Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып 5. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі





 

Әлеуметтік стратификация теориясын орыс және американдық ойшыл Питирим Александрович Сорокин қалаған. П.Сорокин әлемді әлеуметтік дүние, яғни әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастарға толы кеңістік деп сипаттаған. Бұл кеңістік координаттар көпқабатты жүйені қалыптастырады, онда екі маңызды ось – Х көлденең икемділік және У тікелей икемділік бөлініп шығады. Икемділік дегеніміз – адамның немесе толық бір топтың әлеуметтік жағдайын өзгертуі, ол экономикалық, саяси және кәсіптік жағдайларға бөлінеді. Егер адам төменгі таптан жоғарғы тапқа өтсе, өз табысын көтерсе ол экономикалық жағдайы өзгереді, ал егер кәсібін, жұмыс түрін өзгертсе – кәсіптік жағдайы, партиялық мүшелігін өзгертсе – саяси жағдайын өзгертсе. Бұл үш жағдай әлеуметтік стратификацияның үш жүйесін қалыптастырады.

Әлеуметтік стратификация дегеніміз теңсіздік негізінде қоғамның қабаттарға иерархиялы түрде бөлінуі. Қоғамның әлеуметтік қабаттарға бөлінуін анықтайтын факторлар: билік, табыс, меншік, заңсыз іс-әрекет, білім, талап, дарын, мамандық, дене бітімі және ұлты. Яғни осы факторлаға байланысты адамдар иерахиялы түрде әлеуметтік кеңістікті қалыптастырады.

Билікке байланысты қоғам басқарушыларға және бағынушыларға бөлінеді. Табыс пен меншікке байланысты байлар, ортаңғы тап және кедейлер пайда болады. Заңсыз іс-әрекет негізінде де адамдар өздерінің әлеуметтік жағдайын не жақсартады немесе төменге түсіреді. Білім, талап, дарын және мамандығына байланысты адамдар ой еңбегімен айналысатындар және дене еңбегімен айналысатындар немесе әр кәсіптік мәртебесіне байланысты жіктеледі (мысалы: министр – етікші; жоғары білімді-оқымаған, білікті-біліксіз т.б.). Дене бітіміне байланысты әлді-әлсіз, әдемі-көріксіз т.б. Ұлтына байланысты да біз кейде теңсіздікті байқаймыз.

Осы жағдай бойынша тұрғындардың экономикалық стратификация көңіл бөлсек:

Негізгі страттар (қабаттар) Тұрғындар бөлігі, % Бір айдағы тұрғындардың (бір адамға) табатын табысы, доллар
Байлар 3-5 3000-дан жоғары
Жеткілікті өмір сүретіндер   3000-1000
Орташа өмір сүретіндер   1000-100
Аз қамтамасыз етілгендер   100-50
Кедейлер   50-ден аз
Оның ішінде «әлеуметтік астыңғы қабат» 10-12 -

Ортаңғы тап. Қоғам үш тапқа бөлінеді. Тұрақты дамыған қоғамда өте байлар (жылына 200 млн.доллар және одан жоғары табыс) мен өте кедейлер (жылына 6 мың доллардан аз табыс) бес, бес пайыздан қоғамның он пайызын құрайды, қалған тоқсан пайызы ортаңғы тапқа жатуы тиіс.

Қазіргі қоғамды алатын болсақ, ортаңғы таптың өзі бірнеше топқа бөлінеді: жоғары, орта және төменгі. Жоғары ортаңғы тапқа өте байларға жақын өзінің жеке кәсібі бар (ғылыми дәреже иеленгендері – 15 % құрайды, жоғары білімділері – 55 % және орта білімділер – 30 %құрайды; 50 % - бастықтар; 30 % - әскери шенділер), тәуелсіз мамандық иелерін жатқызады. Орташа ортаңғы тапқа: (Ғылыми дәрежелері барлар – 4 %; Жоғары білімділер - 55%; Орта білімділер – 31 %. Білікті мамандар – 31 %; жұмыскерлер – 22 %; бастықтар – 13 %; жалдамалы жұмыскерлері бар кәсіпкерлер – 12 %)жетекшілер, мұғалімдер, фермерлер, ұсақ кәсіпкерлер, сатушылар және программисттер. Ал төменгі ортаңғы тапқа: төменгі білікті қызметкерлер, техникалық жұмысшылар, кеңсе қағаздарын жазушылар және т.б. жатады. [kgl]

 

6- т а қ ы р ы п

Date: 2015-11-15; view: 722; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию