Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мультипликатор теориясы 9 page





Протекционизмнің артықшылықтары: сауда балансын тепе-теңдікке келтіреді; демпингтен қорғайды; ұлттық өндіріс салалары-ның өсуін ынталандырады; жас салаларды қорғайды. Кемшіліктері: өндірістің тиімділігі төмендейді; бағалар өседі; тауарды таңдау мүмкіндіктері тарылады; халықаралық еңбек бөлінісінің артықшы-лықтары қолданылмайды; экспорттық қатынастар үзіледі.

Сонымен, фритредерлік саясат сыртқы сауданың ешқандай кедергілерінсіз елдер арасындағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалуын жақтаса, ал протекционистік саясат ұлттық өндірісті қолдау үшін елге шетелдік өнімнің келуін шектеуді қарастырады.

Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері тарифтік және тарифтік емес әдістер болып бөлінеді. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік құралдарына кедендік баж салығы мен тарифтік квота жатады. Тарифтік емес құралдарға квоталау, лицен-зиялау, еркін экспорттық шектеулер, жасырын және қаржылық әдіс-тер, экономикалық емес әдістер жатады.

Мемлекеттер арасындағы сыртқы сауданы реттеуді және өндіріс факторларының өзара қозғалысын қазіргі уақытта Халықаралық валюталық қор, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Дүниежүзілік банк және Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асырады.

Сондай-ақ, сыртқы сауданың мемлекеттік реттеу бір жақты, екі жақты және көп жақты болуы мүмкін.

Қазақстанның сыртқы сауда саясаты.

Қазақстанның сыртқы сауда саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас бөлігі ретінде сыртқы секторды реттеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды қарастырады. Бұл жерде мемлекеттің сауда саясаты ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгерісі-не бейімделіп, жаһанданудың артықшылықтарын максималдауға және одан болатын ықтимал қауіп-қатерлерді азайтып отыруы тиіс.

Қазіргі уақытта, сыртқы сауда саясатында екі негізгі міндет айқындалып отыр:

1. Отандық тауарлардың бәсекелік қабілеттілігін көтеру және отандық өндірушілерді қорғау.

2. Тұтынушыларды қорғау және ұйымдастырылған сауданы дамыту үшін жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасының Үкіметі сыртқы сауда саясатын жүргізу кезінде келесідей құралдарды қолданады:

1. Кедендік-тарифтік құралдар, бұл импорттық және экспорттық кеден баждарын қолдануға негізделеді.

Қазақстандық кедендік-тарифтік саясатты құрудың тактикасы қандай да бір өнім нарығының жағдайын тұрақты түрде бақылап отыру, нарықтың жағдаятына жылдам бейімделу және тиімді протекционизмді қамтамасыз ету қажеттілігінен шығады.

Мұндай жағдайда, отандық өндірушілер үшін қолайлы бәсекелік ортаны жасау мақсатында кедендік баж салықтарының максималды мөлшерлемелері дайын бұйымдарға қойылады, орташа мөлшерлеме-лер жинақтаушы бұйымдарға, ал төменгі мөлшерлемелер шикізатқа және әлеуметтік маңызы бар тауарларға белгіленеді.

Кеден баждары мөлшерлемелерінің өзгеруі және бекітілуі сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың жағдаятына және Кедендік Одақ пен Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың шеңберінде Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерге, сонымен қатар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісіне тәуелді болып табылады.

Көптеген жағдайларда импорттық кеден баждары мөлшерлеме-лерінің деңгейі отандық тауар өндірушілердің бастамасымен өзгеріп отыратындығын да айтып жөн.

Жалпы алғанда, Қазақстанның кедендік-тарифтік саясаты еркіндікке негізделген. Іс жүзіндегі импорттық кеден баждарының орташа деңгейі 10,6 %-ды құрайды.

Сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жекелеген жағдайларда жеңілдетілген кедендік-тарифтік тәртіпті қолданады.

ТМД шеңберінде келісілген еркін саудаға сәйкес осы елдерден Қазақстан аумағына кіретін тауарларға кедендік баждар салынбайды. Сондай-ақ, республикада өндірілмейтін тауарларға және ұлттық жеңілдіктер жүйесін қолданатын дамуы төмен елдерде (47 мемлекет) жүретін бірқатар тауарларға кеден салықтары салынбайды. Дамушы елдерге (104 мемлекет) де 75%-ға дейін төмендейтін импорттық кеден баждарының мөлшерлемесі түрінде жеңілдікті тәртіптер қарастырылады. Бұдан басқа, экспортты ынталандыру мақсатында экспорттық кеден баждары мүлдем қолданылмайды десе де болады. Кеден салықтары салынатын экспорттық тауарлардың тізімі тым шектеулі, оларға тері, жүн, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері, қара және түсті металл өнімдері жатады.

2. Тарифтік емес құралдар, бұл антидемпингтік шаралар, қорғау шаралары,

2. Нетарифные – все прочие меры (антидемпинговые меры; компенсационные меры; защитные меры; запреты или ограничения, в том числе количественные; квотирование; государственная монополия на вывоз и (или) ввоз товаров; лицензирование, техническое регулирование).

Нетарифные меры регулирования формируются исходя из экономической политики Казахстана, защиты экономической основы суверенитета Республики Казахстан, выполнения международных обязательств Республики Казахстан, защиты внутреннего потребительского рынка, в качестве ответной меры на дискриминационные и другие шаги извне, ущемляющие интересы казахстанских производителей.

 

Валюта және халықаралық валюта жүйесі

Валюта – бұл халықаралық есептеулерде қолданылатын ақша құралдары.

Валюталық жүйе деп халықаралық есептесу құралдарын қолданудың саясаты мен тәжірибесін айтады. Адамзат баласының даму тарихында валюта жүйесінің бірнеше түрлері орын алды. Соларға тоқталып өтейік.

1. Алтын стандарт (1879-1934 жж.). Валютаның бұл жүйесі үшін алтын монеталарды еркін басып шығару және оларды айналымға жіберу, банкноталарды алтынға (құймаларға және монеталарға) айырбастау құбылыстары тән болды. Алтынды сыртқа шығаруға және оны сырттан әкелуге рұқсат етілді. Айналымдағы ақшаның саны ресми алтын қорымен анықталып отырды. Ал алтынның бағасы тіркелген болып табылды. Алтын стандарт жүйесі ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, төлем балансының жағдайын автоматты түрде реттейді.

Алтын стандарт жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіру үшін біз мынадай мысал келтіреміз. Айталық, АҚШ пен Англияның төлем балансында тапшылық орын алды. Американ-дықтар Англиядан тауарларды көп импорттады, ал сол елге тауарларды аз экспорттады. Бұл жағдайда төлем балансының тапшылығы алтынмен жабылады. АҚШ елінен алтын сыртқа ағылады. Бұл елде ақшаның саны азаяды. Төлем қабілеттілігі бар сұраныс азайып бағалар да төмендейді. Бұл дұрыс па, әлде дұрыс емес пе? Дұрыс, өйткені АҚШ төмен бағамен өз тауарларын экспорттау қабілеттілігін жақсартады. Ал шетелден тауарларды импорттау шектеледі, себебі алтынның Англияға көптеп келуі сол елде ақшаның санын көбейтеді. Англияда бағалар өседі, тауарларды экспорттау қиындатылады. Алтын стандарт жүйесі төлем балансының жағдайын осылайша автоматты түрде реттейді.

Алтын стандарт жүйесінің осындай артықшылығы бола тұра, оның кемшілігі ретінде мемлекеттің араласуын шектеу қарастырылады. Ішкі экономикалық даму төлем балансы жағдайына толық бағынышты, яғни сыртқы экономикалық байланыстарға тәуелді болып табылады. Бұл жүйе тек алтын бар болғанда ғана жұмыс істейді. Егер қандай да бір ел алтынды өндірмесе немесе оны сыртқа жіберіп алса, онда сол ел алтын стандарт жүйесіне қатысудан шет қалады.

Сонымен, алтын стандарт жүйесі бір жағынан, ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және инфляциялық құбылысты болдырмайды, ал екінші жағынан, экономиканы әлемдік нарыққа тәуелді етеді, ішкі экономикалық саясатта таңдау еркіндігін шектейді.

Бұл жүйенің жағымды жақтарын қалдырып, теріс жақтарын жою үшін алтын девиздік жүйе немесе бреттон-вудтық валюта жүйесі пайда болды.

2. Бреттон-вудтық валюта жүйесі (1944-1971 жж.). Алтын девиздік деген атаудың қалыптасуы қағаз ақшалар-девиздердің әлемдік валюталар қызметін атқара бастауынан орын алды. Бұл жүйе кезінде ішкі экономикалық саясат әлі де болса төлем балансының жағдайына тәуелді болды. Алтын жүйенің негізі ретін-де жұмыс істей берді. Бірақ алтындық мазмұны бар бір ғана валютаның рөлін АҚШ-тың доллары атқарды. Ал қалған валюталар долларға, содан соң доллар арқылы алтынға теңестіріліп отырды. АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі (ФРЖ) басқа елдердің орталық банктерімен келісім жүргізуде 1 троя унциясына [4] 35 доллар болып бекітілген баға бойынша алтынды сатып алуды және сатуды жүзеге асырды.

Валюталық бағамдар тіркелген болды. Валюталық қатынастар Халықаралық валюталық қормен (ХВҚ) [5] бақыланып отырды. ХВҚ-ң міндеттеріне мыналар кірді: валюта бағамдарын тұрақтандыру үшін несиелер беру, қаржы жүйесін сауықтыру бойынша ұсыныстар жасау, валюталық паритеттерді бақылау. Алтын девиздік жүйенің пайда болуы мемлекеттердің ішкі экономикалық саясатының тәуелсіздігін күшейте түсті.

Алтынды, ХВҚ-ң несиелерін пайдалану арқылы валюта бағамын ұстап тұруға болды. Бірақ, ең бастысы төлем балансының жағдайын ұлттық валюта бағамын өзгерту есебінен ғана жақсартуға болады. Алтын стандарт бұл құралды қолданбады. Ал алтын девиздік жүйе ұлттық мемлекетке валюта бағамын 10%-дық паритет аралығында өзгертуге мүмкіндік берді.

70-жылдардың басында бреттон-вудтық жүйе дағдарысқа ұшырады. Валюталардың тіркелген айырбас бағамдарын ұстап тұру ХВҚ-ға мүше-елдердің бірыңғай экономикалық саясатты жүргізіп отыруын талап етті. Алайда бұл мүмкін болмады. Әртүрлі елдерде инфляция қарқыны шарықтап мәселелер көбейе түсті. Жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін алтынның ұсынысы жеткіліксіз болды.

Алтын девиздік жүйенің қарама-қайшылықтары оны жаңа валюталық жүйеге – басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жүйесіне ауысу қажеттілігіне алып келді.

3. Басқарылатын құбылмалы валюта бағамдары жүйесі (Ямайкалық валюталық жүйе) (1971 ж.). Жаңа валюталық жүйеде оның алтынмен байланысы заң жүзінде жойылды. Ешқандай да валютаның алтындық мазмұны болмайтын болды және алтынға айырбасталмайтын болды.

Валюта жүйесін реформалау долларды резервтік валюта ретінде шеттетуге бағытталды. Ұлттық валютаны ұжымдық валютамен ауыстырудың қажеттілігі туындады. Қазіргі заманғы әлемде екі ұжымдық валюта орын алып отыр: арнаулы өзара қарыз құқықтары (SDR – Special Drawing Right – специальные права заимствования) және еуропалық валюта бірлігі (еуро).

SDR – бұл Халықаралық валюталық қорға қатысушы елдердің өзара есеп айырысуы үшін осы қор 1969 жылы ұйымдастырған материалдық формасы жоқ ұжымдық валюта өлшемі. СДР-ды бағалау құрамында доллар – 42%-дан, батыс еуропалық ақша бірліктері (стерлинг фунты, франк, марка, олар қазіргі уақытта еуро) – 45%-дан, йена – 13%-дан құралатын валюта «қоржыны»1 негізінде жүзеге асырылады.

Еуро – бұл Экономикалық және валюталық одаққа мүше болып саналатын 12 елдің ұжымдық валютасы. Еуроның теориялық негіздерін Нобель сыйлығының иегері, оңтайлы валюта зонасы үлгісін құрушы Роберт Манделл болып табылады. Еуроның әрекет ету тәртібі Еуропалық Одақтың Орталық банкімен анықталады. Басқа елдердің еуровалюталық одаққа қосылуы үшін бірқатар шарттарды орындауы қажет. Біріншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 3%-нан аспауы тиіс. Екіншіден, мемлекеттік қарыз көлемі ЖІӨ-нің 60%-нан аспауы керек. Үшіншіден, инфляция деңгейі өзінің минималды деңгейінен тек 1,5% аралығында ғана аса алады.

Сонымен, жаңа валюталық жүйе құбылмалы валюта бағамдарын енгізеді. Ұлттық экономиканың сыртқы экономикалық байланыстарға бейімделуі валюта бағамын өзгерту арқылы жүріп отырды. Аталмыш валюта жүйесінде валюта бағамдары нарықтық күштер арқылы құбылып қана қоймай, мемлекет арқылы да олар басқарылып отырады.

Сондықтанда, валюта бағамдарының тұрақтылығы ұлттық экономиканы бірлесіп реттеу шараларына жүгінуі тиіс. Ал валютаның тұрақсыздығы экономикалық құрылымның бұзылуының көрінісі болып табылады.

Төлем балансының құрылымы.

Төлем балансы белгілі бір уақыт аралығында шетелдік мемлекеттерге төленген жалпы төлемдер мен шетелдік мемлекеттерден алынған жалпы төлемдер арасындағы айырманы білдіреді. Төлемдерге алтын, тауарлар мен қызметтердің құны, туризмнен келген табыстар мен шығындар, капиталдың түрлері мен инвестициялар, пайыздарды, дивидендтерді және несиелерді төлеу жатады. Егер түсімдер төлемдерден асып кетсе, онда төлем балансының жағдайы активті болады немесе төлемдер түсімдерден асып кетсе, онда төлем балансы пассивті болып соңында оның тапшылығы орын алады.

Төлем балансының жағдайын валюта бағамы анықтайды.

Төлем балансының құрылымына келетін болсақ, ол ағымдық операциялар балансынан және капитал қозғалысы балансынан құралады. Ағымдық операциялар балансы өз кезегінде сауда балансынан, қызметтер балансынан және трансферттік төлемдер балансынан құралады. Ал капитал қозғалысы балансы ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік капитал салымдарының келуі мен кетуін білдіреді.

Төлем балансының жағдайы ұлттық экономиканың әрекет ету сапасының аса маңызды көрсеткіші ретінде көрінеді. Мемлекет оның жағдайын мұқият қадағалап отырады. Шығындардың табыстардан артып кетуі ұлттық валютаның беделіне нұсқан келтіріп, оны құнсыздандырады. Ел қарызға тап болады, кейін оған қызмет көрсетіп қайтару керек болады. Ал табыстардың шығындардан жүйелі түрде артып кетуі ел үшін қолайлы болғанымен, ол басқа әріптес-елдердің төлем баланстарының тапшылығына алып келеді.

Егер төлем балансы капиталды шетелден тарту есебінен жақсартылса, онда бұл болашақта бірқатар келеңсіз жағдайларға алып келуі мүмкін (қарыз, шетел инвестицияларына табыстарды қайтару). Сондықтанда, табыстар мен төлемдерді теңестіруді ең тиімді бағыт деп санайды.

Валюта бағамы оның ревальвациясы және девальвациясы арқылы төлем балансының жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады. Ревальвация – бұл валюта бағамының басқа валютаға қарағанда көтерілуі. Девальвация – бұл валюта бағамының басқа валютамен салыстырғанда төмендеуі.

Date: 2015-05-09; view: 742; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию