Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






АҚША МАССАСЫ





Ақшадан басқа қаржы құралдарына акция мен облигация жатады. Облигация – бұл облигация ұстаушыға жарты жылда бір төленетін пайыз түріндегі тұрақты табысқа кепілдік беретін қаржы құралы. Облигация көмегімен мемлекет немесе жеке корпорациялар үй шаруашылықтарынан ақшаны қарызға алады.

Акциялар – акция ұстаушыларға корпорация пайдасынан дивиденд түріндегі табысты қамтамасыз ететін қаржы құралы. Қаржы құралдарының маңызды белгілерінің бірі болып олардың өтімділігі-қолма қол ақшаға ауыстырылу қабілеті табылады.Ақша абсолютті өтімділікке ие.Кез келген облигация не акцияны қолма қол ақшаға аудару күрделі.Қаржы құралдарының өтімділігі неғұрлым төмен болса,соғұрлым шығындалу тәуекелі жоғары.Экономикалық теорияда қаржы нарығы әдетте екі бөлікке бөлінеді-ақша нарығы және капиталдар нарығы.Ақша нарығында келісімдер қысқа мерзімді бағалы қағаздармен жасалады. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар деп қарызды жабу мерзімі бір жылдан аспайтын бағалы қағаздарды атаймыз.Капиталдар нарығы қарызды жабу мерзімі бір жылдан асатын бағалы қарыздармен келісімдерді біріктіреді.

Инфляция – бұл ақшаның алтынмен байланысты үзгеннен кейінгі қағаз ақша айналымының ауруы. Мұндай жағдайда айналымда жүрген қағаз ақшаның көлемі ерекше маңызды болады: егерде ол тауар айналымы қажеттілігенен асып кетсе онда инфляция артық ақша шығарудың нәтижесі ретінде шығады. Шынында, инфляция – нарықтық экономиканың өзіндік ерекшелігі бар қағаз ақшаның «ісігі».

Нарықтық экономика үшін инфляция өте қауіпті. Барлық деңгейдегі бағалардың жалпы көтерілумен көрінетін инфляцияның мына төмендегідей кемшіліктерге әкеліп тайстайтыны бар.

Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция -қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән кұбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялык құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

"Инфляция" қабару, көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, кауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және с.с. кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт "көтеріліп", қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соктырады.

Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.

Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар - ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шама-дан тыс ақша шыгаруға байланысты айналыстағы ақша массасынын көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютанын курсын бірқалыпта ұстау ушін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттык валюта-ныя қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.

Екінші топка тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін акшалы емес факторлар жатады. Олар: қоғамдык ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі, шаруашылык механизмінің шығындылығы, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралары және с.с. факторлар.

Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады: а) баяу; ү) қарқынды; б) ұшқыр. Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% - дан аздау) өседіү Инфляция 2-3 % болған жағдайда, нарық ұшін орынды құбылыс болып табылады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи (жылында 20-дан 200% - ға дейін) өседі. Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен (500-1000%) өседі.

 

Несие-банк жүйесі.

Қарыз нарығы – қаржы нарығының бір бөлігі. Ұдайы өндіріс процесіне уақытша қатысуға пайдалану үшін еркін қалған ақша қорлары өткерілу (өткізу) объектісі міндетін атқарады. Қарыз нарығы еркін қалған қайта бөліп, жаңадан ақша ресурстарын құрайды.

Банк ұсынатын несиелер - қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұсақ мерзімді болып жіктеледі.

Несиенің бірнеше түрлері бар: а) банктік, ә) чектік, б) коммерциялық, в) тұтыну, г) халықаралық..

Несиенің өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді. Экономикалық көзқарас тұрғысынан, банктер - несие-қаржы мекемесі. Банктың негізгі қызметі тұрғандар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың еркін ақша қорларын тартып, қорландыруды жүзеге асыру.

Коммерциаялықбанктер әртүрлі меншік негізінде құрылады. Олар – акционерлік, кооперативтік, шетел банккапиталының қосылуымен жеке банк де болуы мүмкін.

Коммерциялық банктің классикалық қызметі вексельдік айналымға негізднлген.

Берілген қарыз бойынша алынған пайыз жиынтығы, басқада жүргізген операциялар табысымен бірге және осыдан банк шығынын алып тастағандағы қалдық банк пайдасы болады. Банк пайдасының аты маржа деп аталады.

Банкке табыс әкелетін операцияны – активті (қарқынды); ал ақша капиталын қосу арқылы жасалған операцияны - пассивті деп атаймыз.

Активті (қарқынды) операциялар: вексельді, тауар ішіндегі қорлық (қаржылық) және баланстық операция болып бөлінеді.

Осы операциялардың бастысы – вексель есебі мен вексель бойынша қарыздар беру болып табылады.

Банктің қорлық операциялық бағалы қағаздар-акция, облигация арқылы жүзеге асады. Бұл операцияларға бағалы қағаздар кепілдігі мен қарыз беру, банк инвестициясы жатады.

Соңғы 10-15 жылда банк қызметінде операцияның жаңа түрлері белең ала бастады. Олар: лизинг, факторинг, қаржы-трастық операциялар.

Лизинг (ағылшын сөзі) мүліктерді (машина, ірі құрал-жабдықтар т.б.) уақытша пайдалануға алу немесе беру.

Факторинг – қаржы коммерциялық қызметтің бір түрі. Сондай-ақ банк өз клиентінен құқықты сатып алып, оған ақшалай қарыз болғандарды өндіреді.

Коммерциялық банктің жеке және заңды тұлғалар мүліктерін басқару жұмысын – трастық операция дейміз.

4. Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы.

Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Бағалы қағаздар табысты иелеріне дивидент түрінде әкеленеді.

Капитал салудың сенімділігіне, табыс әкелудің тұрақтылығына тек облигация ие бола алады.

Облигацияның бірнеше түрі бар: мемлекеттің ішкі және жергілікті займ облигация, мақсатты займдар обликациясы, аймақтық облигация, аймақтық облигация және кәсіпорын (фирма) облигациясы.

Акция – акционерлік қоғамның мүлкіне белгілі пайды салғанын қуаттайтын бағалы қағаз және оның иесіне пайданың бір бөлігін дивидент түрінде алу құқын береді.

Акцияның номиналды құны мен нарықтық бағасы бар.

Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі: есімді және өкілді, жай, жеңілдікпен пайдаланатын, бір дауысты, көп дауысты, дауыссыз болып қолдананылады.

Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы, кәсіпорын акциясы және акционерлік қоғам акциясы.

Акцияның сатылу және сатып алу бағасын акция курсы дейміз. Ол былайша анықталады:

 

Акция курсы = (Дивиденд / Қарыз пайызы) × 100 %

 

Бағалы қағаздар сауда-саттығынан орталығы қор биржасы болады. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті қатаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын түрақты орын.

Биржалық курс дегеніміз – қор биржасы айналымындағы бағалы қағаздың сатылу бағасы.

Чек - қайта түрде бекітілген құжат.

 

Қаржы жүйесі қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институтардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

Мемлекет қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшілігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Бюджет жүйесі – түрлі деңгейдегі бюджеттердің экономикалық қатынастары мен заңдық нормаларға негізделген жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесі. Бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру.

Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден – мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады.

Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Ең алдымен бюджетте мемлекттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.

Жергілікті бюджет. Жергілікті өкілдікті органдардың қаржы базасы, олардың қажетті шараларды қаржыландыруға арналған қаражатын қалыптастырудың негізгі жоспары.Оларға облыстық,қалалық (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар),аудандық бюджеттер және экономикалық аймақтардың бюджеттері жатады.Жергілікті бюджеттен жергілікті өкімет органдары жүзеге асыратын, жергілікті ж/е аймақ аралық мәні бар экономикалық, әлеуметтік,мәдени және басқа бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру жоспарланады. ҚР әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық, жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады. Жергілікті бюджетке жоғары деңгейдегі бюджеттерден дотациялар, субсидиялар, субвенциялар түрінде қаражат берілуі мүмкін.

Субвенция - жоғары дейгейлі бюджеттен белгілі мерзімге және нақты мақсатқа бөлінетін ақшалай сома.

Субсидия – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін әдетте біржолғы жәрдем ақы.

Жергілікті өкілдікті органдар өздеріне жоғары тұрған бюджеттерден берілген қаражаттан және мақсатты қаржы ресурстарынан басқа бюджет қаражатының пайдаланылу бағытын дербес айқындайды.

Республикалық бюджет – жалпы республикалық мәні бар шараларды қаржыландыру үшін қаражатты құраудың негізгі жоспары. Оның кірісі жергілікті бюджетке аударылатын бөлігі шегерілген жалпы республикалық салықтар мен кірістер, экспортқа, импортқа салынатын салық, кеден алымдары мен баждары.

Республикалық бюджеттің шығысы мыналарды қаржыландыруға жұмсалады: республикалық меншікке жататын нысандарға жұмсалатын күрделі қаржы, табиғат қорғау шаралары, халықты арнаулы қорғау жөніндегі жалпы республикалық бағдарламалар. Мемлекеттік өкіметпен басқару органдарын, соттарды, құқық қорғау органдары мен прокуратураны, ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға жұмсалатын шығындар.

 

А. Смит салық салудың төрт принципін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық, салудың негізін құрайды.

1. Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға (қардыландыруға) катысады.

2. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек.

3. Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен толеуші үшін ынғайлы кезде барлығын төлейді.

4. Әрбір салык ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс.

Экономикалық мазмұны тұрғысынан салык дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан занға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз.

Салық салудың мынадай принциптері бар:

- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;

- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.

Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:

- фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру, кызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды;

- бөлу кызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардын арасында, территория, облыс аудандар бойынша жүргізеді;

- реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропориияны реттейді;

- ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалык прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады;

- шектеу қызметі, мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс гүрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді;

- бақылап-есептеу кызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінін табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салық сииаты тұрғысынан тікелей және жанама болып бөлінеді.

Тікелей салык;

Жанама салыкты;

Салық өсімі үш түрге бөлінеді.

Бірінші түрі - прогрессивтік салық өсімі.

Екінші түріне салық осімінің пропорционалды өсім жатады.

Үшінші түрінде - регрессивтік салық есімі жатады.

Қазакстан Республикасында жалпы мемлекеттік салықтар бар.

Жалпы мемлекеттік салыққа жататындар.

Жергілікті салық пен алымға жататындар.

Салықтардың ішіндегі - салығы ерекше орын алады.

Американ экономисі Артур Лаффер 80-ші жылдардың басында осы мәселені қарап, мынандай ой түйген: салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсендетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермейді.

Date: 2015-07-10; view: 900; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию