![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать неотразимый комплимент
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
Логика мәселелері
Логика ғылымының іргетасын қалаушы – Аристотель. XVқққғ. немістің ұлы философы Канттің: “ Аристотельден кейін осы уақытқа дейін логикаға еш жаңалық енгізілген жоқ² деген сөзінің өзі көп нәрсені көрсеткендей. “Категориялар² деген еңбегінде Аристотель алғаш рет егжей-тегжей талдау арқылы он негізгі ұғымдарды ұсынады. (kategorіa - грек сөзі, -анықтаймын, белгілеймін). Олар: мән, сапа, сан, қатынас, орын, уақыт, орналасу, иелену, әрекеттену, зардаптану.Олар мынандай сұрақтарға жауап береді: “Не бар² , “қандай² , “қанша² . Аристотельдің категориялары бір жағынан алып қарағанда болмыстың мінездемелері, екінші жағынан ойдың бітімдері ретінде қаралады. Бұл категориялардың ішіндегі негізгісі – мән. Аристотель бірінші мән ретінде нақтылы өмір сүріп жатқан жеке заттарды жатқызады. Ал оларға тән жалпылықты ол – “тек², “түр² ретінде екінші мән дейді. Сонымен, бұл арада Аристотель Платонның көзқарасымен қайшы келеді – жеке заттардан бөлек жалпылық өмір сүре алмайды. Жүре келе ойшыл “тек², “түрді² – морфе (morphe), яғни бітім деген ұғымға ауыстырып, заттың терең мәні сонда деген пікір айтады. Аристотельдің “Органон² деген еңбегінде жеке категориялар емес, әртүрлі тұжырымдар талданады, олардың құрылысының негізінде жатқан ойлау заңдылықтары көрсетілді. Олар: Тепе-теңдік заңы (А =А), яғни белгілі бір ұғым әрқашанда бір мағынада ғана қолданылуы керек. Қайшылықты жоққа шығару заңы (А@ А). Үшіншіні жоққа шығару заңы ( А=А, ия болмаса А@ А , яғни екеуінің біреуі дұрыс (үшіншіге жол жоқ). Бұл логиканың үш заңы ұғымдарды тек бір мағнада пайдаланып, олардан шығатын тұжырымдардың бір-біріне қайшы келмеуін талап етеді. Осы талаптың негізінде силлогизмдер құрылады. Мысалы: Барлық адамдар өлмек Сократ – адам; Олай болса, Сократ - өлмек. Аристотельдің логикасында адамдардың ой-тұжырымдырында кездесетін қателіктер талданады. Олар көбінесе сөздердің көп мағыналығынан шығуы мүмкін (омономия). Мысалы, шаш – бір жағынан шашу, лақтыру, екінші жағынан адамның басындағы шашы ретінде қолданылады. Қателіктер белгілі ойларды бір-бірімен дұрыс қоспай, ия болмаса дұрыс бөлмеуден шығуы мүмкін, ия болмаса мәннің орнына кездейсоқтық қасиет қолданылуы мүмкін, т.с.с. Date: 2016-05-13; view: 615; Нарушение авторских прав |