Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сурет. Пернетақта





Әріптік-сандық пернелер тобы мәліметтерді енгізуге арналған. Пернетақтаның жоғарғы жағында орналасқан F1-F12 пернелер тобы функционалдық пернелер деп аталады. Олар есептеу жүйесінің түрлі міндеттерін атқарады немесе жеке программаларды басқарады. Сандық пернелер тобы стандартты пернетақтаның оң жақ бөлігінде орналасқан және Num Lock пернесі арқылы қосылады. Меңзермен басқару пернелеріне Home, End, Page Up, Page Dn, ↑, ↓, ←, → пернелері жатады.

Жиі қолданылатын және атқаратын міндеті тұрақты пернелер:

1) F1- көмекші немесе анықтаманы іске қосу;

2) Esc – команданың орындалуын болдырмау;

3) Caps Lock – бас әріпті тұрақты теру режимін іске қосу;

4) Shift - әріппен қатар басылып, экранға үлкен әріпті шығарады;

5) Ctrl – басқа пернелермен бірігіп, әртүрлі командалар орындайды;

6) Page Up – меңзерді бір бет жоғары жылжыту;

7) Page Dn – меңзерді бір бет төмен жылжыту;

8) Backspace – меңзердің сол жағында тұрған символды өшіру;

9) Del – меңзердің оң жағында тұрған символды өшіру;

10) Insert – Del пернесіне кері команда, орналастыру және құру командасы;

11) Home – меңзерді жолдың басына апару;

12) End – меңзерді жолдың соңына апару;

13) Tab – табуляция;

14) Print Screen – алмастыру буферіне экран көшірмесін алу.

Мәтіндік редакторда Enter пернесін басқаннан кейін жаңа жол басталады, ал іздеу жүйесінде мәліметтерді іздеуді бастайды

Графикалық меңзермен басқарылатын енгізу құрылғысы тышқан деп аталады. Тышқанды үстел бетімен жылжытқанда экрандағы меңзерді қолмен басқарады, қозғалтады.  

Тышқан компьютерге қосылса және тышқан драйвері жүктелсе, онда тышқан нұсқағышы әрқашан экранда тұрады. Мәтіндік редакторда тышқан нұсқағышы тіктөртбұрыш пішінді, графикалық редакторда бағыттауыш пішінді болады. Уақыт көп жұмсалатын операцияларда тышқан нұсқағышы құмсағатқа айналады.

Тышқан екі немесе үш батырмалы болады. Тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басқанда көрсетілген файл немесе бума ашылады. Тышқанның оң жақ батырмасы жанама мәзірді іске қосады. Кейінгі кездерде үш батырмалы тышқандар жиі қолданылады. Үшінші батырма мәтіндік редакторларда терезені жоғары немесе төмен жылжытуға арналған.

Тышқанның түрлері: оптикалық, оптико-механикалық, шарикті, сымсыз, инфрақызыл, glidepoint(байланыс тақтасы), трекбол, PS/2 және т.б.

 

Date: 2015-11-13; view: 721; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию