Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Невроздар: неврастения, истерия, олардың профилактикасы мен емделу жолдарын көрсетіңіз. Маниялар, оның клиникалық сипаттамасын беріңіз⇐ ПредыдущаяСтр 14 из 14 Неврастения. Невроздың белгілі үш түрінен неврастения жиі кездеседі. Бұл ауру туралы XIX ғ-дың 60-шы жылдары Бирд жазған. Неврастения – бұл ызаланулы әлсіздікпен, жоғары титықтаумен, вегетативтік нерв жүйесі қызметтерінің бұзылуымен бірге жоғары қозумен қосарлана сипатталатын невроз. Неврастенияның пайда болу себебі нерв жүйесінің ұзақ уақыт зорлануымен байланысты. Неврастения кезінде тәулік соңына қарай пайда болатын диффузды бас ауруы, кейде тәбет нашарлау, асқазан қыжылы, кекіру, іш кебуіне шағымдар болады. Неврастенияның маңызды симптомы поллакиурия (зәр шығаруға жиірек шақыру), жұмыс қабілетінің төмендеуі, ұйқының бұзылуы байқалады. Сырқат ұйқыдан тұрғанда өзін тыныққандай сезінбейді. Емдеу. Ең алдымен мүмкіншілігіне қарай аурудың себебін жою керек. Бұл үшін ауру адамға тыныш жағдай жасау керек. Оған 4-6 апта демалыс алуын немесе жұмыс көлемін азайту ұсынады. Тыныштандыру ретінде жылы ванналар, жылы душ ұсынылады. Ұйқы бұзылғанда, транквилизаторларды беруге болады. Ұйқы қатты бұзылған кезде тизерцин 0,012-0,006 беріледі.Ауру адамның жалпы соматикалық жағдайын дұрыстап, неврастенияны дамытатын соматикалық ауруларды емдеу керек. Профилактикасы. Ең алдымен аурудың себептерін жою керек. Көбіне адам көп жұмыс істегендіктен емес өз уақытын дұрыс пайдалана алмағандықтан ауырады. Күндік, апталық, жылдық демалысты дұрыс пайдалану, ұйқының бұзылмауын қадағалау керек. Балалар неврастениясының алдын алу үшін оқу кестесін жасаған кезде қиын сабақтар жеңіл сабақтармен аралас болуы керек. Истерия. Истерия — психологиялық зиянға қарсы қорғаныс реакциясы. Истериялық неврозда соматовегетативтік, сенсорлық және қимылдық бұзылулар болады. Бұл ауру жас кезде және әйелдерде, әсіресе психопатия истериялық шеңбердегі адамдарда жиі п.б. Кез келген адамда истериялық невроз болуы мүмкін. И.П.Павлов зерттеулері бойынша истериялық невроз жоғары нерв қызметі жағынан көркем типті адамдарда жиі п.б., басқаша айтқанда бірінші сигналдық жүйе басым болғанда. Истериялық белгілер жүректен, асқазаннан білінетін ипохондриялық шағым ретінде кездеседі.Ондай адамдар ашу-ланшақ, ызақор, қыңыр, өз айтқанын ғана жоғары бағалап, кейде тіпті өтірік айтуға дейін барады.. Емдеу. Ең алдымен ауру тудыратын себепті жою не азайту керек. Кейде айналадағыларды өзгерту көмектеседі. Истерияны емдеу кезіндегі ең бастысы -адамға ауруды жан-жақты түсіндіру психотерапиясы. Аурудың жекелеген белгілерін жою үшін ұйықтамаған немесе гипноз кезіндегі сендіру әдісі қолданылады. Сөзбен жұбатуды, физиотерапиялық процедуралар мен дәріні қолдануға болады(массаж, новокаин блокадасы). Жекеленген қозғалыс, сенсорлы мутизм, паралич, сурдомутизм сияқты соматовегетативтік бұзылуларды емдеуде тежелуді жою әдісі қолданылады. Сонымен қатар садативті заттар, транквилизаторлар, жеңіл антидепресанттар ұсынылады. Невроз –жүйке жүйелік жән е психикалық бұзылу формаларының бірі. Невроз - бұл жүйесінің шамадан тыс зорлануының нәтижесі, яғни жүйке әрекетіндегі олқылық. Невроздардың себептері әр түрлі: отбасындағы, мектептегі даулы жағдайлар, қорқу, жақын адамнан айырылу, қорқыныш сезімімен байланысты іс - әрекетті күштеніп орындау т.с.с. Невроздардың өту барысы түрліше көрініс береді. Бір формалары түрлі жағдайларға байланысты біртіндеп, жайлап дамиды. Отбасындағы, күнделікті өмірдегі қолайсыз жағдайлар, дұрыс тәрбиенің берілмеуі жүйке жүйесін шиелендіріп, невроздардың қалыптасуына мүмкіншілік тудырады. Ал кей жағдайларда невроз күшті түрде көрінуі мүмкін, яғни жүйке жүйесінің баланың өміріндегі келеңсіз жағдайларына реакциясы. Мектепте күйгелек балалар мына қасиеттерімен сипатталады: қозуы тежелуге қарағанда басым, өте ширақ, сабақта тыныш отыра алмайды, балалардың мазасын алады, зейіндерін бір нәрсеге тұрақтата алмайды, қозғалғыш, шулап отырады, мұғалімнің берген сұрағына ойланбастан жауап қайтарады, сөз - сөйлемдері өте тез, шапшаң. Невроздың бірнеше формаларын ажыратуға болады. Невроз - жанға жара салып, жүйкеге қатты әсер ететін оқиғаны бастан кешу кезінде бала психикасы оған төтеп бере алмаса, ол неврозға ұшырайды. Неврозбен ауырған бала оның психикасына жаман әсер ететін жағдайды қиналыспен қабылдайды. Балаларда байқалатын невротикалық белгілерге: қорқыныш неврозы жабықтыратын жай - күй неврозы, қуық ұстамау неврозы (энурез), тэбеті жоқтық, тілдік невроздар жатады. Сылбыр қозғалыстар неврозы тұйық қозғалыстар деп аталанып, пайдасы аз, мақсатсыз еліктеме қозғалыстардың пайда болуымен сипатталады. Бұл қозғалыстар теңселмелік, мұрнын үқалау, бетін ұстау (қол тигізу, сипалау), бет - ауызды тыжырайту, қолды, иықты, мойынды белгілі бір дәрежеде қисаңдату, тырнақты тістелеу және т. б. болуы мүмкін. Мұндай сылбыр қимылдар баланы қымсынтатын үлкен адам көрінген кезде, сабаққа жауап беруге әрекеттегенде және т. б. жағдайларда көбірек байқалады. Сылбыр қозғалыстар кей кездері қорғаныш жоралғысы сипатына ие болады. Бала «бәле - жалаға» ұшырамауы үшін белгілі бір қозғалысты орындау керектігіне өзін сендіреді. Мысалы, ол ырғып - ырғып алады, бүдан оның көңіл - күйі сәл-пәл көтеріледі. Шамалы уақыттан кейін ол тағы да жан қинап секіргісі келеді. Невроз тудыратын мұндай жай - күйдің қапелімде қалпына келе қоюы қиын, сондықтан бала өзіне аяушылықпен қарауды тілейді. Тұтықпа балалар, сондай-ақ, оларды тәрбиелейтін үлкен адамдардың айрықша ықылас бөлуін керек етеді. Олар үшін емдеп қалпына келтіру шараларының жүзеге асырылуы өте - мөте қажет-ақ. Бұл орайда мұғалім мен тәрбиеші де баламен араласу үшін қолайлы жағдай туғыза отырып, өз үлестерін қоса алады.Тұтықпадан сақтандыру үшін баланың сөздік тапсырмасын жеңілдету керек. Сонда ол есіткенін емін - еркін қайталап, жаттап алған өлеңдерін айтып бере алады. Сөздерді өз бетімен құрастыру қажеттігі жоқ жерде бала тұтықпадан аз азап шегеді немесе мүлде тұтықтырады. Балаға күрделі лексикалық -грамматикалық орамдарды айтқызуға онша үйір болмаған жөн, өйткені сөз мағынасын ұқпау, айтылуы қиын сөздерді айтудан қымсыну, түптеп келгенде, тұтықпаға соқтырады. Егер тұтықпа белгілі бір тілдік даму ерекшеліктерінің негізінде пайда болатын болса, оны логопед жөндей алады. Ал егер ол невроз симптомы болып табылатын болса, онда оны емдеумен психоневрологтың айналысқаны жөн. А.И.Захаровтың пікірі бойынша невроздардың бірнеше түрлері бар. Ол өзінің "Балалар невроздары" кітабында келесі түрлерін ажыратады: қорқыныш неврозы өлім қорқынышынан пайда болады. Ол көбінесе 5-6 жастағы барлық балаларда байқалады. Мұндай жағдайда егерде семьяда өмірге қуанышты эмоциональді атмосфера болса бала бұл жағдайды өзі шеше алады. Егер де бала бұрыннан тынымсыз болса, онда бұл алаңдаушылық өлім қаупін тез күшейтіп жіберуі, осыдан бұл қыздағы сияқты невротикалық қорқыныщ пайда болады. (лифтіден қорқу, оттан, аурудан, машинадан қорқу). Мұның бәрі бір нәрсеге - қорқынышпен; бір жағдай болатын сияқты сезімінен білінеді. Бұған қоса анасынан қорқу, балаға үлкен әсер етеді. Ата - анасының махаббаты мен тірегімен өскен болса өз өмірінің кризистік кезеңдерінен өте алады. Захаров әсіресе бала туғанға дейінгі кезеңге көп көңіл бөледі. Бала семьяда қалаулы бала болса, соншалық семьядағы орны бөлек. Шын мэнінде мінсіз ата - аналардың болуын өлшем талап ете алмайды, барлық адамдар қателеседі, бірақ олардың көбінен қүлылуға болады. Алдымен өз жеке мәселесін одан соң семьяның мэселесін шеше білу қажет. Мұндай шешемді дұрыс түсіну болашақта семьяда психикалық саз баланың өсуіне мүмкіндік береді. Кейс тапсырмасы- Науқас А. 27 жаста. 2 күн бұрын қатты ауырғанын айтты. Оған дейін жағдайы тұрақсыздығын, яғни: ойы шашыраңқы болып жүрген, белгілі бір сұрақтардың мәнін түсінбейді, сұрақтарға бірден емес біраз созылмалы паузалардан кейін жауап берген. Қимыл әрекетсіздік күшейіп, бұлшық еттерінің тонусы жоғарылаған, денесі ыңғайсыз кейіптерді сипаттайды, сұрақтарға тіпті жауап бермей қояды, бет әлпеті өзгеріссіз, көз қағысы сирек, науқасты жайлы етіп отырғызу кезінде қарсылық білдіреді, тамақтандыру кезінде тістеніп ауызын ашпай қояды, ал қасықты ауызына алып жатсаң ауызын ашады. Науқаста сандырақ, аутизм, күйіп-пісу, галлюцинация, катотония, еліру, мелшиіп қалу сияқты белгілер кездескен. Басында ауру белгілері айтарлықтай өтіп, кейін психикалық өзгерістері тұрақтанып күшейе түсетіндігі байқалады. Ауру күшейген кезде науқастың түсінігі өзгереді, сөйлеген сөздері басқаларға түсініксіз болады. Әртүрлі мазмұндағы сандырақ идеялар, ойлаудың логикалық байланысының бұзылуы, эмоционалды бұзылуы, эмоцияның адекватты емес болуы немесе өз-өзінен күлуі, агрессиясы байқалады. Кейс сұрақтары: 1. Жағдайатта қандай симптомдар көрінеді? 2. Науқас жағдайын қандай синдромдар анықтайды? 3. Осы бұзылыстар арқылы клиникалық бейнесі не болып табылады? 4. Мұндай бұзылыстардың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді? 5. Науқасты кім және қалай емдейді: психолог, терапевт, психиатр? Кейс тапсырмасы-. Науқас әйел 34 жаста, «Үнемі сенімсіздік» шағымымен хабарласты. Болашақ жасөспірімідерге «сифилис» ауруы туралы кітапты оқыған кезде өзін жағымсыз сезінді. Сифилисті жұқтыру туралы белгісіз жағымсыз қорқыныш ой пайда болды. Содан бері өз уақытында тексеріліп отырады, ал жыныстық өмір сүрмейді. Соңғы кездерде арнайы жазба дәптер арнап, үйден қай кезде кетіп, қай кезде жұмысқа келгендігі жайлы жазып отырады (оған 40 минуттай жұмсайды). Мұны ол өзіне әлде бір кімнің зорлық жасап, сифилис жұқтырмауына сенімді болуы үшін жасайды. Үйіне, немесе жұмысқа барғанда 30 минут қолын жуады, тіпті қолына қолғап киіп жүрсе де. Тамақтану кезінде де тамақты ішті ме, әлде жоқпа деген күдіктен арылуы үшін барлығын жазып отырады. Жауабы: 1)Жағдайаттағы кездесетін симптомдар мен синдромдарды атаңыз? Үнемі сенімсіздік, қорқыныш, компульсия, обсессия 2)Осы сипатталған синдромдар қандай бұзылысқа тән? Фобия. Жабысқақ қорқыныштар - аурудың тілегіне тәулсіз, оның еркіне қарсы, шартсыз түрде пайда болады. Невроз кезінде, бас миының органикалық аурулары кезінде, шизофренияда кездеседі. 3)Науқас әрекеттеріндегі обсессияларды және компульсивті рәсімдердің атауын жазып көрсетіңіз. Обсессия: Сифилисті жұқтыру туралы белгісіз жағымсыз қорқыныш ойлар, тамақты іштім бе, әлде жоқ па деген ойлар. Компульсия: жазба дәптерге бар болғанын жазып отыру, қол жуу, тексерілу. 4)Жағдайат бойынша болжам қандай болуы мүмкін: жағымды ма әлде жағымсыз ба? Жағымсыз. Сифилистен қорқу нәтижесінде науқас жыныстық қатынасқа түспейді. Бұл өз кезегінде оның отбасы құруға кедергі жасауы мүмкін. Үнемі пайда болатын қорқыныш оның қалыпты өмір сүруіне және тұлғааралық қатынас орнатуға кедергі келтіреді. 5)Науқасқа емделуге қандай ұсыныс бересіз? Басқа да фобиялар сияқты, сифилофобия да емделуге беріледі. Емделудің ерекшелігі: науқас тек дәрігерге ғана сеніп қоймай, сонымен бірге өзі де емделуге ат салысу керек, өзін пассивті ұстамау керек. Яғни бұл жерде ерік керек. Сифилофобияны емдеу дәрігердің қосымша тексерулерді белгілеумен басталады және мұқият қаралудан өткізеді. Бұл флбия жағдайында ең басты сендіру факторы науқаста сифилис жоқтығын дәлелдейтін анализ нәтижесі болып табылады. Сифилофобия мәселесін психотерапевттік методтар жақсы шешеді.
Кейс тапсырмасы- Психолог қабылдауына келген «М» клиент 25 жаста, ол кейінгі кезде өзінің бойынан алаңғасарлықты, жоғарғы темптегі қозғыштықты, жиі шаршайтынын айтты. Сондай ақ жолдастарымен бірге жүргенде әзілдесу мен қалжыңдарды көтере алмай құрбы құрдастарымен қарым қатынасы дұрыс болмай қалатынын айтты. Оған қоса клиент өзінің кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге, алкогольдік сусындарға құмарлықтың пайда болуын айтты. Өз уақытында ұйқының бұзылғанын және тәбеттің жоғалуын әңгімелеп берді. Есте сақтаудың нашарлауы байқалған. Кейде басында, денесінде, ішкі құрылысында ауырсынулар болатынын айтып қуаныш сезімінің негізінің толық жоғалуын жеткізді. ЖАУАБЫ: М клиентінде стрессогенді фактор байқалады, стресстің үшінші кезеңіне шалдыққан, яғни әлсіреу кезеңі – бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылуы.Клиентте маскүнемдіктің екінші кезеңі байқалады, бұл кезеңде абстинентті не бас жазу белгісі қалыптасады, басқаша айтқанда алкогольге деген тәуелділігі дамиды, арақтан шарапқа көшіп, жалғыз өзі іше береді, терең, әлеуметтік тұрғыдан құлдилап, еңбекке деген қабілеті жойылып, отбасына, достарына қамқорлықтан қалады, кей кездері өмірден жалығып, тіпті өлу туралы ойлар да туындайды.Клиентте тағы да темекіге тәуелділік байқалады, өзін мазасыз сезінуіне байланысты, тітіркендіргіштің әсерінен темекіге әуестік пайда болады. Және де есте сақтау қабілетінің нашарлауына байланысты, белдік жүйесі зақымдануын байқаймыз. Стресті жеңу үшін не істеу қажет: Біріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді, әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн. Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер. Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер. Баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар. Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын - тустардың көмегі қажет, Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата - аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларың мен апайларыңа және басқа жақын туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейірімді жылы сөзді күтіп отыр.
4. Кейс тапсырмасы- Науқас 5 жылдан бері ішімдікті қолданады. Ішімдікті ішпейтін кезінде ашуланғыш, көңіл күйі жабырқаулы, спирттік сусынға деген ынтасы қатты сезіледі. «Қанып ішу» үшін оған алкоголдық сусынның үлкен дозасы қажет. Сондай ақ, ол топтасып ішу үшін үнемі ой тастайтын адам. Алдынғы ішкен отырыстардағы жеке кейбір оқиғаларды жиі ұмытып қалады. Жауабы: 1.Мастықтың жеңіл түрі алкогольды қабылданғаннан соң, дам жылынғандай болып, бұлшықеттері босаңсып, рахаттанып, рахаттанып, көңіл күйі көтеріліп, өзін-өзі сеніп, жалған оптимизм туып, мақтана бастайды. Мас болған адам көңілденіп, өлең айтып, би билеп, белсенді болып, қатты және көп сөйлейді. Орташа түріне кейде көңіл күйі көтеріліп, кейде жүріс тұрысы қозып, ашуланып, көңіл күйі төмендейді. Ауыр түріне сана бұзылады, қозғалысында координация жоқ, сөйлегені түсініксіз.Клиникалық көрінісінде күшті психомоторлық қозу болып, елестеушілік – сандырақ түрде қайғырып, үрейленіп, ашуланып, ырықсыздық әрекеттер жасауы сананың қарауытқан түрде бұзылуын көрсетеді. Патологиялық мастық бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылып,соңынан ес-түсінен толық айрылады (амнезия) 1. 2.Маскүнемік параноид. Осы кезде ауру адам үрейленіп, мазасызданып, тыйышсызданады. 2. Елісті ауру. Әртүрлі аурулардың дамуына, бастың психозды зақымдануына көмектеседі. Бұл психоз түнгі бас жазу кезінде дамып, делириозды сананың бұзылуы ретінде білінеді. Олардың санасы өзгеріп негізінен қорқынышты көру елестеушілігі болады. Есту елестеушілігі екінші орында болады. Жанасу елестеушілігі болады. Олар қияли түрде жануарларды, шыбын-шіркейді, адамдарды көреді 3. 3.ПСИХОТЕРАПИЯ. Маскүнемдікті емдеу барлық тәсілдер психотерапиямен қосыла өткізіледі. Ояу кезінде әрбір терапевтік сеанстарда, гипноз, өзін-өзі жаттықтыру сияқты терапияның түрлерінде ауру адамды сендіру керек. Алкогольді жек көруді сендіру сеанстары жекеленіп не топталып өткізеді. Отбасының психотерапиясы ұсынылады. Психодрама жағдайға байланысты психологиялық тренингтер қолданады. 4. Сүйемелдеу терапиясы. Шартты рефлекстер курсын және сенсибилизациялау, жалпы нығайту, симптомотикалық терапияның қайталау арқылы жүргізіледі. Сүйемелдеу терапияның ұзақтығы 5 жыл. Сүйемелдеу терапиясы аурудың қайталануының алдын алуға бағытталған. Бұл терапия ауру адамдардың әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі. 5. Кейде ауру адамда саматикалық ару болғанда маскүнемдікті емдеу үшін метранидазол қолданылады.
|