Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Маниакальды депресивті психоз (МДП), оған сараптама жасау жолдарын ұсыныңыз





Маниакальды депрессивті психоз не циклофрения туралы алғашқы рет 1896 жылы Крепелин жазды. Бұл ауру ересек жаста,30-дан кейін пайда болып, аурудың ағымында ми кемістігі мен адамның жеке басында һзгеріс болмайды. Ұстаманың аффективті, маниакальды және депрессивті кезеңдері бар. Әр ұстаманың арасында ауру адам жазылғандай болады. Көбіне әйелдер ауырады.

Клиникалық көрінісі. Маниакальды депрессивті психозда ауық-ауық маниакльды және депрессивті кезеңдер, әсіресе депрессивті кезең орын алады. Аурудың қозу жиілігі,оның арасындағы үзіліс әр түрлі болады. Кейбір кезеңдері бірнеше кун,ал кейбіреулері бірнеше ай не бірнеше жылға созылады. Аурудың қозуы көктем мен күзде, ешбір себепсіз пайда болады.Кейде психоздың қозуы тек депрессивті (бұл жиі болады)не маниакальды (сирек)түрде болады.

Депрессивті кезеңі. Депрессияға не меланхолияға үш түрлі белгі тән:заруғушылық,ойдлаудың тежелуі,қозғалыстың нашарлауы. Ауру адамның сыртқы пішіні өзгереді. Беті қайғылы, азап шеккендей,маңдайына көлденең әжімдер түседі. Ауру жай,ақырын,әзер естілетіндей және аз сөйлейді. Олардың қозғалыстары тежелген,бөгеліп қалады. Сөйлеуі бір тонды,бір тақырыптан екінші тақырыпқа ауысуы қиындайды. Олар өзін-өзі кеміс көріп кінәлап, өзін-өзі қорлайды,бұрын өзінде көп қателік болғаны туралы айтады. Келешек оларға көңілсіз және болашағы жоқ болып көрінеді. Олар жыламайды.

Психикалық көріністерден басқа симпатикалық нервтердің тонусы басым болғандықтан соматикалық белгілер де білінеді. Бұл кезде журек қызметі жиіленіп (тахикардия), артериялық қысым мөлшері көтеріліп,көзқарашығы кеңейіп,іш қатып,аменоррия болады. Ауру адам жүдейді. Психикалық жағдай жақсарғанда бұл белгілер жойылады. Депрессияның ауырлығына байланысты аурудың көңіл-күйі тәулік ішінде өзгеріп, таңертең нашарлап, кешке қарай тәуірленеді.

Кейбір жағдайда жылауық депрессия болады, астениялық депрессия дейді. 90-91 бет

Маникальды кезеңі. Бұл кезең депрессивтіге қарама-қарсы үш белгіден құралған.Бұл кезеңге көңіл күйінің көтеріңкілігі, ойлау процесінің жылдам өтетіні, психомоторлы қозулық тән. Мұндай ауруларда физикалық және ой қызметі күшейгені,денсаулықтын мықты екені сезіледі. Айналадағының бәрі әдемі және қуанышты,адамдар жақсы,қайырымды болып көрініп,ауру адамның көңіл күйі көтеріңкі брлып,көп және жылдам сөйлейді. Олар қатты,жылдам,жұлқынып сөйлеп,күліп,өлең айтып,бірден өлең шығарып,билейді,үнемі қозғалыста болады. Кейде ойлау қарқыны сондай жылдам болғандықтан,олар өз ойларын айтып үлгермейді,сондықтан сырт қарағанда сөйлеуі үйлеспейтіндей болып көрінеді. Мұндай жылдам ойлауды олардың секіруі дейді. Ауру адамдар айналадағының бәрін көріп, бәріне көңіл аударады және бәрі олардың реакциясын тудырады. Көңіл куйі көтеріңкі болғаннан басқа ойлауы жылдамдап,есі күшейеді.

Шығу тегі мен патогенезі. Көптеген зерттеушілер маниакальды депрессивті психозды тұқым қуалаушылықпен байланыстырады.Ата анасы маниакальды депрессивті психозбен ауырған отбасында бұл аурудың орын алады. Бұл ауру монозиготты егіздерде пайда болуы мүмкін.

В.П.Протопоповтың (1948ж.) айтуы бойынша маниакальды депрессивті психоздың патогенезі мидыңгипоталамус бөлімі қызметінің және заттар алмасуының бұзылуына байланысты. Депрессивті және маниакальды кезеңдерде жүрек жұмысы жиілеп(тахикардия),қан қысымы көтеріліп,көздің қарашығы үлкейіп,іш қатып,ауызы құрғап,дененің салмағы төмендейді. Осындай соматовегетативті белгілерінің бірдей болуы екі кезеңде де аурудың шығу тегінің бірдей екенін көрсетеді. 93 бет

Емдеу кезіңде аурудың кезенің еске алу керек. Депрессияда антидепрессивті препараттарды клиникалық ерекшеліктеріне байланысты беру керек. Маниакальды жағдайда сөйлеу мен қозғалыс қозуын төмендететін нейролептиктер қолданылады. Маниакальды жағдайды емдеуде литий тұздардын да пайдаланылады.Бұл тұздар циклофренияның алдын алу үшін пайдаланылады.

Еңбек экспертизасы. Циклофрения дамыған кезде ауру адамдар ауруханада не емханада емделуі керек. Интермиссия кезінде еңбек қабілеті қалпына келеді. Сот –психиатриялық экспертиза. Аурудың айқын маниакальды және депрессивті түрінде ауру адамдар қабілетсіз,ал интермиссия кезінде олар қабілетті болып саналады.

Маниакальды депрессивті психоз – бұл этиологиясы анықталмаған, ұстама тәрізді, айқын эмоциональды бұзылыстармен көрінетін психикалық ауру, ереже бойынша, ол бұзылыстар өткеннен кейін науқастың дертті күйге дейінгі өзіне тән психикалық жағдайы толық қалпына келеді және тұлға өзгерістері пайда болмайды (ұстамалар санына тәуелсіз).

Маниакальды-депрессивті психоз (МДП) өткен жүзжылдықта дербес ауру ретінде Е. Крепелинмен ажыратылды.

МДП – дың негізгі көріністері депрессивті және маниакальды күйлер болып табылады. Осы күйлердің әрқайсысының өзіне тән клиникалық көріністері бар: эмоциональды өзгерістер, интеллектуальды үрдістер ағымының қарқыны және белгілі бір психомоторлық құбылыстар. Депрессивті күйде науқастың көңіл – күйі төмен, барлық психикалық үрдістер ағымы, сондай – ақ қимылдық көріністер баяулаған, ал маниакальды күйде көңіл – күй көтеріңкі, психикалық үрдістердің ағымы жылдамдаған, іс-әрекетке талпыныстың жоғарылауы байқалады. Бұл аталған көріністер әлсіз айқындылық дәрежесінен өте айқын дәрежеге дейін байқалуы мүмкін.

Депрессивті күйдің дамуы, алғашында физикалық бұзылыстар басымдылығымен, содан соң психикалық бұзылыстардың да көрінуімен жалпы дискомфорт сезімінен басталады. Содан соң жүрек аймағында, көкірек тұсында физикалық мұң сезімімен төмен көңіл – күй дамиды. Бұл сезімдер науқастармен басу, қысым, ауру сезімі ретінде суреттеледі. Кейде өздерінің эмоциялық бұлыстарын сезімсіздік күйі ретінде түсінеді. Сонымен қатар олар ойлау қабілетінің баяулағандығын, болып жатқан жағдайлар мен құбылыстарды түйсінудегі қиындықтарды байқайды. Науқастардың бет ажары мұңлы, қозғалыстары мен сөзі баяуланған.

Мұң сезімі, психикалық көріністердің баяулауы және қозғалыстық реакциялардың тежелуі, депрессияның белгілері болып табылады. Бұл кезде науқастардағы қозғалыстың тежелу күйі субступор және ступор (депрессивті ступор) деңгейіне жетуі мүмкін, бірақ кататониялық ступормен науқастардан айырмашылығы олар сұрақтарға әрқашан біртекті болса да жауап қайтара алады. Науқастар туыстарына, жақындарына деген эмоциялық үйірлігін, қоршаған ортамен эмоциональды үндестігін жоғалтқанына шағымданып, осыған аса ауыр күйзеледі. Өзінің күйін суреттуге келгенде дәрігерлерге олардың күйін түсіну қиын тәрізді көрініп, кейде көп сөйлеп кетеді. Депрессивті күйлер соматовегетативті бұзылыстармен қатар жүреді: іш қатулар, шырышты қабаттардың құрғауы, тәбет бұзылыстары және т.б.

Маниакальды күй дамуының алдында күш ағыны, жоғары сөзшеңдік, әрекеттілік, белсенділік артуымен сипатталатын гипоманиакальды аффект көрініс береді. Мұндай күйдегі науқастар ерекше ішкі шабытты сезінеді, олар көңілді, жиі күледі, күшті тәбеттерімен ерекшеленеді, аз ұйықтайды, тәулігіне 5 – 6 сағат ұйықтаса да өзін сергек, қуатты сезінеді.

Науқастарда маниакальды күй белгілер триадасымен сипатталады: көтеріңкі көңіл – күй, ойлау үрдісінің жылдамдаған ағымымен, қимыл – қозғалыстық белсенділіктің артуы. Науқастар әр нәрсеге кірісіп кетеді, түрлі жоспарлар құрады. Айқын байқалатын маниакальды күйлерде аса алаңдағыштық әсерінен олардың әрекеттерінің мақсаттылығы жоғалады, қимылдық қозу күшейе түседі. Бұл жағдайда науқастар өздерін жоғары бағалайды. Өздерінің керемет қабілеттілігі, дарындылығын жариялайды. Кейбір жағдайларда ұлылық сандырақтық идеялары дамуы мүмкін (шығармашылдық, реформаторлық). Дегенмен маниакальды күйдегі науқастардың сандырақтық идеялары олардың аффективті күйлермен тығыз байланысты.

МДП динамикасы әртүрлі болуы мүмкін. Жиі депрессивті де және маниакальды да ұстаманың пайда болуы бақынадаы (аралас типтегі ағым). Сондай – ақ дерт динамикасында тек маниакальды немесе депрессивті ұстамалардың пайда болуы мүмкін (униполярлы типтегі ағым), сондай – ақ континуальды ағым варианттары (жалғасқан) болуы мүмкін, бұл кезде депрессивті күйлер ашық аралықсыз маниакальды күйге ауысады.

Аурудың динамикасында белгілі бір заңдылықтар байқалады. Алғашында жиірек маниакальды ұстамалар кездеседі, одан ары қарай олар сиреп, депрессивті ұстамалар басым болады. Ұстамалардың ұзақтық мерзімі да өзгереді. Сырқаттың алғашқы кезеңінде олар қысқа және даму дәрежесіне қарай ұзара бастайды, осыған сәйкес ашық аралықтар – ұстама аралық кезендер қысқарады. Ұстама аралық кезеңдерде психопатологиялық симптоматика бақыланбайды. Дегенмен жеңіл аффективті тербелістер болуы мүмкін, көңіл – күйдің төмендеуі, жиі таңғы сағаттарда бақыланатын енжарлық байқалады.

МДП –бен науқастар ұстама кезеңінде үнемі бақылауды қажет етеді. Депрессивті күйде науқастар жиі тамақтан бас тартады. Осыған байланысты науқастардың тамақтануын қадағалап отыру қажет. Кейде айқын депрессиялық күйдегі науқастарды мәжбүрлеп тамақтандыру қажет болады. Бұл науқастар жиі суицидальды ойлар айтады, жиі сол ойларын іске асыруға талпыныс жасайды; маниакальды науқастар өз күйлерінің ерекшелігіне байланысты өзіне немесе жақындарына зиян келтірулері мүмкін: бейтаныс адамдармен қарым – қатынасқа түсіп, заттарын, ақшаларын тарту ету және т.с.с.

Диагностика

Маниакальды депрессивті психоздың дифференциалды диагностикасы әдетте басқа психикалық бұзлыстардың типтерімен бірге жүреді: невроздар, шизофрения, психоздар, психопатия, депрессия және т.б. МДПдың жарақаттың нәтижесінде мидың органикалық бұзылыстарынан, инфекциядан немесе интоксикаиядан еместігін белгілеу үшін науқас рентгенографияға, электроэнцелографияға, бас миының МРТсына жіберіледі. Диагнозды дұрыс қоймау емдеудің дұрыс әдісін таңдайға кедергі келтіреді және жағдайды ушықтырып жіберіу мүмкін.

Date: 2016-08-31; view: 1166; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию