Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






СУДЫҢ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЗЕРТТЕУ





Иісі – бөлме температурасында суды 60ºС дейін қыздыру арқылы анықталады. Бұл үшін 100 мл зерттелетін суды сыйымдылығы 250 мл, мойыны кең колбаға құйып, ауызын сағат шынысымен жауып, электр плиткасына қойып, 60ºС дейін қыздырған соң, суды шайқап қолбаның аузын ақырын ашып, тез иісін иіскеп анықтайды. Су иісінің мынандай сипаттамалары бар: хош иісті, батпақты, сасық, қоқысты, хлорлы, мұнайлы т.б. болады. иістің күштілігі балмен өлшенеді. 0 –ден 5 балға дейін. Қалыпты жағдайда ауыз суының иісі 2 балдан аспауы тиіс

 

Дәмі - судын дәмін ауа температурасы 20 градуста тек қана залалсыздандырылған суда анықтайды. Күмәнданган жағдайда суды 5 мин. қайнатып,салқындату керек. Суды суытып, аз мөлшерде ұрттап, жұтпау керек Дәмнің күші балмен анықталады:

0 балл - дәмі сезілмейді

1 балл - дәмі өте әлсіз

2 балл - дәмі әлсіз

3 балл - жағымсыз дәмі сезіледі

4 балл - нақты жағымсыз дәмі сезіледі

5 балл - ішу мүмкін емес өте жағымсыз дәм сезіледі

Сонымен қоса қосымша дәмді, тұзды, қышқыл, тәтті,сілтілі,темірлі, хлорлы,металды,т.б деп сиппатауга болады.

Қалыпты жағдайда ауыз суының дәмі 2 баллдан аспауы тиіс МӨЛДІРЛІГІ – зерттейтін суды түбі жалпақ цилиндрге биіктігінен сантиметрлерге бөлінген цилиндрлердің түпкі белгілерінде суды шығаратын тубусы бар, оған резеңке түтік жалғанған. Цилиндрдің түбінде 4 см БИІКТІКТЕ Снелленнің баспа шрифтісі салынады. Цилиндрдің бүйіріндегі түтіктен шрифт көрінгенше суды ағыза береді. Сосын судың қанша биіктікте көрінгенін анықтап,БЕЛГІЛЕЙДІ. СУДЫҢ МӨЛДІРЛІГІ сантиметрМЕН. БЕЛГІЛІНЕДЫ,МӨЛДІРЛІКТІ АНЫҚТАУ жеткілікті жарық жағдайында орындалады. Ауыз суыныњ мөлдірлігі 30см-ден кем болмауы тиіс.

 

Снеллен аспабы

 

ТҮСТІЛІГІ – зерттелетін суды цилиндрге құйылған дистилденген сумен ақ фонда салыстыру арқылы анықтайды. Судыњ түсі мынандай терминдер мен сипатталады: мөлдір, ақшыл сары, жасыл, сары т.б.

Судың боялуының күштілігін зерттелетін суды шартты градусқа стандартты ерітінділер шамасымен салыстыру жолымен анықтайды.

Ауыз суының түсті лігі 20ºС-қа дейін болуы керек, судың түнбасы 1 сағат тұндырылғаннан кейін анықталады.

№ 1 Ерітінді,см3                      
№ 2 Ерітінді,см3                      
Түстілігі 0 градус                      

 

 

Түстілік шкаласы

 

Судың химиялық құрамын анықтау. Таныс емес немесе өзінің құрамын өзгертетін су көздерін зерттегенде сандық реакциялармен қатар сапалық реакциялар да жүргізілуі керек.

Белсенді реакция(рн) – су реакциясын лакмус арқылы анықтау: суды 2 пробиркаға қүяды. Біреуіне қызыл лакмус, екіншісіне көк лакмус салады, 5 минуттан кейні бұл қағаздарды алдын ала дистелденген суға салынған қағазбен салыстырады. Егер қызыл қағаз өзгерсе, сілтілік реакцияны, ал кµк қағаз кµгерсе қышқылдық реакцияны кµрсетеді. Егер қағаздың түсі өзгермесе нейтралды реакцияны көрсетеді. Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес ауыз суда рН реакциясы 6-9 шегінен аспау керек

Азотты заттарды анықтау. Азотты заттар судың ластануының маңызды көрсеткіші болып табылады өйткені, олар шаруашылық фекальді және өнеркєсіптік қалдықтармен су көзіне түсетін белокты заттардың шіруінен немесе ыдырауынан түзіледі.

Аммиак – белокты ыдыраудың өнімі, сондықтан оның табылуы судыњ жаңадан ластанғандығын көрсетеді.

Нитриттер – ластанудың бұрыннан болғандығын көрсетеді.

Нитраттар – ластану мерзімінің өте ертеден болғандығының көрсеткіші.

Азотты заттар бойынша ластанудың сипатын білуге болады. Триаданың (аммиак, нитрит, нитрат) табылуы судың тұрақты ластанғандығын білдіреді.

Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес ауыз суда нитраттардың 45 мг/л мөлшері шектеледі. Нитраттар ішектік микрофлораның әсерінен нитратқа айналады, соңғылары қанға еңіп, метгемоглобиннің түзілуіне себеп болады, бұл процесс тіндердің оттегімен қамтамасыз етілуін азайтады.

Хлоридтер – сумен қамтамасыз ету көздеріндегісуларда хлоридтердің көп мөлшерде табылуы судың жануар текті органикалық заттармен ластанғандығының жанама көрсеткіші болуы мүмкін. Хлоридтердің көп мөлшері құдық суларда топырағы сортаңдау жерлерде байқалуы мүмкін. Бұндай судың дәмі тұздылау болып келеді. Суда хлоридтердің мөлшері 350 мл/г аспауы керек.

Сульфаттарды анықтау – ауыз суында сульфаттардың көп мөлшерде болуы организмге зияндылығымен қатар судың дәмін өзгертеді. Санитарлық нормалар мен ережелерге сєйкес ауыз суда сульфаттардың мөлшері 500 мг/л аспауы керек.

Темірді анықтау – ашық су қоймаларында темірдің көп мөлшерде болуы, өнеркєсіптік іркінді сулардың түсуінен болуы мүмкін. Су құбырындағы суда темір қүбырлардың коррозияға ұшырауынан көбеюі мүмкін.

Темірдің көп мөлшерде болуы суға сары түс лайлылық, ащы металл, дәм беруі және су құбырлары жолында түзілетін темір бактериаларының пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Бұндай суларды тұрмыста қолданғанда ыдыстарда қақ түзіледі, ақ киімдер де татты дақтар пайда болады және кір жууға қолайсыз, үйткені сабын жақсы көпірмейді. Суда темірдің мөлшері 0,3 мг/л аспауы керек.

Кермектілік. Суда кермектіліктің жоғары болуы онда магний мен кальцийдің жер сілтілік металдарының еріген тұздарының болуымен байланысты. Кейбір жағдайларда судың кермектілігі темір, марганец, аллюминий тотығының болуымен де байланысты. Кермектілік судың сапасының критерийлерінің бірі. Кермектіліктің 4 түрі бар: жалпы, карбонатты, жоюға болатын жєне тұрақты. Кермектілік кальций мен магнийдің 1 л суда еріген түздарының мг/эквиваленттілігімен белгіленеді. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес оның мөлшері 7 мг/экв аспауы керек. Санитарлық - эпидемиологиялық қызметі органдарының келісімі бойынша жалпы кермектілік мөлшері 10 мг/экв дейін рұқсат етіледі..

 

Судың химиялық құрамын анықтау.

1. Аммиак азотын сапалы анықтау:

1. 10 мл зерттелетін суды пробиркаға құяды.

2. 0,2 мл (1-2 тамшы) сегнет тұзын

3. 0,2мл Несслер реактивін құяды

4. 10 минут кейін кестені пайдаланып, аммонийлы азоттың мөлшерін анықтайды.

 

Жанынан қарағанда түстің өзгеруі Үстінен қарағанда түстің өзгеруі Аммонийлік азоттың мөлшері мг/л
Жоқ Жоқ 0,05 тен төмен
Жоқ Өте әлсіз сары 0,1
Әзер байқалатын әлсіз сары Әлсіз сары 0,2
өте әлсіз сары Әлсіз сары 0,4
Сары Ашық сарғыш 0,8
Ашық сары Сары 2,0
Сарғыш Қарқынды сары-қызғылт 4,0
Бұлыңғыр сарғыш Қызғылт-сары бұлыңғыр 8,0
Қарқынды қызғылт Қызғылт-бұлыңғыр ерітінді 20,0

 

2. Нитриттер азотын анықтау:

1. 10 мл зерттелетін су мен 0,5 мл Грисс реактивін пробиркаға құяды

2. 70-80ºС температурада 10 минут қайнатады.

3. Нитриттердің жуық мөлшерін кестеден анықтайды.

 

Жанынан қарағанда түстің өзгеруі Үстінен қарағанда түстің өзгеруі Нитриттер азотының мөлшері мг/л
Жоқ Жоқ 0,001 тен төмен
Әрең көрінетін ақшыл қызыл (розовый) Өте әлсіз ақшыл қызыл 0,002
Өте әлсіз ақшыл қызыл Әлсіз ақшыл қызыл 0,004
Әлсіз ақшыл қызыл Ашық ақшыл қызыл 0,02
Ашық ақшыл қызыл Ақшыл қызыл 0,04
Ақшыл қызыл Өте ақшыл қызыл 0,07
Өте ақшыл қызыл Қызыл 0,2
Қызыл Алқызыл 0,4

 

3.Нитраттар азотын анықтаудың 2 әдісі бар:

1 әдіс:

1. 1 мл зерттелетін суды пробиркаға құяды

2. 1 кристалл дефиниламинды қосады

3. бірте-бірте концентрленген күкірт қышқылын қосады.

4. Көк сақиналардың пайда болуы суда нитраттардың барлығын көрсетеды

2 әдіс:

1. Пробиркаға 10 мл зертелетін суды құяды

2. 1 мл дисульфофенол қышқылын қосады

3. 1 мл 10% аммиак ерітіндісін қосады

4. Барлығын араластырып, шайқап 20 мин кейін кесте арқылы азоттың судағы мөлшерін анықтайды

 

Жанынан қарағанда түстің өзгеруі Нитраттар азотының мөлшері мг/л
Әрең көрінеді 0,5
Әрең көрінетін сары түс 1,0
Өте әлсіз сары 3,0
Әлсіз сарғылт 5,0
Әлсіз сары 10,0
Ашық сары 25,0
Сары 50,0
Күшті сары 100,0

 

4. Хлоридтерді анықтау:

1. 5 мл зерттелетін суды пробиркаға құяды

2. 2-3 тамшы азот қышқылын қосып қышқылдайды

3. 10% күміс нитраты ерітіндісінен 3 тамшы қосады

4. судың лайлау деңгейін анықтайды.

Хлоридтердің жуық мөлшерін кесте бойынша анықтайды.

 

Тұнбаның мінездемесі Хлоридтердің мөлшері мг/л
Аз мөлшердегі бұлыңғыр 1-10
Қатты бұлыңғыр 10-50
Баяу тұнған үлпектер 50-100
Ақ түсті көп мөлшердегі ірітік тұңба 100 ден жоғары

5. Сульфаттарды анықтау:

1. 5 мл зерттелетін суды пробиркаға құяды

2. 1-2 тамшы тұз қышқылын құяды

3. 3-5 тамшы 5% барий хлорид ерітіндісін қосып қайнағанға дейін қыздырады

4. Сульфаттың жуық мөлшерін лайлылық пен түскен тұнба бойынша кестеден анықтайды.

 

Тұнбаның мінездемесі Сульфаттардың мөлшері мг/л
Бірнеше минуттан кейін пайда болатын әлсіз бұлыңғыр 1,0-10
Дереу пайда болатын әлсіз бұлыңғыр 10-100
Қатты бұлыңғыр 100-500
Түбіне тез тұнатын көп мөлшердегі тұнба 500 ден жоғары

 

6.Темірді анықтау:

1. 10 мл зерттелетін суды приборкаға құяды

2. 2 тамшы концентрленген тұз қышқылын қосады

3. 4 тамшы 50% аммоний радонид ерітіндісін қосады.

4. Темірдің жуық мөлшерін кесте бойынша анықтайды.

 

 

Жанынан қарағанда түстің өзгеруі Үстінен қарағанда түстің өзгеруі Темірдің мөлшері мг/л
жоқ жоқ 0,05 ден төмен
сәл көрінетін сарғыш- ақшыл қызыл әлсіз сарғыш- ақшыл қызыл 0,1
өте әлсіз сарғыш-ақшыл қызыл сарғыш-алқызыл, әлсіз 0,25
әлсіз сарғыш-ақшыл қызыл ашық сарғыш-ақшыл қызыл 0,5
сарғыш- ақшыл қызыл сарғыш-ақшыл қызыл 1,0
қарқынды сарғыш- ақшыл қызыл сарғыш-ақшыл қызыл 2,0
сарғыш-ақшыл қызыл алқызыл 2,0 ден жоғары

 

7. Судың кермектілігін анықтау:

Date: 2015-09-24; view: 4296; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию