![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать неотразимый комплимент
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
Неопозитивизм ағымыНеопозитивизм (neo - жаңа, positivus - латын сөзi,- оң, дұрыс деген мағна бередi) - Батыс философиясының шеңберiнде қазiргi ғылымның дамуының барысында пайда болған философиялық - танымдық мәселелердi талдап шешуге бағытталған ағым. Оның түп-тамыры позитивизмнiң негiзiн қалаған француз ойшысы Огюст Конттың (1789 - 1857ж.ж.) шығармаларына барып тiреледi. Сондықтан, ең алдымен позитивизмнiң негiзгi қағидаларына тоқталу қажет. Егер немiс классикалық философиясында пайда болған панлогистiк көзқарасқа Шопенгауер Ерiктi, ал Кьеркогер жеке адамның тебiренiстерiн қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негiзделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Конттың ойынша, ғылым - белгiлi бiр абстракциялық негiзден шығарылатын бiлiм жүйесi, ал тарих философиясы - рухтың дүниеге келiп дамуын суреттейтiн iлiм ғана емес. Ғылымның негiзiнде Дүниеде белгiлi бiр тәртiп пен өрлеу барлығын көрсететiн тәжiрибелiк байқаудың негiзiнде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтерiп талдау iс-әрекетi жатыр. Конт адамзат ой-өрiсi өзiнiң даму тарихында 3 сатыдан өттi деген пiкiрге келедi. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан ХIУ ғ дейiн ; 2. метафизикалық саты - ХIУ-ХУIII ғғ; 3.позитивтiк саты - ХIХ ғ бастап пайда болады. Теологиялық сатыда өмiр әлi ғылыми деректерге негiзделген жоқ, өмiрдегi барлық құбылыстар Құдайдың құдiреттi күштерi арқылы түсiндiрiледi. Метафизикалық сатыда адамның зердесiнiң дамуының негiзiнде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып терiстеле бастайды, барлығына деген кұмәндану, сенбеушiлiк пайда болады. Өмiрдi тұсiндiру жолында абстрактылық алғашқы негiздердi iздеу басталады (материя, идея форма, рух т.с.с.) үшiншi - позитивтiк сатыда - өндiрiске негiзделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзiнен гөрi басқаның қамын ойлау) эгоизмдi (өзiмшiлдiк) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мұмкiндiгi пайда болды,- деп қорытады О.Конт. Жоғарыдағы көрсетiлген ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-салаларға бөлу мәселелерiмен айналысып, бiршама жетiстiктерге жетедi. Оның ойынша, ғылым - тарихи ғасырдан ғасырға дамып тұрпайылықтан өтiп күрделенiп жатқан құбылыс. әрбiр жаңа пайда болған ғылым саласы өзiнiң қажеттi алғышарты ретiнде өткен сатыға негiзделедi. Бiрақ, өткен сатының негiзiнде жаңа пайда болған ғылымды толығынан түсiнуге болмайды, оның өзiндiк заңдылықтары пайда болады. Конт “тарихи күрделену анықтамасына негiздей отырып ғылым салаларын былайша орналастырады: математика - астрономия - физика - химия - биология - социология. Осы тәртiпке сәйкес социология биология ғылымына негiзделгенмен, бiрақ, адамдардың өзара iс-әрекет етуiмен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социология ғылымының негiзгi мақсатын ол тәртiп пен өрлеудi бiр-бiрiмен ұштастыру қажеттiктерiнен шығарады. Ал ол ұшiн бүкiл адамзатты бiрiктiретiн жаңа дiн қажет. Ескi дүниежүзiлiк дiндер бiр-бiрiмен күресiп, адамзатты қайшылықтарға әкелдi және олардың қағидаларының көбi - жалған. Олай болса, жаңа ағарған дiн қажет - ол қазiргi өмiр сүрiп жатқан, бұрынғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетiн адамдардан тұратын Адамзаттың өзi. Сондықтан, ол адамзатқа Құдай ретiнде қарап табынуға шақырды. Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары терiс қабылдағанмен, бұгiнгi таңдағы адамзатқа өте өзектi мәселеге айналуда. Өйткенi, бұгiнгi таңдағы адамзат “адамның мән-мағналық дағдарысына² келiп тiрелуде. Бұкiл Адамзаттың басын бiрiктiретiн терең рухани-адамгершiлiк мағнасы бар жаңа дiн - аса қажеттi де тағдырлы нәрсе. Бiрақ, ол, бiздiң ойымызша, Конттың айтқан Адамзаты емес, өйткенi, Дұниеде сол адамның өзiн тудырған бiздiң арғы анамыз “ұлы мәртебелi Табиғат² бар. Оған табыну - алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған болатын. Шамасы, алғашқы адамдар ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпендi өмiр салтын ұстаған бiздiң ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңiрге сенгенiн бiз жақсы бiлемiз. Мыңдаған жылдардағы өткен цивилизацияның жетiстiктерiне, өмiрден алған тәжiрибеге сұйене отырып, жаңа дәрежеде Табиғатты аялауға, оған табынуға, оны дiн тұтуға қайта оралып қана адамзаты өзiнiң өмiрiн сақтап қалуға мүмкiншiлiк алар ма екен деген сұрақ оқтын-оқтын ойымызға келедi. ХХ ғ басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивтi сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейiнгi беделдi механистiк классикалық физиканың негiзгi қағидаларына үлкен соққы жасады. Электрон бөлшегiнiң тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елiнiң сол кездегi iрi математик - ғалымы А.Пуанкаре “Олай болса материя жойылды²,- деген пiкiрге келдi. А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясындағы кеңiстiк пен уақыттың бiр-бiрiне өтiп бiртұтастық дәрежеге келуiн қалай тұсiнуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар едi. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнiң екiншi сатысы дүниеге келедi. Оның аты “эмпириокритицизм² , яғни тәжiрибенi сынға алу деген мағна бередi. Негiзгi өкiлдерi - Эрнст Мах (1838-1916 ж.ж.) , Рихард Авенариус (1843-1896 ж.ж.) т.с.с. Жоғарыда көрсетiлген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда “тәжiрибе² деген ұғымды қайта қарауға әкеледi. Олардың ойынша, бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжiрибенiң құрамдас бөлiктерiн алып қарасақ, оның физикалық және психикалық элементтерден тұратынын байқаймыз. Егер бiрiншiсi - сыртқы тәжiрибенiң мазмұнын көрсететiн болса, екiншiсi - iшкiнi көрсетедi. Ал элемент дегенiмiздiң өзi нақтылай келгенде адамның түйсiктерi болып шықты. Олай болса, олар субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъект жоқ,- деген пiкiрге келедi. Мұны олар танымдағы “принципиалдық сәйкестiк² деп атады. Әрине, субъект, яғни танымдық қабiлетi бар адам бар жерде - объект, яғни танылатын жағалай дұние бар. Нағыз ақиқаттың өзi адамның жан-дүниесiнен өтiп, оның неше-тұрлi тебiренiстерiн туғызып, адамның осы Дұниенi телегей-теңiз ретiнде қараса, соның бiр тамшысы ретiнде сезiнгенде ғана пайда болса керек. Сонымен қатар, танымның бұл жақтарын абсолюттеп шегiне жеткiзсек, әрине, субъективтiк идеализм жолына тұсiп кетуге әбден болады. Сондықтан, марксизмде мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын. Эмпириокритицизмнiң негiзгi қағидаларының бiрi “ойлаудың тиiмдiлiгi² мен ғылымда тек суреттеу идеалына жету. Ойлау тиiмдiлiгiн олар организмнiң өз-өзiн сақтау ұшiн биологиялық қажеттiктердi өтеу жолындағы бейiмделуiнен шығарады. Ғылымдағы ойлау тиiмдiлiгi “субстанция, “себептiлiк², “алғашқы негiз² т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етедi,- дейдi олар. Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердiң өзара байланыстарын суреттесе болғаны. Сол кездегi ғылымдағы ашылған күрделi жаңалықтарға философиялық-методологиялық тұрғыдан тұсiнiк бере алмаса да, олар ХХ ғ басында басталған ғылыми төңкерiске ғылыми қауымдастықтың көңiлiн аударды. Ендi мiне, бiз ХХ ғ 20-шi жылдарында пайда болған позитивизмнiң үшiншi сатысы - неопозитивизмнiң өзiне келiп тiрелдiк. Негiзгi өкiлдерi - Мориц Шлик (1882-1936 ж.ж.), Рудольф Карнап (1891-1970 ж.ж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 ж.ж.), Бертран Рассел (1872-1970 ж.ж.) т.с.с. Неопозитивизм өкiлдерi белгiлi бiр толыққанды философиялық мектептi, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше Дұниеге деген көзқарастық- методологиялық маңызы бар пән екендiгiн мойындамайтын әр-тұрлi кiшi-гiрiм ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып жалған тексерiлмейтiн ұғымдардың iшiнен шыға алмай қалды. Мысалы, Б.Рассел тек қана сезiмдiк деректердiң шынтуайттығын мойындайды. Объективтi дүниенiң өмiр сүруiн мойындағанмен, ол оның негiзiн тек қана сенiмге негiздейдi - оны ғылыми жолмен дәлелдеу мұмкiн емес. Сонымен қатар, Б.Рассел эмпириокритицизмдегi сезiмдiк тәжiрибенi асыра тұсiнудi қолдамай, оны математикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пiкiр айтты. Олай болса, философия дегенiмiз тәжiрибеден алынған негiзгi қағидаларды логикалық талдаудан өткiзiп қорытатын пәнге айналады. Осы логикалық позитивизмнiң келесi өкiлiн - Р.Карнапты алатын болсақ, ол математикалық логика арқылы бiлiмдегi негiзгi ұғымдардың мазмұнын, мән-мағнасын тексеруге шақырды. Ал оның негiзгi құралы - верификация (verificatio,- латын сөзi,- дәлелдеймiн деген мағна бередi) принципi. Тiкелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгiлi бiр қағидаларды өмiрдегi тәжiрибеге сәйкестiгiн анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады.Ол үшiн сол теорияның негiзiнде жатқан элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейiн жетiп, оларды өмiрдегi сезiмдiк тәжiрибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында iстелуi керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды . Бiрақ, қоғамдық-гуманитарлық пәндердi алар болсақ (әсiресе этика мен психологияны) верификация принципiнiң көп жағдайда әлсiздiгiн байқауға болады. Ал осының негiзiнде олардың бәрiн ғылымның шеңберiнен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логикалық позитивизмнiң негiзгi кемшiлiктерiне жатады. Б.Расселдiң әлеуметтiк философиялық көзқарастарына келер болсақ, ол қоғам өмiрiнде белгiлi бiр даму заңдылықтары жоқ деген пiкiрге келедi. Адамдардың iс-әрекеттерiне шешушi ықпалды көбiнесе олардың инстинктерi мен iңкәрлерi тигiзедi. Сонымен қатар, ол адамның ерiктiк өмiрге деген ынтасын терең бағалап, тоталитаризмнiң қай-тұрiн болмасын (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттiң құрсауына алғаны үшiн қатты сынады. Неопозитивизмнiң екiншi түрi - лингвистикалық философияның өкiлдерiне келер болсақ, олар философияның айналысатын негiзгi iсiн тiлдегi сөздердi, ғылыми сөйлемдердi логикалық жолмен талдаудан көредi. Л.Витгенштейннiң ойынша, философия тек қана “тiлге сын² ретiнде ғана өмiр сүре алады. Өзiнiң “Логикалық-философиялық трактаттар² деген еңбегiнде ол “Менiң тiлiмнiң шеңберi менiң Дүниемнiң шеңберiн құрайды²,- дейдi. Бұл философия саласында ашылған ұлкен жаңалықтардың бiрi болды, өйткенi, қайсыбiр ұлттық тiлдiң құрылымы сол халықтың дұниесезiмi мен дұниеқабылдауына, керек болса, дұниеге деген көзқарасына шешушi ықпалын тидiредi. Оны бiз қазiр “халықтың менталитетi² деген ұғыммен беремiз. Л.Витгенштейннiң негiзгi идеясы - тiлдегi сөздердi ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бiздi неше-тұрлi абстрактылық ұғымдардың құрсауына қамап алдастырады. ХХ ғ 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге келдi - оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi өкiлдерi - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 ж.ж.) , Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 ж.ж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с. К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуындағы пайда болған ешқандай теория “соңғы ақиқат² емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк) дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы негiзiнен алғанда неғұрлым әртұрлi гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен бiрге оларды фальсификациялаумен (терiске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседi. Өзiнiң жалпы Дүниеге деген көзқарасында ол “Үш әлем² теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бiздi жағалай қоршаған дүние. Келесi - ментальдық әлем (Платонның “идеялар әлемiне ұқсас). Үшiншi әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмiр сұретiн бiлiм әлемi (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектiне ұқсас). К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi, оның негiзгi қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бiрақ, ол адамға өмiрдiң мән-мағнасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшiн ол философияны биiк бағалайды. Өзiнiң әлеуметтiк философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай заңдылықтар болған емес деген пiкiрге келедi. Осы тұрғыдан ол марксизмдi, әсiресе “коммунизм² идеясын қатты сынға алады. К.Поппердiң идеялары И.Лакатосқа зор әсерiн тигiздi. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе ол “ғылыми зерттеу бағдарламасы² атты танымдық методологияны ұсынады. қайсыбiр кемелiне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал оның өзi сол ғылымдағы қабылданған “зерттеу ережелерiмен² тығыз байланысты. Олардың бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенiн көрсетедi. Қайсыбiр “ғылыми-зерттеу бағдарламасының² iшкi бұзылмайтын “қатты өзегi² болады - оған iргетасты терiске шығарылмайтын қағидалар ғана кiредi. Ал оны қоршап тұрған “қорғайтын шеңберге² келер болсақ, ондағы гипотезалардың негiзгi функциясы - бағдарламаның өзегiн қорғау болып табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның орнына жаңа гипотеза келедi. “Ғылыми-зерттеу бағдарламасының² әрi қарай өрлеу мүмкiндiгiн қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теоретикалық өсуi оның эмпириалық өсуiнен алда жұрсе, яғни теоретикалық түрде болашақта ашылатын кейбiр деректердi болжай алсақ, онда ол - өрлеу үстiнде. Ал жаңа ашылған деректердi соңынан теоретикалық түрде жалпылау, түсiну дегенiмiз - ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оның басқа “ғылыми-зерттеу бағдарламасыменұ ауыстырылатынын көрсетедi. Ғылымның даму тарихы - неше-түрлi зерттеу бағдарламаларының бiр-бiрiмен сайысқа түсуi, олардың эвристикалық мүмкiндiктерiнiң ашылуы. Ғылымның iшкi және сыртқы тарихы бар. Iшкi тарихқа идеялар мен методологиялардың бiр-бiрiн ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметi жатады. Постпозитивизмнiң келесi iрi өкiлi - Томас Кун. Ол ғылым философиясы ағымына жатады. Ғылым дегенiмiз - белгiлi “ғылыми қауымдастықтың² басын қосып бiрiктiретiн әлеуметтiк институт. Олар белгiлi бiрегей теория, методология, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрiн бiрiктiретiн ғылымдағы парадигма. Өзiнiң “Ғылыми революциялардың құрылымы² деген еңбегiнде Т.Кун “парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгiлi бiр уақыттың шеңберiнде ғылыми мәселелердi шешу жолдарын көрсететiн барлығының мойындаған ғылыми жетiстiктерiн айтамын²,- дейдi. Парадигма белгiлi бiр ғылыми қауымдастықтағы методтар мен iзденiс жолдарын, ғылыми ақуалдың қайнар көзiн құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға қарағанда анағұрлым төменгi дәрежеде, өйткенi, қайсыбiр теория белгiлi бiр парадигманың шеңберiнде пайда болады. Оны басқа парадигманың шеңберiнде түсiну қиын. Ол үшiн оны қайта қарау керек. Т.Кун парадигмаға соңынан екiншi ат бередi - ол дисциплинарлық (пәндiк) матрица (негiз). Оның негiзгi элементтерi ретiнде ол символдық жалпылау үлгiлерiн, концептуалдық (тұжырымдық) моделдердi, ғылыми қауымдастықтың мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан шешiлген үлгiлердi қарастырады. Ғылымдағы белгiлi бiр парадигманың үстемдiгi - оның дамуының жақсы деңгейде екенiн көрсетедi - бiрте-бiрте тәжiрибелiк деректер жиналып өңделедi, зерттеудiң жолдары зерттелiп жетiледi т.с.с. Бiрақ, ол үне бойы олай болмайды - кейбiр ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберiнде түсiнiлмейдi, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадигманың құндылықтарына сенiмсiздiк пайда болады. Ғылымның дамуында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бiр-бiрiмен күреске түсуiне әкеледi. Осының нәтижесiнде бiр жаңа парадигма жеңiске жетiп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын мойындап, нәтижелi зерттеулер жұргiзе бастайды. Сонымен, бәрi де тағы қайталанады. Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопозитивизмнiң көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар, Т.Кунның екiншi жетiстiгi - ол тәжiрибелiк деректердiң неопозитивизмдегi басымдылығын терiске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсiз деректердiң жоқ екенiн дәлелдедi. Парадигманы игерген ғалым деректердiң бәрiн соның “сәулесi² арқылы көредi. Деректер теорияны сынамайды, керiсiнше, теория қандай деректердi тәжiрибеге еңгiзу керек екенiн пайымдап анықтайды. Постпозитивизмнiң келесi өкiлi - Пауль Фейерабендтiң ойынша, ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекестiк пайда болып, ғылымның дамуы тездейдi. Ғылыми теорияларда пайдаланатын терминдер әрбiреуiнде тек өзiне ғана тән мазмұнға ие болады. Бiр теориядағы терминдер екiншi теорияға еңгiзiлсе, олардың мазмұны дереу өзгередi. Сондықтан, оларды бiр-бiрiмен салыстырып баға беру мұмкiн емес. Олай болса, әрбiр ғалым өзiнiң теориясын жасауға мүмкiндiк алады. Бәсекестiктiң негiзiнде жеңiске жеткен теория ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенiнен емес, ол - соны қолдайтын қауымның насихатының жемiсi. Олай болса, ғылым - қоғам өмiрiндегi басқа идеологиялық институттар сияқты - оның дiн, миф, философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан, олардың бәрi де тең құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды неопозитивизм ағымының шығармашылық потенциалының сарқыла бастағанын көрсетедi. Дегенмен, неопозитивизм шеңберiндегi әр ағымның өз жағымды жақтары бар - олардың бәрi де ғылым философиясында кеңiнен пайдаланады. Феноменология Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ келесi ағым - феноменология. Негiзiн қалаған Эдмунд Гуссерль (1859-1938 ж.ж.) . Ойшыл өзiнiң еңбектерiнде “Заттардың өзiне қарай!² деген ұран тастады, өйткенi, сол кездегi И.Канттың iзбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екiншi жағынан, ол неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк деректердiң негiзiнде “тiкелей берiлгенi² жөнiндегi қағидасына қарсы бағытталған болатын. Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы да келесi екi ұғымды бiр-бiрiне қарсы қояды. Олар бiлiм мен пiкiр. Еуропалық мәдениеттiң дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенiнде. Пiкiр дегенiмiз бұлдыр, айқын емес бiлiм, ол жеке мүдденiң шеңберiмен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретiнде “теория² деген грек сөзiн қояды, ал оның алғашқы мағнасы - бимүдделi аңлау. Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенiң универсалдық көкжиегiн көре алады,- деп қорытады Э. Гуссерль. Ойшылдың өз алдына қойған негiзгi мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжiрибесi, тарихи процестен тыс өмiр сұретiн алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдiң феноменi - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететiн сезiмдiк тәжiрибе арқылы берiлетiн құбылыс емес, ол - өз-өзiн ашатын, табатын, тiкелей санаға айқын көрiнетiннiң бәрi. Феноменология айқындығы тiкелей интуиция арқылы көрiнетiн идеалдық мән-мағнаны зерттейтiн iлiм. Санадағы феномендер адамға тiл арқылы берiледi. Сонымен қатар, оған адамның жан-дүниесiндегi тебiренiстер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағнасы т.с.с. бәрi де жатады. Таза сананың iргетасты ерекшелiгi - оның интенционалдығы (intentio,- латын сөзi,- ұмтылу), яғни бiрдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсiру, тiлеу, ой формалары т.с.с. бәрiнiң де заттық мазмұны бар. Интенционалдық - сананың құрамдас бөлiктерiн неше-түрлi мән-мағнаға толықтырады. Өзiнiң iс-әрекетiнде адам аңқаулық көрсетiп, өзiнiң заттарға қалайша мән-мағна бергенiн байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсiз өмiр сүрiп жатқан (объективтi) өзiндiк танылатын қасиеттерi бар құбылыстар ретiнде қарайды. Ал шынына келгенде, санадан тыс өмiр суретiннiң бәрiн жақшадан сыртқа шығаруымыз керек, өйткенi, санада объект пен субъект бiр-бiрiне өтiп ажырамайтын феноменге айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгiлi-бiр мағна берiп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа тұседi. Бұл арада, бiр жағынан, дүние тануға бағытталған iс-әрекет- ноэзис бар, екiншi жағынан, осы таным процесiнде ашылған мазмұн - ноэма бар. Э.Гуссерльдiң ойынша, барлық ғылымның, жалпы дұниетанымның негiзiнде “өмiрлiк дүние² жатыр. Ол “барлық адамдарға мәлiм², “тiкелей анық², “адамның көзi жеткен², өмiрде кең қолданылатын, ол жөнiнде адамдар көп ойланбайтын нәрселер. Сондықтан “өмiрлiк дүние² бұкiл адамның дүниетаным негiзiнде жатыр. Ол “алдын-ала берiлген көкжиек², адамның практикалық iс-әрекетiнiң шынайылығы мен мүмкiндiктерiн көрсетедi. Ол қайсыбiр ғылым саласынан бұрын пайда болған, сондықтан, барлық адамның тәжiрибе мүмкiндiктерiнiң, дұниетанымының алғышартын құрайды. ұғымдық сараптау арқылы жүретiн ғылыми таным - әрқашанда шектелген, толық емес, ал “өмiрлiк дұние² - әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесi анағұрлым жоғары. “Өмiрлiк дүние² неше-тұрлi мән-мағнаға толы, солар арқылы бiз заттарды танып, оларға мән-мағна беремiз. Бiрақ, адамдардың көпшiлiгi дүниедегi санадан тыс өмiр сұрiп жатқан заттарды танып-бiлiп жатырмыз деп ойлайды. Ал, шынына келгенде, адам “өмiрлiк дүниеденұ шығатын мән-мағынаны заттарға таңады. Сондықтан, феноменология осы неше-түрлi мән-мағыналар санадан қалай пайда болатынын зерттейдi. Ол үшiн сананың алғашқы негiзiнде жатқан таза формаларын зерттеу қажет. Оған жету үшiн Э.Гуссерль “эпохе² әдiсiн қолданады. “Эпохе² дегенiмiз феноменологиялық редукция (қысқарту) арқылы заттардың кеңiстiк пен уақыттың шеңберiндегi барлық өмiрдегi байланыстарын “жақшаға алу², “сөндiруұ құралы. Осының арқасында, заттың “эйдосы², яғни таза идеясы, мәнi ғана қалады да, ол таза санаға ашылады. Сонымен, таза сананы ашқанда, бiз одан “Абсолюттiк Мендi² (субъективтiк ағымды) табамыз. Дүниедегi адамның iс-әрекетке тұсетiн барлық заттары мен құбылыстарына сана мән-мағна бередi екен. Олай болса, санадан тыс өмiр сүрiп жатқан объективтiк шындық жоқ. Ал сана өзiн өзi арқылы түсiнiп, өзiн феномен ретiнде қарайды. Э.Гуссерльдiң феноменологиясы ХХ ғ көп ағымдарға өз ықпалын тигiздi. әсiрсесе, герменевтика мен экзистенциализмге. Ендi сол бағыттарды талдауға көшейiк. Герменевтика Герменевтика (germeneon,- грек сөзi,- түсiндiремiн) - сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды. Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библияның негiзгi қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады. Қайта Өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған мәдени мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол герменевтиканың негiзгi iсiне айналады. Жаңа дәуiрде ғана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негiзiн қалаған немiс дiни қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол Платонның барлық шығармаларын алғашқы рет немiс тiлiне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме оның ойларының мазмұнынан гөрi оның сөз саптау мәнерiнде, ұлгiсiнде деген пiкiрде болды. В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын ашатын пән ретiнде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын бiз практикалық iс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәрiс беру арқылы жеткiзсек, өткен адамзат тарихының беттерiн, сол заманда өмiр сүрген адамдардың iшкi жан-дүниесiнiң тебiренiсiн зерттеу ұшiн сол замандағы ақуалға өту, түйсiну, тебiрену арқылы ғана жетуге болады деген пiкiрге келедi. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмiр сүрген ұлы адамдардың өмiр баянын, iшкi рухани тебiренiстерiн тұсiнiп қана баға беруге болады. Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерльге келер болсақ, ол белгiлi-бiр дәуiрдi жете түсiну үшiн сол кездегi қоғамның “өмiрлiк дүниесiнiң² ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрге келедi. Сонда ғана сол дәуiрде өмiр сұрген адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының мән-мағнасын ашуға болады. М.Хайдеггердiң ойынша, “болмыстың үйi - тiл². Олай болса, герменевтика iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердiң сырын ашу, оны қайта өмiрге енгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейдi. Әрине, әр халық өз тiлi арқылы өзiнiң дұниесезiмi мен дұниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Тiлде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған өмiрлiк тәжiрибесi қорланады. Әсiресе, бұл қағиданы көшпендi өмiр салтын ұстаған қазақ халқының өткен тарихын зерттегенде ұмытпағанымыз абзал. М.Хайдеггердiң ойынша, адам тiл арқылы сөйлегеннен гөрi, “тiл адам арқылы сөйлейдi². Әрбiр сөздiң астарын ашсақ, онда неше-тұрлi мән-мағна жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең сусындаған адам ғана герменевтика iсiмен айналыса алады. Аса көп халықтың сыры оның ұлы азаматтары тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзiк жақтары берiледi. Сондықтан, әр iрi өлеңшi - әрқашанда философ,- деп қорытады М.Хайдеггер. Герменевтика ғылымына аса зор үлес қосқан немiс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол герменевтика iлiмiн тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдiс ретiнде тұсiнiп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағын негiздедi. Оның ойынша, тұсiну дегенiмiз - адамның дұниетанымының негiзгi жағы ғана емес, ол оның өмiр сүруiнiң анықтаушы себебi, болмысының тәсiлi. Г.Гадамер осы уақытқа дейiн герменевтикада кеңiнен қолданылған белгiлi тарихи құжатты зерттегенде сондағы руханиятқа өту, түйсiну тәсiлiн үзiлдi-кесiлдi терiске шығарады. Бiр дәуiрден екiншiге, өзiңнен басқаға өту мұмкiн емес. Бұгiнгi таңдағы философ 2,5 мың жылға шегiнiп, Платонның, я болмаса Анахарсистiң тұлғасына өтiп, солар сияқты өмiрдi сезiнiп қабылдай алмайды - ол аңғырттықты көрсетумен тең болар едi. Әңгiме бiреудiң рухани өмiрiне өтуде емес, керiсiнше, сол замандағы мәселелердi қазiргi заманға сай етiп талдауда. Яғни, өзiң мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес, керiсiнше, оның жойылмайтындығын сезiне отырып, басқаның өмiр тәжiрибесiн өз өмiрiңде қолданып қарауда, сондағы оқиғаны өз ақуалыңмен ұштастыруда. Негiзгi мақсат - өткен оқиғаны ой өрiсте қайта құру (реконструкция) емес, керiсiнше, жаңа мән-мағнаны тудыру (конструкция) болып табылады. Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппiкiрлiктi тудырады. Гадамердiң айтуынша, герменевтиканың iргетасты ақиқаты мынада : бiрде-бiр адам ақиқатты танып-бiлiп, толығынан жеткiзе алмайды. Сондықтан, үне бойы сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға да сөз берiп, оның айтқанын наз қойып тыңдап, түсiнуге тырысу қажет. Мiне, герменевтиканың терең өзегi осында,- деп қорытады ойшыл. Г.Гадамердiң еңгiзген тағы бiр жаңалығы - тұлғаның тебiренiсiн зерттеуден гөрi оның ойының мән-мағнасына өту керектiгi. Зерттеушi жазылған мәтiннiң әр жағындағы қалам иесiнiң тұлғасын көруге тырысудан гөрi оның ой-тебiренiсiн тудырған затқа үңiлуi қажет. Бұл пiкiрден бiз Г.Гадамер iлiмiнiң психологизмге қарсы екенiн байқаймыз. Бiр дәуiр екiншiге ауысқан сайын жаңа мәдени ақуал дұниеге келiп, бұрынғы көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетикалық т.с.с. теориялар пайда болғанымен әрқашанда белгiлi бiр тұрақты ой-өрiсi қала бередi. Ол - тiл, оны өзгерту оңай шаруа емес. Тiлдегi қалыптасқан мәдениет тәжiрибесi ұрпақтан-ұрпаққа өтiп, олардың өмiр салтына, iс-әрекетiне, ой-өрiсiне өз ықпалын тигiзiп, сонымен қатар, олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне мұмкiндiк бередi. Осы тұрғыдан алғанда, түсiнбеушiлiк - ол әр тiлде сұхбаттасқанмен бiрдей. Олай болса, тiлге ұқыпты қарау, оны тыңдай бiлу, ондағы ұмыт қалған сөздердi жандандыру арқылы герменевтика өзiнiң негiзгi мақсаты - мәдениеттегi дәнекерлiк қызметiн iске асыра алады. Мiр философиясы Егер позитивизм ағымы ХХ ғ ғылым саласында болып жатқан кұрделi процестердi зерттеп, танымның жаңа жолдарын ашуға барлық кұштерiн салса, “өмiр философиясы², керiсiнше, өмiрдi ақтау мен тұсiнуге шақырып, ақыл-ой, логика, дұниетаным, экономикалық, саяси т.с.с. зерттеулер адамның жан-дұниесiн, өмiр сезiмiн кедейлетедi деген пiкiрге келедi. Расында да, ХХ ғ қарай “адам ақыл-ойдың негiзiнде дұниенi өзгертiп жер бетiне бақытты өмiр әкеледi²,- деген Жаңа дәуiрдегi ағартушылардың романтикалық көзқарастары өткiр сынға алына бастады. Оның бастамасын бiз сол Х1Х ғ өзiнде-ақ өмiр сұрген А.Шопенгауер мен С.Кьеркогердiң шығармаларынан байқағанбыз. Бұл ойшылдардың философияға “еккен² ойлары ХХ ғ әр-түрлi “өмiр философиясының² ағымдарын тудырып, өте жемiстi болып шықты. Бұл ағымның негiзгi ұғымы ретiнде “өмiр² философиядағы бұрынғы “болмыс² категориясына қарсы қойыла бастады. “Болмыс жоқ, тек қана қалыптасу ғана бар²,- дедi Ф.Ницше. “Ал қалыптасу дегенiмiз өмiр²,- деп әрi қарай өз ойын қорытты. Өмiр философиясының шеңберiнде “өмiр² ұғымына әр-тұрлi ғалымдар әр-тұрлi мазмұн-мағна бередi. Биологиялық-табиғи көзқарас ұстаған ғалымдар өмiрдi инстинктер, өмiр сүруге деген iңкәр, ерiкке т.с.с. теңейдi. Тарихтық көзқарасқа негiзделген бағыт өмiрдi нақтылы-тарихи мәдениеттi бойына сiңiрген тұлғаның iшкi жан тебiренiстерiмен ұштастырады. Пантеистiк тұрғыдан өмiр үне бойы өзiнiң жаңа формаларын тудырып отыратын ғарыштағы күш ретiнде тұсiнiледi. “Өмiр философиясының² алғашқы өкiлдерi Вильгельм Дильтей (1893-1911 ж.ж.) мен Георг Зиммель (1858-1918 ж.ж.) өмiрдi ерiк пен iңкәр, сезiм мен тебiренiс деректерi деп анықтайды. Өмiр - хаосты тәртiпке келтiредi. Өмiрдiң организмдiк және одан да биiк формалары бар. Өмiр организмдiк деңгейде өлiммен шектелсе, организмдiктен биiк формалары мәдениеттi құрайды. Осы тұрғыдан алғанда шындықтың өзi өмiрден алған тәжiрибенiң өзi. “Өмiрлiк тәжiрибе² - зердеге тең емес, ол ақыл-ойға симайды. Өмiр - ағым, өзгерiс, шығармашылық,- онда жалпылық деген жоқ. Өмiрдi тек қайталанбайтын жекелiк арқылы ғана суреттеуге болады. Осы арада “шығармашылық трагедия² дүниеге келедi. Өйткенi, өмiрдiң қайталанбайтын толқындары оның объекивтелiнген, яғни затталынған формаларымен қайшылыққа келедi. Ол қайшылықтарды шешу үшiн тарихи мәдениет туындыларын сол замандағы ақуалды бiлу, барлық жан-дүниеңмен соған өткендей болып сезiну арқылы түсiнуге болады. Оны В.Дильтей герменевтика деген ұғыммен бередi. Тарихшы өткен оқиғаларды шынайы қайта суреттеп қана қоймай, сонымен бiрге оны қайта тебiренiп, оның өмiршеңдiк жақтарын тұсiндiре бiлуi керек. Анри Бергсон (1859-1941 ж.ж.) - “өмiр философиясының² шеңберiнде “шығармашылық талпыныс² ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең терең шындық - ол белгiлi бiр толыққанды бiртұтас өмiр, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол сол өмiрдiң қалдықтары. Өмiр - “өмiрлiк талпынысқа² (elan vital), яғни ешқашанда тоқталмайтын шығармашылық өзгерiс, қалыптасуға тең. Материя - болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен, ең ақырында, өмiрге бағынады. Сондықтан, табиғаттың тарихи күделенуi, өрлеуi - өмiрдiң шығармашылық өрлеуiмен тең. Олай болса, Дүние - бiрегей, тоқталмайтын, үне бойы жаңа формаларды бiрiнен соң бiрiн тудыра беретiн шығармашылық . А.Бергсонның ойынша, адам жағалай қоршаған материалдық дұниеге өзiнiң интеллектi (ақыл-ойы) арқылы бейiмделдi. Интеллект дегенiмiз ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегi құбылыстарды танып-бiлуi, - ол өзiнiң ең биiк шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы жетедi. Интеллект бiртұтас дүниенi заттарға, соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөлiп, содан кейiн олардан дүниенiң жасанды суреттерiн тудырады. Интеллектiң қайнар көзi - адамның материалдық дұниедегi iс-әрекеттерiн ұйымдастыру, олардың нәтижелiгiн қамтамасыз ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе - интеллект, А.Бергсонның ойынша, заттың терең мәнiн аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете алады. Өлi материяны құрамдас бөлiктерiне бөлiп, содан кейiн оларды басқаша тұрде қайта құрастыру - интеллектiң негiзгi iсi. Олай болса, ол заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, өзгерiп жатқан Дүниенi интеллект кинопленкадағы өмiрдi “жасанды тұрде² көрсеткен сияқты - онда әрбiр кадр қозғалысты көрсетпесе де , бiрiнiң артынан бiрiн белгiлi бiр жылдамдықпен өткiзген кезде экранда “қозғалыстағы өмiрдiң² көшiрмесi пайда болады. Интеллект Дұниедегi ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетiп, сонымен қатар, оның қайталанбайтын, өмiрге бiр-ақ рет келген iшкi өзегiн - өмiрдiң өзiн - танып-бiле алмайды. А.Бергсон адамның интеллектiнен басқа да таным құралының бар екенiн мойындайды - ол интуиция. Интуиция дегенiмiз - ол затқа деген сүйiспеншiлiктiң негiзiнде оның iшкi, интеллектке ашылмайтын, жағына өтiп оның өмiрлiк өзегiн сезiну болып табылады. Интуиция дегенiмiз - рухтың алғашқы негiзi. Ол - өмiрдiң өзi. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен интеллектке бөлiнедi. Сол сәтте инстинкт өзiндiк санасынан , интеллект заттың iшкi сырын ашу қабiлетiнен айырылады. Адамның интуициясы толығынан интеллектке бағынышты. Алайда, кейбiр “шекаралық жағдайда², адамның өмiрiне қауып түскен, я болмаса оның басына “тағдырлық² ақуал келген кезде, интуиция интеллектiң құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетiп, оның Ғарыштағы орны мен тағдырын анықтауға көмектеседi. Адам - шығармашылық пенде, өйткенi “өмiрлiк талпыныс² оның iшiнен өтедi. Алайда, өмiрдi терең сезiну интуициясы тек қана таңдаулы адамдарға ғана тән нәрсе. Сонымен, А.Бергсон шығармашылық пен мәдениет жөнiнде элитарлық көзқарас ұстайды. А.Бергсонның әлеуметтiк философиясына келер болсақ, ол адамның өмiр сұруiнiң екi түрiн мойындайды. Көп жағдайда адам “сыртқы² өмiрдiң шеңберiнде - өзiне емес, басқа адамдар үшiн өмiр сұредi. Тек қана өзiмiздiң iшкi өмiрiмiзге терең үңiлiп, бiз өзiмiздiң ерiктiгiмiз бен биәлеуметтiгiмiздi анықтай аламыз. Бiрiншi өмiр формасын ол “жабық², екiншiсiн “ашық² қоғамға жатқызады. Жабық қоғамда тұлға ұжымның құрсауынан шыға алмайды, ашық қоғамда тұлғаның өмiрi мен шығармашылық қызметi ұстем болып келедi. Қорыта келе, бiз А.Бергсонның философиясының бiршама қайшылықтарының бар екенiн байқаймыз. Әрине, интеллект адамның жан-дүниесiнiң нәзiк жақтарын толығынан жете бiле алмайды. Интеллект есептейдi, бөледi, қайта құрастырады, одан әрқашанда суық лебiз бiлiнедi. Адам көп жағдайда өмiрдiң терең жақтарын бисаналық түрде өзiнiң барлық жан-тәнiмен сезiнуi мүмкiн. Мұның бәрi де дұрыс. Бiрақ, А.Бергсонның интеллект пен интуицияны қарама-қарсы қойғаны қайсыбiр терең дұниетанымды жоққа шығарады. Өйткенi, интуициямен сезiнгендi ұғым арқылы түсiне алмасақ, онда оны қалайша басқа адамдарға жеткiземiз? Дүниедегi “шығармашылық талпыныс² үне бойы қайталанбайтын өзгерiстердi тудыра берсе, онда дүниедегi барлық заңдылықтардан бас тартуға тура келер едi. Әрине, ол мүмкiн емес. Дегенмен, А.Бергсонның философиялық көзқарастарының негiзiнде ерекше ағым пайда болмағанымен, ол ХХ1 басқа философиялық ағымдарға өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Ф.Ницше және оның «билiкке деген еркi» “Өмiр философиясының² шеңберiндегi немiс философы Фридрих Ницшенiң (1844-1900 ж.ж.) еңбектерi ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдiк Ерiктi болмыстың алғашқы негiзiне жатқызса, Ф.Ницше Ерiк категориясына әлеуметтiк-моральдық мән-мағна берiп, оны “билiкке деген ерiк² ретiнде түсiнедi. Оның ойынша, өмiр билiктi неғұрлым жете сезiнгiсi келедi. Егер А.Шопенгауердiң “Әлемдiк Еркi² бiреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистiк көзқарастан бас тартып, ерiктiң көптiгiн (плюралистiгiн) сол себептi олардың бiр-бiрiмен бiтпейтiн күресте екендiгiн мойындайды. Үшiншi ерекшелiгi, А.Шопенгауер адам ерiктен бас тартып қана өзiн сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керiсiнше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса, билiкке деген еркiн өмiрге еңгiзедi, сол үшiн кұреседi. “Не жақсы ,- деген сұрақ қойып, Ф.Ницше оған - “билiкке деген сананы, iңкәрдi, сол адамның билiгiнiң өзiн күшейтетiннiң бәрi²,- деп жауап қайтарады. “Не жаман ,- деген сұраққа,- әлсiздiктен шығатынның бәрi,- дейдi. “Ақыл-ой арқылы жүретiн дүниетанымдық iс-әрекет билiкке деген ерiктi күшейте ме?²,- деген сұраққа - Жоқ, өйткенi интеллектiң басымдылығы билiкке деген ерiктi, оның ұмтылысы мен iс-әрекетiн әр-түрлi ойдың толғаныстарымен ауыстырып тоқыратып тастайды. Мораль да “басқалардың қамын ойла²,- деп билiкке деген ерiктi әлсiретедi. Билiкке деген ерiк - күштiнiң құқының негiзiн құрайды. Күштiнiң құқы неше-тұрлi қоғамда қабылданған моральдық, дiни т.с.с. нормативтiк ережелерден биiк болуға тиiстi, сондықтан, нағыз адам осы қағиданы өз өмiрiнде ұстауы қажет. Социализм адамдардың арасында теңдiк болу керек деген қағиданы таратады. Бiрақ, ол өмiрдiң терең мәнiн құрайтын билiкке деген ерiктi құртады - сондықтан, ол керек емес. Демократия да билiкке ұмтылған адамдардың мұддесiне қарсы, өйткенi, тобыр қайсыбiр билiктi ұнатпайды, яғни олар күштiнiң құқына қарсы тұрады. Ал, еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркектi күштi қылып жаратты, олай болса, оған билiкке деген құқты бердi. Сондықтан, қайсыбiр еркек пен әйел арасындағы теңдiкке деген ұмтылыс - қоғамның iрiп-шiруiнiң көрiнiсi. Жоғарыда көрсетiлген көзқарас Ф.Ницшенiң моральдық iлiмiнiң негiзiнде жатыр. Моральдың негiзгi ұғымдары - жақсылық пен жамандық - тарихи күштiлер, жақсылардың - әлсiз, жамандарға қарағандағы артықшылдығынан шығады. Осы ойын дәлелдеу ретiнде ол моральдықты көрсететiн сөздерге талдау жасап, немiс сөзi “shlecht² - жаман, тұрсiз ,- деген мағна берсе, оған жақын “shlicht²,- деген сөз де “қарапайым адам²,- деген мағна бередi деп қорытады. Тарихи бай, атақты, асылдарды көрсететiн ұғым “жақсылық² пен теңелiп, кедейлiк, қарапайымдық “жамандық², “залымдық² деген ұғымдарды тудырды деп есептейдi Ф.Ницше. Мыңдаған жылдарға созылған тарихта кедейлер мен құлдар өздерiнiң моральдарын бұкiл қоғамға таңуға тырысты. Оны ол “құлдардың моральдағы көтерiлiсi² деп атайды. Ал оны жасаған дұниедегi ең “теоретикалық халық² - еврейлер. Олар қоғамның “құндылықтарын қайта бағалап² аристократиялық бiр-бiрiнен туатын “жақсы - асыл - күштi - әсем - бақытты - құдайдың сүйгенi² деген құндылықтарды толығынан терiске аударып, оған қарама-қарсы “тек бақытсыз адамдар - жақсылар², “кедейлер, әлсiздер, төмендегiлер ғана жақсылар², “тек зардап шеккендер, қайыршылар, аурулар, мүгедектер ғана тақуалар, масайрауға лайықты адамдар²,- деген қағидаларды ұсынды. Ф.Ницшенiң ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан “қайта қарап², “мырзалардың моральдық құндылықтарын² тағы да өмiрге еңгiзу керек. Оның негiзiнде мынандай қағидалар жатуы қажет : 1. “өмiрдiң құндылығы²- сөзсiз негiзгi құндылық; 2. Адамдар бiр-бiрiмен табиғи түрде теңсiз болып жаратылған; 3. Күштi адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес. Жоғарыдағы көрсетiлген моральдық құндылықтарға сәйкес келетiн адам әлi дүниеге келген жоқ. Егер, дүниеде болған қайсыбiр жануардың түрi өмiрден жойылардың алдында өзiнен жоғары тiршiлiктi тудырса, адам өзiнен жоғары пәнденi тудыра алмай отыр. Өйткенi, адам - ауру жануар. Оның алғашқы табиғат берген инстинктерi сөнiп, оның орнын сана алды. Ал, ендi, Ф.Ницшенiң ойынша, “адамнан жоғарының² дүниеге келуге уақыты келдi. Ол - “аққұба әзәзiл². Тұқым қуу жағынан алғанда , олар “арий нәсiлiнен² шыққан адамдар (нордикалық тип). Ал моральдық жағынан алғанда, олар бiр-бiрiмен ұстамды, кiшiпейiл, назды, мейiрiмдi. Басқаларға олар тағы, ауыздығы жоқ жануарлардан да жаман сияқты. Басқаларды көргенде олар жыртқыштың алғашқы күнәсiз ұжданына қайта оралғандай болып сезiнедi - өлтiредi, жағады, зорлайды, құртады - ендi оларды жыраулар көп уақыт бойы өздерiнiң өлеңдерiнде жырлайтынына кәмiл сенедi. Ал ендi “адамнан жоғарылардың² сыртқы кейпiне келер болсақ, олардың “туа бiткен асылдығы² бiр қарағанда-ақ көрiнiп тұрады. Осы қасиет бұгiнгi таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей тұр десеңiзшi,- деп қынжылады Ф.Ницше. Егер басшының сыртқы түр-әлпетi оның асылдығын көрсетiп тұрса, онда “тобыр² оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы “кездейсоқты келген бақ пен байлық қана адамдарды көтередi²,- деген ойға келiп, олай болса, “бiз де өзiмiздiң бағымызды сынап көрейiк²,- деген жаман ойға өтуi мұмкiн. Ал бұл ой социализмдi әкеледi,- деп қорытады Ф.Ницше. Әрине, Ф.Ницшенiң бұл ойларына фашизм идеологиясының бiршама жақтары жақын екенiн мойындамай болмайды. Ф.Ницшенiң христиан дiнiндегi моральдық қағидаларға қарсы келуi, осы кездегi ғылым мен техникадағы ашылған жаңалықтар, ойшылдан бұрын өмiр с²рген ағартушылардың дiнге қарсы бағытталған iс-әрекеттерi - барлығы жиналып оның “Құдай өлдi!²,- өйткенi, Құдайға сенудiң өзiне сенбеушiлiк пайда болды деген тұжырымға келуiне себеп болды. Болашақта, Құдайдың орнын “адамнан жоғары² пәнде алады деп қорытады Ф.Ницше. Әрине, Ф.Ницшенiң философиясы қайшылықтарға толы, ешқандай бiтұтастық жүйелiгi жоқ, әр-тұрлi өз заманының өзектi мәселелерiн көбiне көркем сөзбен берген көзқарас. Бiрақ, соған қарамастан, Ф.Ницшенiң өз заманының әлсiз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберiн тиiстiлiк негiзiнде аттап өту қажеттiгiн көрсетуi т.с.с. ойлары болашақ философиялық ағымдарға үлкен әсерiн тигiздi.
|