Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нейропсихология пәні және нейропсихологияның бағыттарын жіктеп көрсетіңіз





Нейропсихология - психология, медицина (нейрохирургия, неврология) пәндерінің ұштасуында пайда болған, жоғары психикалық қызметтердің (ЖПҚ) ми механизмдерін бас мидың локалдық зақымдану негізінді зерттеуге психология ғылымынын саласы.

• Нейропсихологияның негізгі бағыттары:

• Клиникалық нейропсихология

• Эксперименталдық нейропсихология

• Реабилитациялық бағыт

• Нейропсихологияның психофизиологиялық бағыты

• Бас мидың локалдық зақымдану психофизиологиясы

• Балалық шақтың нейропсихологиясы

• Психодиагностикада нейропсихологиялық бағыт

Бас мидың үш негізгі құрылымдық-қызметтік блоктары:

1. қуаттық блок, немесе ми белсенділігі деңгейінің блогы;

2. экстероцептивтік ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау блогы;

3. психикалық іс-әрекеттің өту барысында бағдарлау, реттеу және қадағалау блогы.

Нейропсихология – бас миының локальды зақымдануына байланысты адамның жоғарғы психикалық функцияларының мидағы механизмін зерттейтін ғылым. Нейропсихология – медицинаның және психологияның бір саласы болып табылады.Нейропсихология – медицинада нейрохирургия, неврология саласы мен физиология мен психологияның торабы арқылы пайда болған. Нейропсихология – психологиялық білім беруде тек теориялық қана емес практикалық мақсаттарды да шешеді.Теориялық тұрғыда – оның пәні мидың психикалық фукнциясын зерттейді.Ал, практикалық тұрғыда оның пәні - өзінің үлесін медициналық психологияда мәселелерді шешуге қатысады. Диагностика жасау, реабилитация жасауға ықпал етеді. Бірлесе отырып жоғарғы психикалық қызмет бұзылуын талдауға көмектеседі. Бұл бірлік түрлі мидағы жетіспеушіліктерді белгілейді. Бұл пәннің маңыздығы да, дамуы да осы үндестік бірлікте. Нейропсихология дамуына А.Р.Лурия ерекше үлес қосты.Нейро ұғымы – «жанның мидағы өкілдігі» деген мағынаны білдіреді. Ол адамның психологиялық құрылымының жиынтығын білдіреді. Нейропсихологияның зерттейтін пәні – адамның жоғарғы психикалық функциясының мида ұйымдасуын қарастырады. Нейро ұғымы – «жанның мидағы өкілдігі» деген мағынаны білдіреді. Ол адамның психологиялық құрылымының жиынтығын білдіреді. Нейропсихологияның зерттейтін пәні – адамның жоғарғы техниалық функциясының мида ұйымдасуын қарастырады. Психология дегенде біз психиканы қарастырамыз. А.Р.Лурия нейропсихологиясы бағыттары:- клиникалық, эксперименталды, реабилитационды нейропсихология. - психофизиологиялық бағыт. - балалық шақтың нейропсихологиясы. - қарттық шақтың нейропсихологиясы және норманы үйренуге нейропсихологиялық ықпал.Әр бағыттың өзіне тән мақсаты мен әдісі бар. Әсіресе климатикалық нейропсихология негізгі бағыт ретінде жүреді.

1. Балалар нейропсихологиясы.Бірінші мақсаты – жоғарғы оқу орнының студенттері мен оқушыларына балалар невропсихологиясын оқыту мен меңгеруге көмектесу;Екінші мақсаты – жаңа тұрғыдан баланы мектепке даярлау.Артта қалушы балаларға көмек беру;Үшінші мақсаты – балалық шақ нейропсихологиясы қазіргі жағдайымен байланысты. Балалық шақ нейропсихологиясы - әрдайым нейропсихологиялық зерттеу субъекті болып отырды.

2. Клиникалық нейропсихологияның міндеті – белгілі бір зақымдану ошағының жиынтығы ретінде құрылатын сингтомдарды нейропсихологиялық синдромдарды зерттейді. Синдромды сапалық талдау, оны салыстыру және зақымданған ошақтың локальдануын айқындайды. Клиникалық нейропсихологияның инструменті диагностикалаудағы өзгешелік әдісі.

3. Экспериментті нейропсихологияның міндеті жоғарғы психикалық фукнцияның түрлі бұзылу формасын зерттеуге бағытталған. Эксперименттік жұмыстарда диагностикалық әдісті пайдаланады.

4. Нейрореабилитация – бұл саланы Москваның тіл патологиясы және нейрореабилитация орталығы айналысады. Оны РАО академиясының мүшесі В.М.Шкловский ғылыми жетекшілік етеді. Нейроребилитацияның негізгі міндеттері – жоғарғы психикалық фукнцияның қалпына келтіру әдістемесін жасайды. Аурудың қатты немесе болар-болмас кезеңдерін қалпына келтіреді.

13.Дағдарыс кезіндегі тұлға және суицидология мәселелері қаншалықты өзекті екенін сипаттаңыз. Тұлғаның дағдарыстық кезеңі дегеніміз - адамның психикалық күйі, субъективті және ауыр психологиялық жарақатты басынан өткеріп, өзінің өмірін қауіпті көріп, психикасын зақымдау процесі. Яғни, тепе- теңдіктің бұзылысы, жаңа қажеттіліктердің пайда болуы, жеке тұлғадағы мотивациялық сферасының құрылуы болып табылады. Дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипаты біріншіден даму кезеңі бойынша анықтау процесі болса, екінші кезеңінің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамды темпераментіне қатысты, мінез-құлқына, биологиялық жолмен əлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі.

Тұлғаның кризистік күйінің екі типі бар: 1) даму кризисі - нәресте туу кризисі, 1,3,7 жас кризисі, жасөспірім кризисі, орта жас немесе қарттық жас кризисін жатқызуға болады. 2) жағдай кризисі – әр түрлі жағдайға байланысты,жақын адамды жоғалтып алу, денсаулық я басқа нәрсеге байланысты қауіп қатер және т.б.

Л. С. Выготский жас ерекшелік дамуды келесі тиянақты жəне қиын-қыстау кезеңдерін біледі: нəрестелік дағдарыс, сəбилік жас (2ай-1жыл), 1 жас дағдарысы, ерте балалы_ (1жыл – 3жас), 3 жас дағдарысы, мектепке дейінгі жас (3 жас-7 жас), 7 жас дағдарысы, мектеп жасы (8-12 жас), 13 жас дағдарысы, пубертатты жас (14-18 жас), 17 жас дағдарысы.

ДАҒДАРЫС: 1. Сену-сенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы), 2. Ұялуға қарсы автономия (2-3 жас айналасы), 3. Кінә сезіміне қарсы бастамашылдықтың көрінуі (шамамен 4-6 жас аралығы), 4.Өзін толық қанды сезінбеу комплексіне қарсы еңбексүйгіштік (7-12 жас дейін), 5.Конформизм, сұр индивдуалдылықа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу (12-18 жас), 6. Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және интим (20 жас шамасы), 7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңа ұрпақты тәрбиелеу қамқорлығы (30-60 жас аралығы), 8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне қанағаттану (60 жастан жоғары).

Тұлғаның дағдарыс кезенінің уақыт стадиясы: психикалық шок – 3 тәулікке дейін; дезорганизации: период "проживания" психотравмы – 3 тәуліктен 2 аптаға дейін; демобилизации; период полного осознания создавшейся ситуации – бірнеше тәулік, бірнеше апта; адаптация - көптеген апталар; қалпына келу - бірнеше ай.

Личность может выходить из кризиса двумя основными способами: Первый (конструктивный) связан с увеличением адаптационных возможностей личности. Второй (деструктивный) вариант поведения развивается в случае, если выход из кризиса не найден, что затягивает депрессивное состояние и толкает к уходу от ситуации.

Науқастардың көбісінде бастарту, қарсы шағару, өзін жазалау сияқты негізгі мотивтері бар суицидтік сынаулыр байқалады. Көпетген жағдайларда суицидттерді жасау психогендік депрессиянын салдарынан болады. Психогендік депрессиянын өтуіне байланысты екі түрін бөледі үшкір және кешіккен Бірінші түрінде пресуицид ораша алғанда екі аптаға, ал постсуицид - үш апатаға созылады. Екінші түрінде пресуицидалдық кезең үш аптаға сзылса, постсуицид орташа алғанда жеті аптаға созылады, содан кейін екі үш ай бойы астеникалық бұзылыстар байқалады.

Өзін-өзі өлтіруді науқастар белгілі жағдайдан шығу жолы деп қабылданыд. Сондықтан олар суицидалдық актіні даярлап, қоршағандарға өз ойлары туралы айтады. Ерте постсуицидте депрессивтік симптоматика мен суицидалдық ойлар байқалып, белсенділік төмендетіледі.

Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады.

Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады:

- 5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі;

- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;

- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;

- Жастар арасы - 17-29 жас;

- Ересектер арасы – 30-35 жас;

- Қарттық кезең – 55-70 жас.

Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:

1) Протест.

2) Жанашырлыққа шақыру.

3) Қайғыдан қашу.

4) Өзін-өзі жазалау.

5) Өмірден бас тарту.

А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды: Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. Шынайы суицидальді мінез- құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін- өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады.

Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.

Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.

Дағдарысқа түскен тұлға және суицидология мәселелері. Науқастардың көбісінде бастарту, қарсы шағару, өзін жазалау сияқты негізгі мотивтері бар суицидтік сынаулыр байқалады.

Көпетген жағдайларда суицидттерді жасау психогендік депрессиянын салдарынан болады. Психогендік депрессиянын өтуіне байланысты екі түрін бөледі үшкір және кешіккен Бірінші түрінде пресуицид ораша алғанда екі аптаға, ал постсуицид - үш апатаға созылады. Екінші түрінде пресуицидалдық кезең үш аптаға сзылса, постсуицид орташа алғанда жеті аптаға созылады, содан кейін екі үш ай бойы астеникалық бұзылыстар байқалады.

Өзін-өзі өлтіруді науқастар белгілі жағдайдан шығу жолы деп қабылданыд. Сондықтан олар суицидалдық актіні даярлап, қоршағандарға өз ойлары туралы айтады. Ерте постсуицидте депрессивтік симптоматика мен суицидалдық ойлар байқалып, белсенділік төмендетіледі.

Психикалық аурулардың себептері мен ерекшеліктері: эндогендік және экзогендік аурулар, психикалық аурулардағы диагностикалау мен емдеудің қазіргі әдістерін ұсыныңыз

Психикалық ауруларды тудыратын себептерді зерттеу олардың екі топтан: ішкі және сыртқы құралатынын көрсетті. Сыртқы себептерге әр түрлі инфкциялар,улану,физикалық және химиялық зақымдану жатады. Ішкі себептерге организмнің жағдайы,сыртқы қолайсыз әсерге қарсыласу деңгейі жатады. Ішкі себептер адамның ауруға шалдыққанға дейінгі жағдайына,жасына,ішкі ағзалар мен эндокриндік жүйенің жағдайына байланысты әр түрлі болады. Олар аурудың дамуына жағдай жасайды.

Сыртқы себептер. Инфекциялар. Кез келген цнфекциялар орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Әсіресе нерв жүйесіне әсер ететін нейротропты инфекциялар бар (тұмау,бөртпе,сүзек). Жұқпалы аурулардағы психикалық құбылыстар екі механизмге байланысты. Біріншісі жалпы организм мен мидың микробтар және олардың уларымен улануына байланысты. Оларды инфекциялы психоздар деп атайды. Бұлардың соңы жақсы аяқталады. Кейбір жағдайда инфекция миды органикалық түрде зақымдандырып,менингит пен энцефалитке әкеледі. Жұқпалы аурулар кезінде ми зақымданғанда адам мүгедекке аайналады. 60 бет

Механикалық зақымдану. Жиі кездесетін этиологиялық жағдай. Блалар тәжірибесінде босану кезіндегі зақымданудың маңызы зор. Бұл кездегі зақымдану жан жақты болатыны анықталды. Бала іште және босану кезінде оттегі жетіспегендіктен тұншығады. Нәрестенің миы оттегі жетіспегенге өте сезімтал. Патологиялық босануда нәрестенің тұншығуына,байланысты миына оттегі жетіспеуінен оның миы органикалық түрде зақымданып,олигофрения,қояншық, ми параличі дамиды.

Психикалық зақымдану психикалық аурулардың пайда болуында улкен орын алады. Егер психоздар психикалық зақымданудың тікелей себебінен болса,онда психогенді не реактивті психоз туралы айтады. Реактивті психоздар кушті психиканы зақымдандыратын себептің узақ уакыт әсер етуінен пайда болады. Невроздардың негізінде де қатты не ұзақ әсерлі психикалық зақымдану жатады. Бала қалыпты өсіп-дамуы үшін көптеген эмоциональдық әсерлер қажет.Бұл әсерлер болмаған жағдайда оның оның нерв қызметіне олқылық болады. Ұнамды эмоционалдық әсерлерден айырлуды шетелдік эмоциональды депривация дейді. Эмоциональды депривацияның болуы невротикалық реакциялар туғызады. Балалар үйінде семьядағыға қарағанда эмоциональды депривацияның әсерінен сәбилердің тілі кеш шығады. Осыны ескере отырып балалар уйіндегі жағдайларды жақсарту керек. Атасы не анасы болмаса және отбасы жағдайы нашар болса эмоциональды депривацияорын алады. Отбасындағы әлеуметтік жағдай,дұрыс тәрбиелемеу балалар психикасын зақымдандырып, есейгенде жеке бастың кемістігін тудырады.

Ішкі себептер. Психикалық аурулар пайда болуында организмнің ауруы соматикалық аурулар әсер етеді,психиканы бұзады. Мысалы, журек қан тамырлары,бауыр,бүйрек ауырғандаі,ревматизмде ішкі секреция безі зақымданғанға психоз пайда болады. Психикалық аурулар кез келген жаста, әсіресе қарқынды өсу, гормональды қайта құрылу, психологиялық өзгерістер болған жағдайда оңай пайда болады. Бұл мезгілде ішкі және сыртқы әсерлерден мидың зақымдануы жоғары болады. Бір аурудың әр жастағы клиникалық көрінісі озгеше болады. Психика дамуындағы дисгормониялық ауытқулар ішкі себептерге жатады.

Психикалық аурулардың дамуындағы ішкі себептердің бірі – аурудың зардабынан (менигит,энцефалит) болған және бассүйек – ми зақымданғаннан кейінгімидағы кемістік. Туу кезіндегі болған зақымданғаннан кейде өмір бойы сақталатын(көбіне жасқа байланысты бұл кемістік жойылуы мүмкін)ми кемістігі болады.

Сыртқы факторлардың тек мутация пайда болуда ғана емес, тұқым қуалайтын аурулардың білінуінде де маңызы зор. Тұқым қуалайтын ауруларға әсер ететін себептер митозды өзгертеді(митоз-аутосомдардың бөлінуі,ал мейоз- жыныстық хромосомалардың бөлінуі). Осының салдарынан санасы кем балалар туады. Тұқым қуалайтын аурулар арасында хромосома патологиясынан пайда болған аурулар улкен орын алады. Бұл хромосомалы аурулар.Бұл аурулар жағдайында психикалық дамуда өзгеріс болады. Мысалы, көп кездесетін Даун ауруы, Тернер-Шерешевский, Кляйнфельтер, ферментжүйелерінің биохимиялық өзгерулері.

Date: 2016-08-31; view: 1850; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию