Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жж реформа





Ылым мен мәдениет

Қазақтар Ресейдің қол астына өткен бойда-ақ өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеу үрдісібасталды. Зерттеужұмыстарымен ғылыми мекемелер де, жеке адамдар да айналысты. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақ фольклоры, генеалогиялық (шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектерін жазды.Қазақстанды XVIII ғасырда кешенді зерттеудің алғашқы әрекеттері М.В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке аумағын зерттейтін ғылымиэкспедициялар ұйымдастырудың және оның географиялық картасын жасаудыңбастамашысы болды.1768—1774 жылдары Қазақстанға жіберілген алғашқы экспедициялардың бірін академик, табиғат зерттеушісі П.С Паллас (1741 — 1811) басқарды. Ол экспедицияның жұмысына белгілі ғалымдар, саяхатшылар И.П. Фальк және И.Г. Георги қатысты. Экспедиция бағыты Солтүстік-батыс, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның жерлерін басып өтетін болып белгіленді.Бұл экспедиция жұмысының нәтижесі ретінде П.С. Палластың «Ресей империясының әр түрлі провинциялары бойынша жасалган саяхат» атты үш бөлімнен тұратын еңбегі жарық көрді (СПб., 1773). Онда қазақ халқының тарихы мен этнографиясы жөнінде құнды материалдар бар.Зерттеуші ғалым И.Г. Георги Қазақстан аумағына дербес экспедиция ұйымдастырды. 1796 жылы ол «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың, сондай-ақ олардың тұрмыстық әдет-ғұрыптарының, тұрғын үйлерінің, киім-кешектерінің және басқа да назар аударарлық ерекшеліктерінің сипаттамасы» атты жан-жақты да байсалды жазылған жұмысын әзірлеп, жария етті. Ол кітапта қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен салт-жоралары, сондай-ақ шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы аса құнды деректер келтірілген.

 

жж реформа

Ресейдегі капитализмнің қарыштап дамуы ұлт аймақтарының, соның ішінде Қазақстанның рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат пен арзан рынок көзіне айналды. Қазақстан өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін қазақтарды басқаруды Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.Қазақстандағы буржуазиялық реформалар бағыты Ресейдің қазақ даласындағы ұстанымын нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы басқару жүйесі ескіріп, жергілікті басқару шекаралық басқарумен бірігіп кеткен еді.1867—1868 жылдары Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен 6 облысқа кірді. Қазақстандағы отарлаушы әкімшіліктің жоғары өкілі — генерал-губернаторлар болды. Олар өлкенің бүкіл әкімшілік-полициялық аппаратын басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап берді. Басқаша айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады, яғни 1867—1868 жылдары реформа бойынша Батыс Сібір,Орынбор, Түркістан өлкелерінің басшыларына неғұрлым басым құқықтар берілді:әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.);сот функциясы (уездік соттарды бекітті).

Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына кең құқықтар беріледі, себебі Ұлы жүз Ресей империясына ең соңында кіргендіктен, өлкенің қашықтығынан көрші елдермен дипломатиялық қатынас орнату сияқты, т.б. міндеттерді атқарды. Облысты әскери губернатор басқарды. Үш билік: әкімшілік, сот билігі ісіне бақылау, әскери билік әскери губернаторлардың қолына жинақталдыЖергілікті тұрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан жасалды. Бұрынғы түтін салығына земстволыы алымдар қосылды. Олардың мөлшері де жылдан-жылға өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық өкімшілікті ұстауға, көпір, жол жөндеу мен дайындауға жұмсалды.Көшпелі және жартылай көшпелі тұрғындардың негізгі салығы 1865 жылы 1,50 т болса, 1882 жылы 4 сомға жетті. Олар тағы да земстволық немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті ұстау үшін), т. б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды.

Әрбір қазақ шаңырағы мынандай мөлшерде салық төлеп тұрды:

түтін салығы — 4 сом,земство салығы — 1 с. 25 т.,қоғамдық салықтар (жеке салықтар) — 1 с. 25 т.;мектептерге — 50 т., барлығы 7 сомды құрады.

Date: 2015-07-22; view: 1621; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию