Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ОРЫТЫНДЫ. Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде мұғалім тек орта деңгейде оқитын балалармен жұмыс





 

Оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесінде мұғалім тек орта деңгейде оқитын балалармен жұмыс жасауға мәжбүр болады да, дарынды бала оның назарынан тыс қалады. Ал дарынды бала өте сезімтал кінәмшіл, эмоцияға бейім болғандықтан, ол бұл жағдайға төзе алмайды.

Екінші жағынан, мемлекеттік білім стандарты шәкіртке келешек өмірде қажет болатын білімнің ең аз мөлшерін меңгертуге бағытталған. Оны игеру үшін оқытудың жаңғырту әдісі жеткілікті жаңғырту әдісінде шығармашылыққа орын жоқ. Мұғалім оқу үрдісінде негізінен, осы әдісті пайдаланатындықтан, оқушының шығармашыл деңгейде оқуы мұғалім үшін ұнамды бола бермейді. Оқуы мұғалім үшін ұнамды бола бермейді. Сонымен бірге, дарынды бала өз ісінен ләззат алуға бейім субъект болғандықтан, жаңғырту әдісі оны, біріншіден, тез жалықтырады, екіншіден, оның санасында «білімді толық игеру» яғни, «сабақта өтілетін дидатикалық материалды толық білу» елесі пайда болады. Үшіншіден, ол мұғалімнен тәуелділікке төзе алмайды. Нәтижеде дарын сөнеді.

Дарындылық сөнбеу үшін бала тұрақты түрде бақылауда болуы тиіс, тұрақты түрде шығармашыл деңгейде іс әрекет жасауы қажет, мұғалімнен тәуелді икемдігін сезінбеуі керек.

Мұны ешбір мұғалім іске асыра алмайды. Демек, сабақ мұғалімсіз, компьютерді оқытудың негізгі құралы ретінде пайдалана отырып, оның нормативті уақыты сақталынбай жүргізілуі қажет. Сыныптық сабақтық жүйе жойылуы тиіс.

Оқу үрдісін былайша ұйымдастырып жүргізудің жолы қандай?

Әрине, ең алдымен, оқу құралдары мен оқу әдістері компьютердің жұмыс ерекшелегіне сай жаңа мазмұнда болуы қажет. Бұл бағытта Қ. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтының Ақпараттандыру кафедрасында зерттеу жұмыстьары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн болар. Аталған кафедрада осы мақала авторының қатысуымен «Информатика: білімділік курсы негіздері» оқу құралы баспаға тапсырылды. Құралдағы «Алгоритмдер», «Тапсырмалар», «Өзіндік жұмыс тапсырмалары» және «Негізгі ұғымдары» бөлімдері пән мазмұнын жаңаша жүйелеуге, шын мәнәнде шексіз көп деңгейлі әрі көп нұсқалы тапсырма нұсқаларын құрастыруға мүмкіндік береді.

Көп деңгейлі тапсырма дегенде мынаны айта кеткен жөн. Оқу іс-әрекеті шығармашылық деңгейіне байланысты үлгі, алгоритм, ішінара немесе толық ізденіс, зерттеу деңгейлерінде іске асырылуы мүмкін. Тапсырма бөліктерден тұратындықтан және әрбір бөлік белгілі бір іс-әрекетті әске асыратындықтан, тапсырманың көп деңгейлілігі, оның бөліктерінің шығармашылық деңгейлерінің әртүрлі болатындығы белгілі. Мұнадағы басты ерекшелік: әрбір бөліктің шығармашылық деңгейін оқушының оқу мүмкіндігіне, қажеттілігімен, мүдделілігіне сай компьютер анықтап, осы оқушы ерекшелігіне са тапсырма құрастырылады.

Демек, жаңаша оқу - көп деңгейлі әрі көп нұсқаулы тапсырманы орындау арұылы оқу деген сөз. Мұндай тапсырмамен оқу оқушыдан өз бетінше ізденуді талап ететіндіктен, оқу барысында «шығармашыл-ізденіс» деп аталатын әдіс қолданылады. Шығармашыл –ізденіс әдісінде дәстүрлі түсінікпен қарағанда оқуішы оқымайды. Ол ұғымды кеңейтіп, мазмұнын ашумен және мазмұнды жинақылап, ұғымға айналдырумен, яғни, ұғымды түсінумен айналысады.

Әрине, бұл жағдайда оқушы мен мұғалімді байланыстыратын құрал қажет. Жоғарыда аталған кафедрада оқытушы мен оқушы ароасындағы дәнекер -миддлфейс жасақтау бағытында да біршама жұмыстар атқарылды. Бұл құрал оқушыға үш мүмкіндік береді: тапсырманы баспадан алып үйде өз бетінше дайындалу; тапсырманы іріленген дидактикалық материалды игеру үшін орындау, яғни, оқу; бақылау жұмысы ретінде пайдалану.

Бірінші жағдайда оқушы үйде дайындалып келген соң, тапсырманы компьютерде орындауға отырады. Бұл үшін оған тапсырманың басұа нұсқасы беріледі. Егер ол тапсырманы орындау барысында қате жіберсе, тапсырма орындау тоқтатылып, оқушы тапсырманы басынан бастауға мәжбүр болады. Бұл кезде оған тапсырманың келесі бір нұсқасы ұсынылады және оған жоғарыда аталған үш мүмкіндік беріледі. Бақылау барысында оқушының ірбір қадамының жемістілігі немесе нәтижесіздігі есепке алына отырып тапсырма соңына дейін орындалады. Компьютер тапсыманың орындалу нәтижесін оқушының моделін өзгерту, осы арқылы оған берілетін тапсырма құрылымын өзгерту үшін пайдаланылады.

Мұндай жаңаша оқыту барысында оқушы, негізінен, компьютермен жұмыс жасайды. Компьютер мұғалімнің уақытты ең көп талап ететін екі функциясын: тапсырма құрпастыруды және тапсырма орындалуын бағалауды өзіне қабылдайды. Әрине, бұл жағдайда мұғалімнің атқаратын функциясы да өзгеретіні түсінікті. Ол көп деңгейлі әрі көп нұсқалы тапсырмалар базасының бағдарлық негізін қалаушыға және компьютерден әбден шаршаған оқушы үшін кеңесшіге, ақылшыға айналады.

Қорытындылай келгенде жалпы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде «дарынды бала», «дарындылық», «қабілет» түсініктерінің мән мағынасы толығымен қарастырылды. Екінші бөлімде дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ерекшелігі зерттеліп, үшінші бөлімде елімізде дарынды балаларды танып, әрі қарай жетілдіру жолдары айтылды

 


Date: 2015-11-14; view: 789; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию