Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Еңбекті қорғау





Еңбек қорғау дегеніміз – еңбек процесінде қауіпсіздікті, адамның денсаулығы мен жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін заңды шығару актілерінің әлеуметтік – экономикалық, техникалық, гигиеналық және емдеу – сауықтыру шаралары мен құралдар жүйесі.

Әрбір мекемеде, өндіріс орындарында, лабораторияда қауіпсіздік техникасы, еңбек қауіпсіздігі, өндірістің санитарлық ережелері және де өрттен сақтану нұсқаулары, химиялық әсері бар заттардың қауіпсіздігі туралы ережелер болуы тиіс. Ереже көрнекті жерге ілінуі тиіс. Әрбір жұмысшы осы ережелермен таныс болуы керек.

Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігі тығыз байланысты. Себебі өрт өндірістегі және тұрмыстағы материалдық құндылыққа ғана емес, сонымен қатар адам өміріне де қауіпті болып келеді.

Мен өткен өндірістік тәжірибенің, яғни, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығында»қауіпсіздік техникасы туралы, еңбек қауіпсіздігі туралы ережелер, өрттен сақтану нұсқаулары, өрт сөндіруге арналған инвентарь және оны қолдану ережесі; уланған кезде, күйіп қалған жағдайда, электр тогы соққанда көмек беру жолдары және тағы басқа жазатайым жағдайға ұшыраған кезде адамдарға алғашқы көмек көрсету шаралары бәрі де қарастырылған.

Еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және жұмысты орындауға жіберілген адамдардың еңбегін қорғау жауапкершілігі кәсіпорын, мекеме басшыларына жүктелген.

Еңбек қорғау жөніндегі стандарттар, ережелер мен нормалар.Мемлекет өзі өкілеттік берген органдар арқылы, ғылыми негізделген стандарттар, нормалар мен ережелер негізінде өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін талаптар белгілейді. Жұмыс берушілерге белгіленген стандарттардың ережелер мен нормалардың кәсіпорындарға қамтамасыз етуін, сондай–ақ ұжымдық шарттара белгіленген өз міндеттемелерінің орындалуын, еңбекті қорғау жөніндегі күшіндегі заңнамада көзделген кепілдіктерден төмен емес деңгейдегі қызметкер құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері заңнамада және басқа нормативтік актілерде, ұжымдық шарттарда белгіленген еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормалардың талаптарын сақтауға міндетті.

Адам ағзасы мен денсаулығына әсері бойынша токсикологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, шикі заттарды, материалды қолдануға тыйым салынған.

Пестицидтерді қолданғанда еңбек қорғау жұмыстары:

Жаздық бидай дақылына қолданылатын улы химикаттармен жұмыс істеу кезінде қоршаған құралдардан пайдаланып, адамдар тыныс алу органдарына, терісіне, көзіне және киімдеріне препараттарды тигізбеуіне болады. Тыныс жолдарын қорғау үшін химикат шаңына қарсы распираторлар мен противогаздар немесе тамшы түрінде болып, физика – химиялық қасиеттері жағынан буланбайтын болса, әрі олар белгілі дәрежеде ауада шоғарланбаса ғана киіледі. Ал улы химикаттар теріге, көзге зиянын тигізбес үшін арнайы қорғаныш киімдері, аяқкиімдер, қолғаптар және қорғаныш көзілдіріктер киген жөн. Арнаулы киім жұмыс аяқталғаннан кейін күнде пестицидер мен шаңнан тазарту үшін қағылады немесе ашық ауада, қалқа жаппа астына ілініп қойылады немесе 8 – 12 сағат кептіріледі. Арнайы киімдер кірлеу дәрежесіне қарай 6 жұмыс күні кезінде алмастырылып, жуылып тұрады.

Жер жүзінде халық шаруашылығының барлық салаларында химия ғылымдарының жетістіктерін кең көлемде қолдану адамдарға қоғамдық, материалдық және рухани өмірінің қоршаған ортамен тығыз және күрделі байланыстарын түсінуге көмектеседі.

Химикаттардың биосфераға деген жағымсыз әрекеттерін жою үшін әрбір шаруашылық тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қалай, қай уақытта, қандай мөлшерде және қандай зиянкестерге қарсы қолдану керек екендігі көрсетілген ұсыныстарды басшылыққа алу тиіс. Егер өсімдіктердің зиянды организмдерін жоюға қолданылатын химикаттарды сол ұсыныстарда көрсетілгендей етіп пайдаланса, олардың табиғи ортаны ластамай, жалпы тіршілікке зиянын тигізбей дақылдар өнімін молайтуға, сондай–ақ аман сақтауға үлкен көмегінің тиетіндігіне ешбір күмән келтіруге болмайды.

Ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нұсқаудың барлық талаптарына, еңбек гигиенасына, шаруашылықтың тазалығына, өрт қауіпсіздігіне, химикаттарды сақтауда, қоршаған ортаны қорғау, химикаттарды тасымалдау және оларды қолдануда қауіпсіздікті сақтау басты мәселелері болып табылады.

Өсімдіктің аурулары, зиянкестер мен арамшөптерге қарсы күресу үшін ауыл шаруашылығында химиялық күресу жолдары көп қолданылады. Химиялық шаралар кең ауқымдылығымен, жоғарғы тиімділігімен ерекшеленеді. Бірақ кейбір пестицидтер адамдарға, араларға пайдалы, ал буын аяқтыларға, жануарларға, құстар мен балықтарға улы әсер етеді. Бірқатар пестицидтердің жанғыштық, ұшқыштық қасиеттері қоршаған ортаны ластайды.

Кейбір пестицидтердің химиялық әсерлі заттары тұрақты болып, организмге қоршаған ортада жинақталғыштық қасиеті бар. Соған байланысты, пестицидтерді қолдануда, тасымалдауда, сақтауда барлық ережелерді қатаң сақтау керек.

Пестицидтерді организмге қауіпті әсерінің дәрежесін 4 класқа бөледі:

1. Өте қауіпті;

2. Қауіптілігі жоғары;

3. Қауіптілігі орташа;

4. Қауіптілігі аз.

Еңбектің қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге және оны жеңілдетуге шаруашылықты кешенді механикаландыру және ауыл шаруашылық машиналар мен құрал саймандарды қолдану маңызды роль атқарады.

Шаруашылықта өсімдік қорғау шараларына байланысты жұмыстарды өсімдік-қорғау агрономиялық басшылығымен жүргізіледі. Жұмыс істеуге кәмелетке толған, медициналық тексеруден өткен адамдарға ғана жіберіледі. Жұмысшыларды жұмысқа кіріспес бұрын өсімдік қорғау мамандарының нұсқауларымен танысып, қауіпсіздік техникасы журналына қол қояды, мас күйіндегі адамдар жіберілмейді. Жұмыс орында жеке бастың гигиенасын сақтау қажет. Тамақтануға, ішуге, темекі тартуға болмайды. Химикаттармен жұмыс істеуге жұмысшыларға арнайы киімдер: комбинизон, фартук, резеңке етік, әмбебап респиратор РУ60 М ГОСТ 172697, көзілдірік, қолғап беріледі. Жұмысшыларға, сонымен қатар, дәрі-дәрімектер таза сүлгі мен сабын берілуі тиіс.

Жабық алаңда пестицидтерді қолданғанда қауіпсіздендіру талаптары:

Пестицидтерді қолданумен байланысты жұмыстарды арнайы мамандандырылған бригадалар жүргізеді. Өңделген жабық жайда белгі соғып қауіпсіздендіру белгісін қою керек. Белгіде өңдеу жүргізілген күнді белгілеу қажет. Жабық және ашық жағдайдағы көкөніс дақылдарының барлық түрлерін өңдегенде жұмысты арнайы зауытта жасаған препараттан жасайды. Өңдеу жұмысы кешке жүргізіледі. Жұмысты ерітінді арнайы орында, арнайы жабдықталған заправка жасайтын пункттарда жасалынады.

Бүріккіштің резервуарында ерітіндіні қолмен толтыруға болмайды. Пестицидтермен өңдегенде, жұмысшылар бір-бірімен 5-6 метр қашықтықта жүру керек. Өңдеу жұмысынан кейінгі күту мерзімі пестицидтердің түрлеріне, препарат шығымына, ауада рұқсат етілген концентрациясына байланысты. Препараттарды сыртқы қораптан алатын не машинаға тиейтін арнайы алаң болуы керек. Ол тұрған ел орталығынан, мал фермаларынан, су көзінен және дән, пішен, шөп қоймаларынан 200 м қашықтықта орналасуы керек.

Улыдәрілерменжұмысістегеннен кейін, ең алдымен қолдыкальциленген сода аралас сумен (0,5 кг соданы бір шелек суға ерітіп) жуып, содан кейін респираторды, әдейі киген киімдерді шешеді. Шешкен киімді тазалап, тұрақты орынға қояды. Бұндай киімдерді үйде немесе қоғамдық орындарда сақтауға болмайды. Пайдаланған киімдерді бірден суға салып жібітіп, сосын қайнатып, сода салған сабынды сумен жуады.

Препараттың қалдығын басқа тұрған дәрілермен бірге арнайы орынға қойып, жабық жерде сақтайды. Бұл дәрілердің қорабында жазылған этикеткасы болып, онда дайындалып шыққан уақыты, препараттың аты, пайдалану мөлшері жазылады.

Кенеттен уланған адам байқалса, оған дереу бірінші жәрдем көрсету қажет, ол адамды ауасы жақсы жерге апарып, респираторын, киімін шешіп, бірінші көмек ережелері бойынша шара қолданылады. Егерде көзге ерітіндісінің тамшысы тисе, сумен бірнеше рет жуу керек. Асқазанға дәрі енсе, 2-3 рет 6-10 стақан жылы марганец қосылған су ішкізіп, құстыру керек. Бірінші көмектен кейін жақын жердегі дәрігерлік бөлімге шұғыл жеткізіледі [101, 102].

Қазақстан Республикасында Еңбек қорғауды ұйымдастыру шаруашылықты басқарушылардың негізгі ережелерінің бірі болып саналады. Қазіргі таңдағы деңгейге сай ауылшаруашылық жұмыстары еңбек шарттарымен тығыз байланысты. Соңғы жылдары ауылшаруашылық үшін өсімдік қорғау және өндіріс заттары, яғни машина, техника, механизмдер, құралдар, комбинезон, қорғаныш көзілдіріктері, қолғаптар және т.б. көптеген шет ел фирмаларының пайда болуына байланысты дұрыс жолға қойылған.

Олардың міндеттемелеріне кіретіні:

· ауыл шаруашылық техникаларды (машиналар мен тракторларды) және пестицидтерді сақтау туралы техникалық қауіпсіздендіру шаралар мен жұмысшылардың білімін жетілдіруді жүргізу;

· көлікте және тракторларда пестицидтер мен жұмыс жасауға құқысы және куәлігі жоқ адамдарды жұмысқа жіберуге болмайды;

· бастапқы инструктажды практикада дамыту өндірістегі бөлмелердің тазалығын және техника жабдықтарының және техника қауіпсіздігі мөлшерін, заңдылықтарының орындалуын қарау керек;

· еңбекте сауықтыру және олардың уақытында қамтамасыз етілуі шараларына талдау жасау;

· жұмысшылардың арнайы киімдер, аяқ киімдер, сабын, қайнаған су және арнайы тамақтандырудың мөлшерге сай келуімен қамтамасыз етілуін бақылау және төтенше жағдай болған әр жерге тексеруді жүргізу.

Жұмысшылар негізгі ауылшаруашылық жұмыстары жүргізген кезінде және өсімдік қорғау шараларын ұйымдастыруды жүргізгендегі олар сыртқы ортаға әсер етеді.

Төтенше жағдайдан сақтау үшін барлық шаруашылықта жұмыстардың әр түріне байланысты техника қауіпсіздігі туралы инструктаж жүргізіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Ескелді ауданының шаруашылықтарын тексеру барысында кең таралған қауіпті аурулардың бірі – гельминтоспориозды тамыр шірігі (Helmіnthosporіum satіvum). Кесел белгісі тұқымның өну, өскін, түтіктену және гүлдеу кезеңдерінде білінеді. Сонымен қатар жаздық бидай егіс алқабында сызықты тат (Puccinia graminis Pers.f.tritici Eriks.), септориоз (Septoria graminum Desm.) және ақ ұнтақ (Erysiphe graminis DC) аурулары кездесті.

2. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінің көрсеткіші бойынша жаздық бидайда сары тат 10%, септориоз 9%, ақ ұнтақ 12% таралды. Шаруашылықтарда гельминтоспориоз ауруының таралуы Көкжазықта 5%, Қараталда 6% құрып, ал Ескелді шаруашылық қожалығының егісінде 18% жетті.

3. Тамыр шірігінің қоздырғышы Helmіnthosporіum satіvum – саңырауқұлағы. Залалданған өскіндердің колеоптиль ұлпасында түсі сары немесе ашық-қоңыр сызықтар мен созылған дақтар пайда болады. Сонымен қатар өсімдік тамырлары мен жер асты буынаралықтары залалданады. Дақтар өсе келе сабақты орап, ұлпалары шіріп, залалданған бөліктен иіліп сынады.

4. Тамыр шіріктеріне қарсы қолданылған дәрілеуіштердің биологиялық тиімділігі эталонмен салыстырғанда винцит экстра мен винцит форте нұсқаларында көрсеткіш - 80-84% құрады. Спектр препараты ауруға қарсы жоғарғы көрсеткіш көрсетіп биологиялық тиімділігі 92% жетті.

5. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей бақылаудағы өнім 10,0 ц/га құраса, винцит фортемен өңдеген нұсқада өнімділік 1,0 ц/га, винцит экстрамен өңделген нұсқада өнімділік 2,0 ц/га, ал спектрмен өңдегенде 3,0 ц/га артты.

6. Ауруға қарсы қолданылған препараттардың тиімділігін жаздық бидайды өндіруге жұмсалған әрбір қосымша шығындардың эталонда 1,5, ал тәжірибеде 3,2 есе өтелуі дәлелдейді.

 

 

 

 

Date: 2015-09-20; view: 6350; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию