Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сөйлесу қатынас құралдары





Күн сайын адамдар әр түрлі жолдармен байланыс жасайды. Олар: хат, телефон, факс, электронды пошта, интернет және т.б. құралдар. Бұрын адамдар хат-хабарларды түйе немесе ат арбамен 20 000 шақырымға дейін жеткізетін. Кейін пошта бөлімшелері пайда болды. Қазақстанда алғаш пошта бөлімшесі 1860 жылы Алматы бұрыңғы Верный қаласында ашылған. Орталық пошта республикамыздағы ең ірі байланыс жүйесі болды. Бұл жерден адамдар жеделхат, сәлемдеме, бандероль жіберіп, ақша аударған. Орталық поштада қалааралық сөйлесу жүйесі де болды. Бұл жұмыстарды ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет пайда болды. Интернеттің тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады. АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарулы күштермен байланыс жасау үшін компьютер жүйесі қажет болды, сондықтан 70-жылдары Америка ғалымдары бұл істі қолға алып, 80-жылдары телефон компаниялары компьютер арқылы көптеген елдермен байланыс жасай бастады. Сөйтіп, халықаралық компьютер тілі пайда болып, интернет жүйесі дүние жүзіне тарай бастады. Интернетті көптеген мақсатқа қолдануға болады. Интернет арқылы машина, үй сатып алуға, кино көруге, ағылшын газеттерін, жапондық журналдар оқуға, кітаптар сатып алуға да болады. Интернеттің көмегімен санаулы уақыттың ішінде электронды пошта арқылы басқа елдермен байланыс жасауға болады және ол телефонмен сөйлесуден арзан түседі.

 

Сөздік

Бөлімше-отделение

Жеделхат-телеграмма

Жүйе-система

Құрал-средство

Ірі-крупный

Арқылы-через

Арзан-дешево

Қарулы күштер-вооруженные силы

Шақырым-километр

 

Тапсырма 1.Сұрақтарға жауап беріңіздер

1.Адамдар нелер арқылы байланыс жасайды?

2.Қазақстанда алғаш пошта бөлімшесі қашан пайда болды?

3.Пошта арқылы не жіберуге болады?

4.Интернет қашан пайда болды?

5.Интернетті қандай мақсаттарда қолдануға болады?

6.Интернеттің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы айтыңыз?

 

Тапсырма 2.Грамматиканы еске түсірейік. Септеулік туралы не білесіз? Септеулік дегеніміз не? Қандай септеуліктерді білесіздер? Септеуліктердің ерекшеліктері туралы не айталасыз?

Мәтіннен септеуліктерді теріп жазыңыздар

 

Тапсырма 3.Қазақ тіліне аударыңыздар

История зарождения национального оператора тесно связана с историей становления и развития самой отрасли телекоммуникации в Казахстане. Общее количество телефонных абонентов Казахстана в дореволюционный период было меньше тысячи. Городские телефонные станции со своими телефонными сетями существовали в Верном, Кызылорде,, Кустанае, Семипалатинске, Уральске, Павлодаре и Петропавловске.

 

Тапсырма №4. Тест жұмысы.

1.«Бөлімшесін» деген сөз қандай сұраққа жауап береді?

а) нені?

ә) қандай?

б) не істеу?

 

2.«Кедергі» сөзінің аудармасы:

а) спрос

ә) предложение

б) свет

 

3.Біріккен сөзді табыңыз.

а) қоғам

ә) қалааралық

б) ғылыми

 

4.«Байланыс жүйесі» тіркесінің аудармасы:

а) средство печати

ә) система связи

б) единство общества

 

5.«Байланыс» сөзінің аудармасы:

а) средство

ә) система

б) единство

 

 

Date: 2016-02-19; view: 1869; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию