақ жоғалту – 3кг. Тері мен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,1°С. Тамыр соғуы – 90-100 рет/мин, АҚҚ 90/60 мм.с.б.б. Зәрінде ацетон + +. Сіздің тактикаңыз://

амбулаторлы жағдайда емдеу және бақылау//

+ стационарда емдеу және бақылау//

интенсивті ем бөлімінде емдеу//

күндізгі стационарда емдеу және бақылау//

емді қажет етпейді

***

Жүкті әйел К. жүктіліктің 7-8 аптасында 20-25 рет тәулігіне құсуға шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр. Салмақ жоғалту 10 кг құрайды. Жүкті әйел тағады да, сүйықтықты да іше алмайды. Тері мен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,3°С. Тамыр соғуы – 120 рет/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б. Зәрінде ацетон ++++, белок-0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок – 54г/л, билирубин – 25 мкмоль/л. Емінде негізгі препарат://

димедрол//

метионин//

+ церукал//

витамин С//

спленин

***

Жүктілікті үзуге көрсеткіш://

құсу күніне 10-12 рет //

зәрінде ацетон +++//

1 аптада салмақ жоғалту 2-3кг//

тахикардия 90 рет/мин//

+склера мен терінің сарғаюы

***

Жүкті әйел Р. жүктіліктің 7-8 аптасында 4-5 рет тәулігіне құсуға шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Құсу аш қарынға, тағаммен немесе жағымсыз иіске пайда болады. Салмақ жоғалту 2 кг. Дене температурасы қалыпты. Тамыр соғуы - 80 рет/мин. АҚҚ 100/60 мм.с.б. зәр мен қан анализдері қалыпты. Сіздің диагнозыңыз:

+жүктіліктің 7-8 аптасы. Жүктілер құсуы жеңіл дәрежесі//

жүктіліктің 7-8 аптасы. Жүктілер құсуы орташа дәрежесі//.

жүктіліктің 7-8 аптасы. Жүктілер құсуы ауыр дәрежесі//

жүктіліктің 7-8 аптасы. Жүктілер гепатозы//

жүктіліктің 7-8 аптасы. Преэклампсия орташа дәрежесі

***

Жүкті әйел К. жүктіліктің 7-8 аптасында 20-25 рет тәулігіне құсуға шағымданады. Жалпы жағдайы ауыр. Салмақ жоғалту 10 кг құрайды. Жүкті әйел тағамды да, сүйықтықты да іше алмайды. Тері мен шырышты қабаттары құрғақ. Дене температурасы 37,3°С. Тамыр соғуы -120 рет/мин, АҚҚ 80/50 мм.с.б. Зәрінде ацетон ++++, белок-0,066г/л. Қан анализінде жалпы белок – 54г/л, билирубин – 25 мкмоль/л. Сіздің диагнозыңыз://

жүктіліктің 7-8 аптасы. Жүктілер құсуы жеңіл дәрежесі//

жүктіліктің 7-8 аптасы. Жүктілер құсуы орташа дәрежесі//

+жүктіліктің 7-8 аптасы. Жүктілер құсуы ауыр дәрежесі//

жүктіліктің 7-8 аптасы. Жүктілер гепатозы//

жүктіліктің 7-8 аптасы. Преэклампсия орташа дәрежесі

***

Жүктіліктің 1 триместрінде гестациялық пиелонефриті бар науқастарға қандай антибактериальді препараттар тағайындау тиімді болып табылады://

аминогликозидтер//

макролидтер//

тетрациклиндер//

+ жартылай синтетикалық пенициллиндер//

фторхинолондар

***

Перзентхананың қабылдау бөліміне 30 жастағы науқас әкелінді. Жағдайы ауыр, есін толық білмейді. Тынысы қиындықпен, аузынан ацетон иісі шығады. Терісі бозғылт, құрғақ. Тілі құрғақ, қарашықтары кеңейген. Аяқ-қолдарының тырысуы байқалады. АҚҚ – 80/50 мм с.б. тамыр соғуы 100 рет мин., дене температурасы 36,2°С. Зерттеу кезінде 25-26 апталық жүктілік анықталды. Қалтасында паспорт – қант диабетімен ауырады. Сіздің диагнозыңыз://

+ жүктіліктің 25-26 аптасы. Гипергликемиялық кома//

жүктіліктің 25-26 аптасы. Жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі//

жүктіліктің 25-26 аптасы. Бүйрек жетіспеушілігі//

жүктіліктің 25-26 аптасы. Эклампсия//

жүктіліктің 25-26 аптасы. Гипогликемиялық кома//

***

Терапевт кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел бағытталды, шағымы әлсіздікке, тез шаршауға. Анамнезінде бір босану, асқынусыз, 1 жыл бұрын. Қарау кезінде тері жабындылары бозғылт, тамыр соғуы 82 рет/мин., АҚҚ 120/80 мм с.б.б, жатыры жүктіліктің 24 аптасына дейін ұлғайған. Зерттеу кезінде Нв - 92 г/л, түс көрсеткіші 0,8, эритроциттер – 2,2 млн. Сіздің диагнозыңыз://

жүктіліктің 24 аптасы. Аутоиммунды гемолитикалық анемия//

+жүктіліктің 24 аптасы. Теміржетіспеушілік анемия//

жүктіліктің 24 аптасы. Микросфероцитарлы анемия//

жүктіліктің 24 аптасы. Фолий қышқылытапшылықты анемия//

жүктіліктің 24 аптасы. Апластикалық анемия

***

Жүрек аурулары бар жүкті әйелдерде акушерлік тактика негізделеді://

жүктілік мерзіміне байланысты//

жүректің зақымдалу ерекшелігіне байланысты//

+ қанайналымының жетіспеушілік дәрежесіне байланысты//

әйел жасына байланысты//

паритетіне байланысты

***

Жүректің келесі туа біткен ақауында жүктілікті жалғастыруға болады://

Фалло тетрадасы//

жүректің туа біткен ақауының толық емес хирургиялық коррекциясы//

аорта коарктациясы//

жүрекше арасындағы перденің айқын дефекті//

+ сол жақ қарыншаның қосымша хордасы

***

Тыныс демікпесі бар жүкті әйелге жүктілікті жалғастыруға қарсы көрсеткіш болып келеді://

гормонтәуелді түрі//

жүктілік кезінде бірінші рет анықталған тыныс демікпесі//

+өкпе-жүрек жетіспеушілігі//

жүктіліктің үзілу қаупі//

түнгі ұстамалары айына 1 реттен көп болмаса

***

Кардиологиялық орталыққа 20 жастағы алғаш жүкті әйел келіп түсті. Жүктілік мерзімі 10-11 апта. Д есепте жүрек ақауы бойынша тұрады. Ревматизмнің ақырғы өршуі 16 жасында. Түскен кезде шағымы жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ісінулер жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, төбесінде систолалық шу, акцент өкпе артериясында. Тамыр соғуы 80 рет/мин, ырғақты. АҚҚ 110/70 мм с.б.б, басқа ағзалар бойынша патология жоқ. Лабораториялық зерттеу кезінде: Нв 110 г/л, СОЭ 35 мм/ч, лейкоциттер 6,2*109, лейкоцитарлы формула қалыпты, ревмосынамалары қалыпты деңгейде. Жатқызудың негізгі мақсаты://

жүрек ақауының түрін анықтау//

қанайналымы бұзылысының белсенділігін анықтау//

қанайналымы бұзылысының белгілерін анықтау//

+жүктілікті ары қарау жалғастыру сұрағын шешу//

инфекция ошақтарын анықтау

***

Перзентхананың қабылдау бөліміне 30 жастағы науқас әкелінді. Жағдайы ауыр, есін толық білмейді. Тынысы қиындықпен, аузынан ацетон иісі шығады. Терісі бозғылт, құрғақ. Тілі құрғақ, қарашықтары кеңейген. Аяқ-қолдарының құрысуы байқалады. АҚҚ – 80/50 мм с.б. тамыр соғуы 100 рет мин., температура 36,2 °С. Зерттеу кезінде 25-26 апталық жүктілік анықталды. Қалтасында паспорт – қант диабетімен ауырады. Бұл патология кезінде жедел көмек://

+инсулин енгізу//

глюкоза енгізу//

седуксен енгізу//

магний сульфатын енгізу//

корглюкон енгізу

***

Перзентхананың қабылдау бөліміне 30 жастағы науқас әкелінді. Жағдайы ауыр, есін толық білмейді. Тынысы қиындықпен, аузынан ацетон иісі шығады. Терісі бозғылт, құрғақ. Тілі құрғақ, қарашықтары кеңейген. Аяқ-қолдарының құрысуы байқалады. АҚҚ – 80/50 мм с.б. тамыр соғуы 100 рет мин., температура 36,2 °С. Зерттеу кезінде 25-26 апталық жүктілік анықталды. Қалтасында паспорт – қант диабетімен ауырады. Бұл патология кезінде ұрық жағынан болатын асқыну://

ұрық гипотрофиясының симметриялық түрі//

ұрық гипотрофиясының асимметриялық түрі//

+ұрық макросомиясы//

жүйке жүйесінің даму ауытқулары//

сүйек-бұлшық ет жүйесінің даму ауытқулары

***

Өкпе туберкулезінің фиброзды – кавернозды түрі бар әйелде жүктілік анықталды (10- 11 апта). Осы жүкті әйелді жүргізу тактикасы://

туберкулездың кешенді медикаментозды емі, жүктілікті жалғастыру//

туберкулездың кешенді медикаментозды емі хирургиялық еммен бірге, жүктілікті жалғастыру//

+жүктіліті медициналық көрсеткіш бойынша үзу//

әйелдер кеңесі дәрігерінің бақылауы//

жетілген жүктілік кезінде индуцирленген босану

***

Жүктілік 38-39 недель. Жедел ошақты пневмония белгілері анықталады. Дене температурасы - 38°С. Дәрігер тактикасы://

+пневмонияның кешенді терапиясы, емделгенше босану әрекетінің дамуын тоқтатуға тырысу//

босануды қоздыру және кешенді антибактериальді терапия//

жедел түрде кесар тілігі операциясы, сонымен бірге кешенді терапия//

босанғаннан кейінгі инфекцияның алдын алу//

босану жолдарының дайындығын бастау, сонымен бірге кешенді антибактериальды терапия

***

АИТВ таралуының негізгі жолы болып табылады://

тpансмиссивті//

алиментаpлы//

контактілі-тұрмыстық//

ауа-тамшылы//

+жыныстық

***

АИТВ анадан балаға тарату қаупін төмендетуге бағытталған шаралар://

+қажет болған жағдайда ғана амниотомияны жүргізу.//

босанулардың үшінші кезеңін күту арқылы жүргізу//

босанулардың екінші кезеңінде акушерлік қысқаштарды салу//

босанудан кейін жатыр мойнын міндетті түрде қарау//

босанбас бұрын антиретровирусты терапияны аяқтау

***

АИТВ анадан балаға таратудың жоғарғы қауіпті аналық факторы болып табылады://

анасының вирусты жүктемесінің төмен болуы//

босану басталмас бұрын 1 сағаттан кем емес сусыз кезенде болуы //

+босанулар кезіндегі инвазивті кірісулер//

жасанды тамақтандыру//

жоспарлы кесар тілігі

***

АИТВ инфекцияларының мынадай түрдегі көріністері: қарқынды түрде дене салмағының 10% жоғалту, диаpея, бір айдан асқан қалтырау; ауыз қуысының кандидозы, өкпе туберкулезі тән болып келеді://

біріншілік көріністерге//

І клиникалық сатысына//

ІІ клиникалық сатысына//

+ІІІ клиникалық сатысына//

ІV клиникалық сатысына

***

Босанудан кейін бірінші лохияның жалпы саны құрайды://

50 мл//

100 мл //

500 мл//

800 мл//

+1500 мл

***

Окситоцин сүт безінен сүттің бөлінуіне ықпал етеді://

+сүт жолдарында миоэпителиальді клеткалардың жиырылуы жолымен//

пролактин секрециясының арту жолымен//

пролактин секрециясының төмендеу жолымен//

эстроген құрамының арту жолымен//

эстроген құрамының төмендеуі жолымен

***

Босанудан кейінгі қабыну ауруларының дамуы бойынша қауіп тобына жататын әйелдер://

асқынған акушерлік анамнезбен//

+созылмалы эндометритпен//

етеккір циклінің бұзылуымен//

генетикалық аурулармен//

жүйелі аурулармен

***

Босанушы К., 25 жаста босанудан кейін 4 тәулікте уыздың бөлінуі сүттің пайда болуымен алмасты. Бұл процесте окситоцин рөлі бар ма және болса қандай//

ия, сүт жолдарында миоэпителиальді клеткалардың жиырылуы жолымен//

ия, пролактин секрециясының арту жолымен//

ия, пролактин секрециясының төмендеу жолымен//

+ия, эстроген құрамының арту жолымен//

жоқ, эстроген құрамының төмендеуінен

***

К., 28 жаста, босанудан кейінгі 5-тәулік. Жүктілік ағымы асқанусыз өтті. Босанудың І кезеңі 8 сағатты, ІІ кезең 1 сағатты, ІІІ кезеңі 3 минутты құрады. Босанушының жыныс жүйесінде ерте босанудан кейінгі кезеңде қандай өзгерістер болмайды://

жатыр инволюциясы//

жатыр мойнының мойындырық каналының құрылуы//

жамбас түбі бұлшықеттері тонусының қалыптасуы//

жатыр ретракциясы, контракциясы және плацентарлы алаңның тамырларының тромб түзілуі//

+сүт секрециясы

***

Науқас Н., 28 жаста, 3 наурызда №3 қалалық емхана акушер-гинеколог дәрігеріне етеккірінің кешігуне, жүрек айнуға, құсуға шағымданып қаралды. Соңғы етеккірі 03-07 ақпанда. Объективті тексеру кезінде жатыр мойны және қынаптың шырышты қабатының цианозы. Қынаптық тексеруде жатыр мойындырығының «жұмсаруы» анықталады. Жатыр консистенциясы жұмсақ, тауық жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған. Ауырсынбайды. Қосалқылар ұлғаймаған, ауырсынбайды. Сіздің болжам диагнозыңыз://

+ жүктілік 4 апта//

жүктілік 6 апта//

жүктілік 7 апта//

жүктілік 8 апта//

жүктілік 9 апта

***

Әйел А., 18 жаста, әйелдер кеңесі дәрігеріне 2 ай бойы етеккірінің жоқтығына шағымданып қаралды. Жүктілікке тест оң. Төменде берілген мәліметтердің қайсысы қынаптық зерттеуге сәйкес келеді//

жатыр тауық жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған//

жатыр әлі ұлғаймаған//

+ жатыр қаздың жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған//

жатыр түйеқұс жұмыртқасының көлеміне дейін ұлғайған//

жатыр жетілген ұрық басының өлшеміндей

***

Күні асқан жүктілік болып саналады://

40 апта және күні асқан белгілерімен нәрестенің туылуының аяқталуымен//

41 апта және күні асқан белгілерімен нәрестенің туылуының аяқталуымен//

+ 42 апта және күні асқан белгілерімен нәрестенің туылуының аяқталуымен//

39 апта және күні асқан белгілерімен нәрестенің туылуының аяқталуымен//

38 апта және күні асқан белгілерімен нәрестенің туылуының аяқталуымен

***

Жалпақ жамбас кезіндегі босану механизмінің ерекшеліктері://

бастың сәл бүгілуі, сагитальді жігі бір қиғаш өлшемде//

бастың максимальды бүгілуі, сына тәрізді қондырылуы//

бастың сагитальді жігімен тіке өлшемінде қондырылуы //

жамбас кіре берісіне бастың көлденең өлшемде орналасуы, максимальды бүгілуі//

+ сагитальді жіктін көлденең өлшемде орналасуы, аздап шалқаюы және асинклитикалық қондырылуы

***

Ұрық басымен кіші жамбас шығаберісінде тұрғандағы қынап арқылы қарау кезінде анықталады? //

+ сегізкөз ойығы мен симфиздің ішкі бетінде ұрық басы орналасқан, отырғыш сүйек қырлары анықталмайды, сагитальді жік тіке өлшемге сәйкес//

сегізкөз ойығы бос, мүйіске бүгілген саусақ жетеді, қасағаның ішкі беті жетіледі, сагитальды жігі қиғаш өлшемге сәйкес//

сегізкөз ойығының ішкі беті, қасағаның 2/3, ішкі бетінде ұрық басы, сагитальды жігі қиғаш өлшемге сәйкес//

сегізкөз ойығы мен симфиздің ішкі бетінде ұрық басы орналасқан, отырғыш сүйектің қырлары анықталады, сагитальды жігі қиғаш өлшемде//

басы сегізкөз бен қасағаның жоғарғы үштен бірін жабады, мүйіске қол жетпейді, отырғыш қырлары анықталады. Басы иілген, кіші еңбек үлкен еңбектен төмен. Сагитальды жігі бір қиғаш өлшемге сәйкес келеді

***

Алғашқы босанушы 23 жаста, 12 сағат ретті толғақтар. Ұрықтың болжам салмағы орташа. Жатыр мойнының ашылуы 5 см. Цервикограмма шара қолдану сызығына келді. Дәрігердің іс-әрекеті? //

акушерлік демалыс беру//

+ амниотомия жасау//

бақылауды жалғастыру//

босануды кесар тілігімен аяқтау//

көктамырға гинипрал егу

***

Қайталап жүкті болушы 26 жаста, ұрық қимылын сезбегеннен 30 минуттан кейін жедел жәрдем көмегімен келіп түсті. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚҚ 90/60 мм сын бағ, жатыры қозған, ұрық бөліктері анықталмайды, ұрықтың жүрек соғысы естілмейді, жыныс жолдарынан орташа мөлшерде қанды бөліністер бар. Толғақ қызметі жоқ, қандай патология туралы ойлау керек? //

жатырдың жыртылуы //

плацентанның ұрық жолында орналасуы //

плацентаның уақытынан бұрын жартылай ажырауы//

+ плацентаның уақытынан бұрын толық ажырауы //

кіндік бауының қабыққа бекуі (плевистое прикрепление)

***

Босанушы әйелді қынаптық тексергенде тігіс бөліп өткен тегіс беткей анықталды. Бір жағынан тігіске кеңсірік тұсы және қас үстіндегі доғасы,екінші жағынан – үлкен еңбектің алдыңғы ұшы келіп тұр.Бұл жағдайда ұрық басының қай бөлігімен келуін анықтаймыз://

шүйденің алдыңғы көрінісі//

алдыңғы бастық//

+ маңдайлық//

беттік//

шүйденің артқы көрінісі

***

Алғашқы босанушы, 24 жаста, босанудың II кезеңінде 20 минут, ұрық басының жылжуы жоқ, ұрықтың жүрек соғысы 135 рет/минутына, қынап арқылы тексергенде аузы, беті анықталады. Нәрестенің басының қандай қондырылуы: //

+ бетпен келуі //

шүйдемен келгендегі артқы көрінісі//

артқы төбемен келуі//

маңдаймен келуі//

алдыңға төбемен келуі

***

Алғашқы босанушы 24 жаста күні жетілген ұрықпен босану болды. Бұлшық етке окситоцин 10 ӘБ енгізілді. Не істеу керек? //

көк тамырға жатырды жиырылтатын дәрі-дәрімектерді енгізу//

бала жолдасын қолмен бөліп шығару//

+ босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу//

Абуладзе әдісін қолдану//

Креде –Лазаревич әдісін қолдану

***

Шүйдемен келу, алдыңғы көрініс, II позиция, қынап арқылы тексеру кезінде анықталады: //

+ сагитальды жігі сол жақ ќиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта//

сагитальды жігі көлденең өлшемде, кіші еңбек оң жақта//

сагитальды жігі көлденең өлшемде, кіші еңбек сол жақта//

сагитальды жігі оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақта//

сагитальды жігі тік өлшемде, кіші еңбек алдына қарай

***

20 жастағы алғашқы босанушыда, гистерограммада жиырылу жатырдың төменгі сегментінен басталады. Диагноз қойыныз//

қалыпты босану қызметі//

+ босану қызметінің дискоординациясы//

босанудың I кезеңінің әлсіздігі//

босану қызметінің қатты болуы//

босанудың I кезеңінің екіншілік әлсіздігі

***

Босанушы әйелде толғығы 10 сағат жалғасуда. Қағанақ суы бүтін. Әйел кенеттен бозарып кетті, ішінде күшті кернеген ауырсыну пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы 100-110 рет минутына. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы бүтін, керілген, ұрықтың келіп тұрған бөлігі кіші жамбас қуысында. Дәрігердің тактикасы: //
жедел кесар тілігі//

ұрықтың жедел гипоксиясын емдеу//

амниотомия//

амниотомия, окситоцинмен босануды күшейту//

+ амниотомия жасау

***

Алғаш босанушы А., 24 жаста перзентханаға келіп түсті. Түскен кезде жағдайы қанағаттанарлық. Тамыр соғуы ретті, 86 рет/мин. АҚҚ 115/60 мм с. б. Жамбас өлшемдері қалыпты. Босанды тірі ұл жынысты нәрестемен, салмағы 3950 грамм. Нәресте туғаннан кейін қан кету басталды. Бұлшық етке 1 мл окситоцин енгізілді. III кезең асқынусыз өтті. Бала жолдасы бүтін. Жатыр тығыз. Қан кету тоқтамайды, қан ұйып қалды. Аралығы бүтін. Айнамен қарау кезінде оң жақтан жатыр мойнының жыртылуы анықталды, қынаптың күмбезінің оң жағына дейін жетеді. Акушерлік тактика және неге? //

жатыр мойнын тігу, өйткені жатыр мойнының жыртылуы бар//

қан ұйындыларын алу үшін жатыр қуысын қолмен тексеру//

+ жатыр қуысын саусақпен тексеру және жатыр жыртылуын жоққа шығарғаннан кейін, жатыр мойнын тігу//

жатырдың қынапүстілік ампутациясы, өйткені қан кету тоқтамайды//

жатыр экстирпациясы, өйткені қынап күмбезіне дейін жететін жатыр мойнының жыртылуы бар

***

Ауыр артериалды гипертензияға тән: //

+ диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымы ≥140 мм.с.б.б. //

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 90 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 70 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымының 40 % жоғарылауы бастапқысынан

***

Ауыр артериалды гипертензияға тән: //

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 90 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымы ≥140 мм.с.б.б. //

+ диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 70 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес//

систолдық қан қысымының 40 % жоғарылауы бастапқысынан

***

Бөлімге 26 жасар А. жүкті іштің төменгі жағындағы ауырсынуларға шағымдарымен келіп түсті. Бала кезінде қызылшамен, скарлатинамен ауырған. Осы жүктілігі 3, мерзімі 20 апта, 1 жүктілігі –ірі ұрықпен босану, жатыр мойнының жыртылуымен асқынған, 2-жүкілігі 2 жылдан соң кеш басталған абортпен аяқталды. Қарау кезінде жатыр тонуста. Жатыр мойны деформацияланған, сыртқы араң ашық, мойны қысқарған, канал ішімен ішкі ернеу 1 саусақ бос өткізеді. Сіздің диагнозыңыз://

жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш түсік қаупі//

+ жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш түсік қаупі. ИЦЖ//

жүктілік 20 апта. Басталған кеш өздігінен түсік. ИЦЖ//

жүктілік 20 апта. Жолдағы кеш өздігінен түсік. ИЦЖ//

жүктілік 20 апта. Өздігінен кеш үйреншікті түсік қаупі

***

Келесі қынаптық мәліметтерге байланысты жатыр мойнының “жетілу” дәрежесін анықтаңыз. Жатыр мойны сақталған, жұмсақ, цервикальды өзек 1 саусақты өткізеді, оның ұзындығы 3,0-3,5 см. Төменгі сегментке өтуі тік бұрышты: //

«жетіліп келе жатқан» //

«жетілген» //

толығымен жетілмеген//

+ «жетілмеген»//

«жетіле бастаған»

***

23 жасар жүкті әйел, дәрігерге дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауына, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі пайда болып, шап аймағына және іштің төменгі бөлігіне берілуіне шағымданып келді. АҚҚ 110/65 мм с б.б., тамыр соғуы 90 рет минутына. Қағу симптомы оң жақтан «+». Жалпы қан талдауында: аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Жалпы зәр талдауында – протеинурия. Диагнозыңыз: //

+ гестационды пиелонефрит//

зәртас ауруы//

созылмалы пиелонефриттің қайта өршуі//

созылмалы гломерулонефриттің қайта өршуі//

гломерулонефрит, нефротикалық түрі

***

Әйелдер кенесіне келген жүкті әйел көз алдындағы қарауытулардың пайда болуы мен басының ауруына шағымданады. Тексеруде АҚҚ 170/90 мм.с.б.б. Дәрігердің іс-әрекеті? //

стационарға жолдама беру//

шұғыл госпитализация және жүктілік патологиясы бөлімінде гестозды емдеу//

амбулаторлы бақылау жүргізу//

келесі дәрігерлік қабылдауға шақыру қағазын беру және үйіне жіберу//

+ магнезия сульфатты көк тамырға еңгізу және жедел жәрдем көлігімен шұғыл стационарға жатқызу

***

Босану стационарына жүктілігі 40 апта құрайтын қайтадан босанушы жүктілік кезінде АИВ тест сынағының нәтижесінсіз келіп түсті. Босану кезінде АИВ экспресс-тесті оңды нәтиже берді. Босанулар еш асқынуларсыз өтті, салмағы 3000г болатын қыз бала туылды. Берілген патология кезіндегі омыраумен емізуге арналған ұсыныстар: //

емізу әйел қалауына байланысты//

тек қана омыраумен емізуді ұсыну //

+ жасанды қоспалармен емізуді ұсыну//

әрбір тамақтандыру сайын емізікшелерді жасыл бриллиант ерітіндісімен өңдеу//

аралас тамақтандыруға ерте көшіруді ұсыну

***

23 жастағы алғаш рет жүкті болушы әйелде 39 апта жүктілігінде эклампсия ұстамасы болып қалды. Дәрігердің әс-әрекеті?//

наркоз беріп, интенсивті емді бастау//

+ интенсивті емдеп, жалпы жағдайы жақсарған соң босандыру//

наркоз беріп, амниотомия жасау//

амниотомия жасау//

амниотомия жасап, толғақ қоздыруды бастау

***

25 жастағы жүкті әйел салмағы өсу, іш көлемі ұлғаю, жатыр тонусының қатаюы, жылдам шаршау шағымдарымен тұсті. Бұл симптомдар 25 аптасынан бастап көрінді соңгы аптасында ұлғайды. I триместрде – ЖРА, қызуы 38,8°С көтерілді, өзбетімен емделді. Жұктілік мерзімі - 32 аптасы. Ұрық орналасуы - көлденен, басымен келу. Ұрық жұрек соғуы анық, ырғақты. Флюктуация симптомы оң. Диагнозы? //

көп ұрықты жүктілік//

уақытынан бұрын босанудын қаупі//

ірі ұрық//

жатырдың жұқалығы//

+ суегіздік

***

25 жастағы қайта босанушы анамнезінде 2 аборт, жүктіліктің 37 апталық мерзімінде толық тынығу кезінде жыныс жолдарынан қанды бөліністер көрінді. Қандай патология туралы айтылған? //

босанудың басталуы//

қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы//

кіндіктің қабыққа бекуі//

+ плацентаның жолда орналасуы//

ұрық гипоксиясы

***

Созылмалы гемотогенді – диссеминациялық өкпе туберкулезі бар жүкті әйелдерге дәрігер тактикасы://

арнамалы терапия фонында 35 апталық мерзімде жүктілікті үзу//

+ 12 аптаға дейін жүктілікті үзу//

жүктілікті сақтау және акушер-гинекологтың бақылауы//

жүктілік аяғына дейін туберкулезге қарсы ем жүргізу//

хирургиялық емге жолдау, жүктілікті жалғастыру

***

Босанудан кейін эндометрийдің қайта қалпына келудің физиологиялық уақыты: //

10–15 күн//

2–3апта//

4–5 апта//

+ 6–8 апта//

9–10 апта

***

Босанғаннан кейінгі мерзімдегі лохиометра мен эндометриттің екшелеу анықтауы: //

жатыр субинволюциясы//

қанды бөліністер//

дене қызуының жоғарылауы//

іріңді бөліністер//

+ қалтыраудың және гипертемияның болмауы

***

32 жастағы босанған әйел, босанғаннан кейін 3 тәулікте іштің төменгі жағындағы ауырсынуға, ќалтырауға, басының ауруына, дене ќызуының 39°С дейін жоғарылауына шағымданады. Босану кезінде бала жолдасының жартылай тығыз бекуіне байланысты бала жолдасы қолмен шығарылды. Анамнезінде бір босану және екі медициналық аборт, созылмалы пиелонефрит. Сүт бездері сәл қатайған. Қандай диагноз болуы мүмкін: //

жедел респираторлыќ ауруы//

+ эндометрит//

лохиометра//

созылмалы пиелонефриттің өршуі//

мастит

***

Неонатальді сепсистің негізгі себебі: //

сandida albicans//

цитомегаловирус//

+ В-тобындағы гемолитикалық стрептококк//

стафилококк//

листериоз

***

Нәрестелердің аурушаңдығының жоғары болуының негізгі себебі: //

+ гипотермия//

шала туылу//

мерзіміен кеш туылу//

кіндік қалдықтарына дұрыс қарамау//

ана сүтімен емізбеу

***

Нәрестелердің гемолитикалық ауруының дамуы қандай патогенетикалық процесстермен қамтамасыз етеді: //

тамырлардың жайылған түйілуінің себебінен қан тамыр қабырғасының өткізгіштігі бұзылып, тін аралығына қанның сүйығының жиналуы//

анемия дамуымен эритроциттердің пішінінің өзгеруі//

организмде темір жетіспеушіліктің себебінен гемоглобин мен эритроциттердің деңгейінің төмендеуі//

протопорфириннің синтезінің бұзылысынан гемоглобин мен байланысы жоқ темірдін жиналуы//

+ эритроциттердің айқын ыдырауы (гемолиз) және симптомдар (ісік, сарғаю, анемия), гемолиздің өнімдерінің ұрыққа және нәрестелерге токсикалық әсері

***

Аналық без апоплексиясы бұл: //

+ аналық безден жедел қан кету, аналық без жарылуы//

аналық без тканінің іріңді балқуы (пиовар) //

аналық бездің қанмен ќамтамасыз етуінің жедел бұзылысы//

аналық без тканінің некрозы//

аналық бездің айналып кетуі

***

Гормоналдық контрацептивтердің негізгі әсерінің механизмі: //

абортивтік нәтиже//

+ овуляцияның тежелуі//

жатыр түтігі перистальтикасының бұзылысы//

эндометрийдің атрофиясы//

цервикалдық кілегейдің қоюлануы

***

Симптомдар аменорея, семіздік, гирсутизм, бедеулік және поликистозды аналық бездерді қай ауруға тән: //

Киари-Фроммель синдромы//

Шихан синдромы//

+ Штейн-Левенталь синдромы//

Симмондс синдромы//

Тернер-Шершевский синдромы

***

Ауру 25 жаста, бұрын босану болмаған, екіншілік жыныстық белгілердің жетілуі нашар, жатыр гипопластикалық, аналық бездер кішірейген, менструациясы ауырсынумен, нейро-эндокриндік өзгерістер жоқ. Диагнозыңыз: //

гонадалардың дисгинезиясы//

ювенильдік гипоталамикалық синдром//

туа біткен эндометриоз//

+ жыныстық инфантилизм//

Штейн-Левенталь синдромы

***

Медициналық аборт кезінде көп мөлшерде қан кету, жатыр мойнының жүктілігі деген диагноз қойылды. Дәрігердің тактикасы?//

кюреткемен ұрық элементтерін тездетіп алу//

саусақпенен ұрық элементтерін алуға тырысу//

+ лапаротомия, жатыр экстирпациясы//

ұрықты вакуум-экскохлеатора жолыменен алу//

өздігінен аборт болады

***

26 жастағы әйелде етеккір тоқтағаннан 10 күннен кейін толғақ тәрізді ауырсыну сосын қанды боліністер пайда болды. Қандай патология туралы ойлауға болады?//

+ жатырдан тыс жүктілік//

эндометрийдің безді-кистозды гиперплазиясы//

басталған түсік//

жатыр мойнының полипі//

эндометриоз//

***

Симптомокомплекс: Дене қызуының 38°С дейін көтерілуі, қалтырау, қанды-іріңді бөліністер, жатырдың ауырсынуы, жатырмаңы шел-майының инфильтрациясының болмауы, ұрық жұмыртқасының элементтері іріңді ыдыраған жағдайда, бұл тән:

плацентарлы полип//

толық емес өздігінен түсік//

+ толық емес асқынбаған инфицирленген түсік//

толық емес асқынған инфицирленген түсік//

толық түсік

***

Эстрогендерді трансдермальды жолмен енгізу: //

+ тәулік бойы қанда эстрадиолдың мөлшерінің өзгеруін төмендетеді және эстрогендердің бауыр арқылы өтуі болмайды//

сүт бездерінде гиперпластикалық процесстердің болмауын қамтиды//

эндометрийде гиперпластикалық процесстердің болмауын қамтиды//

ФҚГ және ЛҚГ цирхоральдік шығуын қамтиды//

цикл бойынша қанда ФҚГ базалдік деңгейін қамтиды

***

Жатырдан тыс жүктілік кезінде лапаротомия жасағанда, қандай жағдайда әйел қанының реинфузиясын жасауға болады? //

әйелдің айқын анемизациясы және мекемеде қан қорының болмауы//

іш қуысында қанның болуына 12 сағаттан ұзақ уақыт өткен жоқ, дене қызуы көтерілмеген//

қан ұйындыларымен//

+ іш қуысында қанның болуына 4-5 сағаттан ұзақ уақыт өткен жоқ//

іш қуысында қан болса, әр уақытта да жасалады

***

Қынап арқылы зерттегенде науқаста анықталды: сыртқы ернеуі жабық, жатыр сәл ұлғайған, жұмсарған. Оң жақ қосалқыларында жұмсақ, ауырсынатын түзіліс анықталады, жатыр мойнын қозғаған кезде ауырсынады. Мүмкін диагноз: //

оң жақ аналық без апоплексиясы//

+ үдемелі жатырдан тыс жүктілік//

оң жақ жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну процесінің өршуі//

оң жақ аналық без кистомасы//

оң жақты тубоовариальды түзіліс

***

Жатырдан тыс жүктілік кезінде жатыр қуысынан алынған қырындыда гистологиялық анықталады: //

секреция фазасындағы эндометрий//

пролиферации фазасындағы эндометрий//

хорион бүрлері//

+ хорион бүрлерінсіз децидуальды тін//

ұрық жұмыртқасы бөліктері

***

Түтіктік аборттың негізгі клиникалық симптомын таңдаңыз: //

іштің төменгі бөлігінің тұраќты ауруы, есінен тану, АҚҚ төмендеуі, жыныс жолдарынан қанды бөлініс//

+ іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырғандығы, ұстама арасындағы үзілістер, жүрек айну, жыныс жолдарынан қанды бөліністің бөлінуі, жалпы жағдайы өзгермейді//

іштің төменгі бөлігінің сыздап, тұйық ауырғандығы құйымшаққа, санға, тік ішекке беріледі, қанды бөлініс, жалпы жағдайы өзгермейді//

қанды бөлініс, тік ішекке берілетін іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауруы, есінен тану, дене қызуының жоғарылауы//

есінен тануына әкелетін ішінің төменгі бөлігіндегі кенеттен ауруы, тік ішектегі қысымды сезіну, қанды бөлініс

***

Эндометриоидты кистада жабысу процесінің пайда болуы немен байланысты? //

бірге өтетін қабыну процесімен//

ошақтарда етеккір қанының тез толуымен//

көрші мешелер қызметінің бұзылысымен//

ошақтардың жатырдың кең байламалы жапырықшалар арасында орналасуымен//

+ етеккір кезінде эндометриоидты ошақтардың микроперфорациясымен

***

28 жасар науқас іштін төменгі жағында ауырсынуна, етеккір келгенде күшеюіне шағымданады. Етеккірдің алдында және соңында қоңыр аз мөлшерді қан бөліністер байқалады, бедеулік бес жыл бойы. Анамнезінде бір түсік жүктіліктін 5-6 апталығында. 20 жасында аналық безінін кистасы жарылуына байланысты оң жақ аналық безінің резекциясы жасалды. РV: жатыр мойны цилиндр тәрізді, жатыр anteflexio қалпында, қозғалысы шектелген, мөлшері қалыпты, ауырсынусыз. Жатырдын артқы және оң жағында ісік анықталады, мөлшері 8,0 х 8,0 см, консистенциясы тығыз эластикалық, қозғалысы шектелген, жатырдың артқы бетіне бекіген, орташа ауырсынады. Лапаротомия кезінде ісік шоколад түсті. Диагнозыңыз? //

оң жақтық түтіктік жүктілік//

субсерозды жатыр миомасы//

жабысқақ ауруы//

+ оң жақ аналық бездін эндометриоидті кистасы//

оң жақ аналық бездін рагы

***

25 жастағы пациентка учаскілік гинекологқа келді. Анамнезінде етеккірі 14 жастан, 6-7 күннен, ретті, ауырсынусыз. Бүгін етеккір циклының 16 күні. Жыныстық өмірі 20 жастан, ретсіз, некеде жоқ. Бірінші жүктілігі – 1 жыл бұрын, медициналық аборт, асқынусыз. Тиімді контрацепция әдісін таңдаңыз: //

+ презервативтер//

ЖІС «Мирена» //

норплант//

ЖІС «Т-Cooper 380-А» //

«Диане-35» //

***

25 жастағы әйел гениталийдың туберкулезімен ауырып жазылды, қандай контрацепция әдісін ұсынасыңыз//

ЖІС, КОК//

презервативтер, ЖІС//

+ презервативтер, КОК//
спермицидтер, КОК,ЖІС//
инертік ЖІС, таза гестагендік инъекциялық контрацептивтер

***

20 жастағы әйел “әйелдер кенесіне” жыныс жолынан іріңді бөліністің бөлінуіне шағымданып келді. Айнамен ќарағанда ќынаптың кілегейі ќызарған. Жатыр мойнында беткейі жұмсаќ аќшыл-ќызыл түсті эрозия аныќталды, контактіде ќан кетеді. Сіздің тактикаңыз: //

+ биопсия, егер ќатерсіз болса – диатермоэксцизия//

биопсия, егер ќатерсіз болса - диатермокоагуляция//

жатыр мойнына майлы тампон ќою//

жатыр мойны ампутациясы//

2 апта бойы майлы тампон, сосын диатермоэлектрокоагуляция

***

Дисфункциональдік жатырлық қан кетуде аурудың эндометрийінде секреторлық өзгерістердің жеткіліксіздігі анықталды. Бұл өзгерістер овариальдік циклдің бұзылыстарының қандай түріне тән://

фолликулдың атрезиясы бойынша ановуляцияға//

+ ІІ фазаның жетіспеушілігіне//

фолликулдың персистенциясы бойынша ановуляция//

І фазаның жетіспеушілігіне//

аналық безінің гипофункциясына

***

Науқас 30 жаста, шағымдары: ішінің төменгі жағының ауырғандығы, субфебрильді дене қызуы, 2 апта бұрын мини-аборт жасалған. Қынаптық тексеруде: жатыр қалыпты мөлшерден сәл үлкенірек, оң жағынан ауырсынатын түзіліс анықталады. Жатыр қозғалысы ауырсынады, күммбездері бос, артқы күмбезі пальпацияда сезімтал. Бөліністер қанды, жағынды түрінде. Мүмкін диагнозыңыз? //

көпіршікті кезбе, сол жақ аналық бездің лютеинді кистасымен//

аналық без ісігі, пиосальпинкс//

+ сальпингоофорит, тубоовариальды түзіліс//

эндометрит, сальпингоофорит//

жатырдан тыс жүктілік

***

Жаңа туған қыз нәрестенің жатырының анатомиялық ерекшеліктеріне жатады?

жатыр денесі мен мойны ұзындығы мен ені бойынша сәйкес//

денесі кішкентай, мойны жетілмеген//

+ жатыр кішкентай, мойны денесінен 3 есе ұзын//

жатыр қос мүйізді//

жатырдың рудиментарлы мүйізі бар//

***

Қынаптың жоғарғы 1/3 түзіледі: //

урогенитальды синустан//

+ парамезонефральды өзектерден//

жыныстық төмпектен//

уретральды қыртыстардан//

гоноциттерден

***

16 жастағы қыз ювенильді қан кетуге байланысты дәрігер бақылауында. Оральды контрацептивтер көмегімен гормональды гемостаз жүргізілді, 20 мен 24 қаңтар аралығында етеккірі көп мөлшерде келді. Циклдың 5-күні бақылау УДЗ кезінде эндометрий қалыңдығы 10 мм. Қан кетудің қайталануының алдын алу үшін дәрігердің тактикасын анықтаңыз//

+ гестагендер циклдың 10-шы және 25-күндері аралығында//

келесі етеккірді утеротоникалық заттар фонында жүргізу//

фемостон 1/10 циклдың 5-күнінен//

ҚОК контрацептивті схема бойынша//

ҚОК циклдың ІІ фазасында

***

4 жастағы қыз балада жыныс жолдарынан бөліністер 3 апта бойы жалғасуда және дәстүрлі емнен нәтиже болған жоқ. Соңғы 2 күнде қанды бөліністер пайда болды. Сіздің тактика? //

жергілікті терапияны жалғасты

Date: 2016-02-19; view: 946; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию