Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Иондардың гидраттануы





Электролиттік диссоциация теориясын Д. И. Менделеев аш-қан ерітінділердің химиялық теориясынсыз түсіндіруте болмай-тынын орыстың белгілі химигі А. И. Қаблуков көрсетті. Д. И. Менделеев еріген затпен ерітінді әрекеттескенде химиялық қо-сылыстың түзілетіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

Шынында да еру кезінде ерітінді мен еріген зат арасында гидраттардың түзілуіне одан кейін олардың иондарға диссоциа-циялануына әкелетін химиялық әрекеттесу болады (5.6-сурет). Бұл иондар су молекуласымен байланысқан, яғни гидраттанған. И. А. Каблуков ерітіндіде тек қана гидраттанған иондар болады деп санады. Қазіргі кезде ол ұғымды жұртшылық мақұлдаған. Сонымен, иондардың гидраттануы (жалпы жағдайда — сольваттануы) *— диссоциацияланудың негізгі себепшісі. Ол иондардың қайтадан молекула болып бірігуіне (ассоциациялануына) кедергі жасайды.

Гидраттанған иондарда су молекуласының тұрақты және тұрақсыз сандары болуы мүмкін. Құрамы тұрақты гидрат I су молекуласын ұстап тұратын сутегі ионын Н+ түзеді. Ол гидрат-танған протон Н+2О). Ғылыми әдебиетте оны Н3О+ (немесе ОН+з) бейнелеп гидроксоний ионы деп атайды.

Ерітіндіде Н+ ионы болмайды, Н3О+ ионы болады оны шартты түрде Н+ символымен белгілейді. Ерітіндідегі сутегі ионы туралы айтқанда, ол гидроксоний ионы деп ойластыру керек. Н3О+ ионындағы берік ковалентті байланыстың пайда болуы донок-акцептор механизмі бойынша жүреді.

Су молекуласы — донор, протон — акцептор.Алайда химиктердің ойы екіге бөлінді. Кейбіреулері ерітіндіде тек қана гидроксоний ионы Н3О+, ал қалғандары Н3О+ ионынан басқа Н9О4+ (былай көрсетуге болады Н+ .2О немесе Н3О+ . ЗН2О) және H7O3+(H+.3H2O немесе Н3О+.2О) иондары болады дейді. Бұл жорамалдардың ешқайсысы тәжірибе жүзінде дәлелденген жоқ. Қалған иондардың көпшілігі құрамы ауыспалы гидраттар түзеді. Сондықтан сутегі ионын гидраттанған сутегі ионын көрсететін Н+(сулы) деп белгілеу керек. Басқа гидраттанған иондарды жазғанда да осылайша қолдану керек. Мысалы:НС1(газ) ↔Н+ (сулы) +C1 (сулы)

СН3СООН(сулы)↔Н+(сулы) + СНзСОО-(сулы)

HSO4 (сулы) ↔Н+ (сулы) + SO42− (сулы)

Бірақ жазуды оңайлату үшін жақша ішіндегі көрсетілгендерді жазбайды.

 

Date: 2015-11-13; view: 3731; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию