Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Хром қосылыстарының ТТР–ыМарганец сияқты хром да, әртүрлі тотығу дәрежесін көрсететін қосылыстар түзеді. Төмен тотығу дәрежелерде хром қосылыстары тотықсыздандырғыш, ал жоғары дәрежелерінде тотықтырғыш болып табылады. Салыстырмалы түрде тұрақты болатын тотығу дәрежелері: 0, +II, +III, және +VI (ең тұрақтысы +III). Хром қосылыстары, марганецке сияқты тотығу – тотықсыздану айналулар шарттарын келесі схемадағыдай көрсетуге болады:
Перманганат – ион қышқылды және негізді ортада тұрақты болса, хромат – ион тек негізді және нейтралды ортада ғана тұрақты болады. Қышқылды ортада хромат – ион дихромат – ионға келесі реакция бойынша айналады: 2CrO42- + 2H3O+ = Cr2O7- + 3H2O Өз кезегінде дихромат – ион тек қышқылды және кейде нейтралды ортада тұрақты, ал негізді ортада – хромат – ионға айналады: Cr2O72- + 2OH- = 2CrO42- + H2O Сондықтан да, қышқылды ортадағы тотығу – тотықсыздану процесстері тек Сr2O72- ионы қатысымен ғана өтеді, ал негізді ортада – CrO42- ионы қатысуымен.Негізді ортаға қарағанда, қышқылды ортада оксоқышқылдардың қышқылдық қалдықтарының тотықтыру қасиеттері күштірек болатындықтан, дихромат – ионы хромат – ионына қарағанда күштірек тотықтырғыш болып табылады. Керісінше, негізді ортада ғана болатын гексагидроксохромат (III) – ионы хлор немесе сутек пероксиді сияқты күшті тотықтырғыштар әсерінен, хромат (VI) – ға дейін жеңіл тотығады. Металлды марганецте сияқты, хром тотықсыздандырғыш қасиеттерін оксонии иондарымен жеңіл тотыққанда көрсетеді (Cr2+ - ке дейін оттегі қатысуысыз, Сr3+ - ке дейін ауаның қатысуымен). Сr2+ ионы Mn2+ қарағанда өте қатты тотықсыздандырғыш; ауаның оттегісімен оңай тотығады, Fe3+ ионын Fe2+ - ке дейін тотықсыздандырады, және де басқа ТТР – сына қатысады. Кристаллды хром триоксиді – өте күшті тотықтырғыш. Марганец (VII) оксиді сияқты, бұл қышқылды оксид, сумен оңай реакцияға түсіп, H2CrO4 хромды қышқылды түзеді. Осыдан шығатыны, ТТР–ға ол тек қатты күйінде қатыса алады. CrO3 – пен әрекеттескен органикалық заттар көмірқышқыл газға дейін тотығады, күкірттісутек SO2 – ге дейін, аммиак азотқа дейін тотығады. Хром қосылыстарының ерітінділері қатысуымен құрылатын тотығу – тотықсыздану реакциялары, марганец қосылыстарының қатысуымен өтетін реакциялармен парапар, сондықтан бұл жағдайда, құрамында хром болатын жартылай теңдеулер ғана келтіріледі. Cr2O72- + 14H3O+ + 6e- = 2Cr3+ + 21H2O CrO42- + 4H2O + 3e = [Cr(OH)6]3- + 2OH [Cr(OH)6]3- + 2OH- - 3e = CrO42- + 4H2O Cr2+ - e = Cr3+
|