Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс. Дидактика – педагогикалық ғылымдар жүйесінде





 

Жоспар:

1.Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың обьектісі, пәні, қызметтері және міндеттері

2.Дидактиканың ұғымдары

3. Дидактиканың негізгі мәселелері. Дербес мәселерді дидактикадан бөліп алу және оның олардың дамуына ықпалы.

4.Үздіксіз білім беру жағдайындағы дидактиканың ролінің артуы.

 

Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін. оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.

Дидактика – бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikаs – үйретуші, оқытушы, didaskо-оқушы деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғымды ғылыми айналымға енгізген неміс педагогы Вольфгант Ратке /1571-1635/. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика барлық педагог үшін өте маңызды, өйткені біздің өмірімізде кез келген педагогикалық міндеттерді дидактика ғылымы мен теориялық білім негізінде жүзеге асырылады.

Қазіргі түсінік бойынша, дидактика- білім беру мен оқыту мәселелерін зертейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп аталады. Дидактиканың зерттеу пәні- оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтежиелері.

Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұның, барысын, формасы мен әдістерін зерттеуіне қарай оқыту әдістемесі деп аталады. Мыс: математиканы оқыту әдістемесің, дүниетануды оқыту әдістемесі т.б.

Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми –теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.

Дидактика пәні – білім беру мен оны тәрбиелеудің амал-құралы ретіндегі оқыту, яғни оқыту мен үйретудің біріккен өзара әрекеттестігі, мұның өзі білімнің мазмұнының оқушылардың мұғалімнің ұйымдастырылуы мен меңгеруін қамтамасыз етеді.

Дидактика оқытудың іс - әрекеттерін, әртүрлі нысандарын зерттейді және анықталған заңдылықтардың негізінде оқытудың әралуан жүйелерін талдап, белгілейді. Бұл жүйелер оқу жоспарларында, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды ашылатын білімнің мазмұнында нақты көрінеді, белгілі бір ұйымдық нысандарда оқытудың тиісті әдістері мен және құралдарымен жүзеге асырылады.

Дидактика нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек деген сұрақтарға жауап іздейді, бұл сұрақтарға қазіргі заман талаптарына сәйкес жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім шеңберінде қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптасыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет.

Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәжірибенің қазіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.

Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласына оқушыларды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.

Дидактиканың негізгі міндеттері:

- табиғат, қоғам және адам құбылыстары мен заңдылықтары және оларды өзінің практикалық әрекетінде саналы және белсенді іске асыру туралы нақты және ақиқат білімді алу мақсаты мен адам өркениетінің ең мағыналы жетістіктерін игеру арқылы өсіп келе жатқан жас буынды жалпы адамдық құндылықтарға араластыру.

- ғылыми білімнің көлемін және мазмұнын анықтау, яғни оқыту процесінің антологиялық (грек тілінде ontos – тіршілік) негізін анықтау, (яғни оқыту процесінің) дидактика функциясына бағдарланған технологиялық құралдарды қалыптастыру, яғни оқу процесін ұйымдастырудың оптимальды (оңтайлы) шарттарын құру және оларды реттеу.

Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Великая дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып – сабақ жүйесі баяндалған.

ХVІІ ғ. швейцар педагогы Иоганн Генрих Пестолоцци (1746-1827) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады.

ХІХ ғасырдың неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек

(1790-1966) дамытып оқыту дидактикасы баяндады. Оқыту процесінде әртүрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті. Көрнекілік, еліктіргіштік, жігерлік, оқушылардыі дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу т.б.

К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К. Крупская, П.П. Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты.

Белгілі педагог ғалымдардың Б.П. Есипов, М.Н.Данилов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселері жөніндегі еңбектерді жариялайды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді.

Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагогы ғалымдары ағарту ісінің қайраткерлері Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов т.б. өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп бірсыпыра үлестерін қосты.

Қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин (1841-1889) қазақ балаларын оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Оның ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері – бұл балаларды сабаққа, ғылымға өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сезімін оятатын жол.

М.Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген педагог. Оның «Педагогика» кітабы ең алғаш рет 1922 жылы Қызылжар қаласында, одан кейін 1923 жылы Ташкент қаласында шығарылды.

М.Жұмабаев осы кітабында «Дидактика» және әдістеме мәселелерін оқыту не білім берудің негізгі қарастырған. Оның 1917-1918 жылдары Омбы қаласында қазақ балаларының 1919 – 1920 жылдары Орынборда мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабайдағы арнайы орта мектепте оқыған дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден М.Жұмабаевтың шығармашылық ізделу жұмысына ежелгі грек философтары Сократтың, Аристотельдің, сол кездің атақты педагог-психологтары С.Л.Рубинштейннің (1889-1960) ғалымдардың еңбектері игі әсер етті.

2. Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.

Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын (тәрбие, педагогтік іс-әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, сабақ беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі және оның компоненттері міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі. Бұлар бір-бірімен өзара байланысты болады және ғылыми-дидактикалық жүйенің бір бөлігі ретінде қаралады.

Оқыту- оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін

қажетті адамзат тәрбиесінің бөлшегі. Ол- оқытудың нәтежиесі болатын білім, білік,

дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.

Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі қоғамдық - өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне байланысты. Оқыту процесінің компоненттері: оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бірімен тікелей байланысты түрде жүзеге асырылады педагогикалық процесс сонда ғана нәтижелі болады.

Оқыту процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптармен оларды орындауда оқушылардың мүмкіндігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.

Сонымен қатар оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар, яғни оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімі, іскерлігін, дағдысын тексеріп тез қорытыныды шығаруға болады.

Педагогикада диалектиканың барлық заңдары көрсетілген. Сондықтан А.С.Макаренко диалектикалық ғылым деп санады. Оқыту және тәрбие процесінің диалектикасын оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, қарама-қайшылығында ашылады.

Педагогикалық процестің заңдылықтары. Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған. Осы тұрғыдан педагогикалық процесс заңдылықтарын оқу бағдарламасы негізінде сипаттауға болады.

3.Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын мәнді байланыс философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді.

Мұндай заңдылықтарға оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Мектепте бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу – материалдық жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке адамның дамуына игі әсер етеді.

Оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту процесі білім беру, тәрбие және даму процестеріне байланысты. Сондықтан оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады.

Л.С.Выготскийдың айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуына «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы іздеуге талпындырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму зонасына» көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

Оқытуды іске асыру адам баласын белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды жақсы ұйымдастыруға болмайды. Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңейеді, тереңдейді, ақыл-ой қабілеті білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесігнде пайда болған сұрақтардың жауаптарын табады. Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс-әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланың ақыл-ойы, дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек етуге жауапкершілік сезімі артады.

Оқыту процесінде оқушылардың жас, дербес ерекшеліктерін есепке алу.

Жас ерекшеліктер мынадай жағдайда есепке алынады:

1. Оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын, т.б. жасағанда.

2. Организмнің дене психикалық дамуына байланысты.

3. Оқу, тәрбие процесінде.

Жеке адамның дербес ерекшеліктері:

1. Темперамент, оның типтері.

2. Қабілет, оның түрлері, жалпы және арнайы қабілеттер.

Қабілет – адамның әртүрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі. Білім беру және адамның жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырылады.

Оқыту процесінің міндеттерінің, мазмұндарының, формаларының және әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары. Оқыту процесінің барлық элементтерінің мақсаттары мен міндеттерін, мұғалімнің және тәрбиеленушінің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін анықтау.

Бұл заңдылықтар:

а) оқыту мазмұны қоғамның мақсаттары және қажеттілігінің бейнелейтін міндеттерге байланысты.

ә) оқыту формалары оларды ұйымдастырып өткізудің міндеттеріне, мазмұнына және әдістеріне байланысты.

б) оқыту әдістері, олардың мақсаттарымен анықталады.

Оқыту процесінің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді. Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптеріне бейнеленеді.

4. Дидактикадағы ғылыми жұмыстарды барлығы дидактиканың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Дидактианың өзекті мәселелері қазіргі қоғамның талаптары бойынша қойылған міндеттерімен анықталады. Бірақ, өзекті мәселелер мен міндеттердің мәнді айырмашылықтары бар.

Ғылыми мәселелер ғылым мен тәжірибе арасындағы қайшылықтар болып табылады. Олар көбінесе ескі мен жаңаның арасындағы талапты көрсетеді. Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп – жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.

Дидактика көптеген проблемаларды зерттейді. Солардың ішінде білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейкесті мәселелер қарастырылады:

1. Білім беру мазмұнының барлық аспектілері: оқу жоспарын, бағдарламаларды, оқу құралдарын жетілдіру, жаңарту.

2. Әрбір пән бойынша сабақ берудің сапасын арттыру.

3. Оқытудың ғылыми деңгейін жоғарлату.

4. Оқушылардың белсенділігін қалыптастыру.

5. Оқыту процесінде балаларды тәрбиелеу.

6. Соңғы ғылыми зерттеулерге сәйкес педагогикалық процестерді жүргізуге мұғалімдерді үйрету.

 

Date: 2016-05-17; view: 16040; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию