Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ахмет иассауидіҢ діни софылыҚ ойлары. 6 page





принциптерін пайдалана отырып белгілі бір ұлттың алдында тұрған мақсатты жүзеге асыру үшін қажет ғылым екенін ұмытады. Сондықтан да біз қазақ этнопедагогика ғылымы ХХ ғ. басында қалыптасты деген ойымызды дәлелдеу үшін отарлық жағдайдағы қазақ қоғамының алдына нақты мақсат тек 1905-1907 жылдардағы орыс революциясынан кейін ғана қойылды деп айта аламыз.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ САБАҚТАРЫ

Қазақ мәдениетін – ғасырлар бойы қалыптасќан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық құралдарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы- халықтың мәдени мұрасы.

Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттық) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал этностық (ұлттық) ерекшеліктері сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағрафиялық жағдайларына, генетикалық, физиологиялық т.б. ұлттық ерекшелігіне байланысты болатыны белгілі.

Тәрбиелеу- мәдениетке баулу деген сөз. Қазақ халқы өзінің тәрбиелеу, дүниетану жүйесін көшпеліжәне отырықшылдық тұрмысқа байланысты, тарихи -әлеуметтік жағдайларға сәйкес дамытып, өзінің ұлттық (этностық) мәдени ерекшеліктерін қалыптастырды.

Қазақ халқының мәдениетіндегі тәрбие мен оқыту ерекшеліктері оның ғасырлар бойын дамып, қалыптасқан ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілділік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімшілдік десек; Рухани болмыстары: өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, жадына сақтай білу қабілеттілігі оның ұлттық ерекшеліктерін танытады.

Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге (ұлт педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық тәрбие жүйесін халықтық тәлім-тәрбие дейміз де, ол туралы тұжырымдалған ғылыми жүйені халық педагогикасы дейміз.

Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінің құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйретуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адами қасиеттерін қалыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады.

Ал, ұлттық салт-дәстүрлер игі әдебиеттердің әдет-ғұрыпқа (әдепті іс-әрекетке) айналып, одан әдеп (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүрге (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (ұлттық мәдени көрніс), әдептен дәстүрге (мәдени үрдістің ұлттық дәрежедегі көрнісі) дәстүрден салт (ұлттық қолданыстың қолданылмалы заңға айналуы), салттан салт-сана (дәстүрдің ұлттық санаға сіңіп, сөзсіз қолданыста болуы) қалыптасқанын көрсететін жеке тұлғаның ұлттық мәдени қасиеттерін қалыптастырады.

Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетедіде, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиетерін қалыптастырады.

Халық педагогикасы- сол халықтың тұрмыстық, өмірлік тәжірибесінен дамып, қалыптасқан ұлттық тәрбиелік және дүниетанымдық жүйені көрсететін ғылым саласы. Халықтың (этностың) тәжірибесінсіз “педагог тажоқ, педагогика да жоқ “ (К.Д. Ушинский). “Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз” (Аристотель). Сол халық тәжірибесі арқылы дамып қалыптасқан “Халық педагогикасы-империкалық білімдер жиынтығы”(Г.С. Виноградов) болып табылады. Қазақ халқының халық педагогикасы ұлттық тәрбие құралы ретінде оның этнгостық (ұлттық) ерекшеліктерін қалыптастырады.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛДАРЫ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте

- мәдени құбылыс;

- педагогикалық ықпал ету;

- балалардың әрекетін ұйымдастыру;

- қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.

Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:

- әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.

Тәрбие әдістері – тәрбие процесінің өте күрделі компоненті. Себебі, тәрбие әдістері қазіргі қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайындағы сан – салалы өмір талаптарына байланысты болуы тиіс. Сонымен қатар тәрбие әдістері жан – жақты тәрбиенің мақсатына, принциптеріне, тәрбие жұмысының мазмұнына сай анықталады.

Соның ішінде тәрбие әдісінің мәні үнемі тәрбиенің мақсатынан туындап отырады.

Тәрбие әдісінің теориясында тәрбие әдісімен қатар тәрбиенің құралдары, тәрбиенің тәсілдері, ұғымдары айтылады.

Тәрбие құралдары – дегеніміз арнайы тәрбиелік міндеттерді шешуге арналған, мақсат көзделіп ұйымдастырылған әдістемелік жолдар.

Ал, тәрбие тәсілдері педагогикалық ситуацияға байланысты жеке әдісі, тәрбие тәсілі ретінде қолданылады.

Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің жеке бір бөлігі. Ал нақтылы жағдайда тәрбие тәсілі, тәрбие әдісінің әрекетін, қажеттілігін, тәрбиелік мәнін айқындайды.

Тәрбие әдісінің өз алдында жеке бір бөлігіне тәрбие құралдары жатады.

Тәрбие құралдарына әр салалы іс - әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек, өнер, спорт, т.б.) сонымен қатар педагогикалық жұмысқа қажетті материалдық және рухани шығармалар, заттар жиынтығы (көрнекті құралдар, саяси, көркем және көпшілікке арналған ғылыми әдебиеттер, бейнелеу өнері, музыкалық шығармалар, көпшілік ақпарат құралдары т.б.) жатады.

Тәрбие әдісінің тиімді болуы барлық әдістердің, тәсілдердің, құралдардың, тәрбие процесін ұйымдастыру формаларының өзара байланыстылығымен анықталады. Сонымен бірге мұғалім балалардың жеке – дара типологиялық ерекшеліктері мен тәрбиелік дәрежесін және баланың қандай нақтылы педагогикалық ситуацияда болғанын ескеріп, тәрбие әдісін қолдануына тәрбиенің нәтижелі болуы тікелей байланысты.

Барлық тәрбие әдістері бірін – бірі толықтырып, ықпал етудің толық мүмкіндігін туғызуы керек.

Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Тәрбие әдістерін топтастыру, жүйелеу, жіктеу, бөлу өте күрделі мәселе. Әр әдістің өзіндік ерекшелігі болады. Осыған байланысты педагогикада тәрбие әдісінің заңдылығы мен мәнін ашатын көлемді ғылыми қор жинақталған. Тәрбие әдісін жинақтау не үшін қажет. Ол тәрбие әдісін:

жалпы және жеке;

негізгі және кездейсоқ;

теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерін айқындауға, бөліп қарауға көмектеседі;

мақсатты түрде әрбір тәрбие әдісін тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды;

әрбір тәрбие әдісінің өзіне тән белгісін және оның ерекшелігін, міндетін оның бір – бірімен байланысын айқындай түседі.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҚСАТ МІНДЕТТЕРІ

Дене тәрбиесі теориясында әр түрлші ұғым дар, түсініктер бар: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті т.б. қолданылатын әр түрлі құбылыстардыкөрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр кезеңінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымының және оның практика жүзінде жүзеге асырылуын дамуына қарай тереңдеп нақтыланып келеді. Адамның түсінігі тек қоғамдық практика негізінде ғана қалыптасады. Адамзат тәжірибелерінің нәтижелері тіл формасында бекіп, қоғамдық мәнге ие болады. Ендеше, дене тәрбиесі теориясында жиі қолданылатын ұғымдарға, түсініктерге тоқталып өтейік.

Дене тәрбиесі – тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене амуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б тәрибелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатын туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғмның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттері шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ біріншіден бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды, әдет қозғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, «дене тәрбиесі» дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі – дене жөніндегі білімділік, екіншісі – ден қасиеттерінің тәрбиесі. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны. Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен-ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек еңбек тәрбиесі мен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбеисі құралдарын оқып-білуге, дене жаттығуларын үйрету қағидалары мен әдістерін ашып көрсетуге дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын сондай – ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі үнемі қоғамдық практикамен біргелікте дамып келеді.

ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ

Қай ұлт болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершілік асыл қасиеттерді қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі.

Ұлттық тәрбиенің басты құралы халық ауыз әдебиеті және дала даналарының тәлімдік өнегелері - қазақ этнопедагогикасының теориялық алғышарттарының негізі болып табылады. Бала тәрбиесін заттың атын атап, сан үйретуден бастаған қазақтың ұлттық тәліміндегі ерекшеліктер сол ұлттың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи және табиғи жағдайларына байланысты. Балаға сан үйретуді, тіл ширатуды, мақал-мәтел үйретуді, тақпақ жаттауды игі әдетке, одан әдепке, әдептен дәстүрге айналдырған. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негізі - ұлттық әдебиет және тәлімдік өнегелер. Қазақ халқының тілі, ділі, болмысы оның этнопедагогикалық негіздері болып табылады.

Қазақстанда бүгінгі таңда этнопедагогика жетістіктері кең пайдаланылып, дами бастады. Жалпы тұрмыстық заттар, ою-өрнек, зергерлік бұйымдар, ұлттық киім, нақыштар және т.б. ұлттық тағылымдар, әрине халықтық құндылықтар арқылы жасалынатыны белгілі. Сөз жоқ, жастарға білім беру жолында, жалпы адам тәрбиесінде этнографияның әсері ерекше. Бірақ, этнопедагогика ұлттық тәрбиемен қаншалықты байланысты болса да, олар бірін-бірі алмастырмай, толықтырып отыратын ғылым салалары. Адам болмысы тән, жан, рух жүйелерінен тұратынын ескерсек, адам тәніне қажет материалдық негіздермен қоса жан мен рухты дамытатын ғылымның қажеттігі айқындала түседі. Этнопедагогика бүгінгі таңда өзіндік ғылыми тұрғыда сараланып, білім беру процесінде енгізілген ғылым. Ал, ұлттық тәрбие пәнін оқу үрдісіне ендіру енді ғана қарастырылып жатқан мәселе, сондықтан да, ұлттық тәрбиенің негіздерін, әдіснамасы мен жүйелерін жаңа жасау қажеттілігі айқындала түседі.
Бүгінгі ұлттық тәрбие теориясы ұлттық діл, дін, тіл, тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді оқытудағы өзара байланыс жүйесіне негізделеді және ұлттық рух пен адам санасының жетіліп қоғамдық тұлғаға көтерілуін қамтамасыз ету болып табылады. Осы сатылар ұлттық тәрбиенің ғылыми негіздерін қалыптастырады.

Кез келген жас ұрпақ адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі мәдениеттілігі болса, оны игеруге өмір бойы алатын білім жүйесін толықтырып отыруға міндетті болуы керек. Ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттілік, яғни ұлтымыздың бойындағы кішіге ізеттілік, үлкенді сыйлау, өз орнын біліп, адаммен қарым-қатынас жасауы, байыпты сөзі, биязы мінезі, салмақтылығы мен сабырлығы, адаммен тіл табысуы, өзін-өзі ұстай білуі, әсемдік пен ізгілікке ұмтылуы т.б. жеке бастың, ар-ожданының қорғаны болуға бағытталуы керек.

Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бойынша кейінгі жылдары іргелі зерттеулер жүргізіліп, ғалымдардың назарынан түскен емес. Қазір де соңғы педагогикалық тәжірибелер, сондай-ақ, психологиялық, дидактикалық және қолданбалы педагогикалық, озық технологияларға сүйене отырып, ұлттық тәрбие мәселесін одан әрі ғылыми негіздеп, қайта жаңғырту мен дамыту бүгінде өмір талабы болып отыр. Ұлттық тәлім-тәрбие мұраларын мектептегі оқушылар ұжымдарының іс-әрекеттерінде барыншы пайдалану – қазіргі кездегі педагогикалық талаптардың бірі.

Осы орайда салт-дәстүрлердің бүгінгі күнге дейін жетіп, ұрпақ тәрбиесіне елеулі әсер

ҚЫЗ БАЛА МЕН ҰЛ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА МЕН ӘЖЕЛЕРДІҢ ӘСЕРІ,ТӘРБИЕДЕГІ РӨЛІ.

Әжелердің мінез-құлқындағы жағымды жағдайлар олардын мейірімді, төзімділігі, сабырлылығы, өмірде кездесетін қиыншылыққа қажырлылықпен қарауының бәрі балаға өнеге саналған. Әжелеріміз ертегі-аңыздарын, жыр-дастандарын айтып, немере-шөберелерін рухани жағынан сусындатса, аталарымыз ақ батасын беріп, өсиет-насихаттарын айтып отырған. Мәселен, Балғожа би мен Зередей зерек әжесінің ертегі-аңыздарын, жыр-дастандарын тыңдап, тәрбиесін алып өскен Ыбырай мен Абай аталарымыз да қазақтың ұлы тұлғаларына айналды. Осындай мысалдардан-ақ ата мен әженің тәлімді тәрбиесін алған сіздің балаңыздың да күні ертең еліне елеулі, халқына қалаулы жақсы азамат болмасына кім кепіл? Аталар мен әжелер балаларды отбасында түрлі өнер мен еңбекке де үйретеді. Ертегі, әңгіме, мақал-мәтелдер айтып бере отырып, жастарды жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді. Мысалы, А.С.Пушкин, Г.Успенский, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы адамдарды олардың жастайынан ауыз әдебиетін сүюіне әсер еткен әжелері бар болғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Үлкенді қадір тұтып өмірі өткен қазак ауылының өмірінде қарттарға деген ықылас, кұрмет ерекше болған. Көпті көрген қариялар отбасында тәрбиешілік қызметті атқарған, Немере-шөберелерін туған баласынан кем көрмеген.

Баланың әке-шешесі ата-әжесі тұрғанда бала менікі деуге бата алмаған, ал балалары оларды аға, жеңге деп атаған. бұл дәстүр ата мен бала, ене мен келін арасында шынайы татулық, ынтымақты отбасылық катынасты қамтамасыз еткен. зерделі кариялар бір үйдің ғана емес, бүкіл ауылдың, қамқоршысы, ақылшысы болған.

«Қазақ білмегенін қартынан сұрайды»,

«Есік алды төбе болса,

Ерттеп қойған атпен тең,

Ауылыңда қартың болса,

Жазып қойған хатпен тең»...

деген макалдар осы пікірдің айғағы. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының балаларының өрескел мінез-кұлқын көрсе, өз баласына жаза қолданғандай ұрсып зекуге, ақыл айтуға, тіпті ретті жерде ұруға да құқылы болған.

«Қызға қырық үйден тыю»,

«Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, -

Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», -

деген мәтелдер казак ауылындағы баланы қауым болып тәрбиелеу идеясынан шыққан. Әжелеріміз қыз баласын келін болашақ ана ретінде қарап,тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қыз балаға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай қүю, кесте тігіп, ине пішу сияқты отбасының ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне алған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деп түсінген халқымыз оның енбексүйгіш, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзі үлкен сын болған.

Ақындардың өлеңдерінде кездесетін «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған. Қыз балалардың көрікті болып өсуіне аналары ерекше көңіл бөлген. «Аттың көркі - жалы, арудың көркі - шашы» деп ұққан аналар қыздың бұрымын дұрыстап күтіп өсіруді өнер санаған. Шашты жақсы өсіру үшін айранмен, кынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етіп өру бойжеткен қыздардың көркі болған. Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы ізін басты» Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, киылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған. Бойжеткен қыздардың киім киісіне де ерекше кеңіл бөлген.

«Адам көркі - шүберек,

Ағаш көркі - жапырақ»,

«Қыз өссе - елдің көркі», -

деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама камзол, дүрия бешпет, камшат көйлек, биік өкше етік тіктіріп кигізген. Сырға, білезік, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзі қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйірлігін білдіреді. Ұзатылған қыздың ауылында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату», өлеңдерінде, келін түсіру тойында орындалатын «Беташарда» келіннің басты-басты киімдері, сән-салтанаты мадақтала жырланған. Батырлар жыры мен лиро-эпос жырларында арулардың сырт пішінін, киген киімін жүріс-тұрысын келістіре суреттеген. Халқымыз қыздың көркіне ақыл-ойы, мінезі сай болуын қалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, қылығы түзде» деп, қыз тәрбиесінің ерекшелігіне аса жоғары мән берген. Қыздың ұзатылып барған жерінде өсірген ата-ананың, өскен ауылдың атына кір келтірмеуін, сағын сындырмауын тілеген.

Ата-бабамыз ер бала тәрбиесіне ешқашан да бей-жай қарамаған. Ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кең, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелейтін болған. Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – абыройлы әке. Отбасының мәдени-рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да – әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде,әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет.Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі елағаларына байланысты. Қазақ халқы ер бала тәрбиесіне өте зор мән берген. Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Ер баланы 6 жасқа дейін хандай көтер, сыйла, 6 жастан 16 жасқа дейін құлша жұмса, 16 жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөз бар. Қазақ халқы 7 атаға дейін, мүмкін болса өз руының қыздарына үйленбеуге тырысады. Ата-бабамыз қан тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Атам замандарда қазақтар ұлдарын 13 жасында отау иесі деп дайындаған. Қазіргі заман басқа, заң бойынша 18 жасқа толғасын некеге отыра алады. Ең дұрысы Отан алдындағы әскери міндетін атқарып келгесін 20-22 жаста ата-баба салт-дәстүрі бойынша үйленген жөн. 30-ыңда орда бұзбасаң, 40-да қамал ала алмай қаласың деген бекер айтылмағанында ескерген дұрыс.Отбасында әкелер өз өнерін балаларына үйретіп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе күйші етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген. Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының өмірінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылық немесе ұсталык, күйшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Осындай әке мұрасын қуушы өнерлі жастарды дәріптеу қазақ ауыз әдебиетінен өзекті орын алған.

Date: 2016-05-24; view: 1170; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию