Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кеден ісі саласы бойынша сыртқы экономикалық қатынас құралдары жүйесі





Кеден ісі саласында сыртқы экономикалық қатынас құралдарының жүйесін сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру тәсілдері құрайды: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды сатып алу – сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операйияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі. Көптеген мемлекеттерде кеден ісі саласында сыртқы экономикалық қатынас құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатына да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық саяси механизм ретінде қарастыруға болады [19],36б

Қазақстан Республикасының кеден ісі саласында қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жайт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді [21],29б Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассоцацсия ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.

Сыртқы экономикалық қызмет кеден ісі саласы бойынша да келісімдерді жасауға заңды түрде кепілдіге беріледі. Бұл дегеніміз, кез-келген жеке және заңды тұлға өзіне қажетті бизнес серіктесін, тауарларды сату-сатып алу қызметін, сонымен қатар келісім шарттардың еркін мазмұны мен формаларын таңдауға құқылы.

Сату-сатып алу процесін жаңалау және стандарттау мақсатында жалпы сауда жағдайын көптеген мемлекеттер бірегейлендіріліп, құжаттар мен формулярларды жалпылама мақұлдаған мемлекеттер қабылдаған. 30 әмбебап келісімдер, 4 халықаралық транзиттік келісімдер, 15-ке жуық халықаралық қаржылық конвенциялар мен әуе қатынасы протоколдары, 40 елдің 8-і жан-жақты теңіздік конвенциялар мен келісімдер, халықаралық экономика бойынша 6, халықаралық теңіз порттары жайлы 5 конвенция. Бұл аталғандардың барлығы әлемдік сауданың дамуын реттейді[18],31б

ҚР-сы төмендегі құжаттар хаттарды, тауарларды, сату-сатып алу туралы халықаралық келісімдерді хатты конвенциясы (1980) Өант туралы халықаралық келісім (1992), Сауда туралы конвенция (Халықаралық сауда құқығы туралы БҰҰ-ң Коммитеті), тауарларды алу құрылымы мен қызметі (1984), ЮНИСТРАЛ-дың қарсы сауда туралы құқықтық бастамасы және т.б.

Қазіргі таңда халықаралық сауданың қызметі көптеген халықаралық келісімдермен реттеледі. Бұл келісімдердің көпшілігі сауда және тауар туралы ДСҰ-ң басты келісімнің шеңберінде және БҰҰ-ң сауда және даму конвенциясында бекітілген. Келісімнің затына, жағдайларына және тауарлар мен қызмет төлемдерінің жағдайларына байланысты сыртқы сауданың қызметі төмендегідей негізгі түрлерге бөлуге болады:

- сату-сатып алу мәмілесі

- бартерлік мәміле

- компенсациялық мәміле

- тауарларды қайта қарау туралы келісім шарты

- жарғылық капитал туралы жөнелтілімі.

Сату-сатып алу келісімі – бұл келісілген уақытта келісілген бағамен тауарлар мен қызмет жөнелтілімі. Бұл келісім сатушы сатып алушыға ауысуын және сату-сатып алу келісімін бекітуді қарастырады.

Бартерлік келісім – өзара өнім айырбасы ақшалай төлемсіз жүзеге асырылатын саудалық келісімнің бір түрі. Бартерлік келісім бартерлік келісім шартпен бекітіледі. Бартерлік келісім шарттың ажырамас бөлігі болып, әр тараптан баға тауар жеткізілімінің 2 жақты өзгешелігі болып табылады.

Конпенсациялық мәміле – бұл жабдықталған өніміне төлемін алдын алған сауда мәмілесінің түрі, сондай-ақ бұрынғы алған өнімімен қызмет көрсетуді пайдалануы мен шығарылған дайын тауарлардың келесідей қайтарымды жабдықтау жолымен көрсетілген қызметтер[24],27б

Консигнациялық мәміле – бұл бір тараптың (консигнаттың) екінші тарапқа (консигнаторға) тауарды өз атынан сатуға беретін тапсырмасы, бірақ тауар консигнаттың шет елде орналасқан қоймасы есебінен болуы тиіс. Мұндай қойма аталған келісімге байланысты консигнациондық қойма деп аталуы керек. Консигнант - бұл консигнациондық сауданы ұйымдастыруға тапсырма беретін жеке және заңды тұлға. Ол тауарларды уақытылы, келісілген ассортиментте және мөлшерде жеткізуге, тауарларды қоймаларды сақтау үшін төлем төлеуге міндетті. Сонымен қатар ол тауарды сатуға дейін немесе ақшалай қаражаттың олардың төлеміне түскенге дейін тауар иесі болады.

Консигнатор – бұл консигнациондық сауданы ұйымдастыруда консигнатор беретін тапсырмаларды орындаушы жеке және заңды тұлға. Ол тауардың қоймада сақталуына жауап береді, сақтандыруын ұйымдастырады. Консигнатор тауар иесі бола алмайды, ол тек консигнанттың тапсырмасы бойынша және оның атынан қызмет етеді. Консигнаторда ынталандыру (сыйақы беру) келісімде сатылған тауардың белгілі пайызы түрінде және шынайы сату бағасымен келісіледі. Тауарларды қайта өңдеу туралы мәміле – бұл мәміледе уақытша кіру және шығу, отандық және шетелдік инвесторлар, кәсіпорындар түгелдей инвесторлардың иелігінде болады.

Жарғылық капиталдың жеткізілімі – шетел инвестициялық кәсіпорындары мен толығымен шетел инвесторларына тиесілі кәсіпорындарға технологиялар мен жабдықтарды, материалдарды шетел инвесторларының салымдағы шотынан жеткізілуі[19],17б

ҚР кеден ісі саласына қатысты заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарты алдын ала кеден органдарында тіркелуге тиісті, ҚР КБК-нен тауарды қайта өңдеуге лицензия алу үшін қызмет аясында тіркелген заңды тұлға. Келесі операцияларды тауарларды қайта өңдеу туралы шартымен рәсімдеуге болады.

Тауарлардың өндеуі, шетел тауарлар жеке сипаттарын жоғалтып, өндеу өнімдерде кіргізілген немесе шығарылған тауарларды теңестіруіне мүмкіндік беретін өндеу өнімдерде сипатын сақтайтын тауарлардың өндеуі, ал тенестіру өндеудің сөзсіз шарты болып келеді;

Тауардың бейімдеуі, жөндеуі, оларды қалпына келтіруін қоса

өндеу процессінде толық немесе жартылай тұтынуымен өтемақы тауарлардың (өндеу өнімдері) өндерістерін жеңілдететін тауарлардың қолдануы.Жарғылық капиталға жабдықтау құрылтай құжаттарында жабдықтың немесе материалдың еңгізуімен шетел қатысушының еншісін құрастыруы ескерілген жағдайда және жарлық капиталдың құрастыру мерзімі тауарларды кіргізген кезде өтіп кетпеген жағдайда рұқсат етіледі. Жұмыс істеп тұрған қазақстандық заң бойынша тауарлардың жарғылық капиталға жабдықтауы отандық заңды тұлға тіркелген кеден орган қызметінің аймағында алдын ала тіркеуге жатады, корнекілік үшін: халықаралық сауданың қағидасы, сыртқыэкономикалық мәліметтердің түрлері мен классификациясы(операциялар), солайша сыртқы сауда жұмысының жеке түрлерiнiң жүзеге асыру ерекше тәртiптерi, 2-5 схемаларында көрсетілген.

Кеден ісі саласы бойынша сыртқы экономикалық қатынасты әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етеді.

Кеден ісі саласында мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қатынасты мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы үшін оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор [31],32б

Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады. Кеден ісі саласында сыртқы саудадағы кеден статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында Қазақстан Үкіметімен (1995 жылғы 6 шілдедегі Премьер Министрдің №238 қаулысы бойынша) барлық министрліктер мен ведомстваларға, облыс басшыларына өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистикасының бірыңғай әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді. Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті дүниежүзінің кеден қызметтерімен жұмыс барысына инновациялық технологияларды енгізу, қызметкерлерді оқыту, тәжірибе алмасу мәселелері бойынша өзара іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ), Еуропада қауіпсіздік пен ынтымақтастықты ұйымдастыру (ЕҚЫҰ), Халықаралық банк, Еуропалық комиссия, Азия Даму банкі, БҰҰ-ның «Жібек жолы өңірінің дамуы» бағдарламасы, халықаралық валюталық фонд және т.б.халықаралық ұйымдарының ықпалымен Департамент Қазақстан Республикасының кеден қызметін бұдан әрі реформалау мен жаңғыртуға, кедендік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысуда.

Мәселен, Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті ДКҰ щеңберіндегі халықаралық қоғамдастықта біздің еліміздің кеден қызметінің беделін арттыратын іс-шараларға белсене қатысуда. Мәселен, 2004 жылдан бастап ДКҰ қамқорлығымен Департаменттің белсенді қатысуымен Алматы қаласында 6 халықаралық конференция өткізілді. Бұдан басқа, ЕҚҰЫ және USAID өңірлік жобасы щеңберінде кеден қызметінің әкімшілігімен әртүрлі деңгейдегі екіжақты, көпжақты кездесулер, семинар-кеңестер өткізіледі.

2011 жылдың нәтижелерін қорытындылай келе, жыл халықаралық ынтымақтастық саласында толыққанды болды деуге болады. Алматы қаласында өткізілген әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар арасында төмендегілерді атап өтуге болады: Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті, кеден қызметін дамыту жобасының жетекшісі– Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік банк өкілі Мунавер Хваджа мырзаның Алматы қаласына жұмыс сапарымен келгенін хабарлайды. Сапар барысында Дүниежүзілік банктің өкілі «Жетісу» шекараның мониторингтеу өңірлік орталығы басқармасының қызметімен танысты (бұдан әрі - ШМӨО) Онда ШМӨО салтанаты жиыны өткізілді.

Республикалық ақпараттық насихат тобының «Келешекті бірге құрайық»атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың үндеуін түсіндіру көлемінде, Алматы қаласы бойынша КБД-нің жеке құрамы ҚР Президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі А.Ж. Шпекбаевпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында құқық қорғау органдарын реформалау және кеден органдарын жетілдіру жоспарлары жөніндегі мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Республикалық шекаралық бақылау орталығының тұсаукесері өткізілді.

ҚР ҰҚК-нің шекара қызметінің директоры генерал-майор Н.К. Мырзалиевтің жұмыс сапары болды. Сапар барысында делегация «Жетысу» аймақтық шекаралық бақылау орталығы басқармасының қызметімен танысып, танысу барысында ҚР ҰҚК-нің шекаралық қызмет басқармасының басшылығымен шекаралық бақылау тұрғысында өзара іс-әрекет жөніндегі мәселе талқыланды.

«Ресей, Қазақстан және Белорусь Республикаларының Кедендік одағының жұмыс бабына жаңа баға беру және оның неміс экспортерлеріне тигізетін әсері» жөніндегі тақырыпқа Қазақстандағы Германия экономикасы клубы мен Орталық Азиядағы Герамания экономиясы өкілеттігі ұйымдастырып өткізген кезекті мәжілісі болды. Мәжілісте Кедендік одақтың кедендік заңнамасын түсіндіру бойынша халықаралық қатынас бөлімінің бастығы Г. Қуандықова баяндама жасады.

«Жетысу» Қазақстан-Қытай шекарасындағы аймақтық бақылау орталығының салтанатты түрде ашылу жиыны өтті. Салтанатты ашылу рәсімін ҚР Қаржы министрі Б.Б. Жәмишев пен ҚР ҚМ КБК-нің төрағасы Қ-К.Ж. Кәрбозов ашты. Салтанатты ашылуға Алматы қаласының құқық қорғау және сот органдарының басшылары, қала әкімінің орынбасары, шекара қызметінің өкілдері және Ресей Федералдық қызметінің өкілдері қатысты. Ашылу барысында онлайн режимінде Қытаймен мемлекеттік шекарадағы өткізу және кедендік бекеттеріндегі жұмыстың барысы көрсетіліп, Қырғыстан, Өзбекстан және Түркменстан Республикаларымен шекарадағы осындай орталықтардың бейнебақылау жұмысы түсіндірілді.

Алматы қаласы бойынша КБД-нің кедендік істі жетілдіру жөніндегі Консультативтік кеңесінің мәжілісі болды. Мәжілісті өткізу барысында Консультативтік кеңес мүшесі «Жетысу» Қазақстан-Қытай шекарасындағы аймақтық бақылау орталығының жұмысын таныстырды. Сонымен қатар, жоспарлы сұрақтар қаралып, сөз сөйлегендердің баяндамалары тыңдалып, Консультативтік кеңес мүшелерінің сұрақтары талқыланды.

БАҚ өкілдерін арнайы шақырылып, «Жетысу» Қазақстан-Қытай шекарасындағы аймақтық бақылау орталығы басқармасының жұмысы таныстырылды. Таныстыру барысында онлайн режимінде Қытаймен мемлекеттік шекарадағы өткізу және кедендік бекеттеріндегі жұмыстың барысы көрсетіліп, Қырғыстан, Өзбекстан және Түркменстан Республикаларымен шекарадағы осындай орталықтардың бейнебақылау жұмысы түсіндірілді.

Алматы халықаралық әуежайында, жарылғыш және есірткі заттарды анықтау мақсатында, жолаушыларды басынан бастап, аяғына дейін тексермелеуге арналған «IONSCAN SENTINELL II» түйіссіз өткізу порталы жаңа құрал-жабдығын қолдануға беру презентациясы өткізілді.

Қазақстанның тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің одағы «кеден одағы щеңберінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. ҚР ҚМ КБК төрағасының орынбасары И.Тен «Кеден одағы бойынша істің жалпы жағдайы туралы» тақырыбында баяндама жасады.Сонымен бірге: «Даму» фондының қызметі» және тағы баска тақырыптарда баяндамлар жасалды.

Жапонияда орын алған қайғылы оқиғаларға байланысты Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті Қызыл Ай және Қызыл жарты ай Халықаралық федерациясымен және Қызыл жарты ай ұйымымен бірлесе отырып командалық-штабтық жаттығулар өткізілді. Аталған іс-шараға алыс және жақын шетелден әкелінетін қайырымдылық жүктерді кедендік ресімдеу мәселелері бойынша сарапшы ретінде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің КБҰБ бастығының орынбасары қатысты.

Қазақстан Республикасының аумағында «Дала қыраны– 2011» халықаралық оқуларды өткізуге байланысты Қазақстан мен НАТО серіктестігіне байланысты 2011 жылғы 11 -15 сәуір аралығында қатысушы-мемлекеттердің өкілдерінің қатысуымен негізгі конференция өткізілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің №К-51 санды бұйрығының негізінде, Алматы қаласында Кеден одағының кедендік қызметі сарапшыларының тәуекелді басқару жүйесін үйлестіру мәселесі жөнінде мәжілісі өткізілгендігін хабарлаймыз. Мәжілістің көлемінде, Беларусь, Қазақстан және Ресейдің сарапшылары Кеден одағының аумағына келетін тауарларға, Кеден одағының Қазақстан және Беларусь Республикаларының сыртқы шекаралары арқылы Ресей Федерациясына кедендік транзит рәсімі бойынша орын ауыстырылатын тауарларға тәуекелді басқару жүйесін қолдану арқылы бақылауды ұйымдастыру жөніндегі мәселе талқыланды. Сонымен қатар, Кеден одағының мүше-мемлекеттерінің кедендік органдары тарапынан құнға қатысты тәуекелді басқару жүйесін қолдануға біркелкі тәсілді қамтамасыз ету жөніндегі мәселе қаралды. Сарапшылар тарапынан тәуекел профилі құнын үйлестіру сұрақтарына айрықша көңіл бөлінді. Мәжіліс барысында Беларусь және Ресейдің делегаттарына Алматы қаласы бойынша КБД-нің «Алматы-КРО» және Алматы облысы бойынша КБД-нің «Алатау КРО» бекеттерінде кедендік тазарту процессі кезіндегі тәуекелді басқаруға бақылау жүргізу жүйесінің қолданылуы көрсетілді. Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша КБД-нің шекаралардың аумақтық бақылау орталығының тұсаукесері болды[23],12б

Қазақстандағы Корея Республикасының жылдығына орай «KOREA WEEK» іс-шара өткізклді. Бұл іс-шара білім жүйесін дамыту жәнеақпараттық технологиялар БАҚ жүйесінде бірігіп ат салысу және т.б. салаларда ынталандыра нығайту. Даму мақсатында екіжақты яғни Қазақстан Корея өкідері біріге отырып Қазақстан ел басы комитеті ұлттық нақыш Қазақстан Республикасы Корея жылдығын Алматы мен Астана қалаларында өтті. Мәдени ұлттық іс-шаралар қатарына Кореи экономикасы мен мәдениетімен таныстырылуына бағытталған. Атап өткен іс-шараларға Алматы қаласының КБД қызметкерлері белсене ат салысты.

Алматы қаласының КБД кедендік бақылау және кедендік ресімдеу қызметкерлеріне арнайы семинар өткізді. Лектор ретінде финдік Nokia компаниясының өкілдері болды. Семинар щеңберінде компания тауарларының ерекшеліктерін таныстыруға, контрафакт мүмкіндіктерімен жасанды тауарлар және контрафактпен күрес жайлы сұрақтар талқыланды. Кедендік ресімдеу жасағанда зияткерлік меншік сұрақтары талқыланды.

Алматы қаласының КБД қызметкерлеріне арнайы семинар өткізілді, онда Louis Vuitton. тауарларының кедендік ресімдеу жайлы айтылды. Бұл семинар щеңберінде лектор ретінде Louis Vuitton өкілдері жүргізді, олар тауардың ерекшеліктері мен жасанды тауар жасалу мүмкіндіктері жайлы және кедендік ресімдеу кезінде осы контра факттармен күресу туралы сұрақтар талқыланды. Интеллектуалды жеке меншікті қорғау туралы сұрақтар да қаралды.

Алматы қаласында мерекелік іс-шара стажер волонтерларға арналған АҚШ елінің бейбітшілік сарайында өтті. Бұл жиында уақытша тағайындалғанАҚШ-ң елшілігінің Қазақстанда реттейтін Джон Ордвейд қатысты және АҚШ елшілігінің қызметкерлері де қатысты. ЮСАИДА, министрліктердің ресми өкілдері және мемлекеттік жергілікті басқару мүшелері, Департамент қызметкерлері де қатысты.

«Беларусь Республикасы Кеден одағының, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы проблемалары мен даму перспективасы тақырыбында» дөңгелек үстел Алматы қаласының КБД-ң өкілдерінің қатысуымен өтті және қоғаммен байланыс және тәрбие жөніндегі проректор А.М. Джунусов, Инвестиция мүмкіндіктерін зерттеу агентігінің жоғарғы сарапсышы Г. Рахматулина мен өтті. Бұл дөңгелек үстелде Кеден одағы құрылған жөнінде және бұл кедендік одаққа Қазақстан Республикасы кіруі жайлы сұрақтар көтерілді[14],20б

«Қорғас» кеден бекетінде ҚР ҚМ КБК Баймағанбетов С.Н. қатысуымен дөңгелек үстел өтті, онда қазақ-қытай шекарасына байланысты бірнеше сұрақтар талқыланып олардың нақты шешілуі жайлы айтылды. Бұл іс-шарада Қазақстанның ұлттық экономика палатасы «Одақ Атамекен өкілдері Қазақстан тәуелсіз ассоциациялары және БАҚ қатысты.

Алматы қаласында Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірінші басшыларының кездесуі өтті. Бұл кездесуде мемлекеттің кеден қызметіне байланысты құжаттарға қол қойылды. Бұл жұмыс кездесуінің мақсаты Кеден одағына мүше мемлекеттердің қызметтерінің әрекеттерін келісу, бірыңғай бағытқа, оңалайту және ережелердің автоматтандыруын және кеден дайындау рәсімдерінің және бірыңғай кеден тәртібінің бекітілуі.

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекаралас кеден мекемелері басшыларының кезектен тыс мәжілісі өтіп, онда Қытай мемлекеті Қазақстан Республикасының «Қорғас» кеден бекетіндегі өткізу бекетінің ұйымдастыру жұмысымен танысты. Кездесу барысында, Қазақстан-Қытай шекарасындағы жүктердің кедендік ресімдеуі барысындағы жинақталған келелі мәселелер талқыланып, шекаралас кеден бекеттеріндегі тауарлар мен көлік құралдарының уақытылы кедендік тазартудан өтпейтіндігі жөніндегі сұрақ бойынша талдау жүргізілді. Қытай жағынан өткізілген жұмыс бабындағы кездесу барысында, Қазақстан делегаттары Қытай Халық Республикасының «Қорғас» кеден бекетіндегі өткізу бекетінің ұйымдастыру жұмысымен танысты. Өткізілген кездесу қорытындысы бойынша, Қазақстан және Қытай Республикасының шекараалық кеден мекемелерінің басшылары тарапынан, Астана уақыты бойынша 23.00-ге деін күшейтілген режимде қызмет атқару жөнінде шешім кабылданды. Аталған мәселе екі мемлекеттің шекара қызметтерімен келісілді.

 

 

Date: 2015-11-14; view: 1076; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию