Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азіргі заманғы медициналық психологияның негізгі бөлімдері: нейропсихология, патопсхология, психосоматика туралы түсінік беріңіз





Патопсихология – психологии, психопатологии және психиатрия арасында пайда болған бағыт. оның негізін салған Б.В.Зейгарник.

Патопсихология пәні. Мақсаты және шешетін практикалық міндеттерімен патопсихология, εр түрлі психикалық ахуалдары бар психика бұзылыстарының проблемасы мен шұғылданатын клиницистерге нақты практикалық жәрдем беруге бағытталған. Патопсихологияд психопатология атты психиатрияның тарауымен тығыз байланыста. Бұл пәндердің атаулары ежелгі грек тілінің түбірінен тұрады: «пато»- «қасірет», «ауру», «псюхе» – «жан», «психика» және «логос» - «ілім», «зерттеу» деген. Сонымен патопсихология жεне психопатология психиканың бұзылыстарының әр түрлі көріністерін зерттейтін сала.

Бірақ барлық сыртқы ұқсастыққа, зерттеу «объектісінің» ортақтығына қарамастан психопатология мен патопсихологияда маңызды айырмашылық бар. Бұл айырмашылық біріншіден, патопсихология психология (клиникалық психология) тарауына кіреді, ал психопатология медицина (психиатрия) саласына жатады. Сонымен, патопсихология мен психопатология εр түрлі ғылыми пεнге жатыуымен өздеріне тεн арнайы зерттеу пεні, зерттеу εдісі жεне εр түрлі категориялық аппараттары бар.

Қандай да болмасын медицина саласындағы пәндер дерт көрінісін байланысын зерттейді. Сондықтан, психопатологияның зерттеу пәні болып психика қызметінің ахуалдары жатады, олардың пайда болу себебі, ағымы, көрінісі, емдеу, және болдырмау жолдары қарастырылады.

Патопсихология, қандайда психология саласы психика ерекшеліктерін зерттеуіне байланысты болғандықтан, ол жай ғана психиканы емес психикалық бұзылыс көрінісін қарастырады. Патопсихология пεніне толық анықтама берген Б.В.Зейгарник: «патопсихология психологиялық пεн ретінде нормадағы психика құрылымының даму заңдылықтарынан шығады. Ол психикалық іс – εрекеттін жεне тұлға қасиетін қалыптасу заңдылығы және психикалық процесстердің нормада жүруі мен бұзылу заныдылығын салыстырып, ми дың бейнелеу қызметінің қателік заңдылығын зерттейді».

Нейропсихология психологии, неврологии және нейрохирургия арасында пайда болған бағыт, негізін салған – атақты невролог және психолог А.Р.Лурия. Психосоматика – соматикалық аурулардың пайда болуы мен динамикасына психологиялық факторлардың әсерін зерттейтін медициналық психологияның бағыты.

Халыққа психиатриялық және наркологиялық көмек көрсету жүйесіндегі психология бағыты жайында талдаңыз: «Дағдарыстық күйлер» және сенім телефондары қызметі

Психиатриялық көмекті денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, халыққа білім беру органдары, мекемелер мен ведомстволардың медико-санитарлық бөлімдері атқарады. Психикалық ауру адамдарға көмек емханалар мен ауруханаларда көрсетіледі. Халыққа білім беретін жүйеде ми қабілеті дамымаған, сөйлеуі бұзылған балаларға арналған арнайы балабақшалары бар. Бұл жүйеде ми қабілеті жеңіл түрде артта қалған (дебильділік) балаларды оқыту үшін қосымша мектеп-интернаттар бар. Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің жүйесінде ұзаққа созылған психикалық аурулары бар адамдарға арналған интернат, терең ақаулығы бар 4 пен 14 жастағы балаларға арналған интернаттар бар. Денсаулқ сақтау министрлігі жүйесінде орталық нерв жүйесінің патологиясы бар 4-ке дейінгі сәби балалар үйі бар.

Ауруханадан тыс психиатриялық көмекті облыстық, қалалық, психоневрологиялық орталықтар мен аудандық кабинеттер көрсетеді.

Психикалық денсаулық орталықтары (психонврологиялық диспансерлер) – психикалық ауруларға арналған әр түрлі көмек шоғырланған мекеме. Орталықтардың негізгі мақсаты психиалық ауру адамдарды есепке алу, оларға диагностикалық және ем көмегін көрсету, реаблитация шараларын жүргізу, керек болған жағдайда ауруханаға жатқызу. Ауру адамдарға әлеуметтік және құқылық көмек көрсетуге назар аударылады.

Ауруханадағы психиатриялық көмек. Ауру адамдарға аурауханаға жолдаманы учаскелік, психиатр-дәрігер не жедел медициналық көмек бригадасының дәрігері береді. Жедел көмек көрсету керек болған жағдайда кез келген маман-дәрігер ауруханаға жолдаманы бере алады. Ауруды қабылдау мәселесін қабылдау бөлімшесінің дәрігері шешеді. Балаларды ауруханаға жатқызғанда учаскелік педиатрдың баланың эпидемиологиялық айналасындағы жағдайы туралы анықтамасы болуы қажет.

Наркологиялық көмек. Наркологиялық көмек психиатриялық мекемелермен тығыз байланысы бар денсаулық сақтау органдарының арнайы наркологиялық қызметі арқылы атқарылады. Бұл көмек емхана және аурухана жағдайында наркологиялық медициналық-әлеуметтік түзету (коррекция) орталықтарында (наркологиялық диспансерлер) мен каинеттерде өткізіледі.

Орталықтың негізгі мақсаты маскүнемдік, наркомания және уланумен ауырған адамдарды анықтап, есепке алаып, емдеп, халық арасында психогигиеналық және психопрофилактикалық жұмыстарды атқару.

Наркологиялық орталықтар құрамына кіретіндер:

1. Жылдық есеп дайындалатын, халық арасында наркологиялық көмекті жақсартатын шаралар жасалынатын, наркологиялық қызметке талдау жүргізетін ұйымдастыру – әдістеме кабинеті.

2. Клиникалық және биохимиялық лабороториялар, физиотерапия, инерефлексотерапия, невропатолог, терапевт, психолог, рентгенолог, гипнотерапия, мас болуды анықтау кабинеттері сияқты қосымша бөлімшелер.

3. Аурухана бөлімшелері, күндізгі стационарлар, түнгі профилакториялар.

Кейінгі жылдары ауру адамдарға аты-жөнін, мекен-жайын (фамилиясы, адресі) айтпай-ақ, анонимді түрде емдеу кабинеттері мен бөлімшелерінде қалауы бойынша ем алу мүмкіншілігі туды.

1990ж. жабылған емдеу-еңбек профилакторияларының орнына 1995 ж арнгайы емдеу-профилакториялық мекемелер ашылды. Бұларға туыстарының арызы бойынша емделгісі келмейтін ауруларды сот арқылы жатқызады.

Сенім телефоны жұмысының негізгі міндеттері:

а) Сенім телефонға келіп түскен азаматтардың өтініштерін уақытылы қарастыру, сонымен қатар оларды мүдделі мемлекеттік органдарына қарастыру үшін жолдау;

б) азаматтардың Сенім телефонына келіп түскен өтініштерін уақытылы және сапалы қарастырылуына бақылауды жүзеге асыру;

в) Сенім телефонға келіп түскен азаматтардың өтініштерін талдау, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған шараларды әзірлеуде және іске асыруда оларды есепке алу.

Сенім телефонының жұмысын ұйымдастыру тәртібі

4.1. Сенім телефонының қызметі мен жұмыс тәртібі бұқаралық ақпараттар құралдары, ресми веб-сайттары, ақпараттық стендтер арқылы халықтың назарына жеткізіледі.

4.2. Сенім телефонына келіп түскен мәліметтерді есепке алу және алдын ала өңдеу жұмыстарын орган басшысымен тағайындалатын жауапты маман жүзеге асырады.

4.3. Азаматтардың өтініштерін Сенім телефоны бойынша қабылдау жауапты сарапшымен жұмыс уақыты:

- күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, 9.00-ден 18.30-ға дейін белгілі бір телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады (Балалардың құқықтарын қорғау комитеті - № 74-25-28).

Жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері өтініштерді қабылдау телефон байланысы арқылы (автожауап қайтарғыш аппаратының қызметін пайдалану арқылы) төмендегі мәтін бойынша жүзеге асырылады, мысалы:

“Саламатсыз ба! Сіз сенім телефонға хабарласып отырсыз. Кешіріңіз, қазір біз сіздерге жауап бере алмаймыз. Өз аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды, байланыс телефоныңызды айтып, сұрағыңызды келесі белгіден кейін қалдыруыңызға болады. Сіздің өтінішіңіз сырт қалмайды. Рахмет!”.

4.4. Сенім телефонына келіп түскен өтініштер түскен күні мен қысқаша мазмұны көрсетілген азаматтардың өтініштерін тіркеу журналына енгізіледі.

4.5. Сенім телефонының жұмысына жауапты маман күн сайын:

а) Сенім телефонына келіп түскен азаматтардың өтініштерін қабылдауды жүзеге асырады;

б) азаматтардың өтініштерінің қысқаша мазмұнын құрайды;

в) өтініштердің ұйымдар-орындаушыларын анықтайды;

г)өтініштерді журналға тіркейді;

д) құзыреті шегінде өтініштердің ұйымдар-орындаушыларға қарау үшін өтініштерді жолдауды жүзеге асырады (факс, электронды пошта, телефонограмма арқылы);

е) өтініштердің уақытылы қаралуына бақылау жасайды.

Сенім телефонына келіп түскен өтініштерді тіркеу және есепке алу

5.1. Азаматтар өтініштерінің сапалы қаралуына есеп жүргізу және бақылау мақсатында «Сенім телефонына келіп түскен ақпараттарды тіркеу журналы» (бұдан әрі - журнал) жүргізіледі.

5.2. Журналдың беттері нөмірленген, бауланған болулары тиіс және төмендегі графалардан тұрады:

а) өтініштің реттік нөмірі (жыл сайынғы нөмірлеу 1 қаңтардан қайта басталады);

б) өтініштің түскен күні мен уақыты;

в) өтініш иесінің фамилиясы, аты, тегі, мекен-жайы және и байланыс телефонының нөмірі;

г) өтініштің қысқаша мазмұны;

д) өтінішті қарауға жіберілген органы, сонымен қатар қарастыру мерзімі;

е) өтінішті шешу қорытындалары туралы ақпарат.

5.3. Журналды сақтауды және толтыруды Сенім телефонына келіп түскен өтініштерді қабылдайтын жауапты маман жүзеге асырады. Иесі бүркемеленген өтініштер келіп түскен жағдайда «в» тармағы толтырылмайды.

5.4. Сенім телефоны жұмысының қорытындысы жинақталып, талдау жүргізіледі. Талдау қорытындылары ай сайын орган басшылығына ұсынылады.

Date: 2016-08-31; view: 761; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию