Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері мен тәжірибелік әдістерді сипаттаңызПсихикалық ауру адамды тексерудің негізгі тәсілі ретінде сол адаммен әңгімелесу және оның жүріс-тұрысын бақылау қолданылады. Аурумен әңгімелесу белгілі бір жүйеде өткізілуі керек. Әңгіме кезінде оның өмірі және анамнезімен танысып, ол туралы барлық мәлімет ауру тарихына не емханалық картаға жазылады. Аурудың өмірін, анамнезін анықтағанда төмендегідей деректер алынады. Ауру адамның туыстары және оның айналасындағылар туралы мәлімет. Ата-анасы мен жақындарында психикалық аурулар, маскүнемдік, улану, нашақорлық, соматикалық аурулар және олардың мінез-құлқында ауытқулардың бар-жоғын анықтау. Ауру адамның дамуы туралы шешесінің екі қабат кезіндегі жағдайы мен босануы, аурудың бала кезіндегі физикалық және психикалық дамуы, қандай жаста отырды, жүрді, сөйледі, оқыды, бала кезінде және мектеп жасында қандай аурулармен ауырды, зақымдануы, улануы, қабілеті, еңбек өмірін қандай мамандықтан бастады. Жыныстық және отбасының өмірі, психикалық зақымдануы, соматикалық аурулары (жұқпалы және басқа аурулар) т.б. анықталады. Тәжірибелік психологиялық зерттеу. Жеке психикалық процестердің сапасын бағалау және жеке адамның ерекшеліктерін анықтау үшін психологиялық есептер мен сынақтар қолданылады. Психологиялық көрсеткіштер қорытындысының клиникалық тәжірибеде қосымша маңызы бар. Бұл қорытындыны бақылау әдістері арқылы жүргізілген клиникалық тәжірибеде қосымша маңызы бар. Бұл қорытындыны бақылау әдістері арқылы жүргізілген клиникалық психологиялық тексерулердің, бағытталған психологиялық әңгіменің, өмір мен ауру туралы анамнезінің мәліметтерімен салыстыру керек. Жеке алынған психологиялық тест жетілмегендіктен, жауап кездейсоқ болғандықтан, эксперимент жағдайының ерекшелігінен, тексерілушінің тексеру кезіндегі психикалық және физикалық ерекшелігінен қате болоуы мүмкін. Сондықтан тексерулерді қайталап, алынған мәліметтерді салдыстыру керек. Тәжірибелік психологиялық тексерулер жеке адам туралы қосымша, құнды мәліметтер алуға мүмкіндік жасайды. Мынадай әдістер қолданылады: зейінді зерттеу; есті зерттеу; пиктограмма; ассоциацияны зерттеу; ойлау процестерін зерттеу; ұғынуды зерттеу; қиыстыру дағдылары мен әрекеттерін тексеру; адамның жеке басының ерекшеліктерін тексеру; өзін-өзі бағалауды тексеру. Психикалық аурулардың шығу себептері әртүрлі. Медициналық және психикалық ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша стресс адамның психикасына әр түрлі әсер етіп, әртүрлі психикалық өзгерістерге әкеледі. Психикалық аурулар тұқымқуалайтын және жүре пайда болатын екі топқа бөлінеді. Тұқымқуалайтын ауруларға: олигофрения, шизофрения, эпилепсия, маникальды-депрессивті психоз және т.б. Жүре пайда болатын психикалық аурулар көптеген себептерге байланысты: дұрыс тамақтанбау, интоксикациялық жағдайлардың ықпалы, заталмасу процестерінің бұзылуы, экологиялық жағымсыз жағдайлар, қанның резус факторы және т.б. Қазіргі психогенетика ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, хромосомалық аурулардың шығу себептерін хромосомалық факторлар негізінде анықтауға болады: хромосома жиынтығының артық не кем болуына байланысты көптеген ауытқулар. Клайнфельтер синдромы (ХХУ) және У-хромосомасы ықпалдарына жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде қылмыскерлер мен агрессивті психопаттардың көпшілігі мутациялық жағдайға ұшыраған, У-хромосомасы артық жағдайды «хромосомы-убийцы», ал ХУУ – ХХУ хромосомалары бар балалардың ақыл-ой кемістігі, интеллект төмендеуі, төменгі әлеуметтік адаптациялануы (бейімделуі) және агрессивті мінез-құлық байқалады. Еркектерде болатын Кляйнфельтер ауруында, керісінше хромосома саны 47 (XXV) Клетка ядросында қалыпты жағдайда еркектерде кездеспейтін жыныстық хроматин болады. Мұндай еркектер әйел пішіндес, екіншісі жыныстық белгісі нашар дамыған, бойлары биік болады. Оларда психиканың бұзылуы кейде шизофрениядағыдан, не басқа аурудан ажыратылмайды. Кейбір тұқым қуалайтын ауруларда фермент жүйелерінің биохимиялық өзгерулері болады. Бұған фенилкетонурия жатады. Қалыпты жағдайда фенйлалалин амин қышқылының ыдырауы төмендегідей болады\ Фенилаланин->тирозин ->тироксин ->адреналин ->норареналин->меланин. Бұл тізбек фенилаланин->тирозин кезеңінде бұзылады. Организмде фенилаланин жиналып, басқа жолмен пирожүзім қышқылына дейін ыдырайды. Бұл қышқыл жаңа туған сәбидің зәрінде жиналады. Фенилкетонурияда ақыл кемістігі дамуының алдын алу үшін бұл кемістікті жоятын гидролизаттарды \берлафен\ береді. Кейде дені сау адамдарда фенилаланиннің ыдырауы бұзылып, оның зердегі мөлшері жоғары болады. Ал психикалық аурулардың жүре пайда болатын түрлерінің шығу себептеріне стресстің-жан күйзелісінің ықпалы ерекше. Стрестің күрделі формасы психикалық жарақаттар немесе психогения -деп аталатын жағымсыз психикалқ әсерлер салдарынан пайда болатын әр алуан аурулы күйлерді туғызады. Психогения бір сәттік күшті жарақаттық салдарынан немесе біршама әлсіз, бірақ ұзаққа созылған психикалық жарақаттық салдарынан пайда болады: Оның пайда болуына соматикалық күйдің алдын ала өзгеруі, ағзаның бұрынғы болған аурулардан әлсіреуі, ұйықтамаушылық, қан жоғалтпаушылық және басқа жағдайлардың үлкен маңызы бар. Психогения принципті түрде толығынан кері қайтатын аурулы күй болып табылады. Сондықтан, егер басқа бір қосымша зияндылық болмаса, қандай бір уақыт өткеннен соң жарақатты жағдай өтіп кетісімен жойылып кетеді. Психогенияның бірыңғай жіктемесі әлі күнге дейін жоқ. Мүлың өзі оның күрделілігімен, аралас көріністерінің болуы, психогенияға деген бірыңғай көрінісінің болмауымен ғана емес, сондай - ақ псйхогенияға принципті түрде тән кері қайтатын дамудың кейде білінбеуінен, соған орай аурудың белгілі дэрежеде ұзақ дамуының орын алатындығымен түсіндіріледі. Психогенияны көбіне реактивтік күй реактивтік психоздар, немесе невроздар деп екі үлкен топқа бөлінеді. Реактивтік күй, психогенді немесе реактивті психоздар. Белгілі болған сан алуан түрлі реактивтік психоздардан реакциялардың мынадай типтерін бөліп көрсетуге болады: 1) Шокты психогенді реакция; 2) истериялық психотиялық реакция (истериялық психоздар); 3) реактивтік психогенді сарыуайымшылдық; 4) реактивтік психогенді сандырақ тәріздес күй.Реактивтік күйлердің аталған түрлерінің арасында берік шек жоқ. Олардың аралас күйлері, сол сияқты реактивтік психоздың бір түрінің басқасына алмасуы болады. Адам өлім қаупіне қарамастан орнынан қозғалмайды, бір де қимыл жасай алмайды, бір де сөзді айтуға күші келмейді. Мұның кейінгісі мутизм деп аталады.Реактивті ступор эдете ұзақка созылады да, бірнеше минуттан бір сағатқа дейін болады. Содан кейін барып, адам басқа турлі әсерге ауысады.Оқта-санда шоктық реакцияда көбіне сезімдік салз зардап шегеді, сөйтіп, сезімдік жағынан сал болу деп аталатын күй басталады. Барлық сезім бір сәтке семіп қалғандай болады да, маңайдағы өтіп жатқанға сезімдік жағынан жауап бермейді. Сонымен бірге оның ойлау қабілеті толығынан дерлік сақталады, адам бәрін көреді, бәрін байқайды, бірақ көбіне өлім қаупіне қарамастан осының бэрін сырттай бақылап тү-рғандай болады. Реактивті психогенді қозу кенеттен пайда болған абыр-сабыр, мэнсіз қимылдық мазасыздықпен сппатталады. Адам шырқ үйіріліп, көптеген қажетсіз қимылдар жасайды, қолдарын мақсатсыз сілтеп, айқайлайды, көмек тілеп, жалбарынады. Сол сәтте құрылу жолын көре алмай, көмек сүрап, жалбарынады. Қейде ешбір мақсатсыз жүгіре жөнеліп, көбіне жаңа қауіп туатын жаққа қарай ұмтылады. Егер бірнеше адам осындай психогендік қозуға үліыраса, мұндай құбылыс үрейге бой алдыру деп аталады. Реактивті қозу да ступор сияқты сананың алжасу күйі және одан кейін болатын амнезиямеи бірге жүреді. Шоктық реакцияға аяқ асты, ағыл-тегіл терлеу, мазамыздану тән болады. Реактивті сарыуайымшылдықтағы науқас көбіне өз-өзін өлтіруге әрекеттенетіндіктен ең бір қатал бақылауды қажет етеді. Реактивтік сарыуайымшылдықтың барысы оны туғызған жарақатқа байланысты болып, апталар мен айларға созылуы мүмкін, бірақ сарыуайымшылдық басқа аурулармен қабаттасып, асқынып кетпесе, әдетте толық сауығумен аяқталады. Психогенді параноидты сандырактық құрылым көбіне параноидты психопаттарда болады. Бірақ қандай бір болмасын, мінез-күлық ерекшелігі бар адамдарда да кездесуі мүмкін. Көп жағдайда бұл - қызғаныш, аңду, қарым-қатынас — ойлап табушылық сандырағы болып келеді. Кей жағдайда басқа сйпаттағы сандырақтық сенім кездесетіндігін айта кету керек. Бұған өзін-өзі айыптау сандырағы, өте сирек кездесетін жадылап алу сандырағы жатады және т. б.
|