Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Функциялары, құқықтары мен міндеттері





 

14. Миссиясы:

тұтынушылардың құқықтарын қорғауды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне жүктелген өзге де міндеттерді өзінің құзыреті шегінде жүзеге асыру.

16.Функциялары:

1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

2) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

3) мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерімен реттелетін саладағы мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

4) шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше шарттарымен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу;

5) тексерулердің, бақылаудың өзге нысандарының және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерінің негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен халықтың пайдалануы мен қолдануына, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

7) адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда, шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салу;

9) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру;

10) Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді өз құзыретінің шегінде сақтауды қамтамасыз ету;

11) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

12) реттелетін саладағы мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды және жобаларды, стратегиялық жоспарларды іске асыруды қамтамасыз ету;

13) өз құзыретінің шегінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

14) тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

15) өз құзыретінің шегінде тағамнан уланулар, инфекциялық, паразиттік және басқа да аурулар кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

16) республиканың аумағын инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

17) жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;

18) реттелетін салада кадрлардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және өткізу;

19) өз құзыретінің шегінде зерттеулер мен сынақтар жүргізу;

20) тиісті аумаққа инфекциялық, паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде халықтың денсаулығы үшін қауіп төндіретін жолаушыларды, экипаждарды, пойыз бригадаларын, көлік құралдарын, жүктерді санитариялық-карантиндік бақылаудың санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

21) жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізатын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін қолданылатын көлік құралдарын, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау шарттарын тексеруді жүргізу;

22) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг және талдау жүргізу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

23) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүргізу;

24) өз құзыретінің шегінде лицензиялауға тиіс қызмет түрлеріне лицензия берумен байланысты қызметті жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің аумағында өз құзыретінің шегінде мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;

26) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және азық-түлікпен жанасатын материалдарды және бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсерін тигізетін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және мемлекеттік тіркеу туралы шешімдерді қайтарып алуды жүзеге асыру;

27) тұрғындарға профилактикалық егулердің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;

28) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарын және тағамға биологиялық активті қоспаларды практикаға енгізуге және оларды қолдануға бақылауды жүзеге асыру;

29) йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

30) тиісті деректер банкін жасай отырып, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті, есепке алу мен статистиканы жүргізу;

31) инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылауды жүргізу;

32) өз қызметінің саласында ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

33) тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген, сондай-ақ тағам қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

34) тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасын бақылауды жүзеге асыру;

35) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар қабылдау;

36) өз құзыретінің шегінде реттелетін саладағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

37) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және жартыжылдық тексеру жоспарларын әзірлеу;

38) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолдану;

39) тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

40) радиоактивті заттар мен изотоптарды пайдалана отырып, рентген жабдығының, аспаптардың және жабдықтардың импортын келісу;

41) есірткі заттары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттардың импортын (экспортын) келісу;

42) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтары туралы актілерді қабылдау;

43) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін бағалауды зерделеу үшін қажетті материалдарды сұрату, сондай-ақ осы өнімнің құнына өтемақы төлемей, оны жүргізу үшін қажетті көлемнен аспайтын және жеткілікті көлемдерде өнімдердің үлгілерінің сынамаларын алу және іріктеу жүргізу;

44) жобаларға мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу;

45) реттелетін саладағы даму тұжырымдамаларын, стратегияларын, жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеу;

46) мемлекеттік органдар қабылдаған реттелетін саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын олар қабылдаған актілердің күшін жою, өзгерту, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізу;

47) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы ұйғарымдарды беру;

48) өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың лауазымды адамдарын тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шақыру;

49) балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануды тоқтата тұру немесе қолдануға тыйым салу;

50) инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуының әлеуетті көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық аурумен ауыратын науқастармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттете отырып, зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін оларды медициналық тексеруге жіберу;

51) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсеткіштері бойынша емдеуге жатқызуға жіберу;

52) реттелетін салада мемлекеттік қызмет көрсету;

53) аурудан еркін немесе аурудың таралу деңгейі төмен аумақты немесе оның бөлігін айқындау;

54) бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің басым бағыттарын және олардың жұмыстарының (қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау;

55) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

56) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру нысанында және бақылаудың өзге де нысандарында бақылауды жүзеге асыру;

57) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында радиациялық бақылауды жүзеге асыру;

58) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, халықтың декреттелген топтарына жататын, сондай-ақ міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулы қабылдау;

59) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан объектілерді пайдалануды тоқтата тұру;

60) біліктілік санаттарын бере отырып, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мамандар үшін біліктілік емтихандарын өткізу;

61) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың бұзылуына тексеру жүргізу;

62) заңнамада көзделген жағдайларда, ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау бойынша есептерді қарау, келісу және бекіту;

63) халықты міндетті түрде вакцинациялауды, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында алдын алу және ошақтық дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді талап ету;

64) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен шектеу іс-шараларын, оның ішінде жекелеген объектілерде карантин белгілеу;

65) санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемін белгілеу және өзгерту;

66) өз құзыретінің шегінде жобаларды мемлекеттік сараптауға қатысу;

67) реттелетін саладағы мәселелер бойынша республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және орындауға қатысу;

68) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тізілімін жүргізу;

69) құзыретінің шегінде өнімдерге, тауарларға, процестерге, қызметтерге арналған мемлекеттік және халықаралық стандарттардың жобаларын, жобалау нормаларын келісу;

70) басқа елдердің санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларын, егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, балама деп тану.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

2) реттелетін саладағы жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру;

3) аумақтық органдар мен ұйымдардың негізгі қызмет, республикалық бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру;

4) жеке және заңды тұлғалар тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы органдардың лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгіну;

5) реттелетін саладағы аумақтық органдар мен ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

6) реттелетін саладағы мәселелер бойынша білімді насихаттау;

7) өзінің құзыретінің шегінде консультативтік-кеңесші және сараптау комиссияларын құру;

8) қаржылық есептілікті құрастыру және бухгалтерлік есепті жүргізу;

9) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттігін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;

10) реттелетін саладағы Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;

11) заңнамада белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;

12) негізгі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ғылыми қолдауды үйлестіру;

13) электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімдігін ұйымдастыру;

14) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;

15) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен реттелетін саладағы қызметтің түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу.

 

Date: 2015-06-06; view: 832; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию