Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медициналық психология және психотерапиялық әдістерінің қолданылуын салалық сипатта беріңіз





Психотерапия- ауруды емдеу үшін қолданылатын ғылымға негізделген жүйелі психикалық әсер. Мұның негізі адамға ерекше, күшті әсер етуші – сөз. Бірақ психотерапияда сөзбен әсер етуден басқа да көптеген факторлар қолданылады.

Жалпы және арнайы психотерапия болады. Жалпы психотерапия – бұл ауру адамға тікелей емес жанама әсер етеді. Ең алдымен жалпы психотерапияның қосымша бөлігі ретінде емдеу мекемелерінің қорғау режимін айту керек. Қорағау режимінің ерекшеліктері аурудың психологиясымен байланысты. Оларға жоғары түрдегі өкпешілдік, еркелік, күмәншілдік тән. Психиканың мұндай ерекшеліктері бір жағынан осы адамның ауруымен, екінші жағынан қалыпты өмірінің бұзылып, ауруханаға түсуімен байланысты.

Сондықтан ауруханаларда, емханалар мен диспансерлерде аурудың психикасын сақтайтын барлық жағдайды жасау керек. Осы айтқандарға бөлмені безендіру, қызметшілердің тәртібі, ауру адамдармен қарым-қатынас жатады.

Арнайы психотерапияда психотерапевт-дәрігерлер ауру адамның психикасына тікелей әсер етеді. Психотерапияның бұл түрі – бұрынғыы айтылғандай гиппотерапия мен өзін-өзі жаттықтыру. Бұған ұйықтамаған кездегі сезім туғызу, сендіру және көңілді бөлу яғни түсіндіру және расиональды психотерапия әдістері жатады. Тәжірибеде кең тараған – арнайы психотерапияның барлық түрлері ең алдымен психогенді ауруларға қолданылады. Басқаша айтқанда аурудың себебі психикалық жарақаттану болғанда. Аурулардың бұл тобына невроздар жатады. Бұл жағдайда психотерапевт-дәрігердің мақсаты ауру адамға аурудың себептерін, оның даму жолдарын түсіндіру. Осындай ауруларды емдеу терапиялық әсерлердің (транквилизаторлар, физиоемдеу және т.б.) бір тобынан басқа түсіндірудің мәні зор.

Сендіру және өзін-өзі сендіру әдісі. Сендіру (суггестия) ұйықтамаған кезде және гипноз жағдайында жүргізіледі. Ұйықтамаған кездегі сендірудің 2 әдісі бар – сөз (вербальды) және заттар арқылы. Сөздің мағынасы арқылы тікелей, ал заттар арқылы жанама сендіру болады. Барлық адамдардың сену деңгейі болады. Бірақ кейбір адамдар жылдам сенгіш, ал басқалары тез сене қоймайды. Дәрігер сендіру және қзін-өзі сендіруді психотерапия мақсатында пайдалануы керек.

Гипноз – бұл әдіс дәрігерлерге және көптеген адамдарға белгілі. Бірақ олардың көбінің психотерапия мен гипноз туралы түсінігі теріс, жалпылама. Психотерапияда гипноздан басқа көптеген әдістер кең тараған. Гипноздық сеанстардың мақсаты гипнозды ұйқы туғызу. Терапиялық әсер болу үшін ауырған адамда қатты ұыйқтау міндет емес. Мұндай ұйқының жеңіл, орта және терең кезеңдері болады: Жеңіл кезеңі (Сомноленттік); Орта кезеңі (гипотаксия, каталепсия); Терең кезеңі (соманамбулизм). Гипноздың физиологиялық негізі жан-жақты тексерілмеген. И.П.Павловтың айтуы бойынша гипноз дегеніміз ми қыртысындағы «күзет нүктелері» бар шағын тежелу. Осының арқасында дәрігер мен ауру адамның арасында сөз арқылы байланыс (раппорт) болады.

Психосоматикалық аурулардың негізгі теориялары жайында және аурудың ішкі көрінісі мен созылмалы соматикалық аурулардағы тұлғалық өзгерістері туралы нақтылаңыз

Психосоматика – психика мен тәнді зерттеуге бағытталған пәнаралық зерттеулердің саласы..“Психосоматика” терминін 1818 жылы Хайнрот енгізді. “Психосоматикалық медицина” терминін 1922 жылы Австрия психоаналитигі Хелен Дойтч енгізген. Аурудың ішкі көрінісі. Аурудың ішкі көрінісі аурудың субъективтік жағын көрсетеді. В. В. Николаеваның айтуынша науқастың аурудың бейнесінің бірнеше деңгейлері бар:• түйсінудің сезімдік деңгейі;• жекелеген симптомдарға деген жауап берудің эмоционалдық деңгейі;• ауру туралы білімдер мен түсініктердің жиынтығы болатын интеллектуалдық немес когнитивтік деңгейі;• ауру жағдайына қатысты жүріс тұрысты өзгертуді көрсететін мотивациялық деңгейі.АІК ауруға деген реакциялардың болуымен сипатталады. А. В. Квасенко, Ю. Г. Зубарев реакциялардың төрт түрін көрсетеді:• нормосоматогнозия – науқас өз қалпын дұрыс бағалайды;• гиперсоматогнозия – жекелеген симптомдардың маңыздылығын асыра бағалау;• гипосоматогнозия – аурудың ауырлығын дұрыс бағаламау;• диссоматогнозия – ауруды жоққа шығару.

Алғашқы психосоматикалық теориялар психоанализбен байланысты. Фрейд түсінігі бойынша психикалық және тәндік өзара байланыста болады. «Мүшелердің символикалық тілі» теориясы. Осы теорияға сәйкес асоциалды талпыныстар, ойлар, фантазиялар бейсаналық аймақтарға ығыстырылады, кейін олар ішкі мүшелердің бұзылуларында көрінеді. Мысалы, қандай да бір адамға жеркенушілік сезімі немесе қандай да бір нәрсені қабылдай алмау лоқсу арқылы байқалады, ал «сексуалдық ашығу» асқазанның моторлы қызметінің бұзылыстарында, оның секрециялық белсенділігінде байқалады. Конверсия теориялары символизм рөлінің абсолютизациясы үшін сынға алынды. Осы теорияның маңызы - алғашқы рет соматикалық аурулардың дамуының механизмдерін түсіндіру кезінде материалды емес, психологиялық факторларға көңіл бөлу. Аурулардың белгілеріне тек қана символикалық мағына беруіне қарсы болған, аттары әйгігі психосоматикалық теориялармен байланысты, Александр мен Данбар. Александр теориясы. Александр пікірі бойынша барлық аурулар көпсебепті, демек олардың пайда болуында және дамуында көптеген факторлар маңызды орын алады: туылу кезіндегі жарақат, сәби кезіндегі сырқаттар мен физикалық жарақаттар, отбасындағы эмоционалдық ахуал, ата – анасының тұлғалық ерекщеліктері. Данбардың «Тұлға көрінісі теориясы» Данбар пікірі бойынша, тұлға туралы түсініктерді бірге алынған, комплекстегі көптеген факторлар: айналадағылармен қарым-қатынас, өтіп кеткен аурулардың тарихы, отбасылық мәселе, туысқандардағы аурулардың жиілігі сияқты факторлар ғана бере алады. Психосоматикалық аурулардың түсіндіру кезінде келесі маңызды қадам – десоматизация-ресоматизация теориясы

XX ғасырдың 20 жылдары пайда болған теорияның авторы М.Шур. Штур пікірі бойынша, қалыпты даму - «десоматизация» түсінігіне сәйкес келеді, ал патологиялық даму – «ресоматизация».

Психосоматика – медициналық психологияның бір саласы, әртүрлі психологиялық факторлардың арқасында пайда болатын соматикалық аурауларды зерттейді. Гиппократ – психика+сома «Всякое расстройство психики сомы является следствием диспропорции и нарушения равновесия между психикой и сомой» (Платон и Аристотель) 19 ғ. бас кезінде психика мен сомо арақасындағы байланыс көп зерттелік, бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт қалыптасты: психосоматика.

Психосоматика – соматикалық аурулардың психогенезін зерттеу. Кез келген сыртқы ықпалдар сенсорлық жүйеге әсер ете отырып, организмнің жауап беру реакциясын (қысымын) туғызады. Физиология тілінде нейро-вегативті эндокриндік арқылы соматикалық өзгерістерге ұшырайды.
Психосоматикалық белгілерге байланысты теориялар:
ағзалардың бұзылуға бейім болуы.(конститутциялық тұқымқуалаушылық)
пренеталды және өмірінің алғашқы жылдарындағы контитутционалдық бейімділік
функционалды органдарындағы белгілер, жеке адамның өте кешірек кезеңіндегі өзгерістер
ағзаның әртүрлі жарақаттар мен инфекциялардан кейінгі әлсіреу
психологиялық стресс кезіндегі ағзаның белсенділігінен
жеке адам жүйесіндегі ағзаның белгілік маңызы
психологиялық дамудың кешеуілдеуі нәтижесіндегі ағзаның функциясы
Психосоматикалық бұзылулардың қалыптасуына байланысты бірнеше модельдері бар:
психофизиология
психодинамика
жүйелі-теориялық
социопсихосоматикалық
Психосоматиалық бұзылуларды үш топқа бөлеміз:
конверсионды симптомдар
функционалды симптомдар (органикалық неврозы)
психосоматикалық аурулар немесе ағзалық психосомотоздар
Психосоматикалық аурулар дегеніміз өткір және созылмалы сипаттағы психотравматикалық уайымдар: брохты астма, гипертония, стенокардия, язвенный калит және т.б. Негізгі себебі – стресс. Психикалық стресс фактор аффективті қысымға әкеледі, нейроэндокриндік және вегетивті жоғарғы жүйке мөлшерден тыс белсендіреді, ал осы белсенділік ішкі ағзалар мен қан жүйесіндегі өзгерістерге әкеледі. Алған кезде болғанмен, қайта-қайта қайталануы органикалық өзгерістереге функционалды сипатта дейін әкеледі. Конверсионды симптомдар – невротикалық дау-дамайлар екінші соматикалық жауап (амнезия, тряс). Функционалдық симптомдар – ағзалық невроздар: симптомдар, синдромдар, жүрек-тамыр, асқазан-ішек, тыныс алу, зәр шығару және қозғлыс т.б бұзылулары.

Жүрек-тамыр жүйелері бұзылуындағы тән белгі «жүрек неврозы» немесе вегативті-тамыр дистониясы. Жүрек неврозы немесе функционалды бұзылуына жүрек қысымы бұзылуынан болатын тахикардия, жүрек жүрек соғысының жиілеуі, тартылуы, қысқа аритмиялар жатады.

Вегативті жүйке жүйесі симптоматикалық және парасимптоматикалық болып бөлінеді және симптомдары әртүрлі болады: симпатикотоникалық және вагоинсулярлық.Симпатикотоникалық түрінде адамның терісі құрғақ, бозғыл, аяқ-қолдары суық, температурасы тұрақсыз, тахикардияға бейімділік, бұлшықет дірілі, артериялық давление (қысым) жоғарлауы, жүрек айналасындағы жағымсыз жағдай байқалады. Ваготониялық түрінде – денесі суық, дымқыл, терісі бозғыл, артериялық гипертония, тыныс алу аритмиясы, естен тануға жақын, салмақ қосылу байқалады.
Себептері: қазіргі өркениеттілік, компьютеризация, автоматизация мен механизация, дұрыс тамақтанбау: синтетикалық, генно-инженерлік, химиялық құралдары бар өнімдерді пайдалану. Л.Л.Рахлин адамның ауруға қарым-қатынасын былайша топтастырған:
депрессивті-астеникалық

психоастеникалық(фобия, жабысқақ ойлар)

гипохондриялық (өзбетінше болжау әртүрлі мамандарға қаралу)

истериялық

эйфория-анозогнозиялық (ауруын мойындамау, денсаулығына зиян келтіру) Ата-аналарының негативті қарым-қатынасы мен тәрбиенің қатаң әдістері жасөспірімдердің мінез-қылық девианттылығына реакцияларын, тұқымқуалаушылық пен байланыстылығын ғалымдар дәлелдеген.

Синдром Клайнфельтера (ХХУ) және У-хромосомасы ықпалддарын зерттеу жүргізілуде. Қылмыскерлер мен агрессивті психопаттардың көпшілігі мутациялық жағдайға ұшыраған, У-хромосомасы артық, бұл жағдайды «хроиосомы-убийцы». ХУУ – ХХУбалаларында ақыл-ой кемістігі, интеллект төмендеуі, төменгі әлеуметтік адаптациялануы (бейімделуі), агрессивті мінез-құлық байқалады.

Көптеген психикалық бұзылулар қалыпты жағдайдан патологиялық жағдайларға өтуге әсер етеді. Қобалжу мен көңіл-күйдің бұзылуы мен депрессия психиканың эмоционалды эксремалды көрінісі. Стресс- адамда қандай да бір күшті сыртқы әсерлердің ықпалынан туындайтын қысым күйі. Стресс дегеніміз- органтзімнің өзіне қойылған кез-келген қалыпқа қайтарған спецификалық емес жауабы.

Г.Селье адамның күнделікті өмірінде стрестің екі түрін бөліп көрсетті: эустресс және дистресс; эустресс жағымды эффектілігімен үйлестік болса, ал дистресс әркез жағымсыз, ол организмге зиянды.Стрестен қашуға болмайды., бұл мүмкін де емес. Тіпті ұйқыдағы адам біршама стресс сезінеді: жүрек қанды айдап жатса, ішек иамақты қорытып, ал дем алу бұлшық еттері кеуде клеткасының қозғалысын қамтамасыз етеді. Тіпті мидың өзі түс көру кезінде толық дем алмай, жұмыс атқарып жатады.

Стрестен толық бостандық өлім деген сөз. Сельнің гипотезасы бойынша депривация (тітіркендіргіштердің жоқтығы) және шектен тыс тітіркендір бірдей мөлшерде стрестің өсуіне, тіпті дистреске жеп соғады. Сондықтан, стрестен қашудан гөрі, оны қалай жағымды пайдалануды ойлауымыз керек Сельенің айтуынша: «Өз өміріміздің мәнді болуы үшін бз өз алдымызға күрделі және ұзақ уақыттық міндет қоюымыз қажет. Біз оған жету қысымды жұмысты қажетт ететін мақсатқа ұмтылуға тиіспіз. Мұндай мақсаттың жоқтығы –асқазан жарасын, инфаркт, гипертонияны тудыратын, ең мықты стрестердің бірі.»

Қазіргі өркениетті қоғамда адамдардың белгілі бір бөлігінде стрессор мен стрессорлық реакция арасындағы қатынас бұзылған. Мұндай бұзылулар егер олар ұзақ уақыт бойы әсер ететін болса, адамның денсаулығына зор нұқсан келтіріп, ауыр науқастарға әкеп соқтығады.

Шектен тыс стресс көптеген аурулардың пайда болуы мен дамуына әкеледі.Стресс тек қана психикалық қызметтің бұзылуына емес,кез-келген аурудың себебіне айналуы мүмкін

6. Медициналық сараптаманың әртүрлі міндеттерін жүзеге асырудағы медициналық психологтардың рөлін көрсетіңіз: дәрігерлік-еңбектік, әскери-медициналық, сот-психиатриялық және медициналық-педагогикалық сараптамалар

Еңбек экспертизасы – еңбекке деген қабілеттің жоғалу деңгейі туралы сұрақты шешеді. Уақытша еңбек қабілетін жоғалтқанда дәрігер 3-6 күнге еңбекке жарамсыз қағазын (бюллетень) береді. Бұл бюллетеннің ұзартылуын дәрігерлік-консультативтік комиссия шешеді. Комиссияға емдеуші дәрігер, бөлімше бастығы және бас дәрігер не оның орынбасары кіреді. Егер ауруы төрт айдан артық созылса, ол еңбек-дәрігерлік эксперт комиссиясына жіберіледі.

Әлеуметтік қамсыздандыру ережесі бойынша мүгедектік 3 топқа бөлінеді: 1 топ – ауру адамның еңбек қабілеті толық жойылған және ол адам бақылауды қажет етеді. 2 топ – еңбекке деген қабілетті толық жойылған, бірақ ауру адам өзін-өзі қарай алады. 3 топ – еңбек қабілеті төмендеген, ауру адам мамандығы бойынша қызмет атқара алмайды, сондықтан оған жеңілірек жұмыс берілуі керек.

Жазылып, жағдайы жақсарғаннан кейін ауру адамдар еңбекке қайтып оралуы мүмкін.

Әскери экспертиза - емхана және аурухана жағдайында өткізіледі. Бұл экспертизаны әскери ведомствоның бұйрығына сай әскери-дәрігер комиссиясы атқарады. Әскери экспертизаның мақсаты ауру адамдарды анықтап, оларды әскер қатарына жібермеу. Әскери адамдардың психикалық денсаулығы туралы мәселе көтерілгенде де осындай экспертиза өткізіледі. Әскерге шақырылатын және әскери оқу орындарына түсетіндер де осындай экспертизадан өтеді. Экспертиза кезінде тексерілушіні қараудан басқа медициналық құжаттар, мінездемелер, әскерде бірге болған адамдардан не жақындарынан алынған мәліметтер қаралады.

Сот-психиатриялық экспертиза. Емхана және аурухана жағдайында өткізіледі. Экспертизаның мақсаты адамда психикалық аурудың бар-жоқтығын анықтау. Сот-психиатриялық экспертизаның негізгі мақсаты қылмыс жасаған адамның қабілеттілігін анықтау.

Сот-психиатриялық эксперт комиссиясы жоғары маманды 3 адамнан құралады: төрағасы, эксперт комиссиясының мүшесі және эксперт баяндаушы.

Ақыл кемістігі болғанда және уақытша психикалық қызмет бұзылғанда не ұзаққа созылған психикалық аурудың салдарынан өзін-өзі басқара алмаған және өзінің әрекетіне есеп бере алмаған адам қабілетсіз деп саналады. Соттың үкімі бойынша мұндай адамдарды емделуге мәжбүр етеді.

Сот- психиатриялық экспертиза – медициналық және заңдылық тұрғыда ауру адамды қарап, осының негізінде үкім шығарады. Медициналық тұрғыдан экспертизаға түскен адамда психикалық ауруы, психикалық қызметтің уақытша бұзылуы, ақыл кемістігінің бар жоқтығын анықтайды.

Сот-психиатриялық экспертиза тексеру орындарының не соттың шешімі арқасында өткізіледі. Ықтиярсыз емдеудің басталуы мен аяқталуы соттың шешіміне байланысты. Сот-психиатриялық комиссияның мүшелері берілген қорытындыға заңды түрде жауап береді.

Date: 2016-08-31; view: 990; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию