Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Мультипликатор теориясы 5 page





3. Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін инфляциялық импульстарға байланысты, импортталған және экспортталған инфляция болады.

4. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляциянын мынадай түрлері болады: жылына 10%-ке дейін болса баяу, немесе, жылжымалы инфляция, жылына 200% болғанда – өршімелі, немесе, «латындық», 200%-дан (Самуэльсон бойынша) артқанда – гиперинфляция (американдық экономист Ф. Кэган бойынша – айына 50%-тен артық болса).

Мәселен, өткен ғасырда, бағалардың өсу қарқынының өте жоғары деңгейлерін, әсіресе, гиперинфляцияны бастан кешірген мемлекеттер көп, соның ішінде, Қазақстан да 90-жылдардың басында өтпелі экономика жағдайында нарықтық қатынастарға көшу бары-сында инфляцияның аса жоғары қарқынына тап болды. 1992-1994 жылдар аралығында елімізде гиперинфляция құбылысы байқалды (кесте 13.4).

 

Кесте 13.4 Қазақстандағы инфляция қарқыны

кезең соңына, өткен жылғы желтоқсанға пайызбен, өсуі

1991ж. – 147,1 1995ж. – 60,3 1999ж. – 17,8 2003ж. – 6,8 2007ж. – 18,8
1992ж. – 2960,8 1996ж. – 28,7 2000ж. – 9,8 2004ж. – 6,7 2008ж. – 9,5
1993ж. – 2165,0 1997ж. – 11,2 2001ж. – 6,4 2005ж. – 7,5 2009ж. – 6,2
1994ж. – 1158,3 1998ж. – 1,9 2002ж. – 6,6 2006ж. – 8,4 2010ж. – 7,8

Дерек көзі: ҚР Статистика агенттігі, www.stat.kz

 

5. Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты, инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланс-тандырылмаған (теңдестірілмеген) болып бөлінеді.

6. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

7. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.

8. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға болатын және болжауға келмей-тін инфляция болып бөлінеді.

9. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты «сұраныс» инфляциясы және «шығын-дар» инфляциясы болады.

 

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары:

1. Инфляция халықтың, кәсіпорындардың және мемлекеттің ақшалай табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Бұл атаулы және нақты табыстарының арасындағы айырмашылықпен анықтала-ды. Мұндай жағдайда әдетте, тұрақты (тіркелген) табыс табатын адамдар инфляция кезеңдерінде көп зардап шегеді, яғни «табан тоздыру» шығындары орын алады.

2. Инфляция байлық пен табыстың қайта бөлінуіне алып келеді. Демек, қарыз алғандар өздерінің кредиторлары арқылы баийды. Дебиторлар барлық деңгейде ұтады, яғни қарыз ақшаның белгілі бір сатып алушылық қабілетінде берілгендіктен ол белгілі бір уақыттан кейін кредиторға құнсызданып барып қайтарылады. Бұл жерде үлкен мемлекеттік қарызға батқан үкімет те ұтады. Инфляция төлем мерзімін кейінге қалдырған адамдардың пайдасына ақшаны қарызға берген адамдардың есебінен табыс пен байлықты қайта бөледі. Инфляция жылжымайтын мүліктің құнын арттырады.

3. Инфляция кезеңдерінде нарықта сұранысқа ие тауарлы-материалдық қорларға деген бағалар өседі. Сондықтан тұрғындар мен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданып кетуі мүмкін ақшалай қаражаттарын мүмкіндігінше тез арада қорларға айналдыруға тырысады. Бұл экономикалық агенттердің қолында ақша қаражат-тарының жетіспеушілігіне алып келеді. Тауарларды дүрлікпе (ажиотаж) сатып алуға тырысудың нәтижесі сұраныс инфляциясының күшеюіне алып келеді.

4. Инфляция ұзақ мерзімдік инвестициялаудың мүмкіндіктерін төмен-детеді.

5. Инфляция фирмалардың амортизациялық қорларын құнсызан-дырады, сөйтіп ұдайы өндірістің қалыпты жұмыс істеуі бұзылады және үдерісі қиындайды. Инфляция жинақ түрлерінің (салымдардың, облигациялар мен сақтандырулардың, т.б.) нақты құнын төмендетеді. Адамдар мұндай жағдайда ақша жинамауға тырысады, ал фирмалар болса өздерінің тапқан табыстарын ағымдық тұтынуға бағыттайды, соның салдарынан қоғамның қаржылық ресурстары қысқарады.

6. Инфляция тұрғындар мен кәсіпорындардың ақша қаражат-тарын салықтар арқылы жасырын тәркілеуге алып келеді. Бұл салық төлеушілердің атаулы табыстарының өсуінен салық салудың аса жоғары тобына автоматты түрде өтуінен орын алады.

 

Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.

Көптеген экономистер инфляция қарқынының жұмыссыздық-тың деңгейімен өзара байланысын зерттеген. Бұл байланыс Лондон экономикалық мектебінің профессоры Албан Филлипстің (1914-1975) үлгісінде терең зерттелді. Ол 1861 мен 1957 жылдар аралығындағы кезеңде Ұлыбритания экономикасының статистикалық деректерін талдаудың нәтижесінде мынадай қорытындыға келген, яғни егер жұмыссыздық 3%-дық деңгейден асса, онда бағалар мен атаулы жалақының өсу қарқыны төмендей бастайды. Олай болса, жұмыссыздық пен атаулы жалақының қарқыны (кейіннен, инфляция қарқыны) арасындағы өзара байланыстың графикалық кескіні Филлипс қисығы деп аталады. Кейіннен, Пол Самуэльсон мен Роберт Солоу Филлипстің моделіне өзгеріс енгізді: жалақының өсу қарқыны деген көрсеткішті инфляция көрсеткіші деп өзгертті. Филлипс қисығы қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық пен инфляцияның арасындағы өзара байланысты көрсетеді (сурет 13.2) және Самуэльсонның пікірінше, тиімді саясатты жүргізу арқылы жұмыссыздық пен инфляция арасындағы «өзара келісім» (компромисс) нүктесін табуға көмектеседі. Бұл өзара келісімнің шарты Филлипс қисығының көлбеулігімен анықталады. Қысқа мерзімді кезеңде бағалар мен жалақы мөлшерлемелерінің инфляция-лық сипатта өсуі еңбек ұсынысын ынталандырып өндірісті артты-рады. Ал инфляциялық үдерістерді басу жұмыссыздықтың өсуін туындатады.

 
 


π

(инфляция

қарқыны)

Ph

 
 


(жұмыссыздық деңгейі) U

Сурет 13.1 Филлипс қисығы

 

Дегенмен, соңғы жылдары әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, инфляцияның жоғары қарқынымен қатар жұмыссыздық-тың жоғары деңгейі де бірге жүріп отырады. Дәлірек айтсақ, бұл күрделі құбылыс жоғарыда аталып өткендей, стагфляция деген атқа ие болып 1973-1975 жылдары орын алған экономикалық дағдарыспен байланысты еді, сонымен қатар, 80-ші жылдары жұмыссыздық пен инфляцияның бір уақытта төмендегендігі де байқалған. Сол себепті Филлипстің теориясына және оның аясында жүргізілген экономика-лық саясатқа сенімсіздік туындады. Осыған байланысты осы теорияны әріқарай жетілдірудің қажеттілігі пайда болды.

Филлипс қисық сызығы теориясының аясындағы жаңа көзқарастар М. Фридмен мен Э. Фелпстің жұмыссыздық табиғи деңгейі теориясы арқылы көрініс тапты. Осы теорияға сәйкес екі ғалымның ойынша Филлипс қисығы қысқа және ұзақ мерзім аралықтарында қарастырылған жөн. Ұзақ мерзімде Филлипс қисығы тік сызық түрінде болады. Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейіне тең болса, онда инфляцияның нақты деңгейі инфляцияның күтілген деңгейіне сәйкес келеді (сурет 13.2).

 

       
 
   
 


π PhLR

(инфляция

қарқыны)

PhSR

 
 


(жұмыссыздық деңгейі) U

Сурет 13.2 Қысқа және ұзақ мерзімдегі Филлипс қисығы

 

Инфляцияға қарсы саясат – бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізіледі. Табыстар саясатын шартты түрде екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағаларды өсу нысаналарымен белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолданып атаулы табыстар мен бағаның өсуін төмендетуге бағытталған шараларды анықтауға болады. Нысаналарға еркін орындалуға тиісті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы мөлшерлемелерінің өсуінің максималды шегі пайдаланы-лады. Жалақы мөлшерлемелерінің өзгерістері әдетте, барлық эконо-микадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланыста болады, бағалардың өзгерістері еңбекақыға жұмсалған шығындардың өзгеріс-терін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда – жанама түрде баға арқылы реттеледі.

Әдетте, бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі уақыт мерзімі бойынша «тұрақты» етіп ұстап отыру туралы заңдар қабылданады. Жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дискриминациялық дәрежесі жоғары болады, өйткені мемлекет органдары және өндірушілер бағадан гөрі жалақыға бақылау жүргізуді ұнатады. Тәжірибе жағынан келсек, жалақыдан гөрі бағаларға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа, экономикада еңбек өнімділігінің өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылар-дың үлесін салыстырмалы және абсалютті түрде төмендетеді.

Табыстар саясатының бір бағытына әлеуметтік келісімдер жата-ды. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтардың арасында келіссөздер ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссияға ұшырап отырады. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша, кәсіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтері – барынша көп пайда табудан бас тарта алмай-ды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркімен орындамайды.

Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағалардың жоғарылауы пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып-түйілген дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету. Осыдан басқа, бағаға әкімшілік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқарылуына, ресурстар мен капиталдың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшы-лық жинақтала түседі, тұтынуды үнемеу қажеттілігі туындайды. Табыстар саясатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмыскерлер үкіметтің инфляциямен күресуге күші де, құралдары да жеткілікті деп сенсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге көмек береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әңгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің-тауар өндірушілердің және ресурстар иелерінің-бар болуының өзі ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан, бағаға бақылау жүргізу жағдайды түзетуге көмек береді.

Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалдық саясаттың «дефляциялық» шаралары жатады. Алғашқыда олар циклге қарсы саясат аясында қолданылған болатын. Орталық банк инфляцияның күшеюіне байланысты ақша массасының өсуіне, белгіленген есептік мөлшерлеменің өсуіне, ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың көлеміне және міндетті резервтер нормасына бірте-бірте шектеу енгізеді. Инфляцияны төмендету мақсатымен валюта саясатының құралдары да пайдалануы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта бағамын көтеру.

«Дефляциялық» шаралардың тежеу жасайтын әсері ең алдымен, экономикалық өсуді баяулатады және жұмыссыздықты өсіреді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмайды. Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір құралдарынан бас тартуға мәжбүр етеді. Стагфляциямен күресудің неоклассикалық бағытының балама жол-дары бар. Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, экономикадағы осы және басқа процес-терді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.

Филлипстің қисық сызығына тежеуші монетарлық және фискалдық саясаттарды қолданып қалай да бұрынғы қалына қайтып келудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсыныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы үшін қаржылық және ақша саясатын аз ғана өзгертіп, қатаң стандарттармен мақсатты қаржылан-дыру мен несиелендіруді, салаларды селективтік (іріктеп) қолдауды, протекционнистік шараларды, табыстар саясатының элементтерін қолдануды пайдалануға болады. Соңғы нұсқаны қолданудың тиімді-лігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындары төмен.

Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу (естен тандыру терапиясы). Барлық жағдай елдің көлеміне, оның экономикасының болмысына, әлемдік нарыққа кіру-дің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халықаралық қаржы мекемелерінің қолдауына, ел ішіндегі әлеуметтік және саяси жағдай-ларға және т.б. байланысты болады.

Әдебиеттер тізімі

 

1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672.

8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Экономикалық белсенді халық және белсенді емес халық категорияларын қалай түсінуге болады?

2. Жұмыссыздықтың анықтамасы қандай?

3. Жұмыссыздықтың себептері қандай?

4. Жұмыссыздықтың түрлері қандай?

5. Жұмыссыздықтың деңгейін қалай анықтаймыз?

6. Оукен заңы нені түсіндіреді?

7. Жұмыссыздықтың қоғамға тигізетін зардаптары қандай?

8. Жұмыссыздықпен күрес шаралары қандай?

9. Инфляцияның пайда болуының себептері қандай?

10. Инфляцияның қарқынын қалай анықтаймыз?

11. Инфляцияның түрлері қандай?

12. Инфляцияның қоғамға тигізетін зардаптары қандай?

13. Инфляция мен жұмыссыздықтың арасында қандай байланыс бар?

14. Инфляцияға қарсы саясат шаралары қандай?

Студенттің өзіндік жұмыстары

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Жұмыссыздық туралы негізгі теориялар.

2) Қазақстандағы 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі жұмыссыздық деңгейі және оның ерекшеліктері.

3) Қазақстандағы 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі инфляция қарқыны және оның ерекшеліктері.

4) Кедейшілік мәселесі және оның көрсеткіштері.

 

4. Тест тапсырмалары:

1. Қайта жұмыс табамын деп үміттеніп жүрген адам:

А) Жұмыссыздар қатарына жатады.

В) Жұмыспен қамтылғандар қатарына жатады.

С) Жұмыс күші құрамында ескерілмейді.

D) Толық жұмыспен қамтылмағандар қатарына жатады.

Е) Жұмыстан күдерін үзгендер қатарына жатады.

2. Баға деңгейі мен табысқа қатаң бақылау жасау – бұл:

А) Ашық инфляция. В) Жасырын инфляция. С) Сұраныс инфляциясы. D) Шығындар инфляциясы. Е) Күтілетін инфляция.

3. Жұмысбасты адам категориясына кім кірмейді:

А) Толық емес жұмыс аптасында қызмет еткен бухгалтер.

В) Ауру адамды қамқорлауға көмектесетін қызметкер.

С) Газет-журнал сатып, ақша табатын жасөспірім.

D) Университеттің кешкі бөлімінде оқитын студент.

E) Тұмаумен ауырып қалған сатушы.

4. Бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуін не деп атаймыз:

А) Инфляция. В) Дефляция. С) Дезинфляция. D) Стагфляция.

Е) Стагнация.

5. Ұшқыр инфляция дегеніміз – бұл:

А) Өндіріс шығындарының өсуінен пайда болатын инфляция.

В) «Aқшадан қашуды» туғызатын, өте жылдам қарқынды инфляция.

С) Табысты алушымен болжанатын инфляция.

D) Белгілі бір тауарларға бағаның жасанды өсуімен сипатталатын инфляция.

E) ЖҰӨ-нің өзгермейтін көлемі кезіндегі артық сұраныстан пайда болатын инфляция.

6. Елдегі жұмыссыздар саны 6 млн. адам, ал жалпы жұмыс күшінің саны 120 млн. адам, онда жұмыссыздық деңгейі қаншаға тең?

А) 5 % В) 20 % С) 0,05 % D) 25 % Е) 2 %

7. Үлкен жұмыссыздықпен және инфляцияның өте жоғары деңгейімен бірге жүретін өндіріс тоқырауы, депрессия – бұл:

A)Күтілетін инфляция. B) Дефляция. C) Стагнация. D) Стагфляция.

E) Жасырын инфляция.

8. Кедейшілік деңгейі ненің негізінде анықталады:

A) Минималды еңбек ақының. B) Минималды зейнетақының.

C) Өмір сүру минимумының. D) Атаулы еңбек ақының. E) Орташа зейнетақы мөлшерінің.

9. Жұмыссыздық деңгейі келесідей анықталады:

А) Жұмыссыздар саны/Жұмысбастылар×100%

В) Жұмыссыздар саны/жұмыс құрамына кірмейтіндер×100%

С) Жұмысбастылар/Жұмыссыздар саны×100%

D) Жұмыс күші/Жұмыссыздар саны ×100%

Е) Жұмыссыздар саны/Жұмыс күші ×100%

10. Экономиканың құлдырауы себебімен жұмысынан айырылған адам келесі жұмыссыздық түрін көбейтеді:

А) Фрикциондық. В) Құрылымдық. С) Циклдық. D) Табиғи.

E) Маусымдық.

11. Жұмыс күші құрамына кіретін, өз еркімен жұмыстан шыққан, бірақ әлі жұмыс таппаған жұмысшы – бұл:

А) құрылымдық жұмыссыздықтың құрамына кіреді. В) уақытша жұмыссыздықтың құрамына кіреді. С) фрикциондық жұмыссыздықтың құрамына кіреді. D) жасырын жұмыссыздықтың құрамына кіреді. Е) циклдік жұмыссыздықтың қатарына кіреді.

12. Тұтыну бағаларының индексі - бұл:

А) Атаулы ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ-ге қатынасы. В) Тұтынушылардың сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің жалпы құнын есептейтін көрсеткіш. С) Нақты ЖҰӨ-ң атаулы ЖҰӨ-ге қатынасы. D) Азық – түлік өнімдерінің жалпы құнын есептейтін көрсеткіш Е) Өткен жылғы тауарлар мен қызметтердің саны.

Date: 2015-05-09; view: 1421; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию