Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ресурстар. 1 page





3. Игіліктер.

Енді осыларға кеңірек тоқтауымыз қажет.

Кез-келген экономикалық мәселелер қажеттіліктерді зерттеуден басталады. Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен, экономикалық қажеттіліктер және олардың қанағаттандырылу тәсілдері болып табылады.

Қажеттіліктер – бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер, немесе басқаша сөзбен айтқанда, адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және де жеке бір индивидтің, фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар. Қоғамның кез келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағаттандырылуы тиіс.

Игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар; өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз (мысалы, ауа, күннің нұры, жел энергиясы) және шектеулі көлемде болып келеді. Шектеулі көлемдегі игіліктерді экономикалық игіліктер деп атайды. Яғни, экономикалық игіліктер дегеніміз – экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық және материалдық емес заттар мен қызметтер. Ал экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар немесе қызмет көрсету жатады. Тауар немесе қызмет көрсету дегеніміз – нарықтық экономикалық жүйеде сатылатын және сатып алынатын материалдық және материалдық емес экономикалық игіліктер. Адамдардың экономикалық қажеттіліктері көбінесе игіліктерді өндіру мүмкіндігінен асып кетіп отырады. Сондықтан да, жетпеген тұтынушылық игілікті өндіру үшін жанама экономикалық игілік – ресурстар қажет.

Ресурстар – бұл қандай да бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс экономикалық игіліктерді (тауарлар мен қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. Сондықтан да, оларды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі уақытта, олардың негізгі түрлеріне еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік қабілет және ақпарат жатады.

Экономикалық теорияда өндіріс факторларын талдаудың маңызы өте зор. Осыған сәйкес, өндіріс факторларына деген екі ғылыми көзқарас қалыптасқан: олар - маркстік және маржиналистік.

1. Маркстік тұжырымдама өндірістің үш факторын бөліп көрсетеді: 1) адамның еңбегі; 2) еңбек заттары; 3) еңбек құралдары. Адамдардың еңбек үдерісінде өңдеуге түсетін табиғат заттарын еңбек заттары деп атайды. Олардың екі түрі орын алады, біріншіден, табиғаттың тікелей берген заттары (балық, мұнай, газ, т.б.), екіншіден, өңдеуге түскен еңбек заттары (шикізат). Еңбек құралдары деп адамдардың солардың көмегімен еңбек затына ықпалын білдіретін құралдарын айтады. Еңбек құралдарына машиналар, станоктар, жабдықтар, құрал-саймандар, өндірістік ғимараттар, жолдар және басқалары жатады. Еңбек заттары мен еңбек құралдары бірігіп жиынтығында өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Ал өндіріс құрал-жабдықтарын және өндірістік тәжірибесі бар, еңбек құралдарын іс-әрекетке икемдеп қосатын адамдарды қоғамның өндіргіш күштері деп атайды.

2. Маржинализм тұжырымдамасы бойынша, өндіріс факторлары төртке бөлінеді: 1) еңбек; 2) капитал; 3) жер; 4) кәсіпкерлік қабілет.

Еңбек – бұл өндіріске тартылатын жұмыс күшінің жиынтығы ретінде қарастырылатын адамның интеллектуалдық және физикалық іс-әрекетінің жиынтығы.

Капитал – өндіріс құрал-жабдықтарының жиынтық кешенінің материалдық формасы ретінде саналатын машиналар, құрал-саймандар, қоймалар, көлік және байланыс құралдары, т.б.

Жер – бұл табиғи байлықтар, жердің қыртысы, пайдалы қазбалар, орман және су ресурстары, жыртуға жарамды жерлер түрінде қарастырылатын табиғи ресурстардың жиынтығы.

Кәсіпкерлік қабілет - өндірісті ұйымдастыру және оған бақылау жасау бойынша шешуші әрекет ретінде қарастырылатын ерекше фактор.

Қазіргі кездері осы аталған өндіріс факторларының қатарына менеджмент пен ақпарат ресурстарын қосады. Менеджмент – бұл идеялар, модельдер, инновациялық өнім үлгілері, технологиялар, ұйымдастыру нысанында көрінетін ерекше ресурс. Ақпарат технологиялық жаңарудың қозғаушы күші, өндіріске жаңа идеяларды және жобаларды енгізудің көзі ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, қазіргі экономистер өндіріс факторларына сәйкесінше, экологиялық факторды және уақытты жатқызады. Экологиялық фактор бұл жерде экономикалық өсудің импульсі ретінде қоршаған ортаның ластануымен байланысты өндіріс мүмкіндігінің шектеулілігін түсіндіреді. Уақыт факторы да өндірісте қолданылатын және оның тиімді жұмсалуын көрсететін шектеулі ерекше ресурс ретінде көрінеді.

 

2.3 Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік

Уақыттың әрбір нақты кезеңінде экономикалық ресурстардың шектеулілігі мәселесі орын алады.

Ресурстардың шектеулілігі дегеніміз – барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыру мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстар шектеулі болғандықтан оларды тиімді пайдалану қажет. Әр өндірістік ресурстың шегінің болуы және экономикалық мақсаттардың көп болуы – экономикалық таңдау мәселесін туындатады.

Экономикалық таңдау дегеніміз – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Кез келген қоғамның алдында әрдайым шектеулі ресурстардың аһуалы мен бағытын анықтау мәселесі тұрады. Пайда болған мәселелерді шешудің ең жақсы нұсқаларын таңдап соны жүзеге асыру барысында экономикалық субъект экономикалық рационалдылыққа және ұтымды шешім қабылдауға жүгінеді.

Экономикалық рационалдылық немесе ұтымды шешім қабылдау дегеніміз – рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінез-құлқы. Сондықтанда, микроэкономикалық теорияда әрбір шаруашылық жүргізуші субъект аса жоғарғы көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді.

Экономикалық таңдау мәселесі үнемдеу мәселесімен тығыз байланысты болып келеді. Үнемдеу мәселесі дегеніміз – берілген экономикалық субъектінің берілген қажеттілікті қанағаттандыруға игіліктерді дұрыс ойластырып және шектеп жұмсауынан туындайтын мәселелер, демек соның нәтижесінде басқа да қажеттіліктерге осы игілікті жеткізе алу. Алайда, балама қажеттіліктерді шектеулі игіліктермен қанағаттандыруды түсіндірген кезде экономикалық әрекеттердің шығындары туралы айтып өтуіміз керек, себебі кез келген экономикалық қызмет шығындарсыз орындалмайды. Нақты өмірде адамдар үнемі баламалы (альтернативті) шығындармен кезігіп отырады. Бір өнімді өндіре отырып біз екінші бір өнімді өндіруден бас тартуымыз қажет. Ұтымды субъект болашақ шығындарын есепке алып қоймай, сонымен қатар, ол оңтайлы экономикалық таңдау жасау үшін қолданыла алмаған және жіберіп алған өндірістік мүмкіндіктер шығындарын да есепке алуы қажет. Яғни, баламалы (альтернативті) шығындар дегеніміз – жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары.

 

2.4 Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні

 

Экономикалық таңдау кезінде баламалы шығындарды есептеу экономикалық талдаудың маңызды принциптерінің бірі болып есептелетіндігі бізге белгілі.

Енді баламалы (альтернативті) шығындарды график арқылы, яғни өндірістік мүмкіндіктер қисығы арқылы көрсетуге болады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өнім өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының баламалы мүмкіндіктері өте көп болады.

Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды. Мысалы, қоғамда тек қана екі игілік өндіріледі: тұтыну заттары және инвестициялық тауарлар. Оны 2.1 суретінен көруге болады. Осы суретке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы тұтыну заттарын өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың барлығы инвестициялық тауарларды өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А, В, С, Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер қисығы – ресурстарды толық пайдалану кезіндегі альтернативтік нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.

А

тұтыну В. N

заттары

 

С

 
 


. D

E

Инвестициялық тауарлар

Сурет 2.1 Өндірістік мүмкіндіктер қисығы

Әдебиеттер тізімі

 

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672.

8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

 

1. Экономиканың негізгі үш мәселесі қалай шешіледі?

2. Қоғамдық өндірістің мәні неде?

3. Қоғамдық өндірістің түрлері мен тұрпаттары қандай?

4. Қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары қандай?

5. Ресурстар мен өндіріс факторларының түрлері қандай?

6. Ресурстардың шектеулілігі мәселесі дегеніміз не?

7. Экономикалық таңдау мәселесі қалай туындайды?

8. Экономикалық субъектілер экономикалық ұтымдылықққа қалай ұмтылады?

9. Экономикалық тиімділік дегеніміз не?

10. Өндірістік мүмкіндіктер қисығының экономикалық мәні неде?

 

Студенттің өзіндік жұмыстары

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Қоғамның өндіргіш күштері және өндірістік қатынастар.

2) Экономикалық тиімділік және балама шығындар.

4. Тест тапсырмалары:

 

1. Материалдық емес өндіріс саласын көрсетіңіз:

А) Құрылыс. В) Ауыл шаруашылығы. С) Өнеркәсіп. D) Білім беру.

Е) Материалдық-техникалық жабдықтау.

2. Барлық экономикалық ресурстарды төмендегі категориялардың қайсысына жатқызуға болады?

А) Тұтыну, жинақтау және салықтар. В) Жалақы, рента, пайыз, пайда.

С) Капитал мен кәсіпкерлік. D) Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Е) Шексіз энергия мен білім.

3. Қоғамдық өнім деп:

А) Халық тұтынатын тауарларды айтамыз.

В) Ұлттық өнімді сатудан түскен табысты айтамыз.

С) Қоғамда белгілі бір уақыт ішінде өндірілетін материалдық игілік-терді атайды.

D) Мемлекетімізге қажетті өнімді атайды.

Е) Бөлшек саудамен қоғамдық тамақтану саласындағы тауарларды айтады.

4. Ұдайы өндіріс - бұл:

А) Халыққа қажетті өнімдер өндірісі.

В) Үнемі қайталанып және жанғырып отыратын өндіріс.

С) Алдағы уақытта өндірілетін өндіріс.

D) Жыл сайын өндіріліп отыратын өнімдер тобы.

Е) Еңбек және өнім айырбастау қатынастары.

5. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:

А) Шаруашылықтың өндіруі тиіс екі тауарының нақты мөлшерін.

В) Екі тауардың мүмкін комбинацияларының ең жақсысын.

С) Қолда бар ресурстардың нақты мөлшеріне сәйкес тауарлардың балама комбинацияларын.

D) Өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы жүзеге асқан уақытты.

Е) Аталғандардың ешқайсысын көрсетпейді.

6. Мыналардың қайсысы жеке тұтынуға жатады:

А) Парктер немесе саябақтар. В) Университеттер. С) Тұрғын үйлер. D) Бала-бақшалар. Е) Кинотеатрлар құрылысы.

7. Экономикалық таңдау мәселесі қандай сұрақтарды шешедi?

А) Не, қашан және қалай. B) Қанша, қандай түсте және қандай көлемде. C) Қашан, не және қалай. D) Не, қалай және кiмге. E) Кiмге, қайда және қанша.

8. Егер қоғам шығындарды азайтып кірістерді максималдауға тырысса, онда экономикалық мақсат неде?

А) Экономикалық тиімділікте. B) Толық жұмысбастылықты қамтамасыз етуде. C) Экономикалық өсуде. D) Экономикалық еркіндікте. E) Экономикалық қауіпсіздікте.

9. Еңбек өнімділігі қандай қатынаспен өлшенеді?

A) Өнімнің нақты көлемінің жұмыс уақытына қатынасымен.

B) Капитал шығынының еңбек шығынына қатынасымен.

C) Өнімнің нақты көлемінің халық санына қатынасымен.

D) Жұмыс уақытының нақты өнім көлеміне қатынасымен.

E) Капитал шығынының өнімнің нақты көлеміне қатынасымен.

10. Белгілі бір нәтижеге немесе қалаулыға жету үшін бас тартуға тура келетін нәрсе:

A) Бұл – баламалы (альтернативтік) шығындар болып табылады.

B) Әртүрлі себептерге байланысты пайда табудан бас тарту.

C) Ол – трансакциондық шығындар болып табылады.

D) Салық төлеуден жалтару деген сөз

E) Заңдылықты уақытша мойындамау

11. Төмендегілердің қайсысы экономикалық ресурстарға жатпайды?

А) Жер. В) Еңбек. С) Дивиденд. D) Кәсіпкерлік қызмет. Е) Капитал.

12. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс:

A) Айналымдағы ақша санының көбеюі.

B) Барлық көбею мөлшерінде өндірістің жаңаруы.

C) Материалды игіліктердің болуымен байланысты жаңарту.

D) Өндіріс пен тұтыну арасындағы өзара байланыс.

E) Баға деңгейінің өсуі.

13. Қоғамның қарапайым өндіргіш күштеріне не жатады?

А) Жоспарлау. В) Жер, су, қазба байлықтары. С) Инфрақұрылым және оның элементтері. D) Жұмыс күші және өндіріс құрал-жабдықтары. Е) Өндірісті қоғамдастыру формасы.

14. Капитал – ол қоғамның бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін қамтитын көрініс ретінде сипатталады. Бұны кім тұжырымдаған?

А) Д. Рикардо; В) К. Маркс; С) М. Фридмен; D) О. Бем-Баверк;

Е) Дж. М. Кейнс.

15. Мыналардың қайсысы маржинализм топтамасына жатады?

A) Еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет.

B) Жеке фактор мен заттық фактор.

C) Жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтары.

D) Еңбек, жер және капитал.

E) Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

16. A. Маслоу бойынша қажеттiлiктер пирамидасындағы үшінші сатыда қандай қажеттіліктер орын алған?

А) Өмiрдегi мақсатты анықтау қажеттiлiгi.

B) Әлеуметтiк байланыстағы қажеттiлiктер.

C) Кауiпсiздiкке байланысты қажеттiлiктер.

D) Физиологиялық қажеттiлiктер.

E) Әлеуметтiк мәртебеге жету қажеттiлiгi.

17. Өндірістік мүмкіндіктер қисығының сыртында жатқан нүктелер нені сипаттайды?

А) Қоғамның берілген тауарларды әріқарай өндіре алмайтындығын көрсетеді.

B) Бұған сәйкес қоғам өз қолындағы ресурстарды толық пайдаланады.

C) Қоғам экономикалық ресурстарды толық пайдаланбайды дегенді білдіреді.

D) Қоғамның ресурстарды тиімді пайдаланатындығын сипаттайды.

E) Қоғам ресурстарды мүлдем қолданбайды дегенді көрсетеді.

18. Адамның өмір сүруінің негізі болып не табылады?

А) Оның тәжірибесі. B) Оның мәдениеті. C) Оның ақыл-ойы мен білімі. D) Қажеттіліктер. E) Қоғамдық өндіріс.

19. Шектеулі ресурстар жағдайында:

А) Таңдау мәселесі туындайды.

B) Қажеттіліктер дұрыс қанағаттандырылмайды.

C) Өндірісте сарқылмайтын ресурстар басым болады.

D) Пайда мәселесі қиындайды.

E) Ресурстар сапасына қарай ғана пайдаланылады.

20. Өндірістік қатынастар дегеніміз не?

A) Табиғи және материалды ресурстарды пайдаланудағы қатынастар.

B) Адамның адамға деген қатынасы.

C) Материалды игіліктердің өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесіндегі адамдар арасындағы қатынастар.

D) Адамды адаммен қанаудағы қатынастар.

E) Технологияны пайдаланудағы қатынастар.

21. Экономикалық тиімділік дегеніміз – бұл:

А) Пайдаланылмаған мүмкіндіктердің артуын болдырмау.

В) Минималды шығындар мен максималды табыстардың теңесуі.

С) Минималды шығындардың максималды табыстардан көп болуы.

D) Ресурстарды толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсету.

Е) Алынатын нәтижелер мен өндірістік шығындардың қатынасы.

22. Қажеттіліктер дегеніміз – бұл:

А) Тұтынушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынастары.

В) Бір нәрсені керек ету немесе белгілі бір затқа деген мұқтаждық.

С) Сатып алушылық қабілет.

D) Белгілі бір затты немесе игілікті сатуға деген мұқтаждық.

Е) Адам мен заттың арасындағы қатынастар.

23. Өндіріс дегеніміз - бұл:

А) Материалдық игіліктерді өндіру процесі.

В) Еңбек заты мен қаражаты.

С) Ғылыми-техникалық прогресстің нысаны.

D) Басқару нысаны.

E) Материалдық игіліктерді иемдену нысаны.

24. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты дегеніміз не?

А) Өндірістің қоғамдық-қалыпты жағдайында тауарды өндіруге жұмсалатын уақыт. B) Еңбек өнімділігі. C) Бір дана өнімді өндіруге жұмсалатын уақыт. D) Әрбір жұмысшының еңбек шығынымен анықталатын уақыт. E) Тауарды өндіруге жұмсалатын еңбектің жиынтық шығындары.

25. Өндірістің басты мақсаты неде?

А) Қажеттіліктерді қанағаттандыруда. B) Өнім көлемін арттыруда.

C) Максималды пайда табуда. D) Шектеусіз ресустарды көбірек пайдалануда. E) Уақытты үнемдеуде.

26. Егер қолданылатын ресурстардың көлемі артса, онда:

А) Өндірістік мүмкіндіктер қисығы өз траекториясын өзгертеді.

B) Өндірістік мүмкіндіктер қисығы оңға жылжиды.

C) Өндірістік мүмкіндіктер қисығы солға жылжиды.

D) Өндірістік мүмкіндіктер қисығының сыртында жатқан нүктелер көбейеді.

E) Өндірістік мүмкіндіктер қисығының ішінде жатқан нүктелер көбейеді.

27. Махаббат, достық қарым-қатынас сияқты қажеттіліктер Маслоу пирамидасының нешінші сатысында орын алған?

Date: 2015-05-09; view: 1491; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию