Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Информатика





«Информатика» оқу пәнін меңгеруде жүзеге асатын маңызды міндеттер:

- информатика, алгоритмдеу, программалау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық модельдеу салаларында теориялық білімді және практикалық білік пен дағдыны қалыптастыру;

- алгоритмдік, операциялық және сындарлы ойлау қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары арқылы оқушылардың логикалық, математикалық, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- жеке, топтық және өздігінен жұмыс істеу біліктерін қаплыптастыру;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларды сақтауда жауапкершілікпен қарауға, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;

- өзіндік ізденіс пен түрлі ақпарат түрлерін терең талдау машығын игеру болып табылады.

5-9-сыныптардағы информатика пәнінің ерекшелігі информатиканың іргелі негіздерін меңгеру, алгоритмдер дағдыларын ерте оқытуына назар аудару болып табылады.

Әрбір сыныпта информатиканың бірінші сабағы, есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік техниканың ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыруына қайталауға арналады. Интернет желісіндегі жұмыстармен байланысты практикалық тапсырмаларды орындау барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттармен бірге этикалық және құқықтық аспектілерге маңызды көңіл бөлінеді.

Информатика пәніне деген қызығушылықты арттыру мақсатында жобалық іс-әрекеттер ұсынылады. Әр сыныптар бойынша жобалық іс-әрекетті оқытуға жеке сағаттар бөлінген. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып жатқан мектеп пәнін оқыту тиімділігін жоғарылатады. Мұғалімнің өз қалауы бойынша жобалық іс-әрекеттерге өткен тараулар бойынша тақырыптар алуға болады.

«Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 5-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 6-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 7-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 8-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат; 9-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Date: 2015-11-14; view: 574; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию