Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ГЛОССАРИЙ. Экономикалық теория негіздері » пәні бойынша





Экономикалық теория негіздері» пәні бойынша

Экономикалық емес мамандықтары үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013

 

 

ГЛОССАРИЙ

Абстрактылы еңбек – тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі, яғни құн жасайтын еңбек. Абстрактылы еңбек белгілі бір өндірістік қатынастарды, тауар өндірушілер қатынасын білдіреді.

Абсолюттік рента – ол барлық жерден және топырақтың құнарлығына, тұрған жеріне байланыссыз алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болуы салдарынан жер қожасы иемденеді.

Акциз – жанама салықтың түрі. Ол тауар бағасына немесе көрсетілген қызметтер үшін белгіленген тарифке кіреді.

Акционерлік қоғам -акцияларды сату арқылы ақша қаражаттарын біріктіру (жеке капиталды, мемлекеттік қаражаттар, жеке жинақтар) нәтижесінде пайда болатын ірі кәсіпорын.

Акция – иесіне акционерлік қоғамның пайдасының үлесін алуға және оның істерін басқаруға құқық беретін бағалы қағаз.

Ақша – айырбастау қасиетіне ие жалпыға бірдей құндылық, ерекше тауар.

Баға – тауардың ақшалай көрінісі.

Банк — уақытша бос ақша қаражаттарын үйлестіретін қаржылық кәсіпорын.

Банкнот – мемлекеттік банк шығаратын нақтылы тауар мен материалдық игіліктерді бейнелейтін және айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер.

Банкрот – бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым.

Бәсеке — нарықтағы жақсы жағдайларға ие болу үшін күрес, тартыс.

Биржа- ақша-сауда ісін жүргізетін мекеме. Бұл жаппай көпшілік қолды стандартты не үлгі түріндегі тауарларды (астық, мақта, кофе, түсті металл т.б.) котерме нарықта сату, мұнда бағалы қағаздар да (акция, облигация, вексель), шетелдік валюта да сатылады.

Брокер – бұл тауар өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдық сауда қызметтерін көрсетуге барлық кезде әзір маман.

Бизнес – заңға қайшы келмейтін әдістер арқылы пайда алу мақсатындағы кәсіпкерлік қызмет.

Валюта – бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі бірлігі (теңге, доллар евро, йена т.б.)

Вексель -даусыз ақшалай қарыздық құжат.

Венчурлық фирма – «тәуекел» технологияны өндіріске енгізу үшін қрылатын «тәуекел» кәсіпорны. «Тәуекел» технологияға біршама тәуекелге баруға тура келетін өнертапқыштар, пайдалы үлгілер т.б. жаңалықтар жатады.

Девальвация – қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналымнан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығарады.

Демпинг – бәсеке күрес түрлерінің бірі. Тауарларды әдейі арзандатылған бағамен шетелге сату, сөйтіп бәсекелестерді ығыстыру және сыртқы нарықты иемденуге жәрдемдесу.

Деноминация – ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.

Депозит – банкте сақталатын кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың салымдары

Дефляция - артық қағаз ақшаны айналымнан алу арқылы ақша айналымын тұрақтандыру әдісі.

Дедукция – жалпыдан нақты экономикалық факторға жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

Дивиденд – акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, акция иесінің алатын табысы.

Дотация – шығындарды өтеу үшін кәсіпорындарға берілетін мемлекеттік ақшалай жәрдем

Жалақы – қызметкерлердің белгілі бір уақыт кезеңінде алатын ақшалай немесе заттай нысанындағы төлемдерінің жиынтығы. Түрлері: атаулы жалақы – қызметкерлер белгілі бір кезеңде алатын төлемдерінің абсолюттік сомасы; Нақты ж. – атаулы емес жалақының осы деңгейде алынуы мүмкін қызметтің саны, ең төмен деңгейдегі жалақы – кәсіпорындарда жалақыны есептеу мен жоспарлау кезінде негізгі және қосымша жалақы түрлеріне бөлінеді.

Жәрмеңке -сауда – саттық ұйымдастырылған жер.

Жер кадастры – белгілі бір жерде алынатын салықты, төлемді есептеу үшін сол жердің сапасын, құндылығы мен тиімділігін анықтау әдісі. Жер бағасы кадастр арқылы белгіленеді.

Жеке табыс – бұл үй шаруашылығы иелігіндегі және мемлекеттік салық міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.

Жиынтық сұраныс - бұл үй шаруашылығы, фирма, мемлекет, шетелдердің экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы сұранысы.

Жиынтық ұсыныс - бұл фирмалар жағынан тек өнiмдi ұсынумен шектелмейдi, мемлекет жағынан қоғамдық игiлiктердi ұсынумен қатар экономикадағы тауар және қызмет көрсетулердің жалпы ұсынысы.

Инвестиция – пайда, не түрлі табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына: кәсіпорындарға (өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т.б.) күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.

Индукция – факторлардан болып жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

Инфрақұрылым – экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін шаруашылық салаларының жиынтығы.

Ипотека – қозғалмайтын мүліктерді (жерді, үйлерді, құрылысты) кепілге алу арқылы банктердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы.

Капитал -қосымша құн әкелетін материалды – заттай құндылық.

Кәсіпкерлік - тәуекелге бара отырып, пайда табу мақсатындағы адамның инициативалық іс-әрекеті

Қаржы -ақшалай қорларды қалыптастыру, тарату, қайта тарату және пайдалану бойынша экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы

Қаржылық жүйе – қаржы ресурстарын аккумуляциялау әдістерінің жүйесі.

Қор биржасы – бағалы қағаздарды сату – сатып алу әрекеттері жүретін мекеме.

Құнсыздану - бағалар деңгейінің өсуі әсерінен ақшаның құнсыздану процесі.

Меншік – қоғамдық өндіріс шарттары мен нәтижелерін өндірушілермен иемдену формасы

Монополия – максималды пайда алу мүмкіндігі бар экономиканың белгілі бір саласында басымдық орын алатын кәсіпорын.

Мемлекеттiң фискалды саясаты - мемлекеттік бюджет, салық салу және мемлекеттік шығындар облысындағы саясат.

Нарық – тауарлардың, сауданың айналымы (айрбасы) жүретін орын.

Пайда – сатудан түскен түсімнің өнім шығаруға кеткен шығындардан артып түсетін сомасы.

Рецессия (латынша reccessus – «шегіну») - өндірістің құлдырауы, өсу қарқынының баяулауы.

Салық - жеке және заңды тұлғалармен мемлекетке міндетті түрде төленетін төлемдер

Субсидия - нақты бір мақсатқа жеке кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қайтарымсыз ақшалай сома.

Тауар – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру қасиетіне ие айырбасталатын зат.

Экономикалық заңдар – адамзат қоғамы дамуның түрлі сатыларында өндіру, бөлу айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.

Экономикалық категориялар – экономикалық қатынастарды зерттеу процесінде экономикалық теория логикалық ұғымдарды қалыптастырады, бұл ұғымдар экономикалық категориялар деп аталады.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық шараларының жүйесі. Экономикалық саясат елдің саяси-шаруашылық, мәдени құрылыс істерін және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту міндетіне бағындырыла жүргізіледі.

Экономикалық теория – қоғамның материалдық игіліктерін өндіру, тарату және айырбастау бойынша қарым-қатынастар жиынтығын зерттейтін ғылым

Экономикалық тиімділік – атқарылған жұмыстың сандық және сапалық көрсеткішін білдіретін ұғым. Өндіріс нәтижесінің өндіріс шығындарына қатынасы арқылы анықталады.

 

Date: 2015-07-10; view: 6998; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию