Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Химиялық термодинамика және кинетика





Дәріс №2

Химиялық термодинамика – термодинамиканың заңдарын химиялық процестерге қолданады, химиялық реакциялар кезінде байқалатын энергияның бір түрден басқа түрге айналуын, реакциялардың бағытын және реакциялардың өздігінен жүру мүмкіндігін анықтайды.

Химиялық термодинамиканың зерттеу объектісі термодинамикалық жүйе болып табылады. Термодинамикалық жүйе деп айналадағы ортадан ойша бөлінген дене немесе өзара әсерлескен денелердің жиынтығын айтады. Жүйе айналадағы ортадан белгілі бір нақты беткі бөлігімен бөлінеді және жүйедегі молекулалар саны көп болады, себебі термодинамика молекулалар саны аз жүйелерді зерттемейді.

Жүйе айналадағы ортамен әрекеттесуіне байланысты үш түрге бөлінеді: қоршаған ортамен затпен де, энергиямен де алмасатын жүйе – ашық, зат алмасудан басқа байланыста болатын жүйе – тұйық (жабық), ортамен затпен де, энергиямен де алмаспайтын жүйе – оқшауланған (изоляцияланған) деп аталады.

Агрегаттық күйі бойынша жүйелер гомогенді және гетерогенді болып бөлінеді. Гомогенді жүйе тек бір фазадан тұрады, ал гетерогенді жүйе екі немесе одан да көп фазалардан тұрады. Фаза деп бөлу беті арқылы жүйенің басқа бөліктерден бөлінген жүйенің біртекті бөлімін айтады. Фазаның кез келген нүктесінде физикалық және химиялық қасиеттері бірдей болады. Қатты күйдегі жеке зат өзіндік фазаны түзеді. Ал сұйық және газ фазалар конденсацияланған деп аталады.

Жүйені сипаттайтын барлық физикалық және химиялық күйлердің жиынтығы (көлем, масса, қысым, температура, химиялық құрам және т.б.) жүйенің күйі деп аталады. Кейбір жүйенің күйлері тәуелсіз айнымалылар ретінде алынса, оларды жүйе күйінің параметрлері деп атайды (мысалы: қысым, көлем, температура). Жүйе күйінің параметрлерін экстенсивті және интенсивті деп екі топқа бөледі. Экстенсивті параметрлер (көлем, масса) жүйедегі заттың мөлшеріне пропорционал, ал интенсивті параметрлер (температура, қысым, тұтқырлық) жүйедегі заттардың мөлшеріне байланысты емес болады.

Жүйе күйінің қандай болса да параметрлерінің өзгеруін процесс деп атайды. Бұдан басқа термодинамикалық процестер қайтымды және қайтымсыз болады. Қайтымды процесте жүйе энергия жұмсамай-ақ өзінің алғашқы күйіне келе алады, мұндай процестер өте баяу жүреді.

Күй параметрлерге тәуелді және тура өлшене алмайтын айнымалы шамалар – термодинамикалық функциялар деп аталады:

Тепе-теңдік күйі деп жүйе күйінің уақытқа байланысты өзгермейтін күйі деп аталады. Мұнда зат та, энергия да жүйеге енбейді.

Термодинамиканың 0-ші заңы температураны термометр көмегімен өлшеуге негізділген. 1931 ж Р.Фаулер жылулық тепе-теңдігің өтпелілігі туралы заң ашты: егер А және В жүйелерінің әрқайсысы С жүйесімен жыжулық тепе-теңдікте болатын болса, онда А мен В жүйелері де өзара жылулық тепе-теңдікте болады.

Термодинамиканың бірініші заңы. Бұл оқшауланған жүйенің энергиясын сақтайтын заң: энергияның әр түрлі формалары бір-біріне тек эквивалентті мөлшерде ауысады. Жүйеге берілген жылу (Q) сол жүйенің ішкі энергиясын (U) ұлғайтуға және сыртқы күштерге әсер ету үшін жұмысқа (A) жұмсалады:

Ішкі энергияға жүйені құрайтын бөлшектердің (атом, электрон, ядро, молекулалар) қозғалысы мен өзара әрекеттесу энергияларының барлық түрі енеді де, жүйенің кинетикалық энергиясы мен сыртқы күштердің потенциалдық энергиясы кірмейді. Ішкі энергияның абсолюттік мәні анықталынбайды, бірақ оның өзерісін табу болады:

Процестің жұмысы (A) – бұл өзара әрекеттесу нәтижесінде бір денеден екінші денеге берілетін энергия. Химиялық термодинамикада газдың ұлғаю жұмысы қарастырылады: сонда

Изохоралық процестер үшін: V=const, ондай жүйеде ешқандай жұмыс (A=0) жасалмайды, себебі бұл кезде жүйеге берілген жылу сол жүйенің ішкі энергиясын арттыруға жұмсалады:

Изотермиялық процестер үшін: Т=const және U=const, dU=0 сонда:

Адиабаттық (сыртқы ортамен жылу арқылы алмасуы жоқ) процестер үшін Q=0 сонда:

Изобаралық процестер үшін: р=const, dp=0, бұл жағдайда H – энтальпия деп аталатын күй функциясы қолданылады, энтальпия деп тұрақты қысымдағы жүйенің энергиясын айтамыз, ол сандық түрде ішкі мен потенциалдық энергиялардың қосындысына тең: H=U+A=U+pV

Энтальпия – термодинамикалық функция, ол Т, Р, V, U шамалары сияқты жүйенің қандай да бір қасиетін сипаттайды. Берілген жүйе үшін оның абсолюттік мәнін анықтау мүмкін емес; термодинамикалық есептеулерде жүйе бір күйден екіншісіне өткен кездегі энтальпия өзгерісін ғана табуға болады.

 
 

 

 


Бұл өзгеріс жүйе бастапқы күйден соңғысына қандай жолмен, қандай аралық физика-химиялық өзгерістерден өткеніне тәуелді емес. Сонымен, изобаралық процесс кезінде жүйеге берілген жылу сол жүйенің энтальпиясын өзгертуге жұмсалады деп есептеуге болады. Энтальпияның (Н, кДж/моль-1) өзгеруі теріс таңбамен алғанда химиялық реакцияның жылу эффектісіне тең болады: ± DН°х.р. = Q

Реакциялардың жылу эффектілерін (Q) зерттейтін химияның саласы термохимия деп аталады. Химиялық реакцияларда жылу бөлінуі немесе сіңірілуі мүмкін. Жылу бөліне жүретін реакциялар экзотермиялық (Q>0, <0), ал жылу сіңіре жүретін реакциялар эндотермиялық (Q<0, >0) деп аталады. Реакция теңдуінде бөлінген немесе сіңірілген жылу эффектісі көрсетілген теңдеулерді термохимиялық деп аталады. Термохимияның негізгі заңы – Гесс заңының (1840 ж.) салдары бойынша стандартты жағдайда химиялық реакцияның жылу эффектісін Q анықтауға болады. Реакцияның жылу эффектісі өнімдердің түзілу жылуларының қосындысы мен бастапқы заттардың түзілу жылуларының қосындысының айырмасына тең болады:

мұндағы – сол заттың стандарттық түзілу жылуы, яғни 298К температурада, 1 атм қысымда түзілген қосылыстың 1 моліне жұмсалған жылудың мөлшері, n – реакция теңдеуінің стехиометриялық коэффициенттері.

Изобаралық процестің жылу эффектісі тұрақты қысымдағы заттың жылу сыйымдылығы (Ср) және температура өзгерістерімен анықталады:

одан

Термодинамиканың екінші заңы. Термодинамиканың 1-ші заңы табиғатта өздігінен жүретін процестердің бағытын анықтай алмайды. Ол тек оқшауланған жүйенің энергиясы тұрақты екенін, энергия түрлерінің өзара өзгерістернінің эквивалентті екенін көрсете алады. Термодинамиканың 2 заңы бойынша процестің бағытын, шегін және өту не өтпеу мүмкіндігін анықтауға болады.

Термодинамиканың 2 заңының бірнеше ережесі бар:

1. Клаузиус постулаты: жылу өздігінен салқын денеден ыстық денеге өте алмайды, яғни температурасы төмен денеден температурасы жоғары денеге жылудың алмасу процесі жүзеге аспайды.

2. Топсон постулаты: процеске қатысатын денелердің ең салқыны жұмыс көзі бола алмайды.

Белгілі процестер оң, теріс және тепе-теңдік болып үшке бөлінеді. Өздігінен жүретін процестер оң деп аталады. Табиғатты өздігінен өтетін процестер тек бір бағытта жүреді, олардың бірі – қайтымсыз процестер.Олардың жүруі үшін энергия не жұмыс жұмсалмайды, тіпті мұндай процестердің көмегімен жұмыс пен энергия алуға болады. Оң процестерге қарсы теріс процестер, олардың жүруіне энергия жұмсалады. Бұл процестердің негізінде жүйе тепе-теңдік күйден алшақтайды.

Осы екі постулатты біріктіріп, келесі қорытынды жасайды: цикл нәтижесінде ғана теріс процесс болуы мүмкін емес, теріс процеспен қатар оны жүргізуге себепші энергия көзі болып табылатын он процесс те жүруі керек. Бұдан сыртқы ортаның жылуын оны тек қана салқындату арқылы жұмыстың эквиваленттік мөлшеріне айналдыратын периодық түрде жұмыс істейтін машина болуы мүмкін емес. Жылу өзгерісін былай көрсетуге аламыз:

мұндағы S – жүйенің күй функциясы, оны 1850 ж Клаузиус енгізген болатын және оны энтропия деп атайды, ол жүйенің ретсіздік дәрежесін сипаттайды. Мысалы, егер көлемі 1 л ыдыс қысымы 1 атм тең идеал газбен толтырылған, оны екінші дәл сондай бірақ вакуумделген ыдыспен кран арқылы жалғаған. Кран ашылысымен екі ыдыста қысым теңескенше газ бір ыдыстан екніші ыдысқа ауысады, яғни бір мезгілде екі ыдыстың ішіндегі қысым 0,5 атм тең болады. Бақылап отырған газдың ұлғаю процесінде, көлем үлкейгенде, идеал газ жылу сіңірмейді және шығармайды. Сонда да берілген процесс, өздігінен жүретін процесс болып табылады. Екі ыдысқа біркелкі таралған газ, кенеттен ыдыстардың біреуіне кетіп, екіншісішінің босап қалуы болатын кері процесс жүруі мүмкін емес.

Қарастырылған процестің өздігінен жүріу жүйедегі ретсіздктің ұлғаюына байланысты. Ретсіздік дәрежесі энтропиямен сипатталанады. Энтропия, энергия сияқты өзара ірекеттесуші бөлшектердің өте үлкен сандарынан тұратын, кез-келген жүйенің шынайы қасиеті болып табылады. толық дифференциал болғандықтан оның кез-келген процесте өзгерісі процестің жүрі жолына тәуелді емес, ол тек жүйенің бастапқы және соңғы күйлеріне байланысты болады:

Осыдан энтропия өзгерісі жүйе күйіне, процестің қандай температурада орындалғандығына тәуелділігін міндетті түрде ескеру қажет. Энтропия – бөлектің қозғалысынсипаттайтын заттың қасиеті – ол берілген жүйенің ықтималдық сипаттамасы болуы мүмкін. Л.Больцман жүйенің әрбір күйінің сипаттамасы ретінде «термодинамикалық ықтималдық» (W) ұғымын енгізді. Термодинамикалық ықтималдық неғұрлым көп болса, соғұрлым жүйе күйінің ретсіздігі жоғары болады. Энтропияның ықтималдық логарифміне тура пропорционал екендігін Больцман көрсетті. Бұл дәлелдеуді М.Планк келесі теңдеумен өрнектеді:

мұндағы k – Больцман тұрақтысы.

Осы көзқарас арқылы термодинамиканың 2 заңын былайша айтуға болады: оқшауланған жүйенің энтропиясы максимумға ұмтылады. Жүйенің температурасы өскен заттар қатты күйден сұйыққа (еру, балқу), сосын буға не газға (қыздыру, булану, сублимация) айналған сайын ондағы бөлшектердің ретсіз қозғалысы артады және энтропия өседі.

Қысым артқан сайын заттардың энтропиясы төмендейді, себебі заттар газ (бу) күйден сұйыққа (конденсация), одан кейін қатты күйге (қату) ауысады, молекулалардың тәртіпті қозғалысы артады. Энтропия заттардың агрегаттық күйіне тәуелді:

Стандартты жағдайда анықталған заттың энтропиясы стандартты деп аталады, оны (Дж/моль*К).

Энтропияның таңбасының мәні бойынша химиялық реакциялардың бағытын анықтауға болады:

1) Оқшауланған жүйеде өтетін изотермиялық және толық қайтымды процестер кезінде энтропия өзгермейді, тұрақты болады, яғни dS=0

2) Тұйық жүйеде T=const, V=const жағдайында қайтымсыз процестер өтеді және сол жүйелердің энтропиясы артады, яғни DS>0.

Сонымен, оқшауланған жүйеде тек энтропияның өсуімен сипатталанатын процестер өздігінен жүруі мүмкін.

Өздігінен жүретін (P=const, T=const) реакцияның жүру шегін және бағытын анықтайтын функция – изобара-изотермалық потенциал немесе Гиббстің бос энергиясы (G, кДж/моль) деп аталады. Гиббс энергиясы энтальпия мен энтропиямен келесі қатынаста болады:

Мұндай жүйеде өздігінен және тура бағытта келесі процесс жүреді, егер DG < 0, және кері бағытта – егер DG > 0 болса, және жүйе тепе-теңдік күйде болады егер DG = 0.

Стандартты жағдайда (қысым және концентрация 1-ге тең болғанда) жүретін реакция үшін Гиббс энергиясының өзгеруі келесі формуламен есептелінеді: åDG°х.р.(станд) = åDG°өнім – åDG°баст.зат

 

Date: 2015-05-08; view: 4701; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию