Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ндіргіш күштерді орналастыру





Өндіргіш күштерді орналастыру – өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және транспорттың жеке елдердің территориясында және халықаралық көлемде географиялық жағынан бөлінуі. Өндіргіш куштерді орналастыру елдің табиғи байлықтарын пайдалануға, қоғамдық өндірістің тиімдігіне, қоғамдық ұдайы өндіріс процессіне үлкен ықпалын тигізеді, сонымен қатар оның әскери-стратегиялық маңызы да үлкен. Ірі өнеркәсіп орындарының белгілі бір өндіріс әдісіне тән объективтік экономикалық заң бойынша жүзеге асырылып отырады. Капиталист өндіріс әдісі жағдайында Өндіргіш куштерді орналастыру стихиялы түрде жүргізіледі. Пайданы көп алуға жанталаса ұмтылу, бәсеке өндіргіш күштердің капиталист елдердің территориясында әркелкі және экономикалық қолайсыз орналасуына апарып соғады. Капитал дүниедегі өнеркәсіп өндірісінің басым көпшілігі капитал система елдері халықтарының 15%-ы тұратын жерлерге ғана орналасқан. Сонымен қатар халқы капитал жүйе елдері халқының 70%-ы болатын бұрынғы отар және тәуелді елдер территорияларында капитал жүйе шаруашылығындағы өнеркәсіп өндірісінің 5%-ы орналасқан. АҚШ-тағы бүкіл өнеркәсіп өндірісінің ¾ -нен артығы өнеркәсіпті солтүстік аудандарда Басты капиталист елдердің өнеркәсібі шикізаттардың шығар көзінен бірден-бірге алыстай түседі; ал өнеркәсіпке керекті шикізаттарды олар бұрынғы отар және тәуелді елдерден арзан бағамен тасып келтіріп отырады.

Өндіргіш күштердің тиімді орналасуы тек социалист өндіріс әдісі жағдайында ғана мүмкін болады. Социализм жағдайында Өндіргіш күштерді орналастыру жөнінде мына принциптер қолданылады:

-Ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессіне барлық аудандардың табиғи және еңбек ресурстарын барынша мол тарту үшін өндіргіш күштерді бүкіл елдің территориясына біркелкі орналастыру;

-өнімдерді алыстан тасып, тасымалдау шығындарын көбейтпеу үшін, өнеркәсіп орындарын шикізаттардың шығар көздеріне және дайын бұйымдарды тұтынатын аудандарға неғұрлым жақын орналастыру;

-тұтас алғанда соц. Мемлекеттің қуатын нығайту мүддесін әрбір ұлт аудандарының мүддесімен дұрыс ұштастыра отырып, барлық ұлт республикаларының шаруашылығы мен мәдениетінің өрлей өсуін қамтамасыз ету;

-экономикалық аудандардың арасында жоспарлы шаруашылық еңбек бөлінісін дұрыс жүзеге асыру;

- экономикалық аудандарды шаруашылық түрлеріне мамандандырып, олардың экономикасын комплексті дамыту;

-елдің бұрынғы орталықтарын барынша өркендетумен қатар жаңадан игерілген аудандарда қуатты экономикалық орталықтар жасау арқылы соц. Мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін және қорғаныс қуатын нығайту;

-өнеркәсіп орындарын бүкіл ел көлемінде барған сайын неғұрлым біркелкі орналастыру және өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылық өндірісін жақындата түсу арқылы қала мен ауыл арасындағы елеулі айырмашылық жоюға жағдай туғызу. Бұл принциптерді бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып, жүзеге асыру КСРО-да өндіргіш күштерді, дұрыс орналыстыруға, толық мүмкіндік жасайды. Мұның өзі советтік экономиканы үздіксіз өркендеуге және бұрын артта қалған ұлт республикаларының экономикасы мен мәдениетін көтеруде үлкен рөл атқарады.

 

 

Бүгінгі таңда біздің ел экономиканы әртараптандыруды, жаңа өндірістерді ашу мен дамытуды көздеп отыр. Қазіргі таңдағы өнеркәсіп деңгейіне қарамастан Қазақстанның бұл саладағы жоспарлары өте көп.

Қазақстан өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімді дамуын қамтамасыз ету әлеуетіне ие бола тұра, өнеркәсіпті инновациялық жаңғыртудың бастапқы кезеңінде тұр. Отандық өнеркәсіптің негізгі проблемалары өндірілген өнімге деген төмен сұраныспен, негізгі қорлардың, әсіресе инфрақұрылымдық нысандардың моральдық және физикалық тозуымен, технологиялық артта қалумен, өнім бірлігінің жоғары шығындармен байланысты.

2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында химия өнеркәсібін дамыту алдыңғы қатарда тұр. Химия өнеркәсібі мұнайхимия және тау-металлургия кешендері, электр энергетикасымен бірге Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуына шешуші ықпал етеді, себебі химия өндірісі өндіріс салаларының толық кешенінен тұрады.

Сондай-ақ, біздің республикада оны дамытуға барлық жағдай жасалған, яғни бай табиғи ресурстар, химия өнімінің көп тараған түрлерін өндіру тәжірибесі, химия ғылымдары саласында отандық ғылыми мектептердің болуы бар.

Қазіргі таңда химия өнеркәсібі экономиканың нақты секторының басқа салалары: электрондық өнеркәсіп, аккумуляторлар өндірісі, энерготиімді құрылыс материалдары, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пен тағы басқалар үшін шикізат, жартылай дайын өнімдер мен материалдардың ірі жеткізушісі болып табылады. Химия өнеркәсібінің барлық өнімдерінің шамамен 26%-ын саланың өзі тұтынады.

Ал моральдық жағынан тозған құрал-жабдық пен технологиялар (қазақстандық кәсіпорындардың басым бөлігінде өткен ғасырдың 70-80 жылдарында жасалған технологиялар қолданылады) минералды және көмірсутегі шикізатын қайта өңдеудің тереңдігі мен кешенділігін қамтамасыз ете алмайды. Сондай-ақ, саланың дамуына ішкі нарық көлемінің кішілігі де кері әсерін тигізеді. Ал қазақстандық химия зауыттары өнімдерінің сыртқы нарықта бәсекелестікке қабілетті болуы үшін үлкен инвестициялар қажет.

«KaznexInvest» Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік отандық кәсіпорындардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолы – қазақстандық бизнесті интернационалдандыру деп санайды. Агенттік өз өнімдерін экспорттайтын немесе экспорттауға әлеуетті және экспорттау ниеті бар қазақстандық кәсіпорындармен, сондай-ақ шетелдік компаниялармен олардың капиталы, технологиялары мен білімін Қазақстанға тарту мақсатында жұмыс істейді.

Қазіргі таңда қазақстандық химия өнеркәсібінің құрылымы бастапқы формадағы базалық химикат, тыңайтқыштар мен азот қоспалары, пластмассалар мен синтетикалық каучук, лактар мен бояулар, тазалағыш және жуғыш заттар, пестицидтер өндірістері мен басқа агрохимиялық өндірістерден тұрады.

Қазақстандық химия кешені экспортының тауарлық номенклатурасы негізінен технологиялық шектің төменгі және орташа деңгейдегі өніміне толы. Алғашқы орында бейорганикалық химия өнімдері, металл қоспалары тұр.

Қазақстандық химия импортының номенклатурасы экспортқа қарағанда байырақ, онда Ресей, Германия, Франция, Қытайдың жоғары технологиялық тауарлары басым.

Бүгінгі таңда «KaznexInvest» АҚ Қазақстанның химия саласының келесі бағыттарына шетелдік инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс атқарып келеді:

§ Базалық мұнай химия (бастапқы формадағы мұнайхимия өнімдерінің өндірісі) – Қазақстан экономикасының жаңа болашағы зор саласы. Қазақстандық өндірушілер базалық мұнайхимия өнімін түрлі бағытта: құрылыс материалдары, қорап және басқалар үшін пластмасса өнімдерін пайдаланады.

§ Агрохимиялық өнім өндірісі қызметтің кең тараған түріне жатады. Бұл қажетті шикізаттың, жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың болуының, елде және көрші елдер нарықтарында агрохимиялық өнімге деген жоғары сұраныстың болуының арқасында.

§ Минералды шикізаттарға деген сұраныс шамамен 1 млн тонна затты құрайды, оның ішінде фосфор заттарына - 58,4%, азот заттарына - 40% және калий заттарына - 1,6% тиесілі.

§ Қазақстан өнеркәсібіне арналған химикаттар өндірісі негізінен базалық химия өнімдері: пайдалы қазба байлықтарын барлау кезінде, минералды тыңайтқыштар өндірісінде пайдаланылатын бейорганикалық қышқылдар мен сілтілер, сондай-ақ лак-бояу өнімі, жарылғыш заттар мен ББЗ-лардан тұрады.

§

Date: 2015-11-14; view: 875; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию