Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кесте Жылдар бойынша ғылыми зерттеу машықтарын құру





Оқу жылы Біліктілік атауы Біліктілікті бағалау критерилері
Оқытудың 1-ші жылы Ғылыми іздеу саласын анықтай білу, мәселе бойынша әдеби мәліметтерді, материалдарды жинай білу, pubmed, medline және т.б., библиографиялық сілтемелерді, каталогтарды, картотекаларды пайдалану арқылы деректер базасынан іздеу Кітапхана ресурстарын және электрондық деректер базасын пайдалана отырып рефераттар жаза білу
Оқытудың 2-ші жылы Реферат, аңдатпа, түйіндеме жасай білу Кітапхана ресурстарын және электрондық деректер базасын пайдалана отырып реферат және түйіндеме жаза білу
Материалдарды жинау дағдыларын игеру Эксперименттер қоя білу, бақылаулар жүргізу
Оқытудың 3-ші жылы Жарияланған жұмыстарға сыни шолу жасай білу; Ғылыми ақпараттың растығын бағалай отырып,талдамалы шолу жаза білу
Оқытудың 4-ші жылы Әрі қарай түйіндеме жасай отырып, алға қойылған фармацевтикалық мәселені шешу Түйіндеме жазу
Зерттеу дизайнын таңдай білу Ғылыми жобаны таңдау
Өзінің ғылыми мүддесін анықтай білу Зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін белгілей отырып, таңдалған тақырып бойынша аңдатпа құру
Статистикалық талдау әдістері мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, материалдарды өндеу мен талдаудағдыларын меңгере білу Өз тақырыбы (эксперименттік зерттеулер жасау) бойынша материалдарды жинау, нәтижелерін статистикалық талдау әдістерімен өндеу.
Ғылыми зерттеулерді жалпылау дағдыларын меңгере білу Алынған нәтижелерге талдау жасау
Студенттік ғылыми конференцияларда баяндама жасай білу   Негізгі жағдайларға көңіл бөле отырып, баяндамалар жазу
Тезистер мен мақалаларды жазу машығын игеру Таңдалған тақырып бойынша тезистер мен мақалалар жазу
Оқытудың 5-ші жылы Ғылыми зерттеу нәтижелерін көрсете білу Өзінің ғылыми жобасы бойынша презентациялар жасайды
Түрлі құжаттарды сауатты ресімдей білу және зерттеу нәтижелерін баяндау машығын меңгеру Грант алуға өтінім жасайды
Презентациялар, баяндамалар, пікірталастар мен оппоненциялар өткізе білу Басқа студенттердің жобаларын талқылауға қатысады, оппоненция жүргізеді
Дәлелдемелі медицина тұрғысынан конференцияларға қатысу машығын меңгере білу. Дәлелдемелі медицина тұрғысынан конференцияларда баяндама жасайды

ü Кәсіби міндеттерді орындау үшін оқу процесі барысында «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының түлектері келесідей универсалды кәсіби машықтарды қалыптастыруы қажет:

-жалпы білімділік;

-әлеуметтік-этикалық машықтар;

- коммуникациялық машықтар;

-командада жұмыс жасау дағдылары;

-ғылыми зерттеулер дағдылары;

-басқарушылық және лидерлік машықтар;

-кәсіби машықтар(санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асырудың жүйелік күрделі міндеттерін шешуге дайын болу);

-өзін-өзі үнемі жетілдіру машықтары.

Түлек өзінің біліктілік сипатына сәйкес міндеттерді орындауда қажетті кәсіби білім мен ептілікті меңгеруі қажет.

«Медициналық-профилактикалық іс бакалавры» мамандығы түлегінің кәсіби қызметінің объектілері - қоршаған орта, емдеу-профилактикалық ұйымдар (ЕПҰ), мектепке дейінгі ұйымдар (МҰ), мектептер, орта және жоғарғы оқу орындары, өнеркәсіп мекемелері, ауылшаруашылық объектілері және басқалар.

Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін қажетті ұйымдар:

ҚР мемлекеттік, санитариялық-эпидемиологиялық мекемелері және атқарушы билік медициналық органдарының сәйкес қызмет орындары;

- санитариялық-эпидемиологиялық станциялар;

- дезинфекциялық станциялар;

- обаға қарсы мекемелер;

- санитариялық-карантиндік және санитариялық-бақылау орындары;

- емдеу-профилактикалық мекемелер;

- саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары;

- гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық және вирусологиялық бейінді ғылыми-зерттеу мекемелері;

- медициналық бейінді білім беру мекемелері;

­ «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының бакалаврлары кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

­ ұйымдастырушылық-басқарушылық;

­ санитариялық-гигиеналық;

­ эпидемияға қарсы;

­ бақылау-реттемелеуші;

­ ақпараттық-талдамалы;

­ педагогикалық;

­ ғылыми-зерттеу;

­ есептеу-статистикалық;

­ санитариялық-ағартушылық;

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бакалаврының кәсіби қызметінің негізгі функциялары;

- тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- адамның өмір сүру ортасы факторларының және тіршілік әрекетінің жағымсыз әсері салдарынан тұрғындардың ауруының алдын алу мақсатында мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу;

- денсаулықты сақтау және адамның өмір сүру ортасын сауықтыру мақсатында гигиеналық, эпидемияға қарсы, медициналық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу және ұйымдастыру;

- әлеуметтік, табиғи және өндірістік өмір сүру ортасына байланысты балалар мен ересектердің денсаулық жағдайын зерттеу, бағалау және болжау;

- профилактикалық ұйымдарда басқарушылық шешімдер қабылдау;

- ғылыми-зерттеу мекемелерінде кіші ғылыми қызметкер ретінде бейінді мамандық бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- тәрбиелік және педагогикалық жұмыс жүргізу;

- бұқаралық ақпарат құралдарында, санитариялық тұрғыдан хабардар ету мекемелерінде, құрылымдық бөлімшелерде саламатты өмір салты жөнінде насихат беру.

- «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының түлегі кәсіби қызмет түріне сәйкес келесі міндеттерді орындауы қажет:

- тұрғын үй-коммуналдық объектілердің, өнеркәсіп мекемелерінің, емдеу-профилактикалық ұйымдардың, тамақтандыруорындарының, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердіңжобаларын санитариялық-гигиеналық тұрғыдан бағалау;

- тұрғын үй-коммуналдық объектілердің, өнеркәсіп мекемелерінің, емдеу-профилактикалық ұйымдардың, тамақтандыру орындарының, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің құрылысы барысында санитариялық бақылаужүргізу; оларды пайдалануға беру барысына қатысу;

- қоршаған орта (су, ауа, жер) объектілерінің, азық-түліктің, елді мекендердегі өнеркәсіптік өндіріс тауарларының санитариялық жағдайын бағалау;

- өндірістік орта факторларының санитариялық-гигиеналық жағдайын бағалау;

- әлеуметтік, табиғи және өндірістік өмір сүру ортасына байланысты санитариялық және демографиялық көрсеткіштер бойынша тұрғындардың денсаулығын талдау және бағалау;

- табиғатта ошақталған инфекциялар аумағында жұқпалы аурулар ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарлау және жүргізу;

- мемлекеттік бағдарлама шеңберінде инфекциялардың пандемиялық таралуын алдын алу бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жоспарлау және жүргізу;

- мемлекеттік шекараны санитариялық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етуге қатысу;

- емдеу-профилактикалық мекемелерде дезинфекциялық-зарарсыздандыру режимінің сақталуын бақылау;

- мемлекеттік қадағалау ұйымдарының қызметін сараптау және бағалау.

5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы түлектерінің кәсіби қызметі мынадай міндеттерді қамтиды:

- қоршаған орта факторларының санитариялық жағдайын бағалау;

- қоғамның денсаулық жағдайын талдау;

- сыртқы орта факторларының адам организміне әсерін бағалау;

- ғимараттар мен құрылыс жобаларының гигиеналық сараптамасын жүргізу;

- сыртқы орта факторларын гигиеналық нормалау;

- азық-түлікті гигиеналық нормалау;

- өнеркәсіптік өндіріс тауарларын гигиеналық нормалау;

- бақылау астындағы объектілерді санитариялық-гигиеналық тұрғыдан тексеру;

- тұрғындардың инфекциялық ауруын эпидемиологиялық талдау;

- мемлекет аумағын жұқпалы аурулардың таралуы мен еніп кетуінен санитариялық қорғау іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу;

- әлеуметтік мәні бар аурулардың (АИТВ/ЖИТС, туберкулез және т.б.) алдын алуда мемлекеттік органдардың және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет көрсету ұйымдарының қызметінүйлестіруге қатысу;

- дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру;

- профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру;

- денсаулық сақтау ұйымдарындағы менеджмент;

- тұрғындар арасында саламатты өмір салты қағидаттарын жүзеге асыру.

Қазіргі кезде ұлттық шекара барынша айқындалып, білім беру нарығы экономиканың басқа салаларынан алда кетіп барады. Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындары бәсекелестік жағдайында.

Қазақстан дамуының жаңа сатысы әлем елдерінің 50 бәсекелестікке қабілетті елдер бірлестігінде қарқынды дамуға бағытталған. Осыған орай білім саласындағы саясат әлемдік білім беру кеңістігіне біріктірілген және әлемдік еңбек нарығында бәсекелестікке қабілетті ұлттық модель құруға бағытталған.

Еуропалық білім беру кеңістігімен бірігу үшін ашылу уақытынан бастап университетте «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша 2009 жылдан бастап келесі іс-шаралар өткізілуде:

1. Зерттеу кеңістігімен интеграция:

- жетекші шетел ұйымдарының халықаралық қатысуымен аймақтық ғылыми-оқыту орталығын құру; Өздік

- ғылыми-техникалық ақпараттың қазіргі заманғы жүйесін енгізу, медицина ғылымы мен инновациялардың инфрақұрылымын құру;

- жас зерттеушілердің жұмыс орнында әлемдік жетекші ғылыми орталықтарда машықтануын ұйымдастыру, мамандарды тиімді ғылыми менеджмент саласында оқыту;

- мамандардың халықаралық форум жұмысына белсенді қатысуын, беделді шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланымдардың шығуын қамтамасыз ету;

- ғылыми бағдарламалардың орындалуын бағалаудың жаңа критерилерін енгізу (халықаралық сарапшыларды тарта отырып сараптама жүргізу, ғылыми өнімді талдау, цитата алу анализі);

- халықаралық стандарт талаптарына сәйкес ғылыми өнім сапасын қамтамасыз ету.

2. Білім беру кеңістігімен интеграция:

- Болон үрдісінің міндетті қағидаттарын енгізу;

- түрлі деңгейде білім беру бағдарламаларының сабақтастығын құру, жоғарғы білім берудің үш деңгейлік жүйесін енгізу;

- оқудың кредиттік жүйесін енгізу («Кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру»АМУ-УС-22қараңыз);

- бағдарламаның еңбек нарығына бейімделуі, кадрға деген қажеттілікті зерттеу негізінде кадрларды даярлау («Негізгі қызмет түрлерінің маркетингі процесін басқару» АМУ-ПК-ОБ-02, «Білім алушыларды іріктеу және қабылдау процесін басқару» АМУ-ПК-ОБ-04), түлектердің білім даярлығының сапасына қатысты («Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» АМУ-ПК-ОБ-15) жұмыс берушілер мен басқа да мүдделі тұлғалардың пікірін зерттеу («Негізгі қызмет түрлерінің маркетингі процесін басқару» АМУ-ПК-ОБ-02, «Кері байланыс мониторингі» АМУ-УС-12);

- білім беру процесі субъектілерінің академиялық еркіндік шекараларын кеңейту, академиялық мәдениет құру;

- сарапшылардың халықаралық қатысуымен институционалдық аккредитациясы бар медициналық жоғарғы оқу орындарының арасында бірінші болып жетістікке жету;

- Дипломға дейінгі деңгейде «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының халықаралық арнайы аккредитациясын өтуге дайындалу;

- Ресей және ҚР медициналық университеттермен бірге («АстМУА» АҚ қызметкерлерінің, білім алушылардың, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы туралы ереже» АМУ-Е-02 қараңыз) «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша профессорлық-оқытушылық құрам (бұдан әрі - ОПҚ) мен әкімшілік-басқарушылық персоналдың (ӘБП) бірлескен білім беру жобаларын (бірлескен білім беру бағдарламасы, қосдипломдық білім беру, студенттердің және оқытушылардың академиялық ұтқырлығы) жүзеге асыру;

- түлектердің осы мемлекеттерде жұмысқа орналасуын қамтамасыз ететін қосдипломды (бағдарлама қатысушыларының атынан) немесе оқудың аяқталуына қарай (2015 жылға қарай) қатысушы-университет дипломдарын беру;

- ББ басқарудың жалпы органын құру –«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламалары бойынша комитеті (бұдан әрі – МББК) (««АстМУ» АҚ мамандықтарының білім беру бағдарламалары бойынша комиттер туралы ереже» АМУ-Е-27 қараңыз);

-ECTS үлгісі бойынша академиялық кредиттердің бірыңғай жүйесін енгізу («ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта есептеу туралы ереже» АМУ-Е-12 қараңыз);

- дипломмен Еуропалық қосымшаны беру («Дипломмен Еуропалық қосымшаны беру туралы ереже»АМУ-Е-70);

- Университет комиссиясы мен алқалы орган құрамына студенттер мен жұмыс бершілерді қосу арқылы ЖОО-ның қызметін сырттай бағалай отырып, білім беру сапасын бақылаудың жоғарғы оқу орны ішілік жүйесін енгізу («Мамандардың дайындық сапасының мониторингі» АМУ-УС-50, «Кафедрадағы сабақ беру сапасының және оқу процесінің әдістемелік қамсыздандырылу жағдайын тексеру жөніндегі жұмыс нұсқаулығы» АМУ-ЖН-42);

-

-шетелге іссапарға баратын студенттерге қарастырылған стипендияны қосқанда барлық әлеуметтік көмектер түрлерін сақтай отыра, бірыңғай еуропалық зерттеу кеңістігін құру («Білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін басқару» АМУ-УС-15);

- студенттерді белсенді қатыстыру («Тәрбие беру процесін басқару»АМУ-ПК-ОБ-08, ««АстМУ» АҚ тәрбие беру қызметінің тұжырымдамасы» АМУ-ТЖ-01);

- студенттерді әлеуметтік қорғау механизмін жетілдіру, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қоса, барлығына ортақ сапалы жоғарғы білім алуды қамтамасыз ету («Студенттерді әлеуметтік қорғау процесін ұйымдастыру» АМУ-ПК-ОБ-09, «Білім алушыларды әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қолдау» АМУ-УС-47, ««АстМУ» АҚ талапкерлеріне арналған оқуға қабылдау ережелері» АМУ-Е-18);

ОПҚ даярлау және университет оқытушыларының негізгі біліктілігін құру стратегиясы (ОПҚ-тың жеті негізгі біліктілігі: кәсіпқорлық, коммуникативтік машықтар, оқыту, бағалау және сараптау, ғылыми зерттеулерді жүргізу, ақпараттық сауаттылық) 2011-2015 жылдарға арналған «АстМУ» АҚ-тың персоналды дамыту бағдарламасына сәйкес жүргізіледі:

- білім беру технологиясын жетілдіру («Білім беру процесін басқару» АМУ-ПК-ОП-05, «инновациялық-білім беру қызметін басқару» АМУ-ПК-ОП-06, «Білім берудің жаңа технологияларын енгізу» АМУ-УС-14 қараңыз);

- студенттер мен оқытушылардың академиялық рейтингі жүйесін енгізу («ОПҚ қызметін және «АстМУ» АҚ кафедраларын рейтингілік бағалау туралы ереже» АМУ-Е-64, ««АстМУ» АҚ қызметкерлерінің қызметін рейтингілік бағалау жүйесі туралы ереже» АМУ-Е-52, ««АстМУ» АҚ бөлімшелерінің қызметін рейтингілік бағалау туралы ереже» АМУ-Е-55);

- оқытудың электрондық курстарын құру («Электрондық курстарды құруға арналған материалдарды дайындау бойынша «АстМУ» АҚ нұсқауын» қараңыз) және басқалар.

Халықаралық білім беру қызметін (ХБҚ), халықаралық білім беру ықпалдастығын (ХБЫ) және халықаралық ғылыми-техникалық ықпалдастықты (ХҒТЫ) қамтитын халықаралық академиялық ынтымақтастық (ХАЫ) келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

- студенттердің түрлі бейінді халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысуы;

- халықаралық білім беру ұйымдарының жұмысына, халықаралық көрмелерге қатысу, шетел білім беру ұйымдарының делегацияларын қабылдауда ықпалдасу және т.б.

Қазіргі таңда университет ғалымдарының бірлескен халықаралық ғылыми жобаларға белсене қатысуын байқауға болады.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартының жалпыға ортақ міндеттілігі жүйелілікті, пән сағаттарының арақатысын және олардың мазмұнын сақтай отырып, білім беру бағдарламасының міндетті жүзеге асырылуына кепілдік береді. Медициналық білім мен ғылымның инновациялық технологияларының республикалық орталығы бекітетін типтік оқу бағдарламалары әрі қарай кафедраларда пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін нұсқау болады. Пәндердің жұмыс оқу бағдарламаларына сабақтас кафедралардың, пәндердің пререквизиттерімен және постреквизиттерімен келісілген хаттамалары кіреді, ЖОО-ның түрлі кафедраларының арасындағы білім беру бағдарламаларын оқытуда көлем, мазмұн және реттілікті үйлестіруге мүмкіндік береді.

Жұмыс оқу жоспарлары кафедраның отырыстарында бекітілгеннен кейін МББК және ОӘК рецензиядан өтіп бекітіледі, бұл білім беру бағдарламаларының ЖОО-ның әртүрлі деңгейлерінде қолдаудың болатынына кепілдік береді. Пәндердің тақырыптық жоспарлары, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар стандарттағы және типтік бағдарламалардағы пәндердің мазмұнымен өзара байланысты, бұл қалыптасқан білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына барлық академиялық қызметкерлердің үлес қосуын қамтамасыз етеді. ПОӘК пәндерстуденттерге арналған әдістемелік нұсқаулықтарды әзірлеуді қамтамасыз етеді және бағдарламаның мазмұнына толық сәйкес келетін ақпарат блогы мен дәрістік кешенді қамтиды. Білім беру бағдарламасының жүзеге асырылуына кафедраның әрбір қызметкерінің қосатын үлесі кафедра ішілік бақылаумен, ОПҚ мүшелерінің бір-бірінің сабағына қатысуымен, кафедра кестесіне сәйкес ашық сабақтар мен дәрістердің өткізілуімен бақыланады және бағаланады. «АстМУ» АҚ-та жүйелі түрде, кестеге сәйкес МББК және ішкі аудит комиссиясымен, соның ішінде қалыптасқан білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіледі.

Кафедралар жыл сайын, оқу жылының басында кафедраның жаңа оқу жылына дайындығы туралы мәлімет дайындайды, бұл мәліметке білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз етілу жөніндегі ақпарат кіреді, сервистік-шаруашылық басқармаға өтінімдер беріледі, бұл білім беру ресурстарын оқыту қажеттіліктеріне байланысты бөліп беруге мүмкіндік береді.Білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету әдістерінің бірі – пәннің типтік бағдарламаларындағы тізілімге сәйкес пәндердің кітаппен қамтамассыздандыру.

Білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету әдістерінің бірі – пәннің типтік бағдарламаларындағы тізілімге сәйкес кітапхананың пәндерді кітаппен қамтамасыз етуі.

Өздік жұмыстардың әр алуан түрлерін ұйымдастыру, білім алушылардың СҒҚ-ға және СҒЗЖ-ға қатысуы, таңдауы бойынша элективтердің болуы, ПБО мен оқытудың инновациялық әдістерін қолдану, материалды өз бетінше оқудың жауапкершілігін жүктейтін оқытудың кредиттік жүйесін енгізу, «Коммуникативтікмашықтар», «Медициналық психология» секілді пәндерді оқыту білім алушы үшін өз бетінше жұмыс істеу машығын, оқудағы жауапкершілікті, өзін-өзі ұдайы жетілдіріп отыруға дайындықты қалыптастырады және бұл өз ретінде бітірушіге дипломнан кейінгі деңгей біліктілігін игеруге көмектеседі.

Білім беру қызметінің сапасын кең көлемде ұғынудың маңызды элементі бітірушілердің біліктілігіне сәйкес жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін қызметті дамыту болып табылады.

Медициналық-профилактикалық іс үшін таңдау бойынша (элективті пәндер) компонент сағаттарының саны, олардың міндетті пәндермен арақатысы ҚР МЖМБС қарастырылған. Жұмыс оқу жоспарында оқудың 2-5 курстарында элективті пәндерді оқу жоспарланған.

Элективті пәндер бойынша оқу бағдарламалары жыл сайын кафедра отырысында талқыланады және бекітіледі. Элективті пәндерге өтінім кафедралармен «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша МББК отырысында қарастыруға беріледі, ол оны қарастырғаннан кейін келесі оқу жылына элективті пәндер тізімін белгілейді және ЖОО-ның оқу-әдістемелік кеңес отырысына бекітуге ұсынады. Келесі оқу жылына мамандық бойынша бекітілген элективтер тізімі элективті пәндер каталогында (ЭПК) көрсетілген.

Элективті пәндер каталогында әрбір пәнге қысқаша сипаттама (аннотация) беріледі, пәндердің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі.

ЭПК білім алушыларға элективті оқу пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін беру қажет.

Ағымдағы оқу жылында кафедраның ОПҚ эдвайзермен бірлесе отырып, білім алушыларға элективті пәндер презентациясын жасайды. Бұл іс-шаралар ОӘО бірлесе отырып, деканатпен ұйымдастырылады, онда бейінді пәндер бойынша кафедра меңгерушілері, офис-тіркеушілер шақырылады. Әрбір кафедра өкілдері белгілі бір курс студенттерін элективті пәндермен таныстырады, қысқаша тақырыбын, пререквизиттерді және элективтің қандай мақсатпен ұснылатынын түсіндіреді.

Жыл сайын элективті пәндер каталогы құрылады, ол әрбір курсқа жеке арналған элективтен және магистрант бағытынан тұрады. Каталог университет сайтында орналастырылады. Элективті пәндер таңдауы біліктілікті толықтыру қағидаты бойынша құрылады, бірақ оны меңгеру міндетті пәндерді толығымен қамтамасыз ете алмайды. Элективті пәндерге жазылу бекітілген мерзімде жүзеге асырылады.

«АстМУ» АҚ-та элективті пәндер каталогін құру ЖОО-да әзірленген «АстМУ» АҚ Басқармасының 2012 жылғы 12 наурыздағы №7 шешімімен бекітілген элективті пәндер каталогі туралы ережеге АМУ-Е-16-12 сәйкес жүзеге асырылады.

«АстМУ» АҚ-та 2010-2011 оқу жылына арналған элективті пәндердің бірінші каталогі офис-тіркеуші бөлімімен әзірленген.

ЭПК кіретін пәндер оқытылатын сала дамуының өзекті бағыттарын көрсетеді, ұсынылатын элективтер тізімі жылдан жылға өсуде, бұл оқыту курстарыныңартуына, қатысатын кафедралардыңжәне олардың ұсынатын таңдау пәндері санының өсуіне байланысты. Тәжірибелік медицина саласындағы жоғары білікті, талап етілген мамандарға деген қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында мамандарды даярлайтын «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша ЭПК құрамына «Токсикология», «ЕПО гигиенасы», «Транспорт гигиенасы», «Балалар мен жасөспірімдердің профилактикалық тамақтануын ұйымдастыру» және басқалар кіреді.

Оқудың даралануы магистранттың элективті пәндердің берілген каталогінен өзінің даярлану бағыты бойынша элективті пәндерді таңдай отырып, өзіндік білім алу жолын құруы арқылы көрінеді. Элективті пәндерді таңдау оқудың даралану деңгейінің және тұлғаның әлеуметтенуінің артуына әкеледі, бұл өз мамандығын саналы түрде және жауапкершілікпен таңдау, білім алушылардың бойында практикалық міндеттерді шешуге қажетті іскерлік пен қызмет әдістерінің пайда болуы, өз бетімен білім алу үшін жағдайлардың жасалуы, магистранттарда өздік жұмыс машықтары мен біліктілігін жетілдіру және өз жетістіктерін өздік бақылау, мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасының ғылым мен практика талаптарына сәйкес бейімделуі арқылы көрінеді.

Элективті курстардың нақты кәсіби бағыты бар және олар еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Білім алушылар магистратураны аяқтағаннан кейін практикалық денсаулық сақтауда талап етілген мамандық бойынша жеке білім алу жолын құруға мүмкіндігі бар.

1.2.6. Білім берудің ұлттық жүйесінің жанасуы мен үйлесуі жағдайында жоғары білім берудің бірыңғай жалпы әлемдік кеңістігін құру мақсатында шетел серіктестерімен өзара үйлесімді қарым-қатынассыз ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Сол себептен халықаралық ынтымақтастық «АстМУ» АҚ қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Университеттің халықаралық қызметі «Халықаралық қызмет» - АМУ-УС-29 университет стандартымен реттеледі.

Университетәлемдік білім беру қауымдастығына интеграциялану мәселесін жүйелі түрде қарастырады, сондықтан Университеттің халықаралық қызметі көп салалылықпен және кең географиялық қамтылумен ерекшеленеді. Халықаралық ұйымдар және компаниялар өкілдерімен (ДДСҰ, ПРООН, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, COHRED, USAID), әлемнің көптеген жетекші ЖОО-мен және клиникаларымен тығыз байланыс орнатылды.

2009-2013жылдары өзара түсіністік туралы екі жақты меморандумға және «АстМУ» АҚ-пен Университеттер арасында келісімшарттарға қол қойылды:

- Вена медицина университеті, Австрия (17.08.2009ж.);

- Қазан мемлекеттік медицина университеті, Ресей (15.10.2009ж.);

- Хиросимауниверситеті, Жапония (06.04.2010ж.);

- Биомедициналық инновациялардың ұлттық институты, Жапония, (06.04.2010ж.);

- Самарамемлекеттік медицина университеті, Ресей (30.12.2010ж.);

- «Новосібір мемлекеттік медицина университеті» жоғарғы кәсіби білім беретін мемлекеттік білім беру мекемесі (11.05.2010ж.);

- Варшава медицина университеті, Польша, 2010 жыл;

- Парквей-Колледж, Сингапур (08.07.2011ж.);

- Ресей федерациясы, Хабаровскөлкесінің Денсаулық сақтау министрлігі «Біліктілікті арттыру институты» МББМ ҚКББ, Ресей. (10.09.2011ж.);

- РесейФедерациясыДенсаулықсақтаужәнеәлеуметтікдамуминистрлігі «Тюмень мемлекеттік медицина академиясы» МББМЖКББ, Ресей, 2011 жыл;

- Познань медициналық ғылым университеті, Польша (08.02.2011ж.);

- Дунайуниверситеті, Австрия;

- Аджибадем тобының халықаралық клиникасы (Турция);

- М. Оспанов ат. БҚММУ–М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университеті (02.11.2011ж.);

- «Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті» ШЖҚ РМК-ның Павлодар қаласындағы филиалы, Қазақстан (26.10.2011ж.);

- «С.Д. Асфендиярова атындағы қазақ ұлттық медицина университеті» ҚР ДСМ ШЖҚ РМК (2013 ж.).

Университетбелсенді түрде серіктестік желілерін құрады және онда біліктілікті, ортақ күштерді және процестерді дамыту арқылы мүдделі тараптар үшін қосылған құндылықтарды құрудың бірқатар мысалдары бар:

- Кафедра қызметкерлері ҚР ДСМ-мен бірлесе отырып нормативтік-реттемелеуші құжаттарды әзірлеу үшін жұмылдырылады; практикалық денсаулық сақтау мамандарын оқытады; ғылыми жобалар мен гранттарды жүзеге асырады; комиссия мүшесі ретінде ЖОО-ны мемлекеттік аттестациялауға қатыстырылады;

-ҚРДСМ-мен бірлесе отырып қызметкерлер ЖАК (Жоғарғыаттестациялықкомиссия) сарапшылары, ҚРҰлттықтестілеуорталығының тестілік тапсырмаларды әзірлеу бойынша сарапшы қызметін атқарады; ҚРБҒМҰлттықаккредиттеуорталығыныңЖОО-ныаккредиттеужәнесаралаубойыншабағдарламалардыәзірлеу жөніндегі жұмыстоптарына, білімберугранттарынұсынатынкомиссияларға қатысады; «Үздікоқытушы» конкурсын өткізеді және (2000 АЕК) грант беруді жүзеге асырады;

- ЖОО қызметкерлері медициналық білім және ғылым инновациялық технологияларының республикалық орталығымен бірлесе отырып, білім беру бағдарламаларын және оқу-әдістемелік әдебиетті рецензиялауға арналған нұсқаухаттарды әзірлеуге, ЖОО қызметкерлерінің оқу басылымдарын бекітуге; бітірушілерді тәуелсіз аттестаттаудан өткізуге; ЖОО-ның қызметкерлері үшін халықаралық конференциялар, мастер-кластар ұйымдастыруға, жұмыс топтарына тартылады;

-ЖОО қызметкерлері денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығымен бірлесе отырып, семинарларды өткізуге; клиникалық нұсқауларды сараптамадан өткізуге; ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатыстырылады;

- ҚР аймақтарының әкімдіктерімен – жұмысқа орналасу туралы келісімшарт жасасу, ЖОО-ныңстуденттеріне стипендияларменәлеуметтікжәрдемақылартөлеу, акцияларға, қаланыңтүрлііс-шараларына қатыстыру;

- басқа ЖОО-мен –білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, ОПҚ құрамын жоғарғы оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық кадрларды даярлау процесіне ғылыми кеңес беруші, диссертациялық кеңестің мүшесі ретінде қатыстыру;

- қоғамдық бірлестіктермен - «НұрОтан», «ЖасОтан» ұлттық-демократиялық партиялар, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу, әкімшіліктің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек ұжымының міндеттемесі бойынша қызмет атқаратын тәуелсіз кәсіподақ ұйымы;

- орта оқу орындарымен – ЖОО-ның кәсіптік бағдар бойынша жұмыс жүргізуі, базалық пәндер бойынша дайындық курстарын ұйымдастыру; жетекші және оқушылардың ғылыми жобаларының кеңесшісі ретінде ОПҚ жұмылдыру;

-ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және ҚР басқа да табиғатты қорғау органдарының басқармаларымен және санитариялық-эпидемиологиялық сала қызметі мен қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік емес ұйымдарымен – қоршаған ортаның радиобиологиялық зерттеу нысандары бойынша гранттар және шарттар негізінде жұмыстарды орындау;

- жабдықтаушылармен – қызметтеркөрсету және тауарлардыжеткізу бойынша жұмыстар жүргізу;

- «Intercert» ЖШС, «МАМАК» ҚБ, EFQM, ҚРБҒМҰ АО және басқада сертификаттайтын органдармен.

«АстМУ» АҚбасшылығы тұтынушылар мен мүдделі тараптар үшін құндылықтарды құру және жүйелі түрде ұлғайту үшін серіктестермен ортақ жобаларды жасау, стратегиялық мақсаттарды, миссияларды мен болжамдарды жүзеге асыру мақсатында серіктестікті және тәжірибемен алмасуды жетілдіреді. Университеттің жоғарғы басшылығы белсенді халықаралық қызметті жүзеге асырады. Университетте медицина саласында шетел серіктестерімен сыртқы байланыстар мен ынтымақтастықты бекіту мен дамыту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін, жүзеге асыратын Халықаралық ынтымақтастық бөлімі құрылды, соның ішінде:

- шетел клиникаларында және жоғарғы оқу орындарында ОПҚ оқыту мен білімін жетілдіру;

- Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында, сонымен қатар жақын және алыс шетелдерде жасалынған меморандумдар аясында Университеттің оқу бағдарламаларын жүзеге асыру;

- мамандардың халықаралық конференцияларға, семинарларға, көрмелерге қатысуын ұйымдастыру;

- шетел жоғарғы оқу орындарымен және ұйымдарымен академиялық ынтымақтастық туралы мәміле, меморандумдар және келісімшарттар даярлау;

- университеттің ОПҚ мен студенттері үшін дәрістер мен семинарлар өткізу үшін шетел профессорларын, оқытушыларын және қызметкерлерін шақыру;

- Ресейдің және әлемнің білім беру ұйымдарымен ғылыми байланыстар, ынтымақтастық және тәжірибелер алмасуды дамыту;

-Республикалық және халықаралық жобаларға қатысу.

Серіктестік қатынастарды бағалау және тәсілдерді қайта қарастыру МСЖ басшылығының талдау жасауы аясында жүзеге асырылады.

ЖОО-ның ББ мазмұнын құрудың негізгі әдісі - негізгі тұтынушылардың (білім алушы, персонал, жұмыс берушілер) сұраныстарын есепке ала отырып, мамандықтың МЖМБС негізігінде оқу жұмыс жоспарын әзірлеумен жалғасатын бағдарламаны талдау. Тұтынушылардың сұраныстарын зерттеу мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізіледі: білім беру қызметіне қанағаттанушылығын анықтау үшін – білім алушыларға сауалнамалар жүргізу; еңбек нарығын зерттеу үшін – Денсаулық сақтау басқармаларымен хат алмасу; жұмыс берушілердің қанағаттанушылығын анықтау үшін – сауалнамалар жүргізу.

Бітірушілердің біліктілігін бағалаудың нәтижелеріне ЖОО-ның ішкі құжаттарына сәйкес ББ жетілдіру мақсатында үнемі талдау жасалынып отырады: «Кері байланыс мониторингі» АМУ-УС-12, «АстМУ» АҚ түлектерінің мониторингі» АМУ-УС-33. Жұмыс берушімен кәсіптік білім беру мәселелері бойынша әлеуметтік серіктестікті дамыту сапасы саласындағы Университеттің саясатын жүзеге асыру мақсатында Интернатура және жұмысқа орналастыру жөніндегі деканаттың сапа менеджменті және стратегиялық жоспарлау бөлімімен бірлесіп бітірушілерді даярлау сапасы мен олардың кәсіби өсуіне талдау жасалынады, Университеттің ББ нәтижелілігі мен тиімділігін ҚР ЕПБ ұйымдастырушыларымен сауалнамалар жүргізу жолымен талдау жасалынады.

Бұл сауалнамалар нәтижесі біздің ЖОО-ның бітірушілерінің сұранысқа ие болуын, яғни, Университеттің беделділігін дәлелдейді: бітірушілердің сұранысқа ие болуы, бәсекеге қабілеттілігі, біліктілік сипаттамаларына сәйкес болуы, бітірушілердің кәсіптік білімінің жеткілікті деңгейі, бітірушілердің кәсіби білімдері мен тәжірибелік машықтары, бітірушілерді даярлаудың қазіргі медицина деңгейлеріне сәйкес болуы, компьютерлік сауаттылық, мемлекеттік тілді меңгеру, шетел тілдерін меңгеру, ұжымда жұмыс жасай білуі, бітірушілердің жетекшілік қабілеттері, өзін-өзі жетілдіруге дайын болуы, коммуникативтік қабілеттері және т.б.

1.2.7. «АстМУ» АҚ-та жүзеге асырылатын ББ және әдістемелік тәсілдер ЖОО-да білім алуының барлық кезеңдерінде білім алушылардың медицинаның ғылыми дамуына қатысуларына жәрдемдеседі.

Оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, СӨЖ жаңа түрлерін пайдалану, 2009 жылғы МЖМБС жаңа пәндерін оқыту, СНОжұмыс жасау студентте медицинаның ғылыми дамуына қатысу қабілеттілігін, студенттерде сенімді ақпараттарды іздеу, медицина ғылымында жүргізілген зерттеулердің әдістемелік сапасын бағалау және релевантты емес мәліметтерді жоққа шығару машықтарын қалыптастырады. Төменгі курс студенттерін «Биоэтика», «Коммуникативтік машықтар» сияқты пәндерді оқыту жолымен мамандыққа ерте баулу білім алушыларға мамандар және болашақ әріптестер ретінде қабілеттіліктерін жетілдіруге жәрдемдесетін оқытудың сенімді қағидаттары туралы айтуға мүмкіндік береді.

2009 жылғы МЖМБСміндетті пәндерін меңгеруде ғылыми әдіснама және дәлелдемелі медицина қағидаттары «АстМУ» АҚстуденттеріне бірінші курстан бастап оқытылады, мысалы, «Маркетинг және менеджмент негіздері» пәнін оқу барысында студенттер жоспарлау, мотивация, шешім қабылдау және статистикалық әдістер бойынша білім алады.

ЖОО-да Дәлелдемелі медицина орталығы ашылды, онда орталықтың қызметкерлері үшін «Дәлелдемелі медицина орталығы туралы ереже», «Лауазымдық нұсқаулар» әзірленді, оған сәйкес ОПҚ мен студенттер ғылыми әдістеме мен дәлелдемелі медицина принциптеріне жүйелі түрде оқытылады.

ЖОО-ның қызметкерлері М. Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина университеті базасында Солтүстік-Еуропа елдерінің Кокрановск қауымдастығының директоры м.ғ.д., профессор, РАМН академигі В.В. Власовты шақырумен дәлелдемелі медицинаның (бұдан әрі – ДМ) оқыту семинарларына, сонымен қатар 2009 жылы желтоқсанда Австралияда дәлелдемелі медицина бойынша өткізілген 2 апталық тренингке қатысты.Орталықтың қызметкерлері ДМ бойынша сертификатталған оқытушылармен бірлесіп ЖОО-ның ОПҚ үшін оқытуды жүргізу мақсатында халықаралық сарапшыларды шақырып дәрістер өткізеді.

Оқытылған барлық мамандар дәлелдемелі медицина негіздері мен медицинадағы ғылыми зерттеулер менеджменті бойынша Университеттің студенттері мен ОПҚ-ға оқу семинарларын өткізуге тартылады.

ЖОО-ның қызметкерлерімен студенттер, магистранттар және практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері үшін ДМ негіздері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқу-әдістемелік құралдар әзірленді және басылып шығарылды. Оқу процесінің бір бөлігі болып табылатын СҒЗЖ-ға көп көңіл бөлінеді. Библиографиялық іздеу, әдебиеттерге шолу жасау және т.б. СҒЗЖ формалары студенттерде медицина дамуындағы ғылымның орны мен рөлі туралы түсінік қалыптастырады.

Сондай-ақ, гигиеналық, микробиологиялық, физиологиялық және радиобиологиялық зертханалардың оқу зертханалары ретінде жұмыс жасауы ЖОО-да ғылыми ойлаудыңқалыптасуына ықпал етеді. Аталған зертханалар базасында жаңа технологиялар мен аппараттарды пайдалану арқылы сәйкес пәндерді оқыту АстМУ АҚ ОПҚ біздің студенттерде ғылыми тұрғыда ойлау мен ғылыми зерттеулердің әдістерін қолдану принциптерін құруға мүмкіндік береді. АстМУ АҚ базасында ең жаңа аппаратурамен жабдықталған еліміздегі жалғыз радиобиологиялық орталық жұмыс жасайды. Радиобиологиялық орталықтың қызметкерлері практикалық сабақтар өткізеді және АстМУ АҚ студенттеріне радиобиологиялық дәрістерді оқиды, сонымен қатар, өздерінің ғылыми зерттемелерімен таныстыраотырып, студенттерде қазіргі аппаратурадажұмыс жасаудың тәжірибелік машықтарын қалыптастырады.

АстМУ АҚ-та жоғары білім және ғылымның интеграциялануының қазіргі жағдайы Университеттің жақын және алыс шетел ЖОО-мен және ҒЗИ-мен ортақ қызметінің түрлі формаларымен сипатталады. Ең алдымен, бұл іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы шарттар, ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру; ҚР және шетелдің тәжірибелі ЖОО және ҒЗИ зерханаларында өткізілетін оқу және өндірістік практика; оқу сабақтарын өткізу, студенттер тәжірибесі мен дипломдық жұмысына басшылық ету үшін ЖОО мен ҒЗИ жетекші ғалымдарын тарту, еліміздің және шетелдің жетекші ЖОО-да дәріс оқу.

Сонымен қатар, ББ жүзеге асырудың ғылыми-тәжірибелік, интеграцияланған, пәнаралық мәні, маңызды қолданбалы мағынасы бар, ол пәнаралық ақпаратпен жабдықталған кәсіби бағдарлы модульдерді құру сияқты ортақ істе әртүрлі кафедралардың мамандары мен оқытушыларын біріктіретін тиімді механизм болып табылады.

Жоғарыда аталған барлық іс-шаралар ЖОО-ның студенттерге ғылыми әдіснама және дәлелдемелі медицина принциптерін, соның ішінде ойлаудың аналитикалық және сыни әдістерін үйретуге дайындығын көрсетеді.

2013 жылғы 1 қыркүйекке қарай библиотека каталогында 13382 жазба тіркелген, соның ішінде: кітаптың электрондық каталогы – 10653 жазба; мақалалардың электрондық картотекасы – 533 жазба, сирек қордың электрондық каталогы – 1601 жазба. 2010 жылы WEB-ИРБИС модулі игерілді және http://bibl.amu.kzбиблиотека сайтында электрондық каталог шығарылды.

Деректердің электрондық базасы жыл сайын жаңарып отырады. Университет бейіні бойынша жазып шығарылатын мерзімді басылымдар саны ұдайы артуда. Электрондық ақпарат құжырасында Параграф дерекқор базасына, Emerald, "ThomsonReuters" баспасына, «Springer» баспасына, OvidSP, PubMed, «Дәрігер кеңесшісі», «Студент кеңесшісі» платформасына кіруге рұқсат бар.

Университет кітапханасы білім алушыларды жоғарғы және ЖОО-дан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламасының әрбір пәні бойынша оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз етеді.

«АМУ» АҚ-тың пәндік және пәнаралық даярлықтың барлық түрін, ЖОО-ның оқу жоспарында қарастырылған магистранттардың практикалық және ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын қамтамасыз ететін сәйкесінше бағдарламалық қамтамасыз етілген материалдық-техникалық базасы бар.

1.2.8.. «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығына оқытудың кредиттік технология элементтері енгізілді, оның дәстүрлі технологиядан ерекшелігі – онда барынша дараландырып оқыту және өз бетімен жұмыс істеу машықтарын жетілдіру үшін бакалаврды оқыту барысында аудиториялық жүктемені азайту және білім көлемін біріздендіру көзделген.

ББ миссиясы мен мақсаттарына сәйкес ББ кәсіби салалары нақты белгіленген деп айтуға болады. «АстМУ» АҚ-та ЖОО білім беру қызметін көрсету және жетілдіру саласында негізгі жұмыс өзінің біліктілігі саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытында жүргізіледі.

Университетте кәсіби қызметіне сәйкес мәселелерді шешубарысында талап етілетін бітірушінің біліктілік деңгейі («Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірушінің біліктілік стандарты»)белгіленген, ол тек кәсіби машықтармен ғана емес, сонымен қатар қазіргі уақытта талап етілген маманның түрлі машықтарымен және оқыту курсы бойынша білімді игеру деңгейлерімендекомпозицияланған.

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім беру бағдарламасыжөніндегі комитетанализі, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша МҚА және МАК өкілдерінің есебі; ББ мазмұны мен кәсіптік бағыты бойынша жұмыс берушілердің пікірін сұрау нәтижесі, жұмыс берушілердіңАстМУ АҚ-тың алқалы органдарының (Ғылыми кеңестің, ОӘК, МББК, деканаттың, ҒКК,) ББ бағалау бойынша жұмысына қатысуы, «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша бітірушілерді жұмысқа орналастыру мен үлестіру бойынша жасалған есептер ББ-ныңкәсіптік практика мен талаптарға сәйкес екендігін дәлелдейді.

Жоғары мектептің қазіргі заманғы дидактикасы магистранттардың оқу түрлерінің кең ауқымды әдіснамалық арсеналына ие: дәрістерге қатысу, семинарлық оқуларға дайындық және оларға белсенді қатысу; техникалық және зертханалық машықтандыру; мақалаларды жазу; академиялық біліктілікті жетілдіру мақсатында әр түрлі басылымдарды оқу; ҒЗЖ-ға қатысу; басқалардың жұмысын сындарлы негізде сынауды үйрету; кафедралық отырыстар (дискуссиялар) және т.б.

«АМУ» АҚ-та оқытудың дәстүрлі формалары жетілдіріліп, жаңа формалары мен әдістері, білім алушылардың танымдық қызметін активтендіру құралдары енгізілуде, олардың өздік және ғылыми-зерттеу жұмыстары ұйымдастырылуда. Университетте тестілеу әдіснамасы, мультимедиялық дәрістерді презентациялау өнері, оқытудың интерактивті әдістері, клиникалық кафедраларда объективтік құрылымдық клиникалық емтихандарды (ОҚКЕ), іргелі пәндер кафедраларында проблемалық бағыттағы оқытуды (ПБО) әзірлеу, үш тілде әдістемелік оқу құралдарын әзірлеу және енгізу және т.б. бойынша ОПҚ үшін оқыту семинарларын жүйелі түрде жүргізуді қамтитын «Инновациялық-білім беру қызметін басқару» үрдісін жетілдірудің стратегиялық жоспары бекітілген.

ББ жүзеге асыруға қажетті әдіснамалық тәсілдер мәселесі МББК, ОӘК және УС отырыстарында бірнеше рет талқыланады, ЖОО-да ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған 3 журнал басып шығарылады. Әрбір академиялық журналда әдістемелік қамтамасыз ету, білім беру курстары және оларды «АМУ» АҚ кафедраларында тиімді пайдалану мәселелерін қамтитын бөлімдер бар (7-қосымша).

1.2.9. Тәрбие беру процесін басқарудың негізгі міндеті студенттерде кәсіптік және әлеуметтік біліктілікті, белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру, «Медициналық-профилактикалық іс» болашақ мамандарының тұлғалық сапасын тәрбиелеуге ықпал ету. ЖОО-да студенттермен жүргізілетін тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша бірыңғай жүйе әзірленеді және атқарылады. «Тәрбие беру процесін басқару» АМУ-ПК-НП-08-11 үрдісіидентификацияланған және құжатталғанжәне ЖОО-ның сайтына енгізілген, мүдделі тараптардың, соның ішінде жалпы қоғамныңсайтқа кіріп қарауға мүмкіндігі бар. Процеске жауапты – жастар ісі жөніндегі декан. «АстМУ» АҚ-та сапа саласындағы стратегиямен, миссиямен, болжаммен, саясатпен және мақсаттармен келістірілген тәрбие беру тұжырымдамасы, тәрбие беру қызметін жетілдірудің стратегиялық жоспары, 2011-2015 жылдарға арналған «АстМУ» АҚ-тың тәрбие жұмысы және жастар саясаты бағдарламасы, «АстМУ» АҚ-тың ағымдағы жылға арналған тәрбие беру және оқудан тыс жұмыстарының жоспары әзірленді және құжатталды. «АстМУ» АҚ-тың тәрбие жұмысының стратегиясы студенттің тұлғалық қалыптасу процесіне Университеттің белсенді қатысуына бағытталған.

«АМУ» АҚ жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда отанның дамуы мен нығайтылуына өз үлесін қосуға дайын болашақ фармацевтерде тұлғалық сапаны жетілдіретін кәсіптік және әлеуметтік біліктілікті, студенттердің белсенді азаматтық позициясын құру бойынша өз алдына міндеттер қояды.

Осы жұмысты үйлестіретін құрылымдық бөлімшелер құрылды: жастар ісі жөніндегі деканат, «Студенттік қалашық» бөлімі, факультеттер деканаттары,кураторлар кеңесі, Кәсіптік бағдар беру және білім алушыларды психологиялық бейімдеу бөлімі, студенттердің өзін-өзі басқару кеңестері, олардың қызметі бөлімшелердің және кеңестердің ережелерімен және қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларымен реттеледі.

«АстМУ» АҚ-та студенттердің өзін-өзі басқару жүйесі қызмет етеді: Университеттің студенттік кеңесі, факультеттердің студенттік кеңестері, жатақхана кеңесі, оқу топтарының старосталарының институты, студенттік ғылыми қоғам, спорттық бірлестіктер, «Ару» қыздар лигасы.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар бар және олар үнемі жаңарып отырады. Тәрбие жұмыстарының нәтижелері старосталар отырыстарында, кураторлар кеңестерінде, деканаттар, факультеттер және институттар кеңестері, Ғылыми кеңес, Басқарма отырыстарында үнемі талданады және тәжірибелі алдыңғы қатарлы ЖОО-мен салыстырылады.

Талдаулар нәтижелері бойынша ЖОО-ның тәрбие беру қызметін жетілдіру жоспарлары әзірленеді.

Университеттің негізгі тәрбие беру ресурсы оқу процесі болып саналады. Оның негізгі субъектісі оқытушы болып саналады, ол оқыту процесінде қамтылған, студентпен бірнеше мың сағат қарым-қатынас жасау арқылы игерілетін тәрбие беру әлеуетін толығымен ашады және пайдаланады, нақтырақ айтсақ:

- Тереңдей іргелі білім беру негізінде мамандарды даярлауды жүзеге асырады;

- Ойлау - сұрақтарды қою және ұғыну, оларды анықтаудың жолдарын табу және оны шешуге қажетті барлық шараларды орындау, дұрыс ой тұжырымдамасын жасау қабілеттерін дамыту, ойлай қабілеті – үйрену қабілетінің орталық буыны екенін түсіну;

- Студенттерге шығармашылық қызметтің келесідей маңыздыептілігін үйретеді: гипотезақұру және оны келешекте тексеру; орындайтын жұмыстың негізгі мақсаттарын құру; жағдайды талдау және қорытындылар жасау; жаңа сұрақтар қою және мәселені дәстүрлі жағдайда көре білу; зерттеу міндеттерін шешуде негізгі тәсілдерді меңгеру;

- Іргелі білім алу арқылы студенттер келешекте бәсекеге қабілетті, өздігінен жұмыс жасап, оқып, қайта білім алуға мүмкіндігі бар азамат болатын заңдылықты түсінуге көмектеседі;

- Студенттік ортада білімді меңгеруде өзара талап етушілік атмосфераны құрады; болашақ жас мамандардың шығармашылық белсенділігінің маңызды жағдайы болып табылатын кәсібінің негіздерін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады; студенттердің күнделікті өмірінде танымдық қызметінің беделін көтереді;

- Білім алушыларда оқудың қосымша түрлері, өздігінен оқу және шығармашылық ізденуге ұмтылу есебінен кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыру қажеттілігін қалыптастырады.

ЖОО-да студенттермен тәрбие жұмыстарынжүргізудің басымырақ бағыты әлеуметтік білікті маман даярлау болып табылады. Бұл келесідей қызығушылықтар бойынша студенттермен жүргізілген тәрбие жұмыстарының түрлі формалары:

- студенттік өмірде жиі кездесетін күйзелістерді есепке ала отырып, әлеуметтік біліктілікті қалыптастыру бойынша студенттермен жеке тәрбие жұмыстарын жүргізу және студенттерге арналған әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру:бірінші курс студентінің бейімделу кезіндегі күйзелісі; үй иесі, жар, ата-ана әлеуметтік рөлдерін атқару алдында кездесетінкүйзелістер (өзінің отбасылық өмірін жоспарлау, балалардың дүниеге келіне дайындалу);мансапты жоспарлаумен, жұмыс орнын іздеумен байланысты еңбекке жарамдылық күйзелісі (V және VIкурстар);

- студенттіңжеке-психологиялық ерекшеліктерін, тұлғаның жалпы бағыт-бағдарын ескеретін оқудан тыс қызметтердіv

Date: 2015-11-13; view: 707; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию