Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аймақтардың әлеуметтік, экономикалық дамуын теңестіру





Өндірісті рационалды неғұрлым тиімді түрде орналастыру өндірісті өндіруде кездесетін шығындарды барынша қысқарту, нақты территорияда өндірістің барлық сатыларын, шикізатты өндеуден бастап дайын өнімді шығаруға дейін орналастыру.

Қазақстанның алуан түрлі аймақтарында табиғи ресурстар өзінің қорларының көлемі, пайдалы компоненттері бойынша, тау геологиялық орналасуы бойынша ерекшеленеді. Бұл бағытта өндірісті шикізат, отын, энергия және тұтынуға жақындататын көлік жағдайларының маңызы зор болады. Сонымен қатар өндірісті орналастыруға өндірісті тасымалдауға жұмсалатын көлік шығындарының маңызы зор, себебі, еліміздің зор көлемді территориясы мен пайдалы қазбалардың біркелкі емес орналасуы мұнда өз септігін тигізеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРГІШ КҮШТЕРДІ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазіргі кезде көптеген экономистердің пікірі бойынша, өндіргіш күштер дегеніміз - марксизм түсінігінің жүйесі, ол субъективті (адам) және заттық (өндіріс құралдары) элементтерінен тұрып, адамдардың табиғатқа белсенді қарым-қатынасын көрсетеді, оның байлығының дамуына материалдық және рухани үлес қосады.

Біріншіден, оның әсерінен адамдардың өмір сүруіне шарттар қойылады және ол үдеріс онан әрі дамиды.

Екіншіден, «өндіргіш күштер» түсінігі объективті және субъективті элементтерден тұрады. Объективті элементтерге біз техниканы немесе өндіріс құралдарын жатқызамыз. Субъективті элементтерге біз адамдардың өзін және оның білімділігін жатқызамыз. Себебі адамсыз техника болмас еді. Адамды өндіріс құралдары адам етеді және керісінше өндіріс құралдары адамды бар етеді немесе жоқ етеді.

Үшіншіден, объективті және субъективті элементердің мақсаты «табиғатқа белсенді қарау», «оның дамуына материалдық және рухани үлес қосуы». Адам үнемі өндіріс үдерісін жетілдіріп отырады, тауар ассортиментін кеңейтеді және тұтынушылардың талғамын қанағаттандырады.

Нарықтық қатынастардың құрылуы мен дамуы шарттарында өндіріс күштерінің орналасу заңнамасы байқалады. Олар белгілі бір тарихтың бөліктерінде, заңдардың жалпы даму қатынастары нәтижесінде құрылады.

Өндіріс күштердің орналасу заңнамасы өндіріс күштермен территория арасындағы ең негізгі қарым-қатынасты ұсынады.

Экономикалық дамудың қазіргі жағдайы өндіріс күштердің рационалды орналасуы маңызды орынды алады;ол өндіріске үлкен мүмкіндік береді, максималды түрде пайда әкеледі, табиғи ресурстарды тиімді қолдануға потенциал береді, экологиялық жағдайды қорғайды және жақсартады. Дамушы нарық шартындағы өндірістің орналасуы бүкіл шаруашылық жүйесінің структуралық қайта құрылуында маңызды орын алады. Шаруашылық құрылымының жақсаруы, аумақтың, ұлттық құрылудың әрбір субьектісінің экономикалық және әлеуметтік дамуының рационалдық сәйкестігі.

Нарықтың дамуы шартындағы өндірістің орналасу заңнамасының ең маңыздылары келесілер:

- рационалдық өндірістің ең қолайлы орналасуы;

- экологиясы, аудандардың жүйелі шаруашылығы;

- аймақтар мен оның шегіндегі территорияларда еңбектің қолайлы бөлінуі;

- аймақтардың экономикалық және әлеуметтік деңгейлерінің теңдесуі.

Өндіргіш күштерді орналастыруды және тиімді ұйымдастыруды зерттеген кезде әртүрлі ғылыми әдістер қолданылады. Олардың маңыздыларының бірі:

- жүйелік талдау;

- баланстық әдіс;

- жүйелеу әдісі;

- экономикалық-географиялық зерттеу әдісі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді «...жүргізіліп жатқан саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды. Сондықтан өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді».

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғы шарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өзінің отандық өкімдерімен өз орнын табуы тиіс.

Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік рынокта жоғары технологиялық өнім өндіру бойынша төменгі көрсеткіште тұрғаны жасырын емес. Мысалы, қазір еліміздің жоғары технологиялық экспорты бар болғаны 2 %-ды ғана құрап отыр. Ал бұл көрсеткіш көрші Ресейде 9 %, Еуро Одақ елдерінде - 35 %, АҚШ-та - 32 %, Жапонияда – 24 %-ға жеткен. Осыған байланысты Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы осы олқылықтардың орнын толтыруға жәрдемдеседі.

Date: 2015-11-14; view: 974; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию