Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мақсатқа жету мотивациясы қалай жүзеге асырылады





Адамның алдына әр түрлі мақсат қоюға себепші болатын – түрткі, қажеттіліктер. Осы қажеттіліктерді орындау барысындағы жағдайлармен индивидтің өзара әрекеттестігін мотивация деп атаймыз. Адам қажеттін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланып, бұл оның белсенді іс-әрекет етуге талпындырады.

Мотивация мәселесіне байланысты көпшілік зерттеулерде негізгі рөл мотивацияны іс-әрекетпен байланыстырып талдауында деп тұжырымдауға болады. Әр түрлі бағыттағы зерттеу жұмыстарының авторлары (А.Н. Леонтьев, С.А. Рубинштейн, Л.М. Якобсон, Д.И. Узнадзе, В.И. Ковалев) мотивацияның құрылымын тұлға іс-әрекетінде байқала дамитынын көрсетті.

Кез-келген іс-әрекет белгілі бір мотивтерден туындайды да, белгілі бір жағдайларда өтеді. Мотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар – адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер.

Философтар Н.Н. Трубников, О.Г. Юдин мақсаттың және іс-әрекет нәтижесінің сәйкес келмеу мәселесін анықтады, мақсат қою шылықта нақты мақсаттарды жүзеге асыратын барлық шынайы салдарды есепке алу мүмкін емес деген.

Жетістікке жету әрекеті адамның ойлап тапқаны, өйткені, сапа стандартына сәйкес міндеттерді қабылдауға міндетті, Сондай-ақ іс-әрекет аяқталған соң өзін - өзі бағалап, жоғары жетістікке, әлде бір жоғары дәрежеде орындап, нәтижесін көруге тырысу, өзінің ақылы мен қабілетін көрсету. Субъект белгілі бір дәрежеде жетістікке жетуге өзін міндетті санайды.

Алғашқы рет жетістікті адам мотивациясының қайнар көзі ретінде 1930 жылдардың соңында Мюррей қарастырды. Қиындықты жеңіп, жетістікке жету оңай емес. Оны жылдам әрі, жақсы етіп орындау жолдарын табу басты міндеті. Қиындық, кедергілерді жойып, жоғары стандартқа жету. Өзін көрсетіп, өзгелермен жарысқа түсу, өз таланты мен қабілеті арқылы өз өзіне деген құрметті арттыру.

Жетістікке жету мотивациясы кез-келген іс-әрекетті жоғары деңгейде орындап, жақсы нәтиже көрсетуге бағытталған, оған жетістік критерийі қолданылады. Жетістік мотивациясы субъектінің өз саласы бойынша жетістікке жетуі үшін талпыну арқылы пайда болады.

Әр алуан іс-әрекет барысында адамдар өз қажеттіліктерін өтеп, жетістікке жетуге ұмтылады. Демек, Жетістікке жету мотивациясы дегеніміз адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі.

«Жетістікке жету мотивациясы» және «дамыту» терминін қолдану бұл процесті әртүрлі тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді.

Жетістікке жету мотивациясын дамудың жас ерекшеліктерін бейнелейтін көрсеткіштер X. Хекхаузеннің жұмыстарында аса үлкен қызығушылықтар тудырды. Оның ойынша, жетістікке бағытталған мінез құлықтың негізі 3 және 13 жас аралығында қалыптасады. X. Хекхаузен жетістікке жету мотиві және іс-әрекет арасын-дағы байланысты талдай келе, жетістікке жету әрекетінің үш мотивациялық детерминанттарына сәйкес келетін, жетістікке жету мотивацияның жалпы жас ерекшелікке байланысты дамуының үш топтық көрсеткіштерін бөліп көрсетеді:

1) табыстың және сәтсіздіктің тартымдылығы;

2) тұлғалық стандарт;

3) атрибуция типі.

Жетістікке ұмтылғанда адамға тұлғалық қасиеттермен бірге даралық ерекшеліктері және ерік сапаларының да әсері мол. Егер бастаған ісін аяғына дейін жеткізсе, қиындықтан момынсымаса шыдамдылық, табандылық танытатын болса міндетті тұрде кез келген іс-әрекетте жетістікке жете алады. Жалпы жетістікке жету мотивациясы теориясында табандылық 1958 жылдан бастап арнайы зерттеудің обектісі болып табылды.

Жалпы, жетістікке жету мотивациясы бұл адамның қандай да бір іс-әрекетті сапалы және жақсы орындап, өзінің іс-әрекетінің нәтижелерін жақсарту болып табылады. Ал жетістікке жету мотивациясы жоғары адамдардың мақсат және міндеттерді қоюда өзінің мүмкіндіктерін шынайы бағалайды, қиындықтарды жеңуге ұмтылып, іс-әрекетте жоғары нәтижелерге жетуге тырысады.

Date: 2016-01-20; view: 1347; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию