Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зертханалық жұмыс №3





Тақырыбы: Енгізілетін тыңайтқыштардың мөлшерін есептеу.

Мақсаты: Берілген ауданға калийлі, азотты, фосфорлы тыңайтқыштардың мөлшерін есептеп шығаруды үйрену.

Жұмысқа түсініктеме:

Ауыл шаруашылығында қолданатын барлық тыңайтқыштар органикалық, минералды, бактериялы және жақсартушы тыңайтқыштар болып бөлінеді.

Органикалық тыңайтқыштарға жататындар: көң, құс санғырағы, күйген көң, торф, жасыл тыңайтқыщтар, ет, балық, тері өнеркәсібінің қалдықтары т.б. Органикалық тыңайтқыштарды қоректік заттар жартылай немесе толығымен органикалық қосылыстар түрінде болады.

Минералдық тыңайтқыштарға өсімдікке қажетті қоректік заттары бар химиялық қосылыстар жатады. Олар: азот, фосфор және калий тыңайтқыштары, сонымен бірге микротыңайтқыштар: бор, молибден, мыс, калий және т.б. элементтер. өсімдіктер тыңайтқыштардың құрамындағы барлық заттарды пайдаланбайды. өсімдіктер пайдаланатын бөлігі әсер етуші зат деп аталады.

Бактериялы тыңайтқыштарға құрамында пайдалы топырақ микроорганизмдері бар препараттар жатады. Олар топырақтың қоректік режимін жақсартатын пайдалы микроорганизмдердің дамуына, көбеюіне септігін тигізеді. Нәтижесінде өсімдіктерді азотпен, фосформен, және т.б. элементтермен қамтамасыз ету жақсарады.

Топырақты химиялық жақсарту кезінде, яғни қышқылдану және сорланумен күресу кезінде, жақсартқыш тыңайтқыштар қолданады. PH = 4,5 – 5,5 болған кезде ізбес енгізу керек.

Тыңайтқыштардың мөлшерін 1га – ға қажетті әсерлі заттың мөлшері ретінде көрсетеді.

Тыңайтқыштарды енгізудің 3 әдісі бар:

  1. Негізгі немесе тұқым еккенге дейін;
  2. Егу кезінде;
  3. Еккеннен кейін немесе үстеп енгізу.

Енгізілетін тыңайтқыш мөлшерін төмендегі формуламен анықтауға болады:

 

Д = 100 В / К

 

Мұндағы: Д – тыңайтқыш мөлшері, т/га;

В – тыңайтқыштағы әсерлі зат құрамы;

К – егіс көлемі.

 

Тапсырмалар:

  1. Күздік бидайдың жоспарланған өнімділігі үшін N, P O, K O мөлшерін анықта. Өнім у =53 ц\га; 1т өніммен шығатын N, P, K мөлшерлері; N – 30кг; P2 O5 – 11кг;, K2O – 20кг.
  2. Топыраққа әсерлі зат мөлшері мынандай:

N – 162кг\га; P2 O5 - 136кг\га; K2O – 94кг\га мөлшерінде енгізілу қажет

болғандағы тыңайтқыштардың мөлшерлерін есепте.

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Тыңайтқыштар қандай топтарға бөлінеді?
  2. Органикалық тыңайтқыштарға қандай тыңайтқыштар жатады?
  3. Бактериялы тыңайтқыштардың маңызы қандай?
  4. Тыңайтқыштарды енгізу әдістері қандай?
  5. Енгізілетін тыңайтқыш мөлшерін қалай есептейді?

Date: 2016-02-19; view: 933; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.004 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию