Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Абайдың әлеуметтік тұжырымдамалары





 

Абай өмір сүрген кезде қазақ қоғамы әлі де патриархалдық-феодалдық құрылыстың бұғауында еді. Сондықтан сол қоғамдағы әлеуметтік қатынастар қазақ өміріндегі өз ерекшеліктерімен оның шығармаларында толық көрініс тауып отырды. Әсіресе рулық құрылыстың ыдырамауы, патшалық әкімшіліктің өздерінің отарлық саясатын жүргізуі мақсатына пайдаланып, ру басыларының тартыстарып қоздыруы әлеуметтік ахуалды шиеленістіріп, халықтың күйін нашарлатып жібергенін жазды. Өз тұсындағы қазақ қоғамындағы негізгі әлеуметтік екі тап – байлар мен кедейлердің арасындағы мүдделік қайшылықты Абай былайша түсіндірді:

Жалшы үйіне жаны ашып, ас бермес бай,

Арттық қайыр артықша қызметке орай.

Байда мейір, жалшыда бейіл де жоқ,

Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!

Ұлы Абай өз тұсындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктің, әділетсіздіктің және содан туатын еріксіздіктің себептерінің бірін патша өкіметінің елді саяси басқару жүйесінен деп білді. Ол шындыққа, нақтылыққа негізделген көзқарас еді. Елді басқару жүйесін патшалық аға сұлтандар, одан кейін болыстар мен старшиналар және елубасылардың қолына берді, оларды зымияндықпен өзара бақталас етіп, қырқыстырып қойды, солар арқылы момын еңбекші халықты қанап, тонап отырды.

Патша өкіметі рулық құрылысты сақтауда басқарудың тиімді әдісін көрді. Ру аралық тартыстарды өз пайдасына шешіп отырды. Саясат оларға қолайлы нәтижелерін беріп, ол саясатты көздегендей жүргізу үшін жергілікті атқамінер шонжарларды надан, өркөкірек, «шаш ал десе, бас алатын» ақкөздерден қойып отырды.

Кемеңгер Абай өзінің әлеуметтік ойлары бүкіл адамзаттық деңгейге көтерді. Ол осы әңгіме болып отырған сөзінде: «адам баласына адам баласының бәрі – дос». Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің бәрі бірдей», - деп философиялық-әлеуметтанулық қорытынды жасайды.

Қазақ қоғамының әлеуметтік өмірін кең зерттеп, одан бүкіл адамзат баласына қатысты қорытындылар шығарып отырды. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. Залымдық – адам баласының дұшпаны (толық жинағы, 384-б.).

Абай бұл кедергіден шығудың жолы және құралы - халықты білімге, ғылымға тарту деп санады. Еңбек әлеуметтік-экономикалық үрдіс ретінде қаралып, оның материалдық игіліктерді өндірудегі шешуші роль атқаратыны, адамдардың өзінің әлеуметтік жағдайларын жақсартудың өзі еңбек қатынастарына байланысты екені оның шығармаларында жан-жақты қаралады. Ол қазақ қауымындағы еңбекке немқұрайды қараушылық, жалқаулық, еріншектіктің қоғамды жұтатын, тоқыраушылыққа ұшыратып отырғанын, соның салдарынан әлеуметтік жүдеушіліктің орын алып отырғанын қатал сынады, еңбек етуге шақырды.

Еңбектің сипаты мен мазмұнын көрсеткенде Абай баянды еңбек – егін салушылық, білім алушылық деген қорытындыға келеді. Ол:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған,

- деп тұжырымдайды. Абайдың бұл ойынан бір әлеуметтік көрегендігін көреміз.

Абайдың тағы бір терең ойлы пікірі – адам ортаның, өз заманының жемісі екендігіне апарып саяды. Ол «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі «виноват». Адамды (индивидті) қоғамнан алып қарамай, ол сол әлеуметтік ортаның жемісі екенін терең түсінгендігі.

Ол «Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені», - деген тұжырымы. Бұл адам – қоғамда ғана адам, ол қоғамның субъектісі, қоғамдық ортадан тыс адам өмір сүре алмайды деген ғылыми ақиқат. Сонымен қатар адамның өзі қоғамдық субъект ретінде сол қоғамның, әлеуметтік ортаның дамуына өзінің іс-әрекетімен белсенді әсер етіп отырады. Олай болса, әрбір адам өмірінің көрінісі қоғамдық өмірдің қалыптасуы, әрі оның көрінісі болып есептеледі. Осылайша Абай қоғам мен жеке адам арасындағы әлеуметтік қатынастың заңдылығын түсінеді.

 

 

Date: 2016-02-19; view: 1820; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию