Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Есептеу машинасының жіктелуіЕсептеу жүйесі немесе желісінің негізін есептеу машинасы құрайды. Сондықтан әрбір есептеу жүйесінің қызметі мен мүмкіндіктерін бірінші кезекте есептеу машинасы анықтайды. Есептеу машиналарын мынадай түрлерге жіктеуге болады: I. ЕМ-дағы сигналдар типтеріне байланысты: - аналогты есептеу машинасы (АЕМ) –– ақпарат үздіксіз (аналогты) формада беріледі. Жылдамдығы жоғары, тар көлемді тапсырмалар кластарын шешуге арналған (әр тапсырманы шешу кезінде аппаратураны сол тапсырмаға бейімдеп отыру қажеттіліг жиі туындайды); - электронды цифрлық есептеу машинасы (электронды есептеу машинасы) ЭЦЕМ (ЭЕМ) – ақпарат дискретті формада (екілік) өңделеді. АЕМ-мен салыстырғанда жылдамдығы едәуір төмен, аппаратураны жұмысқа қосымша бейімдеусіз, тапсырманың кең көлемін шешуге мүмкіндік береді.; - гибридті есептеу машинасы (аралас есептеу машинасы) ГЕМ (АЕМ) – аналогты, сондай-ақ цифрлық блоктарды да қамтыйды. II. Есептеу қуаты бойынша былайша жіктеледі: - есептеу жүйелері – бір немесе бірнеше түрлі ЕМ-наың үлкен санынан тұрады – бірнеше тапсырманы, түрлі программалардың жұмыс нәтижелерін түзете алу мүмкіндіктерін қамтый отырып шешуге арналған; - қуатты ЕМ (жоғары және өте жоғары қуатты ЕМ) –үлкен көлемді талап ететін, желілік құрылымдар жұмыстарын басқару үшін (провайдерлер және т.б.), ғылыми-техникалық есептерді шешу үшін белгіленген; - орташа қуатты есептеу машиналары – шағын тапсырмаларды шешуге (ғылыми-өнеркәсіптік), басқару тапсырмаларын шешу үшін, жергілікті желі жұмысын (файл-сервер) басқару үшін белгіленген; - дербес ЭЕМ (ДЭЕМ, компьютерлер) – бір мезгілде бір қолданушымен жұмысқа арналған; - тіркелген ЭЕМ (шағынЭЕМ) – тапсырманың шектелген көлемін (бір ғана тапсырманы) шешуге арналған (автомобиль компьютері және т.б.). III. Қызметі бойынша: - әмбебап ЕМ – түрлі тапсырмалардың кең көлемін шешуге арналған; - мамандандырылған ЕМ – тар көлемді тапсырманы шешуге арналған (мысалы, жасанды зердемен байланысты тапсырманы шешуге арналған, және т.б.).
|