Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ әдебиеті» пәні





Қазақ халқының рухани байлығын, бастан кешірген сан алуан кезеңдерін арқау еткен көркем әдебиет әрқашан да өз қызметінен жаңылған емес. Әдебиет ұлт тарихының көркем шежіресі болып сөз өнерінің тот баспас асыл бітімін, жоғалмас құндылығын дәлелдеп келеді. Сонау ежелгі күндерден бастау алып, тарихи кезеңдердің қат-қабат тартысы мен қайшылықтарын бойына сіңіре отырып, бүгінгі таңда да қоғамдық-әлеуметтік өзгерістермен сабақтасып жатқан әдеби үдерісті білу жас ұрпақ үшін ең басты міндет.

Әр пән өмiр, болмыс сырын өзiне тән ерекшелiкпен танытуымен құнды. Мектепте оқытылатын пәндер жүйесiнде орны ерекше болып табылатын әдебиет адамның өмiрге деген көзқарасы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – білім берудің басым мақсаттарының бірі. Оның нәтижесі оқушылардың алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеруі болып табылады. Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуын қамтамасыз ететін тиімді әдістерді білім беру үдерісіне оңтайлы енгізу мектеп пен ұстар қауымына қойылып отырған жауапты міндеттердің маңыздысы.

Қазақ әдебиетін жаңаша оқыту – шынайы ұлттық патриотизмді қалыптастырып, рухани болмысымыз бен идеялық мұратты орнықтырудың бірден-бір тұжырымы. Пәнді оқыту барысында шәкірттерге білім мазмұнын игертумен қатар, оларға ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген мәдени құндылықтарды, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді таныту, оқушылардың тілдік қорын байыту, әдеби білімнің жүйелілігі, үздіксіздігі, сабақтастығы, білім мазмұнының тарихилық сипаты мен пәнаралық байланыс ұстанымдары басшылыққа алынуы тиіс.

5-9-сыныптардың білім мазмұнына қазақ әдебиетінің үздік шығармалары ұсынылып, олардың ой қазығы, сюжеті, композициясы, жанрлық сипаты мен кейіпкерлерін, ондағы халықтық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлер көрінісін, табиғат суретін, қаламгерлердің сөз қолданыстарын зерделеуге баса мән берілген. Қазақ әдебиетін оқыту оқушылардың өзіндік ой толғамын айту, шығармашылықпен жұмыс істеу білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды көздейді.

 

Оқу бағдарламасында пәнді оқытудың мақсаты: ұлттық фольклор мұралары арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін және өз халқының тарихын, дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалай алатын, ұлттық әдеби мұраны терең игеріп, сол негізде еліне қызмет ете алатын, танымы жоғары, бiлiмі орнықты, шығармашылықпен ойлай алатын, өркениеттi қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру деп айқындалып, оқыту міндеттері:

- әдеби көркем туынды арқылы оқушының ұлттық танымын қалыптастыру, әдебиеттiң көркемөнердегi мән-маңызын таныту;

- көркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық-тақырыптық мәнін меңгерту және рухани-мәдени құндылықтар жөнінде пікір алмасуға үйрету;

- оқушылардың әдеби-теориялық бiлiмдерiн тереңдетiп, шығарманың мазмұндық, жанрлық-стильдiк ерекшелiктерiн таныту;

- көркем шығарманың тақырыптық-идеялық мәнін және көркемдік-бейнелілік құрылымын талдай білуге үйрету;

- қазақ әдебиеті тарихындағы қоғамдық-саяси мәселелерді, ұлттық сананы оятуға әсер еткен көркем туындыларды меңгерту;

- әдебиет тарихы бойынша тиісті мәліметтер мен әдебиеттану ұғымдарын пайдалана отырып, көркем шығармаларды оқу мен талдау дағдыларын меңгерту;

- оқушыларды бейнелі ойлау мен шығармашылық қиялдауды, оқырмандық мәдениет пен авторлық ұстанымды түсінуге баулу;

- көркем шығарманың мазмұнын анықтай алуын, ауызша және жазбаша түрде өз түсініктерін жеткізе біліп, қазақ әдеби тілін, сөздік қор мен сөз байлығын сауатты пайдалануға баулу;

- әдеби пәндер жүйесіне тән білім мен іскерлік дағдыларды меңгерту, өздігінен жұмыс істеуге бағытталған шығармашылық қабілетін жетілдіру, оларды тәжірибеде қолдана білуге үйрету;

- өнердің басқа түрлерінің ішіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері туралы түсініктерін тереңдету деп көрсетілген.

Қазiргi кезде пәндi оқытуға көп мiндеттер жүктеледi. Себебi, ғылым мен техниканың iлгерлеуi, түрлi ақпарат көздерiнiң молаюы, бiлiм беру жүйесiнiң түрленуi, мектеп, ұстаз алдына көптеген жауапкершiлiк жүктейдi. Әдебиет пәнiн оқыту мұғалiмнен жан-жақты жауапкершiлiктi, дайындықты қажет етедi. Сабақты түрлендiрiп, әдiс-тәсiлдi үнемi жетiлдiрiп отыру-оқушының үлгерiмiн, танымын жақсартып, қызығушылығын арттырады. Оқушыға білім бере отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру қазiргi оқытудың басты талабы болып табылады. Оқушының сыни тұрғыда ойлауын дамыту оның танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға ықпал етеді.

Оқу үдерісінде жүзеге асырылатын пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымдық деңгейін арттырып, туған әдебиетінен өзге ғылым салаларын игеру мақсатында пайдалануына мүмкіндік береді:

«Қазақ тілімен»: көркем әдебиет мәтіндерінен стильдің түрлерін, кірме сөздерді, архаизм, жаңа сөздерді табуға бағыт беріледі; сөйлемдердің грамматикалық нормаларға сәйкестігін, құрылымын қарастырады;

«Қазақстан тарихымен»: әдеби оқиғалардың тарихи факторлармен тығыз байланыста болатындығын түсінуіне; тарихи деректерді орынды пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай білуіне жол ашады;

Жаратылыстану циклі пәндерімен: танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады;

«Музыка» пәнімен: әннің идеялық-көркемдік және эстетикалық маңызын, ұлттық әуеннің қазіргі әндермен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, көркемдік ерекшеліктерін түсінуге жағдай жасайды.

«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстаркүрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстарәртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз.

Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек. Мұғалім оқушының ізденісіне жол ашуға түрткі болатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Жүйелі жүргізілген сапалы оқыту барысында оқушылар шығармашылық бағытта ізденіске түсіп, берілген тақырыптарға ойтолғау, пікірнама, сыни мақала, т.б. жаза білуге үйренеді.

Оқу жүктемесінің көлемі төмендегідей белгіленген: 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат.

 

Date: 2015-11-14; view: 689; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию