Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Балалардың дамуының негізгі заңдары





 

1. Ӛсу-жүйелік даму процесінің кӛрінісі (бейнесі). Дене ұзындығыныңартуы жалпы бала организмінің дамуының индикаторы немесе мониторинг құралы болып келеді. Сүйек қаңқасының ӛсуі тӛмендеген балада, әртүрлі дәрежеде миының, қаңқа еттерінің, миокардтың және басқа ішкі мүшелерінің ӛсуі және жіктелуінің қарқыны тӛмендейді.

 

2. Ӛсе келе даму жылдамдығы азаяды. Дамудың ең жоғарғы қарқынықұрсақішілік кезеңде, постнатальды кезеңнің бірінші айында, содан кейін бір жасқа дейін байқалады. Одан кейін баланың жасына сәйкес ӛзгерістер болады.

3. Даму жылдамдығының ӛзгерістері біркелкі болмайды. Бұлзаңдылық алдындағыны кейбір кезеңдерді жоққа шығарады. Бұған туғаннан 2-3 апта кейін, 11-12 жастан соң (пубертатты даму карқыны) байқалатын қарқынды даму жатады. Кейбір балаларда 5-8 жаста «жарты ұзындық секіріс» байқалады.


 


Жасқа байланысты біркелкіліксізбен қатар жеке тканьдар мен мүшелердің ӛсу сипатының ӛзіндік қарқыны туралы да айтуға болады. Кӛптеген тканьдармен мүшелердің ӛсуінің қарқындық сипаты жоғарыда айтылған жастық ӛзгерістерге жақын немесе қанқаның дамуымен синхронды болып келеді. Дегенмен, миға, бас сүйегіне, лимфоидты тканьдар мен репродуктивті жүйелерге (ішкі және сыртқы жыныс мүшелері) тән ӛте ерекше сипаттар бар екені байқалады.

 

4. Дамудың краниокаудальды градиенті. Туылғаннан кейін дененіңдистальды сегменттері жоғарғы немесе проксимальды сегменттерге қарағанда артық жылдамдықпен ӛседі, және ӛсу мерзімі басым болады. Сонымен, постнатальды кезеңде аяқ басының ӛсуі, балтырға қарағанда, ал балтырдың ӛсуі санмен салыстырғанда артығырақ болады. Ал, мойын ұзындығының немесе бас биіктігінің ӛсуінің шартты артуы ең тӛменгі болып келеді. Даму градиентінің болуы, жаңа туылу кезеңінен ержеткенше жүретін дене пропорциясының барлық қайта қүрылуының негізінде жатады. Тек, жыныстық жетілу кезінде ғана тұлғаның ӛсу жылдамдығы аяқтардың ӛсу жылдамдығынан артық болады.

5. Даму бағытының ауысып отыруы. Әрбір жеке сүйек және қаңқажалпы алғанда бір жүйелілікпен, ұзынына ӛсу сатысы, еніне ӛсу сатысымен, алмасып дамиды. Ондайда, баланың дамуы сықылды, сүйектің ұзынынан ӛсу кезеңі жуандау кезеңімен алмасып отырады.

6. Даму қарқынының жыныстық ерекшеліктері бар. Ер балалардыңқаңқасының дамуында жеделдеу дамуға бағышталған жалпы бейімділік байқалады. Бұған, тек қысқа екінші созылу жатпайды. Ол қыз балаларда ертерек байқалып, олардың дене ұзындығы ер балаларға қарағанда артық болады. Дегенмен, 2-3 жастан кейін қыз балалардың қаңқасының жетілу жылдамдылығы артық. Бұл қыз балалардың барлық физиологиялық жүйелерімен мүшелер бойынша биологиялық жетілуінің тезірек жүретінінің дәлелі болып келді.

7. Даму ассимметриялы. Баланың оңқай немесе солақай болып қалып-тасуына сәйкес, басым қолы жағындағы ӛсу процесі басымдау келеді. Ӛсу процесінің түбінде екі негізгі биологиялық кӛрініс, яғни клетканың кӛбеюі (гиперплазма) және клетканың, негізінен олардың цитоплазмасының, үлкеюі (гипертрофия) жатады. Бұл екі процестің әртүрлі сатыларда қарым-қатынасы бірдей болмайды. Құрсақішілік кезеңде клетканың бӛлінуінің маңызы басым болады. Имплантация кезеңінен бастап геометриялық прогрессия заңымен жүреді. Антенатальды сатыда клетканың 44 кезекті бӛлінуі бар деп есептелінеді. Туылғаннан кейін гиперпластикалық процестің маңызы күрт азаяды да (шамамен 4-ке жуық кезекті бӛліну) барлық постнатальді даму клеткалық гипертрофия негізінде жүреді. Қаңқаның ұзынына ӛсуі эпифизарлық шеміршекте жүретін ӛсу процесінің нәтижесінде байқалады.


 

 


 

Date: 2015-11-13; view: 671; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию