Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ышқылдардың, негіздердің және тұздардың сулы ерітінділерде диссоциациялануы





Электролиттік диссоциация теориясы арқылы қышқылдарға, негіздерге және тұздарға анықтама беріп олардың қасиеттерін сипаттайды.

Диссоциация кезінде катион ретінде тек қана сутегі катионын түзетін электролиттерді қышқылдар деп атайды.

Мәселен: HCl↔H+ + Cl, CH3COОH↔H+ + CH3COO-

Қышқылдың негізділігі диссоциация кезінде түзілетін сутегі катиондарының санымен анықталады. Мәселен, HC1, HNO3 — бір негізді қышқылдар — бір сутегі катионын түзеді, H2S, Н2СО3, H2SO4 — екі негізді, ал Н3РО4, H3AsO4 — үш негізді себебі 2 және 3 сутегі катионы түзіледі. Сірке қышқылының молекуласындағы төрт сутегі атомының тек қана карбоксиль тобына — СООН кіретін бір сутегі Н+ катионы ретінде бөлінуі мүмкін, сірке қышқылы бір негізді қышқыл.

Екі және көп негізді қышқылдар сатыланып (біртіндеп) дис-социацияланады. Мәселен:

Н3РО4↔Н+ + Н2РО- (бірінші саты)

Н2РО4 ↔Н+ + НРО2-4 (екінші саты)

НРО24- ↔Н+ + РО43− (үшінші саты)

Қөп негізді қышқылдьщ диссоциациясы негізінде бірінші, одан соң аздап екінші, ал өте аз мөлшерде үшінші сатымен жүреді. Сондықтан, мысалы фосфор қышқылының сулы ерітіндісінде Н3РО4 молекуласымен қатар Н2РО4-, НРО42− және РО43− иондары (олардың мөлшері сол ретпен азаяды) болады.

Диссоциация кезінде анион ретінде тек қана гидроксид – ионын түзетін электролиттерді негіздер деп атайды.

Мысалы,

КОН↔К+ + ОН-;

Суда еритін негіздерді сілтілер деп атайды, Олар көп емес_ Бұл сілтілік және сілтілік жер металдардың негіздері: LiOH,, NaOH, КОН, RbOH, CsOH, FrOH және Са(ОН)2, Sr(OH)2, Ва(ОН)2, Ra(OH)2 сондай-ақ NH4OH. Негіздердің көпшілігі суда аз ериді.

Негіздердің қышқылдылығы олардағы гидроксил топтың (гидроксотоптың) санымен анықталады. Мәселен, NH4OH — бір қышқылды негіз, Са(ОН)2 — екі қышқылды, Ғе(ОН)з— үш қышқылды негіз және т. б. Екі және көп қышқылды негіздер сатыланып диссоциацияланады.

Са(ОН)2↔Са(ОН) + + ОН- (бірінші саты)

Са(ОН)+ ↔ Са2+ + ОН- (екінші саты)

Дегенмен кейбір электролиттер диссоциацияланғанда сутегі катионы мен гидроксид-ионын түзе алады. Бұл электролиттерді амфотерлі немесе амфолиттер деп атайды. Оларға су, мырыш, алюминий, хром және де басқа заттардың гидроксидтері жатады. Мәселен, су Н+ және ОН иондарына (өте аз мөлшерде) диссоциацияланады.

Н2О↔Н+ + ОН-

Демек, ондағы сутегі катионымен Н+ анықталған қышқылдық және ОН ионымен анықталатын сілтілік қасиеттері бірдей болады.

Амфотерлі мырыш гидроксидінің Zn(OH)2 диссоциацияла-нуын теңдеумен көрсетуге болады.

2OH- + Zn2+ + 2H2O↔Zn(OH)2+2H2O↔Zn(OH)42-+2H+

Диссоциация кезінде металл катионы (және де NН4+ аммоний катионы) мен қышқыл қалдықтарының аниондарын түзетін электролиттерді тұздар деге атайды.

Мәселен: (NH4)2SO4↔2NH4+ + SO2-4; Na3PO4↔3Na+ + PO3-4

Орта тұздар осылайша диссоциацияланады. Қышқылдық және негіздік тұздар сатыланып диссоциацияланады. Қышқылдық тұздарда алғашында металл иондары, ал одан кейін сутегі ионы бөлінеді. Мәселен,

KHSO4↔K+ + HSO4, одан кейін HSO4=H++ SO2-4

Негіздік тұздарда алғашында қышқыл қалдығы, ал одан кейін гидроксид —ионы бөлінеді. Мәселен;

Mg(OH)Cl↔Mg(OH) + + Cl-

одан кейін

Mg (OH) +↔Mg2+ + OH-

Date: 2015-11-13; view: 2818; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию