Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кеден саласындағы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастықтың ерекшеліктері





 

Бүгінге дейін Ресей, Белорусь, Қазақстан арасында Кеден одағының құрылатынына сарапшылар мен саясаттанушылар түгілі одаққа кіретін мемлекет басшылары да күмәнмен қарап келген-ді. Себебі, соңғы жиырма жылда ТМД кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастыққа талпыныс жасаған қадамдар сәтті бола қоймады. Дегенмен де 27-қараша күні үш ел басшысылары Кеден кодексіне және бірыңғай кеден тарифы келісіміне қол қойған болатын. Ал, 19-желтоқсанда Алматы өңіріндегі “Ақбұлақ” кешенінде өткен ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуінде: «Біздің үш мемлекеттің құрамында 2010 жылдың қаңтарының 1-нен бастап жұмыс істейтін Кеден одағының құрылғанын мәлімдейміз», – деп, Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері бірлескен мәлімдеме жасады. Демек шешімнің қабылдануы посткеңестік мемлекеттер арасында қуатты экономикалық одақ құру қадамының құтты болғанын көрсетіп тұр[22].

2010 жылдың 1 шілдесінен бірыңғай кеден кодексі іске асып, Қазақстан мен Ресей аумағы арасындағы кедендік бақылау алынып тасталады. Қытай мен Қазақстан шекарасынан өткен тауар Беларусь пен Польша шекарасына дейінгі аралыққа қандайда бір кедендік тескерусіз баруы тиіс деген сөз. Ал, 2011 жылдың ортасына таман Ресей, Белорусь, Қазақстан біртұтас кедендік территория құрып. Бұл интеграцияның соңғы нүктесі 2012 жылы қойылды.

Ресей, Қазақстан, Белорусь арасында Кеден одағы алғаш 1995 жылы құрылған. Оған 1996 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан қосылды. Алайда мемлекеттер бірыңғай кеден тарифын енгізу мәселесін реттеуде ортақ шешімге келмеді. Осылайша нақты ортақ кедендік жүйе қалыптастыра алмады. 2000 жылы осы мемлекеттер Кеден одағы базасында құрылған Еуроазиялық экономикалық қауымдастықтың (ЕуроАзЭҚ) қанатының астына топтасты. Ал, Украина, Молдавия, Армения бақылаушы мәртебесін алды. Бірақ бірыңғай қаржы, транспорт, энергетикалық нарық қалыптастыру, еркін тауар тасымалдау секілді мәселеде мүше елдер арасында қарама-қайшылық пайда болғандықтан ЕуроАзЭҚ аясында қойылған интеграциялық мақсат көздегеніне жетпеді. Ал, ЕуроАзЭҚ-қа мүше Өзбекстан ойран салған Әндіжан оқиғасынан соң 2005 жылы АҚШ, ЕуроОдақ тарапынан халықаралық оқшаулыққа түсіп қалып, 2008 жылдың соңында қауымдастықтан шығып кетті. Міне, посткеңестiк кеңiстiкте құрылған ұйымдардың қай-қайсысы да осындай шалажансар күй кешті[25].

Жаңа Кедендік одақты құрудың алғышарты 2006 жылы жасалды, биыл ғана күрмеуі тоқсан тоғыз мәселе төңірегінде үш мемлекет мәмілеге келіп, ақыры бірыңғай кеден тарифы мен кеден кодексі жобасын нақты іске асырмақ. Кедендік одақты құру – ықпалдастыру үдерісінің екінші кезеңнен тұрады. Алғашқысы – еркін сауда аймағы. Үшіншісі – жалпы рынок, біртұтас экономикалық кеңістік, одан әрі Еуропалық одақ тұрпатындағы экономикалық одақ болмақ. Әзірге одақтың ауқымы кеңею-кеңеймеуі белгісіз. Бірақ та айырқалпақты қырғыз ағайын осы жылдың мамырында одаққа қосылуға тілек білдірген. Ал, 1998 жылдан бері ДСҰ құрамындағы Қырғызстанға Кеден одағына кіру үшін, ең алдымен, кеден саясатын, оның қағидалары мен нормаларын ДСҰ-мен келісіп алу керек. Тәжікстанға келсек, жақында Кеден одағында бақылаушы мәртебесін иеленеді.

Сарапшылардың айтуынша, Кеден одағынан бірінші кезекте Қазақстан көп шығын көрмек. Ресей импорт тауарын шамамен 1 пайызға арзандатып жатса, Қазақстан Кеден одағына кірген соң импорттық баж салығының өсуі ішкі бағалардың біршама ұлғаюына әкеледі. Ең алдымен, бірыңғай кеден тарифы іске аса бастағаннан республикамызда киім-кешек, ауылшаруашылық өнімі, дәрі-дәрмек, косметика, парфюмерия, құрылыс материалдары, спорт заттары, әуетехника, шетелдік көлік, электрқұралдар, ұялы телефондар және тағы басқа заттар қымбаттайды. Бұған қоса киімнің кеден бағасы – 1,5-3 есеге, қол сағаттары – 20 пайыз, электр құралдары – 5-10 пайыз көтеріледі. Бұл жалпы бұқаралық сұранысқа ие тауар саласындағы кәсіпкерлерге үрей туғызып отыр. Ең алдымен, қымбатшылық тиын санап жүрген қарапайым халықтың қалтасына түсіп, қиналып қалмақ. Алайда, инфляцияның күтілімі айтарлықтай жоғарылатылған деп санаймын. Алдын ала сараптама импорттың қымбаттауы инфляцияның деңгейіне шамалы ғана әсер ететінін көрсетіп отыр. Мәселен, инфляция шамамен 0,5-0,7 пайыздық пунктерге ғана көтеріледі деп санайды[27]. Қазақстанда үшінші елдерден келетін тауарларға барынша жоғары тарифтер орнайды. Бұл олардан тасылатын импорттың қысқаруына түрткі болады. Осының арқасында Қазақстанда шығарылатын тауарлар бұған дейін ішкі нарығымызды жаулап, мықтап бекініп алған үшінші елдердің, соның ішінде Қытайдың тауарларын ысырып, өз орнын иеленуге мүмкіндік алады», – деген Одақтың «ниетін» айтқан болатын. Қырғыз ағайынның қазаққа қосылып Одаққа мүше болу ұмтылысының сыры осында жатса керек. Онсызда көп мәселеде қазаққа қарап отырған қырғыздың елімізбен қарым-қатынасы қиындаса, халі қалай болатыны белгісіз. Оның үстіне Бішкек базарынан зат таситын саудагерлердің салы суға кетіп отыр.

Сонымен бірге, мамандар Кеден одағы құрылғасын еліміздің экономикасының дамуына оң ықпал етеді деп отыр. Қазақстанның компаниялары Ресей рыногына, ресейлік компаниялар Қазақстан рыногына еркін шыға алады. Бәсекелестік артатын болады. Кеден одағы аясында тауар айналымдары үшін әкімшілік кедергілерді жоя түспек. Нәтижесінде, ішкі нарық ауқымы кеңейеді, жаңа өндірістің дамуы ынталанады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, үш елдің ортақ рыногы 2 трлн. доллар, яғни, инвестиция үшін тартымды болады[23].

Ендігі мәселе – қауіпсіздік. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғ.Қасымов: «Мәселен, біз Кеден одағын құрып жатырмыз. Одақ аясында экономикалық шекарамыздан бөлек, басқа да әрекеттерге – капиталдардың ағылуына, еңбек күшінің алмасуына және басқа шараларға жол ашылатыны белгілі. Ал, бүгінгі Ресейде екі күннің бірінде лаңкестік әрекеттер қылаң беретіні жасырын емес. Ендеше, Кедендік одақ аясында мықты шекара болмаса, онда жаңағыдай ауысулардың салдары қандай болатынын түсіну де қиын емес. Ресеймен арада 67 кедендік бекет бар. Бұлардың барлығында шекаралық қырағылық қамтылмаған», – деп дабыл қағып отыр. «Біз шындыққа тіке қарауымыз керек. Көршілес қырғыз елі ДСҰ-ға кірді, шекарасын айқара ашты, сапырылыс басталып кетті. Сол секілді Қазақстан үшін шекара мәселесі өзектілігін әлі жойған жоқ», – дейді депутат. Қауіпсіздік мәселесінде еліміз асқан сарабдалдықпен қарап, нақты шаралар жасауды қажет етеді[12].

Сайып келгенде 170 миллион халқы бар және тауар айналымы 900 млрд доллар құрайтын нарық пайда болады. Н.Назарбаевтың айтуынша, бұл экономикалық одақ 90 млрд баррельге жететін мұнай қоры және дүниежүзі бойынша экспортталатын үлесі 17 пайыз болатын бидай жөнінен әлемде басты позицияны алмақ. Кеден одағынан пайда болатын ортақ үлесi Ресей үшiн – 14 миллиард доллар, Қазақстан мен Беларусь үшiн 16 миллиард доллар болады.

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1990 жылдың 12 қыркүйектегi шешiмi бойынша 1999-2000 жылдар аралығындағы мерзім халыкаралық құқықтың он жылдығы деп аталып, халықаралық құқық келiсiмдерiнiң барлық мемлекеттер үшiн мiндеттi екендiгi аталып өттi. Яғни, халықаралық құқықтың саясатта басым болуы тиiс деген сөз, халықаралық құқық келiсiмдерiнiң сақталуы ұлттық мүдделерден жоғары болуы тиiс.

Oсыған орай, М. А. Сарсембаев "Кеден ici тек мемлекеттiң iшкi құзыретiнде ғaнa қалып қоймайды, ол халықаралык мемлекеттiң халықаралық аренасында да реттеледі, кеден ісі халықаралық аренада халықаралық құқықтық нормалармен реттеледi. Халықаралық құқықтық жүйесiнiң iшiнде халықаралық кеден құқығы атты жеке сала бар" деген.

Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық құқықтық қағидаларға және халықаралық кеден құқығына негiзделедi. Атап айтар болсақ, ұлттық тәуелсiздiктi және егемендiктi құрметтеу, iшкi iскe араласпау, күш көрсетпеу, толық тең құқылық ұлттық мүдделер мен әр халықтың өз тағдырын өзi шешу, құрметтеу, өзара пайда құқығын шектемеу, т. б.

Бүгінге дейін Ресей, Белорусь, Қазақстан арасында Кеден одағының құрылатынына сарапшылар мен саясаттанушылар түгілі одаққа кіретін мемлекет басшылары да күмәнмен қарап келген-ді. Себебі, соңғы жиырма жылда ТМД кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастыққа талпыныс жасаған қадамдар сәтті бола қоймады. Дегенмен де 27-қараша күні үш ел басшысылары Кеден кодексіне және бірыңғай кеден тарифы келісіміне қол қойған болатын. Ал, 19-желтоқсанда Алматы өңіріндегі “Ақбұлақ” кешенінде өткен ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуінде: «Біздің үш мемлекеттің құрамында 2010 жылдың қаңтарының 1-нен бастап жұмыс істейтін Кеден одағының құрылғанын мәлімдейміз», – деп, Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері бірлескен мәлімдеме жасады. Демек шешімнің қабылдануы посткеңестік мемлекеттер арасында қуатты экономикалық одақ құру қадамының құтты болғанын көрсетіп тұр.

Кеден одағын құру үдерісі бірқатар кезеңнен өтеді. Ең алдымен, 2010 жылдың қаңтарынан бастап жаңа Одақ бойынша бірыңғай кеден тарифы енгізіледі. 2010 жылдың 1 шілдесінен бірыңғай кеден кодексі іске асып, Қазақстан мен Ресей аумағы арасындағы кедендік бақылау алынып тасталады. Қытай мен Қазақстан шекарасынан өткен тауар Беларусь пен Польша шекарасына дейінгі аралыққа қандайда бір кедендік тескерусіз баруы тиіс деген сөз. Ал, 2011 жылдың ортасына таман Ресей, Белорусь, Қазақстан біртұтас кедендік территория құруды жоспарлап отыр. Бұл интеграцияның соңғы нүктесі 2012 жылы қойылмақ. Ол кезде бірыңғай шаруашылық ереже мен валюта енгізіліп, біртұтас экономикалық кеңістік қалыптаспақ.

Ресей, Қазақстан, Белорусь арасында Кеден одағы алғаш 1995 жылы құрылған. Оған 1996 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан қосылды. Алайда мемлекеттер бірыңғай кеден тарифын енгізу мәселесін реттеуде ортақ шешімге келмеді. Осылайша нақты ортақ кедендік жүйе қалыптастыра алмады. 2000 жылы осы мемлекеттер Кеден одағы базасында құрылған Еуроазиялық экономикалық қауымдастықтың (ЕуроАзЭҚ) қанатының астына топтасты. Ал, Украина, Молдавия, Армения бақылаушы мәртебесін алды. Бірақ бірыңғай қаржы, транспорт, энергетикалық нарық қалыптастыру, еркін тауар тасымалдау секілді мәселеде мүше елдер арасында қарама-қайшылық пайда болғандықтан ЕуроАзЭҚ аясында қойылған интеграциялық мақсат көздегеніне жетпеді. Ал, ЕуроАзЭҚ-қа мүше Өзбекстан ойран салған Әндіжан оқиғасынан соң 2005 жылы АҚШ, ЕуроОдақ тарапынан халықаралық оқшаулыққа түсіп қалып, 2008 жылдың соңында қауымдастықтан шығып кетті. Міне, посткеңестiк кеңiстiкте құрылған ұйымдардың қай-қайсысы да осындай шалажансар күй кешті[21],32б

Жаңа Кедендік одақты құрудың алғышарты 2006 жылы жасалды, биыл ғана күрмеуі тоқсан тоғыз мәселе төңірегінде үш мемлекет мәмілеге келіп, ақыры бірыңғай кеден тарифы мен кеден кодексі жобасын нақты іске асырмақ. Жақында Алматыда өткен ТМД қатысушы мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуінде Н.Назарбаев Кедендік одақты құру – ықпалдастыру үдерісінің екінші кезеңі екенін атап өтті. Алғашқысы – еркін сауда аймағы. Үшіншісі – жалпы рынок, біртұтас экономикалық кеңістік, одан әрі Еуропалық одақ тұрпатындағы экономикалық одақ болмақ.

Әзірге одақтың ауқымы кеңею-кеңеймеуі белгісіз. Бірақ та айырқалпақты қырғыз ағайын осы жылдың мамырында одаққа қосылуға тілек білдірген. Ал, 1998 жылдан бері ДСҰ құрамындағы Қырғызстанға Кеден одағына кіру үшін, ең алдымен, кеден саясатын, оның қағидалары мен нормаларын ДСҰ-мен келісіп алу керек. Тәжікстанға келсек, жақында Кеден одағында бақылаушы мәртебесін иеленеді.Қарапайым халық қымбатшылықтан қиналып қалмай ма?

Сарапшылардың айтуынша, Кеден одағы құрылуынан бірінші кезекте Қазақстан көп шығын көрмек. Ресей импорт тауарын шамамен 1 пайызға арзандатып жатса, Қазақстан Кеден одағына кірген соң импорттық баж салығының өсуі ішкі бағалардың біршама ұлғаюына әкеледі. Ең алдымен, бірыңғай кеден тарифы іске аса бастағаннан республикамызда киім-кешек, ауылшаруашылық өнімі, дәрі-дәрмек, косметика, парфюмерия, құрылыс материалдары, спорт заттары, әуетехника, шетелдік көлік, электрқұралдар, ұялы телефондар және тағы басқа заттар қымбаттайды. Бұған қоса киімнің кеден бағасы – 1,5-3 есеге, қол сағаттары – 20 пайыз, электр құралдары – 5-10 пайыз көтеріледі. Бұл жалпы бұқаралық сұранысқа ие тауар саласындағы кәсіпкерлерге үрей туғызып отыр. Ең алдымен, қымбатшылық тиын санап жүрген қарапайым халықтың қалтасына түсіп, қиналып қалмақ. Алайда, инфляцияның күтілімі айтарлықтай жоғарылатылған деп санаймын. Алдын ала сараптама импорттың қымбаттауы инфляцияның деңгейіне шамалы ғана әсер ететінін көрсетіп отыр. Мәселен, инфляция шамамен 0,5-0,7 пайыздық пунктерге ғана көтеріледі[26].

Қазақстанда үшінші елдерден келетін тауарларға барынша жоғары тарифтер орнайды. Бұл олардан тасылатын импорттың қысқаруына түрткі болады. Осының арқасында Қазақстанда шығарылатын тауарлар бұған дейін ішкі нарығымызды жаулап, мықтап бекініп алған үшінші елдердің, соның ішінде Қытайдың тауарларын ысырып, өз орнын иеленуге мүмкіндік алады», – деген Одақтың «ниетін» айтқан болатын. Қырғыз ағайынның қазаққа қосылып Одаққа мүше болу ұмтылысының сыры осында жатса керек. Онсызда көп мәселеде қазаққа қарап отырған қырғыздың елімізбен қарым-қатынасы қиындаса, халі қалай болатыны белгісіз. Оның үстіне Бішкек базарынан зат таситын саудагерлердің салы суға кетіп отыр[18],35б

Сонымен бірге, мамандар Кеден одағы құрылғасын еліміздің экономикасының дамуына оң ықпал етеді деп отыр. Қазақстанның компаниялары Ресей рыногына, ресейлік компаниялар Қазақстан рыногына еркін шыға алады. Бәсекелестік артатын болады. Кеден одағы аясында тауар айналымдары үшін әкімшілік кедергілерді жоя түспек. Нәтижесінде, ішкі нарық ауқымы кеңейеді, жаңа өндірістің дамуы ынталанады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, үш елдің ортақ рыногы 2 трлн. доллар, яғни, инвестиция үшін тартымды болады.

Ендігі мәселе – қауіпсіздік. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғ.Қасымов: «Мәселен, біз Кеден одағын құрып жатырмыз. Одақ аясында экономикалық шекарамыздан бөлек, басқа да әрекеттерге – капиталдардың ағылуына, еңбек күшінің алмасуына және басқа шараларға жол ашылатыны белгілі. Ал, бүгінгі Ресейде екі күннің бірінде лаңкестік әрекеттер қылаң беретіні жасырын емес. Ендеше, Кедендік одақ аясында мықты шекара болмаса, онда жаңағыдай ауысулардың салдары қандай болатынын түсіну де қиын емес. Ресеймен арада 67 кедендік бекет бар. Бұлардың барлығында шекаралық қырағылық қамтылмаған», – деп дабыл қағып отыр. «Біз шындыққа тіке қарауымыз керек. Көршілес қырғыз елі ДСҰ-ға кірді, шекарасын айқара ашты, сапырылыс басталып кетті. Сол секілді Қазақстан үшін шекара мәселесі өзектілігін әлі жойған жоқ», – дейді депутат. Қауіпсіздік мәселесінде еліміз асқан сарабдалдықпен қарап, нақты шаралар жасауды қажет етеді.

Қазақстанның ТМД және Кеден Одағынан тыс қабылдаған шарттары мен мiндеттемелерi әрқашан да тиiмдi нәтижелерге әкеле бермейдi немесе оларды шешу белгiлi бiр мiндеттемелерді жүктеп отырады. Қазақстанның Кеден Заңы Еуропа экономикалық қоғамдастығының кеден құқығы алты бас-тaмaғa негiзделген.

Бұл Еуропалың экономикалық қоғамдастықтың трактаты Кеден Одағының заңды негiзi болып табылады және оның барлық тayapғa қатысты күшi бар. Бұл келiсiм - шарттар қоғамдастыққа енген елдерге, жеке тұлғаларға қатысты қолданатын, ic жүзiнде жүзеге асыруды көздейтiн мақсаты мен принциптерiн, айқын ережелердi құрағандықтан "қоғамдастық конституциясы" болып табылады. Қоғамдастық органдарынан шығатын актiлер құқықтың кайнар көзi ретiнде келiсiм - шарттарды асыру, нәтижелерге жету мақсатында қабылданады.

Кедендiк реттеу қоғамдастықтың барлық кеден аумағында қолданылады. Қоғамастықтың кеден құқығының кайнар көзiнiң қатарына халықаралық келiсiм-шарттар кiредi және қоғамдастықтың субъектiлерi қоғамдастық органдарының қосымша шараларына қарамастан келісім-шарт ережелерiн орындауға мiндеттi. ЕЭҚ құқықтарын қамтамасыз ету үшн және келiсiм-шарттардан туындайтын даулар үшiн Еуропа қоғамдастығының соты қызмет етедi. Халықаралық кеден құқығында "Кеден Одағына" бiр кеден аумағының орнына eкi немесе одан да көп кеден аумағының айырбасы деп Сауда және тариф туралы басты келiсiм берген (СТБК/ГАТТ). Одаққа кipeтін аумақтарының арасында, әcipece, сауда саласында кеден баждары және тағы да басқа шектеу қоятын шаралар болмайды. Осы одаққа кipeтін мемлекеттер одақтан тыс мемлекеттермен сауда қатынасына түскенде бiрыңғай баж қолданады. Iшкi нарықты реттеуде мүше мемлекеттер арасындағы кез келген бөгеттi болдырмауға тырысады, ережелер келiсiледi, заңдар мен салық құрылымдары жақындастырылады, қаржы саласындағы ынтымақтастық күшейтiледi, т.б. Сонымен iшкi нарық "тауар, адам, қызмет және капиталдың epкін айналымын қамтамасыз eтeтін iшкi шекара болмайтын кеңiстiк" сияқты ЕЭҚ Кеден Одағы сауда саласындағы жалпы саясатқа негiзделген, сыртқы әлемге ашық ортақ заңдылығы бар, тәуелсiз юрисдикция кепiл болатын қоғамдастық органдарының шешiмiмен жүзеге асырылатын ұйым. Қоғамдастықтың кеден аумағы мүше мемлекеттердiң аумақтарының (ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания, Испания, Бельгия, Нидерланды, Греция, Португалия, Ирландия, Дания, Люксембург) географиялық және саяси көзқарас тұрғысынан, оның ішінде аумақтық суларын, ауа кеңістігін, epкін аймақтарын қосады [26],49б

ТМД құрамындағы Кеден одағы мемлекеттерiнде тап осындай проблемалар туындаған.

ЕЭК кеден тарифтері ставкалар жинағы ретiнде қоғамдастық аумағына импортталған барлық тауарлар түpiнe қатысты. Бiрақ бұл кезде даму деңгейi мен бәсекеге қабiлеттiлiгi, экономика салаларының сезiмталдығы ескерiлуi тиiс.ТМД мемлекеттерiнiң интеграциясы бүгiнгi кунi көбiнесе саяси сипатқа да тәуелдi болып отыр.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың пiкiрiнше: аймактық интеграциялар кең ауқымды көлемдегі интеграция тұрактылығын жақсы қалыптастыратын құрамдас бөлiк болады. Интеграциялық глобалды көлемi, ол Еуразия жобасы, ол менің күн тәртiбiмнен түсе қойған жоқ және түспейдi.

Интеграциялық үрдістер шеңберінде Кедендік Одақтың қызметін жетілдіру және Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) құру жөнінде екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мән беріледі.

Тұтас алғанда, 2010 жылдың ішінде Қазақстан мен Ресей Президенттері 10 рет кездескен. Мұның барлығы екі жақты қатынастардың тұрақты түрде жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, достық, тату көршілік пен стратегиялық әріптестіктің сақталып отырғандығын көрсетеді.

Аталған кездесулер барысында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру екі жақты ынтымақтастықтың деңгейін көтеруге мүмкіндік туғызады.2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағын практика жүзінде іске асыру басталды.

Кеден одағының негізгі шарты элементтерінің бірі тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары болып табылатын үшінші елдерге қатысты бірыңғай сауды саясатын қолдану болып табылады.

Осы мақсатта, 2009 жылғы 27 қарашада Минск қаласында мемлекет басшылары деңгейінде өткен ЕуразЭҚ Мемлекетаралық кеңес (Кеден одағының жоғары органы) барысында «Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» № 19 Шешім қабылданды.

Үшінші елдерге қатысты бірыңғай тарифтік емес шараларын қолдану Келісіммен анықталған:

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 18 қарашадағы №82-IV Заңымен бекітілген 2008 жылғы 25 қаңтарда Москва қаласында қол қойылған үшінші елдерге қатысты бірыңғай тарифтік емес шаралары туралы;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 қарашадағы № 207-IV Заңымен бекітілген 2009 жылғы 9 маусымда Москва қаласында қол қойылған тауарлардың сыртқы саудасы саласында лицензиялау ережелері туралы;

- Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 24 қарашадағы № 206-IV Заңымен бекітілген үшінші елдерге қатысты бірыңғай кеден аумағындағы тауарлардың сыртқы саудасына қатысты шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы (Москва, 2009 жылғы 9 маусым).

Ол сондай-ақ өткен жылы екіжақты тауар айналымы 20%-ға артқанын, ал биыл өткен айларда 40%-ға өскенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол көбі Ресей мен Қазақстан қатысатын ірі жобалардың құрылымына да байланысты екенін айтты. Ресей басшысы қауіпсіздік саласындағы өзара ықпалдастық мәселелерін талқылауды ұсынды[16],21б

Өткен жылы ҚР ме РФ арасындағы тауар айналымы 40 пайызға өсті, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында ол 11,5 млрд АҚШ долларын құрады. Форум барысында қазақстандық-ресейлік ынтымақтастықтың бағыттарының бірі – төтенше жағдайларды болжау және талдаудың бірлескен жүйесін құру туралы бастама көтерілді.

Кеден органдары республикалық бюджетке 30% шамасында түсімнің түсуін қамтамасыз ете отырып, еліміздің экономикалық дамуында маңызды орын алады. 2004 және 2005 жылдары бұл көрсеткіш тиісінше 20,1% және 28,3% деңгейінде болды. Ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде кеден органдары республика бюджетіне 462,5 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтар аударды, бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 148,8 млрд. теңгеге артық. Еліміздің сыртқы сауда айналымының өсуі факторының сыртында, кедендік төлемдер мен салықтарды алу көрсеткіштерінің күрт өсуі кедендік әкімшілдендіруді жақсарту және қазіргі кедендік инфрақұрылымды жетілдіру арқылы мүмкін болып отыр. Кеден органдарын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде, “бір аялдама” қағидаты боынша шекарада бақылауды жүзеге асыратын бірыңғай бақылау-өткізу пункттерінің құрылысын салу қарқын алуда, бұл кедендік ресімдеуден өту үдерісін жеделдетеді және тиісінше, жолаушылар мен жүк ағынын өсіруге мүмкіндік береді.

Контрабанданың жолын кесу жөнінде бірқатар ірі арнайы операциялар жүргізілді. Олардың ішінде үстіміздегі жылдың ақпанында жалпы сомасы 1 млн. АҚШ доллары болатын Біріккен Араб Әмірлігінен Қарағандыға авиарейспен халықтық тұтыну тауарларының ірі партиясын контрабандалық жолмен әкелудің жолын кесуді, маусым айында шекара қызметімен бірлесіп Батыс Қазақстан облысының “Сырым” кеден бекетінде Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы “КамАЗ” автомәшинесінің жанар-жағар май багында орналасқан есірткі партиясын өткізбекші болған Өзбекстаннан келген есірткі таратушыны ұстауды, шекарашылармен бірлесіп Орал-Бұзылық автожолында контрабандалық тауарды, яғни 22 тонна бекіре балық және 4,5 тонна майшабақ тектес балықтарды кедендік ресімдеусіз өткізген Ресей азаматының басқаруындағы рефрижераторды ұстауды ерекше атап өткен жөн [18],25б

Ағымдағы жылдың 11 айы ішінде контрабандадан мемлекетке келген залалдың орнын толтырудың жалпы сомасы 1 млрд. 895 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылғы тиісті кезеңнің көрсеткіштерінен 650 млн. теңгеге артық.

Шекаралас мемлекеттердегі әріптестермен ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы, нақты жеке тұлғалар туралы жедел ақпарат алмасу, сондай-ақ бірлескен жедел-іздестіру шараларын өткізу жөнінде өзара іс-қимыл жоспарлары әзірленді.

 

 

Date: 2015-11-14; view: 915; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию