Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Неркәсіп құрылымы және оны орналастырудың принциптері





Өнеркәсіптің құрылымы күрделі. Ол көптеген кәсіпорындардан тұрады. Өндіретін өнімнің, пайдаланатын шикізаттың немесе технологияның ұқсастығына байланысты кәсіпорындар салаларға бірігеді.Өнеркәсіпте негізінен өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын (отын, металл, машиналар мен құрал-саймандар): энергетика, металлургия, машина жасау және т.б. басты рөл атқарады. Оларды ауыр өнеркәсіп деп атайды («А» тобы). Әсіресе, маңыздылары машина жасау (онда жаңа машиналар мен құрал-саймандар жасалады), химия өнеркәсібі (жаңа материалдар) және электр энергетикасы. Олар экономиканың барлық салаларындағы ғылыми-техникалық прогресті анықтайды, сол үшін оларға салалардың «авангардтық үштігі» деген «атақ» берілген. Халық түтынатын тауарларды өндіретін салаларды (азық-түлік, киім, аяқ киім), «Б» тобына жатқызады. Онда тамақ және жеңіл өнеркәсіптері ерекше орында.

Қазақстандағы жалпы өнім өндіру көлеміндегі «А» тобының үлесі 80% -ға жетті. «Б» тобы одан едәуір артта. Мұнымен шет елден азық-түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.

Көптеген дамыған елдерде «А» тобы салаларының үлесі 50%, немесе одан да аз. Өнеркәсіп салаларын, сонымен бірге, өндіруші және өңдеуші салаларға бөлу қабылданған. Біріншілері жер қойнауынан (тау-кен өнеркәсібі), судан (балық және су аңдарын аулау), орманнан (ағаш дайындау) шикізат өндіреді, ал екіншілері оларды өңдейді (мысалы, металлургия және ағаш өңдеу). Электр энергиясы мен жылу өндіретін және су мен газ тарататын салалар жеке топты құрайды.

Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде келесідей салаларын қарастыруға болады:

● Тау кен өнеркәсібі;

● Энергетикаға арналған материалдарды өңдеу;

● Энергетикаға арналған материалдарды өндіруден басқа кен

өндіру;

● Өңдеу өнеркәсібі;

● Темекі бұйымдар өндірісі;

● Сусындарды қоса алғандағы азық – түлік өнімдерін өндіру;

● Тоқыма және тігін өнеркәсібі;

● Былтырғы өндірісі, былтырғыдан жасалынған бұйымдар және

аяқ киім өндірісі;

● Ағаш және ағаш бұйымдары өндірісі;

● Қағаз және қатырма өндірісі, баспа ісі;

● Кокс өндірісі, мұнай айдау, ядролық материалдарды өндіру

және қайта өңдеу;

● Химия өнеркәсібі;

● Мұнай айдау;

● Пластмасса, резіңке бұйымдарын өндірумен қоса металлға

жатпайтын өзге де минералдық өнімдер өндірісі;

● Металлургия өнеркәсібі және металдар өңдеу;

● Металлургия өнеркәсібі;

● Түсті металл өндірісі;

● Дайын металл бұйымдарын өндіру;

● Машина жасау.

Date: 2015-11-14; view: 1183; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию