Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жалпы ережелер





1. Осы нұсқаулық «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің және «Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне әзірленген және туу (№103/е-12 нысаны), қайтыс болу (№106/е-12 нысаны), перинаталдық өлім (№106-2/е-12 нысаны) жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы толтырудың және берудің бірыңғай талаптарын белгілейді.
2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) босану - жүктілік мерзіміне қарамастан, 500 грамм және одан аса немесе 22 толық апта толғанда және жоғары мерзімі кезінде өлі немесе тірі ұрықты ананың ағзасынан толық алу немесе шығарып алу (экстракция).
2) жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар - медициналық көмек пен медициналық қызмет көрсетуге бағытталған медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметпен айналысуға лицензиясы болғанда тиісті бейіндегі медициналық білімі бар жеке тұлғалардың жеке медициналық қызметі;
3) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
4) өлі туу (өлі туған ұрық) - жүктілік ұзақтығына қарамастан ұрықтану өнімін ананың ағзасынан толық алу немесе шығарып алуға дейінгі өлімі, сондай-ақ мұндай бөлінуден кейін жүрек соғуы, тыныс алу, кіндікбау тамырының соғуы немесе бұлшықеттердің еркін қимылы сияқты өмірдің басқа белгілерін көрсетеді;
5) өлім себептері - өлімге әкеп соқтырған немесе оның болуына душар еткен барлық аурулар, патологиялық жағдайлар немесе жарақаттар, сондай-ақ жазатайым жағдайлар немесе кез келген жарақаттарды туғызатын күш көрсету жағдайлары;
6) перинаталдық кезең - ұрықтың құрсақтағы өмір сүрудің (бұл кезде ұрық ағзасының нормалы салмағы 500 грамм құрайды) 22 толық аптасынан (154-ші күннен) басталады және жаңа туған нәрестеге 7 күн толғанда аяқталады;
7) тірі туу - жүктілік ұзақтығына қарамастан ұрықтану өнімін ананың ағзасынан толық алу немесе шығарып алу, бұл ретте мұндай бөлінуден кейін ұрық тыныс алады немесе жүрек соғуы, кіндікбауы кесілген/кесілмегеніне және плацента бөлінгені/бөлінбегеніне қарамастан, кіндікбау тамырының соғуы немесе бұлшықеттердің еркін қимылы сияқты өмірдің басқа белгілерін көрсетеді;
8) тіркеу органдары - азаматтық хал актілері жазбасы мемлекеттік органдары - азаматтық хал актілері жазбасы бөлімдері, ал мұндайлар жоқ жерлерде - жергілікті атқарушы органдар немесе аудандық және ауылдық округтері әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғалары;
9) түсік - жүктіліктің 22 аптасына дейінгі мерзімде ұрықтың өлуінен болған босануға дейін кенеттен айырылып қалу.
3. Бұл нұсқаулық жұмысқа қолдануда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық медициналық ұйымдарда, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар үшін міндетті.
4. Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманың бланкілері және олардың түбіртектері куәліктердің бөлек кітаптарында жинақталады. Кітаптың соңына жазумен парақ саны көрсетіледі. Кітаптар тігіледі, медициналық ұйымның немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның мөрімен бекітіледі және медициналық ұйымның басшысында немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғада сақталады.
5. Медициналық ұйымның есеп жасау үшін пайдаланатын туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманың түбіртектері дәрігерлік (медициналық) куәліктердің берілген жері бойынша куәлік берілген жылдан кейін 5 жылға дейін сақталуы тиіс, кейін қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес жойылуы керек.
6. Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы куәліктерді тіркеу кітаптарында нөмірлеу бірінші нөмірден басталады да жыл бойына бірінші қаңтардан бастап отыз бірінші желтоқсанға (қоса алғанда) дейін жүйелі түрде жүргізіледі.
7. Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманың бөлінген бланкісі сызылады, «бүлінген» деп жазылады және бланк кітабында қалдырылады. Бүлінген бланкіде қойылған куәліктің нөмірі келесі бланкіге ауыстырылмайды.
8. Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттама жоғалған жағдайда өтініш берушінің жазбаша өтініші бойынша оның нөмірі және «телнұсқа» деген белгісімен берілген күні көрсетіле отырып, бастапқы данаға (түпнұсқасына) тура сәйкес келетін жаңа дәрігерлік (медициналық) куәлік ресімделеді.
9. Бланкілердің барлық бағандары толық жауаптармен, жекелеген сөздер қысқартылмай, сиямен немесе шарикті пастамен анық жазумен толтырылады. Түзетуге және өшіруге болмайды. Сұрақтарға қайшы жауаптар берілген бағандар «жоқ» деген сөзбен толтырылады. Қажетті мәліметтер болмаған кезде тиісінше «белгісіз», «анықталмаған» және т.б. көрсетіледі.
10. Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманың дұрыс толтырылуына, уақтылы берілуін бақылауды медициналық ұйымдардың басшылары немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар жүзеге асырады.
11. Өлімнің себептерін кодтаудың дұрыстығын бақылауды денсаулық сақтау мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының уәкілетті тұлғалары жүзеге асырады.

2. Туу туралы медициналық куәлікті толтыру және беру
(№103/е-12 нысаны)

12. Тіркеу органдарында тууды тіркеу үшін туу фактісін растайтын №103/е-12 «Туу туралы медициналық куәлік» бастапқы медициналық құжаттамасының есептік үлгісі беріледі.
Дене салмағы 500 грамм және одан жоғары және гестациялық мерзімі 22 апта және одан жоғары тірі туған нәрестелердің барлық жағдайлары тіркеуге жатады.
13. Туу туралы медициналық куәлікті дәрігер ресімдейді, ол болмаған жағдайда орта медицина қызметкері ресімдейді.
14. Түсік тастаған, өлі туған жағдайда туу туралы медициналық куәлік ресімделмейді.
15. Туу туралы медициналық куәлікті тірі туудың барлық жағдайында ана босанған немесе ұйымда акушерлік төсектер бар/жоғына қарамастан босанудан кейін баламен жатқызылған стационардан шығарылуы кезінде барлық медициналық ұйымдар береді.
16. Бала медициналық ұйымнан тыс жерде туған жағдайда туу туралы медициналық куәлікті медициналық ұйым немесе жеке медициналық практикамен айналысатын, үйде босандырған жеке тұлға береді.
17. Көп ұрықты босану кезінде туу туралы медициналық куәлік туған баланың әрқайсысына туу ретіне байланысты жеке ресімделеді.
18. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы тіркелген жағдайда медициналық ұйым баланың жасы туралы анықтаманы рәсімдейді және бала орналастырылған медициналық ұйым бас тартылған немесе қалдырылған күннен жеті тәуліктен кешіктірмей тіркеу органдарында тіркейді.
19. Туу туралы медициналық куәлік тіркеу органдарында тіркеу үшін ата-аналарына, ондай болмаған жағдайда - тәрбиесінде болатын баланың асыраушыларына, қамқоршыларына немесе балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі.
20. Медициналық куәліктің нөмірі, сериясы, берілген күні, тууды тіркеу жүргізілген тіркеу органы, туу актісі жазбасының нөмірі мен күні №097/у «Жаңа туған нәрестенің даму тарихы» бастапқы медициналық құжаттамасының есептік үлгісінде көрсетіледі.
21. Туу туралы медициналық куәлікте дәрігер немесе орта медицина қызметкері туу туралы медициналық куәлікті берген күні (немесе оны тіркеу органына беру күні, ұйымда туғаны тіркелген жағдайда) туралы белгі жасайды, медициналық ұйымның атауын, пошталық мекенжайын, өздерінің тегін, атын, әкесінің атын көрсетеді.
22. Туу туралы медициналық куәлікті толтыратын тұлғалар тірі туған баланың туғаны фактісін, туған жерін (медициналық ұйымның атауы немесе бала үйде, жолда және тағы басқа жағдайда туды деп көрсетеді), туған күнін, баланың жынысын, салмағын көрсетеді. Сондай-ақ баланың анасы туралы мәліметтер көрсетіледі: тегі, аты, әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжаттарға сәйкес), білімі және тұрғылықты жері.
23. Түбіртекте тиісті пункттерде жасалған туу туралы медициналық куәліктің жазбаларына толық сәйкес келетін жазбалар жазылады. Бұған қоса, жаңа туған нәрестелердің тізілімін құру кезінде терең талдау жасау үшін түбіртекке анасы туралы мынадай мәліметтер енгізіледі: туған күні, ұлты, тұратын жері (жеке басты куәландыратын құжаттарға сәйкес), отбасылық жағдайы, жүктілік, босану саны бойынша нешіншісі, босану кезіндегі жүктілік мерзімі, сондай-ақ бала туралы мәліметтер, босануда туғандығы (бір ұрықты, екі ұрықтының біріншісі немесе екіншісі, басқа көп ұрықты босануда туғандығы), Апгар шкаласы бойынша баға, тірі туу өлшемдерінің болуы енгізіледі. Жүктілік кезінде қауіп (медициналық және әлеуметтік), босану асқынулары, акушерлік емшаралар, жаңа туған кезеңнің асқынулары факторларының болуы тиісті кодтарды дөңгелетумен белгіленеді.
24. Туу туралы медициналық куәлік медициналық ұйымның немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның мөрімен және куәлікті ресімдеген медицина қызметкерінің қолымен куәландырылады.
25. Туу туралы медициналық куәліктің түбіртегіндегі жазбалар туу туралы куәліктегі жазбалармен толық сәйкес келуі тиіс.
26. Туу туралы медициналық куәліктің үзіндісін алушы оны алғанда куәліктің түбіртегіне қол қояды.

3. Қайтыс болу туралы медициналық куәлікті толтыру және беру
(№106/е-12 нысаны)

27. Өлімді тіркеу органдарында тіркеу үшін медициналық ұйымдар немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар №106/е-12 «Қайтыс болғаны туралы медициналық куәлік» бастапқы медициналық құжаттаманың есептік нысанын ұсынады.
28. Нәресте өлі туғанда, бала туғаннан кейінгі 0-ден 7 тәулікке дейін шетінеген жағдайларда перинаталдық өлім туралы медициналық куәлік ресімделеді.
29. Қайтыс болғаны туралы медициналық куәлік қайтыс болған адаммен бірге тұрған адамдарға беріледі, ал ондай адамдар болмаған жағдайда мәйітті тапқан ішкі істер органдарына беріледі.
30. Қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті дәрігер, ал ол болмаған жағдайда - орта медицина қызметкері ресімдейді.
31. Заңнамада белгіленген тәртіппен сот-медициналық сараптау белгіленген жағдайда қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті сараптама нәтижелерін ескере отырып, сот-медициналық сарапшы ресімдейді.
32. Өлім фактісін медицина қызметкері жеке анықтамай, қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті сырттай ресімдеуге тыйым салынады.
33. Қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті мәйітті тексерудің, медициналық құжаттамадағы жазбалардың, науқасты бұрынғы бақылаудың немесе ашып тексеру нәтижелерінің негізінде медициналық ұйымның дәрігері (орта медицина қызметкері) немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға береді.
34. Өлім медицина ұйымында болған жағдайда мәйітті беру қайтыс болғаны туралы медициналық куәлік ресімделгеннен кейін жүзеге асырылады. Қайтыс болған адамды медицина ұйымы жерлеген жағдайда сол медицина ұйымы қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті ресімдеп, бес күн мерзім ішінде тіркеу органдарында тіркеуді жүргізеді.
35. Патологиялық анатомиялық ашу жүргізілген жағдайда қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті мәйітті ашу күні оның нәтижесі ескеріле отырып, паталогоанатом ресімдейді.
36. Тіркелген өлімнің себептерінің дұрыстығын қамтамасыз ету және тіркеу органдарында өлімнің тіркелуі мен көмуді кешіктірмеу үшін қайтыс бөлу туралы медициналық куәліктер «алдын ала», «алдын аланың орнына», «түпкілікті», немесе «түпкіліктінің орнына» деген жазумен беріледі.
37. «Алдын ала» деген белгісімен медициналық куәлік, егер өлім себептерін анықтау немесе белгілеу үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет болса, немесе куәлік беретін кезде өлім түрі (жазатайым оқиға, өндірістен тыс немесе өндіріспен байланысты, өзін-өзі өлтіру, өлтіру) анықталмаған, бірақ алдағы уақытта анықталатын жағдайда беріледі.
Өлім мен өлім түрі анықталғаннан кейін «алдын аланың орнына» белгісімен нөмірі мен берілген күні көрсетілген жаңа куәлікті бұрынғы куәлікті берген медициналық ұйым немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға ресімдеп, тікелей аумақтық статистика органына жібереді.
Егер «түпкілікті» белгісімен өлім туралы медициналық куәлік берілген, бірақ кейіннен диагноз жазбасында қате анықталған болса, «түпкіліктінің орнына» деп жазылған №______өлім туралы медициналық куәліктің орнына жаңа медициналық куәлік жасалады және тікелей аумақтық статистика органына жіберіледі, ал оның көшірмесі тіркеу аумақтық органына жіберіледі.
38. Қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті өлім күш көрсетуден болған деген күдік болмағанда мәйітті тексеру негізінде ғана өлімді анықтаған дәрігер береді.
Экологиялық немесе техногендік апаттарға (жер сілкіну, әуе, көлік, шахталық және адамдар жаппай қырылатын басқа да жарақаттар) байланысты ерекше жағдайларда және алдын ала тергеу жүргізген құқық қорғау органдарының келісімімен сот-медициналық сарапшыларға мәйіттің сыртынан қарау негізінде қайтыс болғаны туралы медициналық куәлік беруге болады.
39. Медициналық ұйымның басшысы қайтыс болғаны туралы медициналық куәліктің дұрыс толтырылуын, олардың қайтыс болған адамның туыстарына уақтылы берілуін, сондай-ақ қайтыс болған адамды денсаулық сақтау ұйымы жерлеген жағдайда қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті азаматтық хал актілері жазбасы органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді.
40. Куәліктің нөмірі мен сериясы, берілген күні, өлімнің себебі, тіркеуді жүргізген тіркеу органы, өлім актісі жазбасының нөмірі мен күні №025/е «Амбулаториялық сырқаттың медициналық картасы», №003/е «Стационарлық сырқаттың медициналық картасы» немесе №096/е «Босану тарихы» бастапқы медициналық құжаттамасының есеп нысандарында көрсетіледі.
41. Қайтыс болғаны туралы медициналық куәліктің бланкісінде «алдын ала», «алдын аланың орнына», «түпкілікті» немесе «түпкіліктінің орнына» деген тиісті белгілердің астын сызу арқылы оның сипаты көрсетіледі.
42. 1-5-тармақтар белгілерге сәйкес толтырылады, жеке басты куәландыратын құжаттарға сәйкес тегі, аты және әкесінің аты толтырылады.
6-7-тармақтарда тұрғылықты жері мен қайтыс болған жері туралы мәліметтер сол жердегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша көрсетіледі, ал мұны анықтау мүмкін болмаған жағдайда бұрын болған әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша көрсетіледі.
8-тармақта тиісті белгілердің асты сызылады.
9-тармақта ұлты жеке басты куәландыратын құжат бойынша, онда ұлты туралы жазба болмаған жағдайда көрсетілмейді.
Шетелдік азаматтың өлімін тіркеу кезінде ұлтынан басқа оның қай елдің азаматы (адамы) екендігі, сондай-ақ оның азаматтығы көрсетіледі.
Азаматтығы жоқ адамдарға «азаматтығы жоқ адам» деген сөздер қосыла отырып, ұлты көрсетіледі.
10-11-тармақтарда тиісті белгілердің асты сызылады.
12-тармақта қайтыс болған адам жұмыс істеген кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы, оның лауазымы немесе атқаратын жұмысы көрсетіледі;
әскери қызметшілерге - әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес әскери бөлімнің немесе мекеменің атауы;
зейнеткерлерге - «зейнеткер» деп жазылады және бұрынғы негізгі жұмысы көрсетіледі.
13-15-тармақтарда тиісті белгілердің асты сызылады.
16-тармақта қайтыс болғаны туралы медициналық куәлікті толтырған медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіліп, одан әрі тиісті белгілердің асты сызылады.
17-тармақта міндетті түрде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының денсаулыққа байланысты оныншы отырысында ұсынған Аурулар мен проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша (АХЖ-10) өлімнің бастапқы себебі, коды (шифры) және аурудың басталған және аяқталған күні (күні, айы, жылы) көрсетіледі. Жарақаттанған және уланған жағдайда міндетті түрде АХЖ-10 бойынша өлімнің сыртқы себептері және коды қосымша көрсетіледі.
Өлім себептерінің жазбасы, әдетте өлімнің өзара ұштасқан және жүйелі себептерінің негізгі түйіні бақыланатын 17-тармақтың екі бөлімінде жүргізіледі.
1-бөлім төрт жолдан тұрады: «а)», «б)», «в)», «г)».
«а)» жолы тікелей өлімге әкелетін өлімнің тек бір себебін (ауру, жарақат және басқа да патологиялық жағдай) жазуға және кодтауға арналады.
«б)» жолы өлімнің аралық себебін, яғни өлімнің тікелей себебінің туындауына әкелген аралық патологиялық жағдайды жазуға және кодтауға арналады.
«в)» жолы өлімнің негізгі (бастапқы) себебін, яғни өлімге әкелген патологиялық процестің негізгі басты түйіні болып табылған ауруды, жарақатты немесе жағдайды жазуға және кодтауға арналады.
«г)» жолы өлімге әкелген сыртқы себептерді жазуға және кодтауға арналады.
2-бөлім өлімге себепші болатын, бірақ өлімнің негізгі (бастапқы) себебімен байланысы жоқ басқа да маңызды аурулар мен жағдайларды жазуға және кодтауға арналады. Мысалы, хирургиялық әрекеттердің көлемі мен күні, жүктілік мерзімі және т.б.
Өлім себептерінің жазбасына арналған аурулардан болған өлім жағдайында тек үш жол «а)», «б)», «в)» пайдаланылады, ал «г)» жолы бос қалдырылады.
Өлімнің негізгі (бастапқы) себебі ғана кодталуы тиіс.
Жарақаттанудан, уланудан болған өлім жағдайларында олардың түрі мен сипаты, сондай-ақ өлімге әкелген патологиялық процестердің тізбегі «а)», «б)», «в)» жолдарында, ал сыртқы себебі «г)» жолында көрсетіледі. Мұндай жағдайда екі жол кодталуы керек, біріншісі түрі мен сипаты бойынша жарақаттанудан, уланудан (XIX класс АХЖ-10) болған өлімнің негізгі (бастапқы) себептері көрсетілетін жол, екіншісі - барлық уақыттағы жарақаттану мен уланудың сыртқы себептері (XX класс АХЖ-10) көрсетілетін жол.
Егер өлімге әкелген патологиялық процестердің тізбегін толық және бөлшектеп анықтау мүмкін болмаса, онда өлімнің негізгі (бастапқы) себебінің жазбасы аурудың, жарақаттың өзі өлімнің негізгі (бастапқы) себебі болатын «а)» жолында көрсетіледі.
Егер өлімге әкелген патологиялық процестердің бөлшек тетігі айқындалса, жазба «б)» жолымен аяқталады.
Әрбір жолда тек бір диагноз көрсетіледі, ал жолдар жоғарыдан төмен қарай толтырылады.
1-үлгі. 1) а) Іріңді менингит
б)
в)
г)
2)
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Анықталмаған бактериалды менингит» (G00.9.) есептеледі.
2-үлгі. 1) а) Қабыну
б) Қызылша
в)
г)
2)
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Қабынудан асқынған қызылша» (В05.2) есептеледі.
3-үлгі. 1) а) Уремия
б) Атеросклеротикалық нефросклероз
в) Бүйректің айрықша зақымдалуымен
гипертензиялық ауру
г)
2)
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Бүйрек кемістігімен бүйректің айрықша зақымдалуынан болған гипертониялық ауру» (112.0.) есептеледі.
4-үлгі. 1) а) Миокардтың алдыңғы жағының жіті трансмуральды
инфаркті
б)
в)
г)
2)
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Миокардтың алдыңғы жағының жіті трансмуральды инфаркті» (І21.0) есептеледі.
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып әрбір жеке патологияға арналып сипатталған барлық критерийлер ескеріледі.
Сондай-ақ, жарақаттану себебінен болған өлім жағдайларында жарақаттың дәл орны, түрі мен сипаты көрсетіледі. «а)», «б)», «в)» жолдарында жарақаттың сипаты бойынша өлімге әкелетін себептердің тізбегі көрсетіледі, ал «г)» жолында өлімнің сыртқы себебі көрсетіледі.
5-үлгі. 1) а) Бас миының жарақатты ісінуі
б) Негізгі бас сүйектің жабық сынуы
в)
г) Қатты зат қолданылған көшедегі шабуыл
2)
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Бас сүйек негізінің жабық сынуы» (S02.10) есептеледі. Сонымен бірге сыртқы себебі бойынша «Қатты зат қолданылған көшедегі шабуыл» (Ү00.4) екінші коды қойылады.
6-үлгі. 1) а) Сепсис
б) Ортан жіліктің созылмалы остеомиелиті
в) Оң жақ сан сынуының салдары
г) Пәтердің балконынан құлаудың салдары
2) Инсулинге тәуелді қантты диабет
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Санның сыну салдары» (Т93.1) есептеледі және «в» жолында коды көрсетіледі. Сонымен бірге «г» жолында «Басқа да жазатайым жағдайлардың салдарлары» (Ү86.9) сыртқы себептердің екінші коды көрсетіледі.
«Салдарлар» ұғымы бұрын болғанды сипаттайтын немесе кейіннен байқалған, оқиға болғаннан кейін бір жылдан не одан көп уақыттан кейін пайда болған жағдайларды білдіреді.
7-үлгі. 1) а) Жарақатты шок
б) Қанға сүйектерінің көптеген сынықтары, ішкі
органдардың жыртылуы
в)
г) Автобустың поезбен соқтығысуы кезінде онда
отырған адам
2) 28 апталық жүктілік
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Дененің бірнеше жерін қамтыған басқа да анықталған жарақаттар» (Т06.8), ал сыртқы себебі бойынша «Автобустың поезбен соқтығысуы кезінде онда отырған адам» (V75.6) болып есептеледі.
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып әрбір жеке патологияға арналып сипатталған барлық өлшемдер ескеріледі.
Сондай-ақ, жарақаттану себебінен болған өлім жағдайларында жарақаттың дәл орны, түрі мен сипаты көрсетіледі. «а)», «б)», «в)» жолдарында жарақаттың сипаты бойынша өлімге әкелетін себептердің тізбегі көрсетіледі, ал «г)» жолында өлімнің сыртқы себебі көрсетіледі.
Жүкті, босанатын, босанған әйелдер қайтыс болған жағдайда жазбалар мына үлгіде жүргізіледі.
Жүктіліктің, босанудың немесе босанғаннан кейінгі кезеңнің акушерлік асқынулары нәтижелерінен, сондай-ақ босандыру және басқа да дұрыс жүргізілмеген медициналық әрекеттер нәтижесінен болған өлім жағдайында өлімнің себебі туралы мәліметтер 1-бөлімнің «а)», «б)», «в)» жолдарында көрсетіледі.
Жазбада жүктілікке, босануға, босанудан кейінгі кезеңге байланыстылығы анық көрсетілуі керек, өлім болған әрбір кезең үшін сипаттық патология көрініп тұруы тиіс. Мысалы: «Жүктіліктің 20-аптасындағы қауіп төндіретін аборт», «Босанған кезде анестезия жағдайындағы жіті жүрек кемістігі», «Босанғаннан кейінгі сепсис».
8-үлгі. 1) а) Қан кету
б) Афибриногенемия
в) Медициналық аборт
г)
2) 10 апталық жүктілік
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Қан кеткен кездегі медициналық түсік» (О04.6) есептеледі.
9-үлгі. 1) а) өкпе артериясының тромбоэмболиясы
б) Босануға дейінгі үлкен күре тамыр тромбозы
в)
г)
2) 32 апталық жүктілік
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Босану кезіндегі үлкен флеботромбоз» (022.3) есептеледі.
Жүкті, босанатын, босанған әйелдер бұрынғы ауруларынан немесе жүктілік кезеңінде пайда болған аурулардан (қантты диабет, жүрек-қан тамыры, туберкулез және т.б.) қайтыс болған жағдайда мыналар басшылыққа алынады:
Егер ауру тікелей акушерлік себепке байланысты болып, бірақ жүктіліктің физиологиялық әсерінен ауырласа немесе жүктілік кезінде ауырлайтын болса, өлім себебі туралы мәліметтер 1-бөлімнің «а)», «б)», «в)» жолдарында жазылады, бірақ бұл ретте 2-бөлімде жүктілік пен оның мерзімі туралы жазба жүргізіледі.
Босанғаннан кейінгі өлімнің барлық жағдайларында (1 жылға дейінгі кезеңде) ІІ-бөлімде жазба жүргізіледі: босанғаннан кейінгі кезең (күнінің саны көрсетіледі).
10-үлгі. 1) а) өкпенің ісінуі
б) Митральды стеноз (ревматикалық)
в)
г)
2) 28 апталық жүктілік
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Жүктілікті, босануды және босанудан кейінгі кезеңді асқындыратын қан айналымы жүйесі аурулары» (О99.4) есептеледі.
11-үлгі. 1) а) Жіті тыныс жеткіліксіздігі
б) Оң жақтың вирусты қабынуы
в) Тұмау (вирусқа ұқсамайтын)
г)
2) 40 апталық жүктілік
Кодтау кезінде өлімнің негізгі себебі болып «Жүктілікті, босануды және босанғаннан кейінгі кезеңді асқындыратын тыныс алу мүшелері аурулары» (О99.5) есептеледі.
18-тармақта тиісті бас тақырыптың асты сызылады.
Ана өлімі жүктіліктің (оның ұзақтығы мен орнығуына қарамастан) жүктілік кезеңінде немесе ол аяқталғаннан кейінгі 42 күн ішінде жүктілікке, оған салмақ түсуінен немесе оның жүрісіне байланысты қандай да бір себептен, бірақ жазатайым жағдай не оқыс оқиға салдарынан болған деп түсіндірілетін өлім ретінде айқындалады.
Кеш болған ана өлімі босанғаннан кейін 42 күннен асатын, бірақ босанғаннан кейінгі бір жылдан кем емес мерзімде болған, тікелей акушериялық себептен немесе онымен жанама байланысты өлім ретінде айқындалады.
19-20-тармақта қайтыс болғаны туралы куәлікті берген медициналық ұйымның атауы немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, олардың пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
43. Қайтыс болғаны туралы медициналық куәлік медициналық ұйымның немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаның мөрімен куәландырылып, куәлікті ресімдеген медицина қызметкерінің қолы қойылады.
44. Қайтыс болғаны туралы медициналық куәліктің түбіртегіндегі жазбалар куәліктегі жазбаларға толықтай сәйкес болуы тиіс.
1 жасқа дейін қайтыс болған балалар үшін:
5-тармақта туған жылы, айы, күні көрсетіледі.
6-тармақта қайтыс болған жылы, айы, күні, өмір сүрген айы және күні көрсетіледі.
7-тармақта медициналық ұйымның атауы мен оның мекен-жайы жазыла отырып, туған жері көрсетіледі.
8-тармақта анасының тегі, аты, әкесінің аты толық көрсетіледі.
45. Қайтыс болғаны туралы медициналық куәліктің үзіндісін алушы оны алған кезде куәліктің түбіртегіне қолын қояды.

4. Перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті толтыру және
беру (№106-2/е-12 нысаны)

46. Тіркеу органдарында өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімін тіркеу перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктің (№ 106-2/е-12 нысан) негізінде жүргізіледі.
47. Перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті барлық медициналық ұйымдар немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар өмірінің алғашқы аптасындағы (туғаннан кейін 0-ден 7 тәулікке дейін немесе 168 сағат) баланың салмағы 500 грамм және одан көп (егер дене салмағы туу кезінде белгісіз болса, бойы 25 см және одан көп немесе жүктіліктің 22 апта және одан жоғары гестациялық мерзімде) болғанда тірі тууы немесе өлімінің әрбір жағдайында жасалады.
48. Өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәресте өлімінің әрбір жағдай өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәресте өлімінен бес тәуліктен кешіктірмей:
1) өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімі болған медициналық ұйым;
2) медицина қызметкерлері денсаулық сақтау ұйымынан тыс болған өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімін анықтаған медициналық ұйым;
3) медициналық ұйымнан тыс болған өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімін анықтаған жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға;
4) сот-медициналық сараптау кезіндегі сот медицинасы орталығы тіркеу органдарында тіркейді.
49. Жаңа туған нәресте шетінеген жағдайда туғаннан кейін 168 сағат ішінде туу туралы медициналық куәліктің негізінде жаңа туған нәресте бастапқыда тірі туған бала ретінде, содан кейін перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктің негізінде өлі туған нәресте ретінде тіркеу органдарында тіркеледі.
50. Тіркеу органдарында өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімін тіркеу үшін өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімі фактілерін куәландыратын №106-2/у «Перинаталдық өлім туралы медициналық куәлік» медициналық құжаттамасының есептік үлгісі беріледі.
51. Перинаталдық өлім туралы куәлікті тек дәрігер, ол болмаған жағдайда - орта медицина қызметкері ресімдейді.
52. Өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімінің әрбір жағдайына арналған перинаталдық өлім туралы дәрігерлік куәлікті барлық медициналық ұйымдар немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар ресімдейді.
53. Өлі туу немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімі фактісін дәрігер (орта медицина қызметкері) жеке анықтамай, перинаталдық өлім туралы медициналық куәлік ресімделмейді.
54. Көп ұрықты босану кезінде өлі тууды немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестенің өлімінің әрбір жағдайына перинаталдық өлім туралы медициналық куәлік жеке ресімделеді.
55. Орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшесінде тексеру жүргізілген жағдайда оның қорытындысын ескере отырып, ашып тексерген күні перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті патолог-анатом ресімдейді.
Тіркеу органдарында тіркеу үшін перинаталдық өлім туралы медициналық куәлік өлі туған немесе өмірінің алғашқы аптасында шетінеген нәрестелерді әкелген медициналық ұйымдарға беріледі.
56. «Алдын ала», «алдын аланың орнына» немесе «түпкілікті», «түпкіліктінің орнына» деген белгісі бар перинаталдық өлім туралы медициналық куәлік тіркеу органдарына жіберіледі.
57. Перинаталдық өлім туралы қосымша мәліметтер алу қажет болған жағдайда «алдын ала» деген белгісі бар алғашқы медициналық куәлікті беруге болады. Кейіннен толықтырылған мәліметтермен «алдын аланың орнына» белгісімен жаңа куәлік ресімделеді де, нөмірі мен берілген күні көрсетіле отырып, алғашқы куәлік берген медициналық ұйым немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға тікелей аумақтық статистика органына жібереді.
58. «Түпкілікті» деген белгісі бар перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті берген жағдайда, бірақ алдағы уақытта қосымша нақты мәліметтерді белгілеу кезінде қосымша мәліметтерімен перинаталдық өлім туралы «түпкіліктінің орнына» белгісімен жаңа медициналық куәлік ресімделеді де, нөмірі мен берілген күні көрсете отырып, алғашқы куәлік берген медициналық ұйым немесе жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға тікелей аумақтық статистика органына жібереді.
59. Өлі туған жағдайда - №096/е «Босану тарихы», перинаталдық өлім болған кезде - №097/е «Жаңа туған нәрестенің даму тарихы» бастапқы медициналық құжаттамаларының тиісті есептік үлгісінде перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктің нөмірі, сериясы, берілген күні, өлімнің себебі, тіркеу жүргізген тіркеу органы, перинаталдық өлім немесе туу актісі жазбасының нөмірі мен күні көрсетіледі.
60. Перинаталдық өлім туралы медициналық куәлікті патолог-анатом ашып-көру күнінде ресімделеді, жүктілік кезінде және босану кезіндегі ананың, баланың (ұрықтың) патологиясы туралы клиникалық деректер медициналық құжаттамадан алынады (босану тарихы - № 096/е нысан, жаңа туған нәрестенің даму тарихы - №097/е нысаны).
61. 1-5-тармақтар босану тарихының мәліметтері ескеріле отырып толтырылады. Шетінеген (өлі туған) баланың тегі, аты, әкесінің аты, жынысы (жынысы анықталмаған жағдайда ата-анасының тілегі бойынша көрсетіледі), перинаталдық кезеңде өлген немесе өлі туған баланың туған күні мен уақыты, перинаталдық өлімнің күні мен уақыты көрсетіледі (өлі туған жағдайда толтырылмайды). Баланың (өлі туған) өлім болған жері: мекенжайы (республика, облыс, аудан, қала, ауыл) және болған орны (стационарда, үйде немесе басқа жерде) көрсетіледі.
62. 6-12-тармақтарда анасы туралы мәліметтер көрсетіледі: аты, тегі, әкесінің аты, туған күні, ұлты (жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес). Анасының отбасы жағдайы туралы мәліметтер, некеде тұрғандардың - неке туралы куәлік негізінде немесе оның сөзінен неке қиған күні (Тіркеу органдарында тіркелуі) жазылады және жұбайының аты, тегі, әкесінің аты көрсетіледі. Бұл ретте «неке туралы куәліктегі жазба негізінде» немесе «анасының сөзінен» деген тиісті мәтіннің астын сызу арқылы ақпарат көзі көрсетіледі. Егер анасы көрсетілген мәліметтерді бермесе, «некеде тұрмаған» деген сөздердің астын сызу қажет.
Өлген (өлі туған) баланың анасының тұрғылықты жері, білімі. Анасының жұмыс орны және оның жұмысы (лауазымы немесе орындалатын жұмысы) көрсетіледі. Осы тармақты толтыру кезінде кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның толық атауын көрсету қажет. Егер анасы жұмыс істемесе, өмір сүру көзі (жұбайының, әкесінің және т.б қамқорлығында) көрсету қажет.
63. 13-23-тармақтарда бұдан бұрын болған жүктілік туралы, осы жүктілік пен босанудың мерзімі, өтуі және асқынулары туралы мәліметтер көрсетіледі.
64. 24-30-тармақтарда босану тарихынан енгізілген бала туралы мәліметтер көрсетіледі.
65. Перинаталдық өлім себептерінің толықтығы мен нақтылығы перинаталдық өлімнің әрқилы себептерін анықтау үшін қажет.
Перинаталдық өлім туралы медициналық куәлік Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес әзірленген ұрыққа қолайсыз әсер еткен ана ағзасы тарапынан патология мен бала (ұрық) өлімінің себебін жазуды көздейді.
Бала (Ұрық) өлімінің және өлі туу себептерін жазу тиісті 31-тармақтың «а»-дан «д»-ға дейінгі әріптермен белгіленген бес жолында және Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының денсаулыққа байланысты оныншы отырысында Ұсынған Аурулар мен проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша (АХЖ-10) кодтауы бойынша жүргізіледі.
«а» жолы өлімге себеп болған жаңа туған нәрестенің (Ұрықтың) бір негізгі ауруларын немесе патологиялық жағдайын жазуға арналған;
«б» жолы өлімге себеп болған баланың (Ұрықтың) өзге де ауруларын немесе жағдайын жазуға арналған;
«в» жолы жаңа туған нәрестеге (Ұрыққа) қолайсыз әсер еткен анасының негізгі ауруларын немесе жағдайын жазуға арналған;
«г» жолы балаға (Ұрыққа) қолайсыз әсер еткен анасының өзге де ауруларын (немесе анасының, баланың жолдасының жағдайы) жазуға арналған;
«д» жолы өлімге себеп болған, бірақ ананың немесе баланың ауруы немесе патологиялық жағдайы ретінде бағаланбайтын жағдайларды белгілеуге арналған. Бұл жолда босандыру мақсатында қолданған операциялар, операциялық құралдар жазылады.
«а» және «в» жолына бір ғана диагноз жазылады. Егер балаға (ұрыққа) қолайсыз әсер ететін ауруды немесе ананың жағдайын немесе баланың жолдасының жағдайын анықтау мүмкін болмаған жағдайда «в)» және «г)» жолдарында «белгісіз», «анықталған жоқ» деп жазу қажет, сызықша қойылмайды.
Сыртқа себептерден өлім болған жағдайда «а» жолында бала өлімінің тікелей себебі көрсетіледі, мысалы, тоңу, күйік, тыныс жолдарының тамақпен бітелуі, бас сүйегінің сынуы, «в» жолында - өлімге тікелей әсер еткен жағдайлар.
66. Мынадай үлгілер перинаталдық өлім себебін жазу және оларды статистикалық әзірлеме үшін іріктеу тәртібін көрсетеді:
1) Қан тобының теріс резусі бар әйел жүктілікке дейін митральды қақпақшасының фукнциясы жетіспеушілігімен жүректің митральды кемістігіне шалдыққан. Жүктілік кезінде декомпенсация белгісі байқалмаған. 12 апта жүктілік кезінде антиденелер пайда болып, титрлері өсе бастаған. 35 апталық жүктілікте өлі ұрықпен өз бетінше босанды. Ұрықтың жүрек соғуы босану басталысымен тыңдалмады.
Өлі туу себебі туралы жазба:
а) гемолитикалық ауру
б) ----
в) ананың қаны теріс резусті, антиденелердің жоғары титрімен
г) митралдық қақпақшасының функциясы жетіспеушілігімен жүректің ревматикалық кемістігі
д ----
Шифрлеу кезінде үйлесімсіз резуспен гемолитикалық ауру негізгі себебі деп есептеледі.
2) әйел жүкті болғанға дейін несеп-тас ауруы мен созылмалы пиелонефритпен ауырды. Жүктіліктің бірінші жартысында созылмалы пиелонефрит өршіді. 38-аптада қызуы көтерілді, бактериуриясы бар созылмалы пиелонефрит қайталап өршіді. Алғашқы тәуліктерде созылмалы пиелонефриттің өршуінен Ұрықтың жатырда өлуі анықталды. Екінші тәулікте өз бетімен салмағы 2600 грамм өлі Ұрық туды. Тексергенде гипотрофия жағдайындағы антенаталды асфиксия белгілері анықталды. Өлі туу себебі туралы жазбада:
а) антенаталды асфиксия;
б) жатырдағы гипотрофия;
в) созылмалы пиелонефрит;
г) несеп-тас ауруы көрсетіледі;
д) ----
Шифрлеу кезінде босанғанға дейін алғаш анықталған жатырдағы гипоксия, созылмалы пиелонефрит негізгі себебі деп есептеледі.
3) 21 жастағы әйел, сыртартқыда бір медициналық аборт. Жүктілік асқынбай өтті. Жанбастың көлемі қалыпты. Босанудың екінші кезеңінде босану функциясының әлсіздігі тіркелді, босандыру жүргізілді. Ұрықтың гипоксиясы басталуына байланысты қуыстық қысқаштар қойылды. Өлі туған ұл бала алынды, бойы 53 см, салмағы 3500 грамм. Реанимация шаралары нәтиже берген жоқ.
Ашып-көру кезінде: мишық түйінінің жыртылуы, кефалогематогема. Перинаталдық өлімнің себептері:
а) босану кезіндегі жарақат
б) басталған асфиксия
в) босану функциясының әлсіздігі
г) босандыру, қуыстық қысқыштар
Шифрлеу кезінде босану кезіндегі жарақат, босану функциясының әлсіздігі негізгі себебі деп есептеледі.
4) Плацентаның алдыңғы жақта жатуынан қан кетуге байланысты жүктіліктің 32-аптасында жүктілік токсикозы бар әйелге кесар тілу операциясы жасалды. Салмағы 1480 грамм нәресте 16 сағаттан кейін қайтыс болды. Тексерген кезде гиалинді жарғақша ауруы анықталды. Медициналық куәлікте:
а) гиалинді жарғақша ауруы;
б) күні жетпейтіндігі;
в) плацентаның алдыңғы жақта жатуы;
г) жүктілік токсикозы;
д) кесар тілігі көрсетіледі.
Кодтау кезінде «плацентаның алдыңғы жақта жатуы» перинаталдық өлімнің негізгі себебі деп есептеледі.
67. Перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктің түбіртегіндегі жазбалар куәліктегі жазбалармен толық сәйкес келуі тиіс. Қосымша, жаңа туған нәрестелердің тізілімін құру кезінде өлім (өлі туу) себептерін нақтылап талдау үшін түбіртекте анасы туралы мәліметтер көрсетіледі: дәрігердің (фельдшердің, акушердің) келу саны, осы жүктіліктен бұрын болған жүктіліктер, босану асқынулары (мәтінде тиісті кодтарды сызу қажет) немен аяқталғаны, осы жүктілік қаупінің медициналық және әлеуметтік факторлары, акушерлік емшаралар. Сонымен бірге бала туралы мәліметтер көрсетіледі: ана туған баланың нешіншісі, тірі туу өлшемдерінің болуы, Апгар шкаласы бойынша бағалау, жаңа туу кезеңінің асқынулары, туа біткен ауытқулар. Түбіртекке баланың тууы туралы және тірі тууы жағдайында оның қайтыс болуы туралы акттік жазбалардың күндері мен нөмірлері, өлі туған жағдайда қайтыс болуы туралы акттік жазбаның күні мен нөмірі көрсетіледі.
68. Перинаталдық өлім туралы медициналық куәлік медициналық ұйымның немесе жеке практикамен айналысатын жеке тұлғаның мөрімен және куәлік берген медицина қызметкерінің қолымен куәландырылады. Перинаталдық өлім туралы медициналық куәліктің үзіндісін алушы оны алғаны туралы куәліктің түбіртегіне қол қояды.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2010 жылғы 23 қарашадағы № 907
бұйрығына 3-қосымша

Ескерту. 3-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.09.05 № 583 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.31 № 514 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 06.03.2013 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 19.03.2015 № 153 бұйрықтарымен.

А4 форматы
Формат А4

  ҚҰЖЖ бойынша ұйым коды Код организации по ОКПО _______________
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Министерство здравоохранения Республики Казахстан   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген IV санаттағы № 001-2/е нысанды медициналық құжаттама
Ұйымның атауы Наименование организации Медицинская документация Форма № 001-2/у-категория IV утверждена приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907

Date: 2015-11-14; view: 957; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию