Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырыбы: «Реле және оның түрлері, құрылысы, жұмыс істеу принципі»





 

Энергетика, оның ішінде автоматика жүйелеріндегі ең көп тараған элементтердің бірі реле болып табылады.

«Реле» -дегеніміз ол автоматика құрылғысы. Бұл құрылғы өзінің кіре берісіндегі сигнал белгілі бір деңгейге жеткенде ол жұмысқа қосылып, басқаратын тізбекті қайта қосады.

 

А- ТҮРЛЕНУІ:

а) кіре берісі сигналының түріне байланысты:

- электрлік (тоқ, кернеу, жиілік, т.б.) релелер;

- механикалық (қысым, деңгей, т.б.) релелер;

-оптикалық (жарық күші, жарықтандыру, т.б.) релелері;

-жылулық (температуралық) релелер;

б) орнындайтын қызметіне байланысты:

- бақылайтын (контрольные);

- іске қосатын (пусковые);

- орындаушы (испольнительные);

- аралық (промежуточные);

- қосу-ажырату (комутациялық), т.б.

в)қолданылатын саласы бойынша:

- телефондық;

- авиацияға арналған;

- жалпы- өндірістік автоматикада қолданылатын, т.б.

г)жұмысқа қосылу шапшаңдығы бойынша:

- өте шапшаң жұмыс істейтін (әсер ететін), олардың ;

-шапшаң жұмыс істейтін, ;

-қалыпты релелер, ;

-баяу жұмыс істейтін, ;

-уақыт релелері, ;

 

Жоғарыда аталған релелер ары қарай тағыда бөлінуі мүмкін, мысалы электрлік релелер:

- тоқ түріне байланысты: а) айнымалы тоқ релесі;

б) тұрақты тоқ релесі.

- тоқтың бағытынан жұмыс істеуіне байланысты:

а)бейтарапты (нейтральные);

б)поляризациаланған (поляризованные).

- басқарылатын тізбекке әсер ету сипаты бойынша:

а)түйіспелі (контактные);

б)түйіспелісіз (бесконтактные).

- жұмыс істеу принципіне байланысты:

а)электромагниттік;

б)магниттік;

в)магнито-электрлік;

г)индукциондық, т.б.

Осылармен қатар релелер орамалары санына байланысты (1 орамалы, 2орамалы, т.б.); түйіспелер санына; якорьдың қозғалыс түріне байланысты, магнит ағыны тізбегіне, өзекшенің көлденең қимасына байланысты тағыда бөлінеді.

 

 

Б-РЕЛЕНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ.

 

Қарапайым реленің құрылысы 1-суретте бейнеленген. Жұмыс істеу принципі: катушка -1 арқылы басқарушы тоқ жүрген кезде ол тудырған магнит ағыны өзекше-2, ярмо-3, якорь-4 және өзекше мен якорь аралығындағы ауа кеңістігі «б» арқылы жүре бастайды. Осының әсерінен төмен бағытталған Ғм – электромагниттік күші пайда болады, оның шамасы пружинаның серпімділік күшінен Ғпр артық деңгейге жеткенде (Ғмпр) якорь өзекшеге тартылады да түйіспелер -5 бір-бірімен қосылады. Якорьға латуннан жасалынған пластинка (штифт)-6 бекітілген, бұл металл бөлік реле сөнген кезде якордың өзекшеге жабысып қалмауын қамтамасыз етеді. Реленің магнит ағыны жүріп тұратын бөлшектері (өзекше, ярмо, якорь) электромагниттік болаттан жасалынады. Бұл металдың басты қасиеті – ол арқылы магнит ағыны жүріп тұрғанда тұрақты магниттің ролін атқаруы. Реленің орамасында тоқ жоқ кезде оның якорі қалыпты жағдайда қайтару пружинасының -7 жәрдемімен ұсталынып тұрады.

ТМД мемлекеттерінде қазіргі кезеңде электромагнитті релелердің келесі маркаларын шығарады: РКН; РКМ; МКУ-48; РСМ; РП-4; РП-5 және РП-7.

 

 

Date: 2015-05-23; view: 11187; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию