Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Пошталық программалармен жұмыс істеу





Пошталық программалардын түрі оте көп, олардың кейбірі тегін таратылады. Олар бір-бірне өте ұқсас тек безендірілуі жағынан, косымша мүмкіндіктерімен және қабылданған стандартқа сәйкестігі дәрежесі бойынша біршама айырмашылықтары бар. Төменде Windows 95/98 жүйесіне арналған өте көп тараған пошталық программалар сипаттамалары берілген.

Microsoft Outlook Express - Microsoft Office пен МІЕхр құрамына кіретін анағұрлым кейінгі программа. Оны серверден тегін көшіруге болады. Ол ІМАР -ты сүйемелдейді және оның әртүрлі баптаулар саны көп.

Netscape Messenger -Netscape фирнасының тегін программасы, ол Netscape Communicator құрамына кіреді. Мүмкіндігі жағынан Outlook Express программасымен бірдей.

Еиdorа - Qualcomm фирмасының пошталық программасы. Жеңілдетілген нұсқасын (Еиdorа Lite) www.eudora.com серверімен тегін кошіріп алуға болады, ал толық нұсқасы ақшага сатылады. Бастапқыда өте кең қолданылғанымен басқа өндірушілердің тегін программасы көп тарағандықтан, кейін дамымай қалды. Орыс тілінде мәлімет алысуға жарамайды.

Тhе Ваt — RITLABS фирмасының тез танымал болған программасы. Баптаулардың жеңілдігімен, бірнеше пошталық жәшік жүргізу мүмкіндігімен, фильтрлер баптауларымен және корреспонденцияларды сұрыптауымен ерекшеленеді.

Пошталық программаларды конфигурациялау тәсілдерінің бір бірінен айырмашылықтары бар. Дегенмен барлық программаларға ортақ бірқатар баптаулар мен қасиеттер бар. ІІошталық программаны нақты бір пошталық жәшікпен жұмыс істеуге лайықтау үшін оған келесі ақпараттарды міндетті түрде енгізу қажет:

1. Тіркелген электрондық адрес.

2. SMТР-серверінің адресі.

3. РОРЗ (ІМАР) - серверінің адресі.

4.Тұтынушы аты және пошталық жәшікпенқатынас құру паролі - құпиясөзі (пошталық жәшікті құру кезінде тіркеледі).

Бұдан басқа корреспонденцияларды өндеуге арналған бірнеше баптаулар бар. Олардың бірқатар ортақ қолданылатындарына төменде сипаттама берілген.

Хабарлама форматы (қарапайым мәтін/НТМL). Жөнелтілетін (шығыс) хабарламаларды қарапайым мәтін форматымен бірге НТМL форматында да құруға болады. НТМL форматы хабарламаны анағұрлым ерекшелеп безендіруге мүмкіндік береді, әйтсе де қарапайым мәтін кең қолданысты (әмбебап күйде) болады және бұл форматтағы мәтін көлемі кішірек болады.

Кейінге қалдырылганІЖылдам жөнелту. Хабарламаны құрғаннан кейін оны бірден немесе кейінірек тұтынушының өзіне ыңғайлы уақытта жөнелтуге болады. Егер модемдік байланыс қолданылатын болса, онда «Поштаны жылдам жөнелту» баптауын алып тастау керек.

Өшіру/Поштаны серверде қалдыру. Әдетте хабарламаны қабылдаған соң, сол орынды босату мақсатында серверден автоматты түрде өшіріліп қалады, бірақ кейбір жағдайда қабылданған хабарламаның көшірмесін серверде сақтау қажет болады. Сәйкес режимді сақтау осы опцияны таңдау көмегімен жүзеге асады.

Сонымен бірге пошталық программаның провайдермен байланысқа шығу режимін, хаттарды сорттау режимін басқаратын, пошталық жәшік жағдайын индикациялайтың т.б. баптаулар бар.

Электрондық хаттың құрылымын қарастырайық. Кәдімгі хат сияқты, электрондық хаттың да тақырыбы деп аталатын конверттен және хаттың өзінен - хат тұлғасынан тұрады.

Хаттың тақырыбы хатқа косымша - сүйемелдеуші ақпараттан тұрады. Бірқатар қызметтік ақпараттар тақырыпқа пошталық программа арқылы автоматты түрде кіргізіледі және хатты дұрыс жіберу, қабылдау алушыға хаттың жөнелтілген уақыты, күні, байланыстырылған файлдар жөнінде мәлімет беруге арналады.

Ақпараттың бір бөлігін жөнелтуші өзі енгізеді:

Кімге: (То:) – Хатты қабылдаушының адресі;

Көшірме: (Сс:) - сол хаттың кошірмесін жөнілтуге қажетті адрестердің тізімі;

Тақырыбы: - хаттың тақырыбы, яғни оның не жөнінде жазылуы.

Жоғарыдағы өрістердің Кімге қатары міндетті түрде толтырылуы керек. Хат тұлғасы хабарлама мәтіні болып табылады. Адресатқа хатпен бірге оның косымшасы ретінде файлдарды бірге жөнелтуге болады. Ол үшін қатты дискіден файлды таңдау мүмкіндігін беретін сәйкес батырманы (әдетте косымша қыстырма-скрепка түрінде белгіленеді) басу қажет. Қосымша ретінде кез келген файлды, программаларды, дыбыстық файлдарды,графикалық файлдарды, т.б. жөнелтуге болады.

Әрбір пошталық программа орнатылған соң, автоматты түрде ең аз дегенде үш бума құрылады: келетін хаттарға арналған, жөнелтілген мәліметтер үшін (мұнда жөнелтілген хаттардын көшірмелері сақталады) және қоқыс себеті (мұнда абайсызда өшіріп алған жағдайдағы хаттар келіп тұседі). Әдетте пошталык программалар бір немесе бірнеше адрестік кітапты құру, кіріс поштаны автоматты түрде сорттау (мысалы нақты бір адрестен келіп түскен хаттарды қоқыс себетіне автоматты түрде жіберу) үшін, т.б. косымша бумалар құру мүмкіндігін береді. Бұл косымша мүмкіндіктер қажетке сай хат алысу көлемінің артуына қарай құрылады. Олар пошталық программаның құжатындағы «Неlр» (немесе Справка) менюінде толығырак баяндалған.

Date: 2016-02-19; view: 848; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию